Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Ежелги канлылар.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
187.39 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОРТАЛЫҚ – АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ «ӘЛЕУМЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕРІ» КАФЕДРАСЫ

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: «Ежелгі қаңлылар» деректер және тарихы

Орындаған: «Тарих және география»

мамандығы 4 курс студенті

Мажинов М.С.

Ғылыми жетекшісі: Сейсенбиева Р.С.

Қорғауға жіберілген:

«____»__________2006ж.

Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.к.,

доц. Раскельдинова Г.Т.

Алматы 2006ж.

Мазмұны

Кіріспе .................................................................................................... 3

I.Тарау. Ежелгі қаңлылардың саяси тарихы

1.1 «Қаңлы» атауы және Қаңлы мемлекетінің территориясы туралы деректер ................................................................................................. 10

1.2 Қаңлы мемлекетінің саяси құрылыс және әскри қуаты ......... 16

II. Тарау. Қаңлы рулық бірлестігінің шаруашылығы, мәдениеті және этнографиялық ерекшелігі

2.1 Қаңлы мәдениеті , шаруашылығы, жазу өнері, қол өнері, музыка және би өнері ........................................................................................ 24

2.2 Қаңлы қауымының діни наным – сенімдері, әдет- ғұрып,

салт – дәстүрі ........................................................................................ 34

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................... 40

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ..................................... 50

Кіріспе

Қаңлы қазақ халқының этникалық негізін құраушы көне де байырғы тайпаларының бірегейі. Бізге жеткен дәйекті жазба деректер үйсін, қаңлы тайпаларының біздің жыл санауымызға дейінгі III-II ғасырлардың өзінде-ақ атағы бүкіл Азия құрылығындағы түркі әлеміне әйгілі болғанын, қуатты мемлекет ретінде бой түзегенін дәлелдегені қашан. Алайда, “Қаңлытану” проблемасы зерттеулер ісінде толыққанды, кешенді шешімін таба алмай келеді.

Ата-баба мұраларын зерттеп тарих қойнауының тереңіндегі қасиетті сырларды шешу, жаңғырту бүгінгі ғалымдар үлесіне тиетін зор міндет. Бүгінгі Қазақстан Республикасының негізгі халқы–қазақтардың этникалық іргетасы саналған қаңлы, үйсін руларынан тұратыны белгілі. Олай болса, қаңлы тарихын зерттеу–республика тарихының іргетасын көтеретін өзекті де күрделі мәселе деп білу маңызды. «Тарих халықтардың қасиетті кітабы, олардың тұрмыс салты мен тіршілігінің айнасы, жан дүниесі мен әдет-ғұрпының көне естелігі, ата-бабаларының ұрпағына қалдырған өсиеті»,-деп айтқан тарихшы Н.М.Карамзиннің ұлағатты сөздер біз қарастырғалы отырған проблеманың өзектілігін аша түскендей /1/.

«Қаңлытану» проблемасының өзекті де күрделі мәселесі Қаңлы мемлекеті және оның көшпелі түркі тайпаларының көне дәуірдегі өмірінде алған орны, өркениетті қоғам құру жолындағы атқарған игілікті істері. Шынында да кең байтақ Орта Азияда егеменді ел болып, тәуелсіз мемлекет құрып отырған қазақ халқының қасиетті жерінде көне дәуірдің өзінде өркениетті қоғам болғанын дәлелдейтін деректер нені көрсетеді? Бұл көне рулық бірлестіктердің (қаңлы, үйсін) Қытай, Үнді, Кушан, Иран,т.б. осы сияқты өркениетті елдермен терезесі тең болып мәдени, әлеуметтік қарым-қатынас жасап келуі, қала қорған, қамал орнатып, сәулет өнерімен шұғылдануы тым ерте қол жеткен өркениеттіліктің бір көрінісі болса керек.

Қаңлытанудағы өзекті мәселе көп, соның бірі қаңлы этнониміне байланысты дүние. Этнонимнің түпкі негізі жөнінде түрлі көзқарастар айтылып жүр, бір сөзбен айтканда бұл ғалымдар назарындағы шешімін табу қажет, күрделі мәселе. Сондай-ақ қаңлы тілі, қаңлы шежіресі, қаңлы жазуы, қаңлы мәдениеті әлі де тереңірек қарастыруды қажет етіп отыр.

Қаңлы тарихына қатысты жазылған арнайы зерттеу жұмыстары болмағанмен ол жөнінде баяндалатын материалдар өте көп. Мұндай материалдар көне Қытай авторларының хабарынан бастап, Отандық, Ресей, Батыс авторлары еңбектерінде қамтылған. Әсіресе, бүгінгі тәуелсіз қоғам құрып отырған жағдайда ұлттық мұрамызды қайта жаңғырту кең құлаш алып келеді. Аталған тақырыпты қарастыруға мүмкіндік беретін алғашқы мағлұмат Қытай деректерінде кездеседі. Қытайдың экспанциясының батысқа жылжуы Шығыс Түркістандағы, Қазақстанмен Орта Азиядағы жағдайды дәл білу қажеттілігін туғызды. Бұл орайда халықтармен тайпалардың мінез-құлқы мен әдет-ғұрпы, олардың өмір салты, саяси құрылысы мен соғыс оқиғалары туралы материалдар мақсатты түрде жиналды. Бұл ақпарат әдетте барлауды мақсат ететін елшілердің, саудагерлердің, саясатшылар мен миссионерлердің Орта Азия иеліктеріне сапарларының нәтижесінде алынып отыратын. Соымен мәліметтер жинау Қытай әскерлерінің жорықтары кезінде жүзеге асты. Сондай жорықтардың ең ертедегі б.з.б 104-102 жылдардағы Хань әскерлерінің Ферғана алқабындағы Давань иелігіне жасаған жорығы болатын. Қазақстан халықтары туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди (б.з.б 140-86 ж) батыс облыстарға жіберген тұнғыш қытай елшілігінің жетекшісі Чжан-Цяннан алынған. Чжан-Цянь «батысқа» б.з.б 138 жылы және б.з.б 115 жылы екі саяхат жасады. Оларда Сюндарға (ғұндарға) қарсы Орта Азия тұрғындары Юэчжилермен және Жетісу үйсіндерімен одақтасуға қол жеткізу мақсаты көзделген еді. Чжан-Цянь өз миссиясы барысында жат жерліктер шаруашылықтарының жай, күйіне, олардың әскерлері санына, қару-жарақ санына ерекше назар аударды, сондай-ақ олардың әдет-ғұрпының, мінез-құлқының, киім-кешегінің ерекшеліктерінің бәрін жазып алып отырды. Әулетті тарихтар ішінде Қаңлы мемлекеті туралы ең көлемді және бағалы деректер Сыма Цянның (б.з.б 145-86 жылдары) «Тарихи жазбалар» («Шицзи») деген тарихи еңбегінде келтірілген. Мұнда қаңлылардың қытаймен қатынастары туралы маңызды мәліметтер жиналған. Шицзиден кейін «Ежелгі хан» тарихы келеді, оның негізінен б.з 1ғ. Бань Гу жазып, оның оқымысты қарындасы Бань Чжао аяқтаған, Қытай мен Орталық Азияның б.з.б II-ғасырынан бастап жаңа заманға дейінгі тарихы баяндалатын 26 дәулет тарихы Қытайдын бірегей тарихи мұрасы болып табылады. Осы секілді аталған Қытай мәліметтері Н.В.Кюнер /2/, Ю.А.Зуев /3/, А.Г.Малявкин /4/ еңбектерінде кеңінен орын алған.

XIX ғасырдың орта шенінде Н.Я.Бичуриннің Қытай жазба ескерткіштерінің ертедегі Орта Азия халықтары туралы мәліметтер жинағын бастырып шығаруы синология дағы аса құбылыс болады. Үш томдық еңбекте Қытай деректемелерінің Қазақстанды ертеде және орта ғасырларда мекендеушілердің тарихы жөніндегі негізгі ақпарат жинақталған. Қытай хроникаларының материалдарында ауқымды тарихи филологиялық түсінікеме берген. Мысалы, «Канцзюи» терминінің мағынасы жөнінде зерттелген еңбектерге тоқталар болсақ онда авторлар мынадай болжамдарға тоқталады. Н.Я.Бичурин еңбегінде «Кангюи» Қытай тілінен шыққан сөз екендігін және ол мемлекет деген мағынаны білдіретіні айтылған. Н.Я.Бичуриннің күрделі еңбегінде көптеген авторлар позитивті бағасын берді /6/. Еңбектің Қытай тілінен сауатты түрде аударылуы ерекше көрсетілді. «Канцзюи-го» қазіргі Қытай тілінде де мемлекеттік бірлестік атауын білдіреді. Канцзюи сөзінің этимологиясы әлі белгісіз. Онын екінші буыны «го» термині анықталған. Оның мағынасы А.Г.Малявкиннің анықтауы бойынша Хань дәуіріндегі Қытайда айтылған иелік князьдық яғни мемлекет дегенді білдіреді /7/. Сондай-ақ, Қытай деректері «Канцзидің» тәуелсіз әрі қуатты мемлекет болғанын хабарлай отырып оның түрлі этникалық құрылымынан тұратын күрделі конгломерат екенін де айқындайды. Қазақстан археологиясының қазіргі жетістігі, соның ішінде әсіресе Сырдария, Арыс, Қаратау жалпы Оңтүстік Қазақстан жерлері бойынша жүргізілген экспедиция материалдары қаңлы тайпалық одағының құрылуына қатысқан полиэтникалық топтар туралы болжам жасауға мүмкіндік береді. Қаңлылардың көшпелі бөлігінің негізін сақ және сармат, сюнну тайпаларының өкілдері құрайды. Олар Оңтүстік Қазақстанның қолайлы аудандарын саяси тұрғыдан бағындырып қаңлылармен әлеуметтік-экономикалық қатынасқа түскенін дәлелдейді. Сөйтіп, этномәдени синтез және ассимиляция процесі жүрген. Бұл Қаңлы мемлекетінің бүкіл тарихының өне бойымен (600 жылға созылған) өтеді.

Археолог А.Н.Подушкиннің зерттеуіне сүйене отырып біз археологиялық қазба жұмыстарынан табылған заттар «канцзюий-го» терминін саяси және этникалық мән беретінің көреміз. Ол бұл заттардың негізінде б.з.б II - б.з. IV ғасырлар аралығында Оңтүстік Қазақстанда нақты көшпелі және отырықшы халық дәстүрі болғаны жөнінде көптеген мағлұматтар аламыз деп атап көрсетеді. Полиэтникалық қалыптасуындағы қаңлылардың ерекшелігін анықтау қиын. Себебі, қаңлылардың этникалық тарихы мүлдем белгісіз. Сондықтан да, дейді А.Н.Понушкин өз еңбегінде «в контексте сформирулированного понимания этничности Концзюя, мы вправе рассматривать основной комплекс артефактов Каратобинского этапа Арысской культуры в качестве этноопределяющего комплекса канцзюиского этнического компонента» /8/. Керамикалық материалдар көшпенді және отырықшы тайпалардың этно анықтаушы бірден-бір көзі болып табылады дей келе, зерттеуші оның физико-географиялық, шаруашылық, мәденитәртібі, тіпті өмір образының сипатын анықтауға болатынын ескертеді. Бізге бұрыннан белгілі болғандай, жекелеген жағдайда номадтар керамикалық өндірісті игерген. Сондай-ақ көшпелі шаруашылықта да керамика қолданылған (кесе, табақ т.б.). К.А. Акишев, А.В.Кушаев /9/, К.М.Байпаков., Е.А.Смағұлов /10/ еңбектерінде этно анықтаушы ролі ретінде керамика көшпелі бірлестіктер. Мысалы, сақ, үйсін сюннулерге де тән бола аладыдеп көрсетеді. Бұл пікірді Л.И.Левина «К истории исседовании Хорезмской археолого –этнографической экспедиции (При Арале древности и средневековье. МРАН, 1998)» атты еңбегінде былай деп бекітеді: «керамика, времени но и одним из основных показатели этнической культуры, времени но и одним из основных показатели этнической принадлежности» /11/. Сонымен, көріп отырғанымыздай Н.Я.Бичуриннен бастап қаңлы проблемасын зерттеумен айналысқан авторлар оның толық шешімін тапқан жоқ. Байқағанымыздай Қытай мәліметтері өте мардымсыз әрі анық емес. Сол себептен де қаңлылар туралы қарама-қайшы келетін пікірлер де көп. Мысалы: С.П.Толстов және А.Н.Бернштам /12/ тұжырымдары дәлел бола алады.

Отандық зерттеушілердің ішінен «қаңлытану мәселесін» көтеріп ол туралы қомақты еңбек жазған А.Х.Марғұлан /13/ , Н.Мұхаметжанұлы /14/ және орыс авторлары ішінен Н.А.Бронников /15/ , С.Д.Кляшторный /16/ т.б. болды.

Ал бүгінгі таңда қаңлы тақырыбына арналған үлкен монографияның авторы академик Ә.Қайдардың /17/ күрделі ізденісінен кейін жарыққа шыққан зерттеуін ерекше көрсетеміз. Автор бұл еңбегінде қаңлылардын этникалық тарихынан бастап саяси, әлеуметтік, экономикалық, этнографиялық тіпті шежіре, аңыз, хикаяларға дейін қамтыған дерек материалдармен жазып шыққан. Автордың бұл тұңғыш еңбегінен көптеген жылдар шешімін таппай келе жатқан проблеманың сыры ашыла бастағаның байқаймыз. Монографияда жаңа болжам, тың идеялар да кездеседі.

Бітіру жұмысының құрылымына тоқталып өтетін болсам кіріспеден, екі тарау, төрт парагрофтан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сонымен, мен бұл зерттеу жұмысымның бірінші тарауында қаңлы терминіне этнонимдік талдау жасап, Қаңлы мемлекетінің территориясы, оның ішінде құрылысы мен саяси жағдайларына тоқталдым. Жаңа көзқарасты материалдарға сүйене отырып «қаңлы» терминіне берілген бірнеше түрлі идеялық көзқарастар да назардан тыс қалмады. Әсіресе деректік негіздермен мемлекет территориясы жөніндегі анықтамалар келтірілді.

Ал екінші тарауда, қаңлы рулық бірлестігінің рухани материалдық мәдениеті жөнінде мол әрі қызықты этнографиялық хабарламалар келтірдік. Бұгінде әлі де көпщілікке мәлім емес тың деректер келтірдік. Мәселен, соноу б.з.д II ғасырдың өзінде қаңлыларда болған жазу өнері, заңдық ережелер, қол өнер және музыка, би өнері саласының өзіндік өркениеттік деңгейіндегі жетістіктері болғаны ерекше баяндалды. Сондай-ақ діни наным-сенімдер, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері кеңінен көрсетілді.

Бұл біріту жұмысымның қорытындысында осы тақырыпты қорытындылап, әрі тарауға өзіндік баға беріп отырдым.

Жұмыс соңында пайдаланылған деректер, ғылыми зерттеулер және мерзімді басылым тізімін келтірдім.