Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

На сортировку / 2 / Тарих / Ежелгі Ундистан реф

.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
119.81 Кб
Скачать

Қоғамдық құрылысы

Ежелгі Үндістанның әлдеқашаннан келе жатқан әлеуметтік-таптық жүйесі касталарға, готраларға бөлінеді. «Каста» португал тілінен шыққан сөз, ол тайпалық рудың тазалығын көрсетеді. Арийлер мен дравидтердің түстері ор түрлі, сондықтан каста Үндістанда адамдардың түсімен де белгіленген. Касталар бір аудандағы туысқан адамдар, жалпы мамандығы да, діни әдеттері мен әлеуметтік деңгейіне де бірдей болған.

Касталарға брахмандар, кшатрийлер, вайшьялар, шудралар жатады. Жоғары үш каста-екі туған, «даиджати», «движати-ариас». Жоғары касталар үсісмдік жасауға және жеңілдіктерге ие болуға құқылы.

Брахмандар. Пуруши деген алғашқы адамның ауызынан жаратылған. Оқу, білім, дін ілімін, құрбандық шалу, өзіне және өзгеге арнап садақа үлестіру және садақа алу ісін құдай брахманға белгілеген. Ману заңдарының 96-бабында (бірінші тарау) былай делінген: «Тірі нәрселердің бәрінің ішіндегі ең қасиеттісі - жандылар, ал жандылардың ішінде адам, ал адамдардың ішінде брахмандар болып саналады».

Вайшийлер. Мал бағуды, үлестіруді, құдайы құрбандық шалуды, дін ілімін оқып үйренуді, саудамен жер өңдеуді құдай вайшийге көрсетті. Сонымен, бүкіл пайдалы жұмысты вайшийлер істейтін болды. Олар Пурушидің санынан жаратылған, олар қауымның толық құқығы бар қарапайым мүшесі.

Ең төменгі төртінші каста-шудралар, олар бір рет туғанға жатады және Пурушидің табанынан жаратылған, сондықтан тек қана жоғары үш варнаға аянбай қызмет қылуға тиісті. Шудралар ең лас жерде жүретін адамдар. Шудралар қауымның теңсіз мүшесі.

Касталардың арасындағы теңсіздікті Ежелгі Үндістанның білімпаздары табиғаттың адамдарды біркелкі жаратпауынан деп түсіндіреді. Шудралар «инициация» әдетінен өтпейді, неге десек, олар қауымға қарсы шығатын бөтен адамдардан құралған, қауымның көмегінен айырылған, жерін жоғалтқан, яғни тәуелді әрі толық құқығы жоқ тайпалардың өкілдерінен тұратын. Инициация әдетінен өтпегеннен кейін олар тек қана бір рет туды деп саналады. Шудраларға қасиетті Веда кітаптарын оқуға тыйым салынды. Олардың кейбір діни салыстар мен қоғамдық мерекелерге қатысуғада құқығы болмайтын еді. Сонымен бірге жер иеленуге, жоғарғы өкімет аппаратында қызметке тұруға құқығы жоқ. Үндістанның сословиелік бөлінуі өте мықты және айқын болатын. Жоғары топтар сословиелік-касталық бөлінуді пайдаланып, өздерінің құқықтарын қорғап, өзара ыптымақта өмір сүрді.

Қасталардың арасында мықты шекара құрылған. Тек қана өзінің кастасынан шыққан адаммен ғана некелесу шарт. Екі рет туғандар алғашқы некеге әйелді өзінің варнасынан алады, ал екінші некеге тұрғанда төменгі кастадан (бір каста төмен) әйел алуға болады (3-тарау, 13-бап). Брахманның баласы шудрадан әйел алса немесе шудраның әйелі одан бала тапса, брахман өзінің брахман атағынан айырылады және оның баласы чандал болып саналады.

Ақсүйектер мен құлдардың арасындағы шекара өте терең. Брахманға тиіскен адамның тиген жері кесіліп алынуға тиісті. Брахмандар өлім жазасына кесілмейді, оларға тартылатын ең ауыр жаза - шашып алу. Әлемдегі бар нәреслер түгелдей брахмандардың меншігі болып табылады, туған кездегідей мәртебесінің жоғары болуына байлалысты тек брахмаи ғана осының бәріне құқылы, -делінген 100-балта. (Ману заңдары. 1-тарау). Брахман шудраны өлтірсе оған тек қана тазарту жазасы кесіледі, өйткені шудраның өмірі иттің, мысықтың, қарғаның өміріне тең болып саналған. Шудра брахманды жамалдаса немесе абыздың жүріс-тұрысы туралы жаман сөз айтса, оның ауызына ені он бармақ ыстық темір тығады. Каста жүйесі рулық ақсүйектердің және арийлердің тазалығын енгізгені түсінікті.

Кшатрийлер бүкіл халықты қорғау үшін туған. Брахмандар мен кшатрийлер тату тұрып, бір біріне көмектесетіп болса, бақытқа жетеді. Патша негізінен кшатрийлердің кастасынан шығуы тиіс.

Құлдар. Құлдықтың басты көздері: соғыс кезінде тұтқынға түсу, қарызын бере алмай құлдыққа түсу, қылмыс істегені үшін құлдыққа түсу болып саналады.

Чандалдар. Қоғамдық сатының ел төменгі бөлігінде чандалдар жатады. Чалдалдардың үйлері бәрінен де бөлек орлаласқан, өздері көшпелі өмір сүреді. Олардың қоғамдық құқықты, басқа да жалпы жерлерді пайдалануға құқықтары болмайтын, көшеге шыға алмайтын, олардың бар дүниесі ит пен есек, киетіндері өлген адамдардың киімі.

Ежелгі Үндістанның мемлексті және құқық тарихын кезеңдерге бөлуі.

Ежелгі Үндістанның мемлекет және құқық тарихының негізгі кезеңдері мыналар саналады:

1. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, құл иеленушілік құрылыстың, құл иеленушілік мемлекеттің пайда болу кезеді;

2. Ганга және Үлді жазықтығындағы құл иеленушілік мемлекеттер;

3. Маурьялардың орталықтанған мемлекеті;

4. Үнді мемлекетіндегі дағдарыс және феодалдану.

Бұлардың әрқайсысына қысқаша тоқталып өтер болсақ, бірінші кезеңі шамамен екінші мыңжылдықтың екінші жартысына жатады. Үндістанға басып кірген арийлерде бұл уақытта әлі патриархат сатысындағы рулық құрылыс қалыптасты. Бұл құрылыстың негізгі ұйымдары «рулық одақ» қана болды (латын тілінде «ру», бұл сөзден славяндардың «әйел» деген сөзі шыққан).

Мемлекеттік құрылысы. Үндістанның саяси тарихы біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдыққа таман зерттеле бастады.

ІҮ-ғасырда Солтүстік Үндістанда бірнеше мемлекеттер пайда болды: олардың арасындағы ең ірілері Магадха мсн Кошала. Біздің дәуірімізге дейінгі ҮІ-Ү ғасырларда олардың арасында үстемдік үшін қым-қиғаш үрес болды. ҮІ-ғасырда Үндістанның патшалықтары Парсының Ахеменидтер басқарған мемлекетімен араласып, тығыз қарым-қатынас құрды. Парсының Дарий патшасы Үндістанның сатраптарына салық төлетіп тұратын. Ү-ғасырда Магадха патшалығы Кошала мемлекетін өзіне бағындырып, Гималай мен Гангтың ортасындағы аудандардың бәрін басып алды. Бұл кезең Магадха патшалығының гүлденген уақыты еді.

327-жылы А. Македонский жүз мың әскерін бастап шығысқа қарай бет алды. Мақсаты - Азия мемлекеттерін өзіне бағындыру. Оның әскерлері Никея деген қаладан шығып, Согдиана мен Бактриядан өтіп, Қабылдың жанынан өтіп Үндістанның батыс-солтүстігіне шықты. Бұрын Парсы патшаларына бағынған Гандхара тайпасы Александрға қосылды. Пуру мемлекетінің Пор деген патшасы Македонскийге ерекше қарсылық көрсеткені мәлім. Александр 12000 адамды өлтіріп, Гифазис деген өзенге дейін жетті. Содан кейін әскерлері әрі жүргісі келмей, қарсылық көрсеткеннен кейін, ол кейін қарай бұрылды. Әскердің бір жартысын ол теңізбен отанына жіберіп, бір бөлегін өзі басқарып, Гедрозия құмдарымен алып кетеді. Кейбір гарнизондарды Үндістанда қалдырады.

А. Македонский жорығының дүниежүзілік тарихтағы маңызы бөлек. Оның басып алушылық соғыстары екі түрлі мәдениетті, эллинистік сияқты батыс - шығыстың мәдениеттерін қосты. Македонский кеткеннен кейін Үндістанда ұлттық бостандық алу қозғалысы басталды. Оны Чандрагупта деген ешкімге белгісіз адам басқарды. Біреулер оны шудра дейді, біреулер патшаның тұқымы деп санайды. 318 жылы Чандрагупта солтүстік Үндістанды өзіне бағындырып ірі мемлекет құрып, ол қазіргі Ауганстанның, солтүстік Үндістанның және Белужстанның жерлерін біріктірді. Чандрагултаның ісін оның Биндусара деген баласы және Ашока деген немересі жалғастырды. Ашока әкесінен қалған мемлекетті күшейтіп, жаңадан көптеген қалалар салды, жер суаратын жүйелерді нығайтты.

Біздің дәуірімізге дейінгі 563-жылы Үндістанда Будда туды. Будда-Сидхартха Гаутама Будда атақты бай рудан шыққан. Ол 29 жасқа келгенде адамдардың өмірі, тіршілігі туралы ойланып түсінгісі келеді. Гаутама қалған өмірін аштықта, терең ойда өткізген. Өзінің шығарған философиясымен ағарту жұмысын дамытып, адамдарға түсіндіргісі келді. Оның пікірінше, әрбір адам Нирванаға (жарықтану, жарық болу) жету үшін әділетті, дұрыс өмір сүруі керек. 483 жылы Будда қайтыс болғаннан кейін осы буддизм діні Үндістанға және басқа да шығыс мемлекеттеріне тарады. Ашока буддизм дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдады. Ашокадан кейінгі кезең, буддизмнің алтын ғасыры. Бірақ 183 жылы Пушьямирита Шунга Маурья тұқымының соңғы императорынан билікті тартып алғаннан кейін Үндістанға индуизм діні қайтып келді.

Ашока өлгеннен кейін Үндістан мемлекеті ыдырап кетті де, оның тұқымдары тек қана Магадха мемлекетінде үстемдігін сақтап қалды.

Үндістанның патшасы. Патша кшатрий кастасынан ғана шығып отырған. Түсінік бойынша кшатрий құдайдың тұқымы, құдай оны осы жердің адамдарының бәрін сақтап қалу үшін шығарған. Патша от, жел, күн және ай, әділеттік соттың бастығы, ол ең жоғары адам. Бірақ Ману заңдары бойынша патшаның құқықтары шектеулі, ол бір жағынан брахмандардың берген ақылдарын тыңдауы керек, екінші жағынан ол кейбір талаптарға сәйкес болуға тиісті.

Маду заңдары бойынша патша сұлу, кемшілігі жоқ, брахмандардың жеке меншігін сыйлайтын және олардың ақылдарын алатын адам. Ману заңдарының 7 тараудың 111-бабында былай делінген: «Ақылсыздықпен өз елін азапқа салған патша тез арада ағайын-туысқандарымен бірге елден және өмірден айырылады». Патша өзінің патшалығын қорғау үшін батыр адам болуға тиісті. Патша сот ісін басқарады, жаза кеседі, салық жинайды, бұның бәрі бірге «стхана» деп аталады. Брахмандарды сыйлау, халықты қорғау, соғыста батырлық көрсету сияқты әдістер патшаны шаттыққа кенелтуі тиіс. Патшаның жаман мінез-құлықтан: сөз тасудан, күштеуден, озбырлықтан, өтірікшіліктен, араздықтан, меншік құқығын бұзудан, сөзбен қорлаудан және таяқпен күш көрсетуден аулақ болуы шарт.

Мемлекеттің ежелгі кезеңінде патша әскери және сот ведомстволарын құрды. Патшаның негізгі көмек беретін ұйымдарының бірі - әскер. Ол төртке бөлінеді: жаяу әскер, атты әскер, пілдер және доңғалақшылар. Ол кездегі Үндістан әскерінің негізгі күштері пілдер мен доңғалақшылар. Пілдерді Үндістанның халқы ең бірінші болып үйреткен және пайдаланған. Бейбітшілік кезеңде әскерлер ауылдардың арасында орналасқан. Соғыс кезінде әскерді баю үшін пайдаланатын еді. Веда заңдарының мәтіндерінде былай делінген: соғыс кезінде талқан табыстың бір бөлегін патша әскерлердің арасында бөлуге тиісті (Ману заңдары, 7-бап). Әскерді патшалың өзі басқарды, сондықтан тапқан табыстың көбін өзіне қалдырды.

Үндістанның патшасы қолына сот фудкцияларын да жинақтады. Ману заңдарында бұл туралы былай делінген: Патша жазады өзі кеспесе, күштілер әлсіздерді балық сияқты қуырып жейді.

Патша мемлекеттік мүлікті басқарады және дхарманың қорғаушысы болып саналады.

Идеологиялық қызмет брахмандардың қолында болатын. Жалпы мемлекет құрылғаннан кейін Үндістанның халқы бір құдайға сенетін болды. Бір құдайға сену праджапи деп аталады. Тек брахмандар ғана қасиетті Веда деген кітапты оқып, діди әдеттерді орындауды басқарды, садақа берді және садақа жинады.

Патшаға ақыл, кеңес беретін жоғары қызметкерлер жеке тұратын. Патша кеңесі матрипаришад деп аталды. Бұған қызметкерлерімен қатар қалалардың өкілдері кіретін. Маурья империясы құрылған кезде басқарудың бәрі солардың қолында жинақталған еді. Патша шаруашылығын жүргізетін қызметкерлер жайлауларды, патша сарайын, қазынасын және салық жинауды басқаратын. Ману заңдары бұл адамдар туралы былай дейді: олар әділетті, ақылды және мықты болуға тиісті. Қызметкерлердің арасындағы ең басшысы салық жинаушы, басшы, қазынаны басқарушы және сенопати-әскер басшысы болып бөлінді.

Жергілікті басқару. Маурья империясының жергілікті басқаруы өте күрделі болатын. Тікелей патшаның өзіне жерлердің бір бөлегі ғана бағынатын еді. Тұтас патшалық провинцияға бөлінді, оларды патшаның туысқандары басқаратын. Провинцияның басшысы салық жинады, тәртіпті қорғады және құрылыс жұмыстарын жүргізді. Провинциялар округтерге бөлініп, оларды округтің бастығы басқарды.

Сот. Үндістанның соты патша және қоғамдағы соттар болып екіге бөлінетін. Қауымның соттары каста бойынша құрылған. Олар қауымның арасындағы істердің көпшілігін өздері қарайтын. Он ауылға бір сот жұмыс істейтін. Ол үш адамнан тұратын еді. Қалалардың әкімдері қылмыскерлерге қарсы күресті күшейтті. Оларды ұстап, іздеп, түрмеге салу да олардың міндеттеріне жататын еді. Жоғарғы сотты патшаның өзі басқарды. Ол брахмандармед және тәжірибелі ақылшыларымен біріктіріп «сабха» деген сот алқасын құрды. Патшаның жыл сайын кешірім жариялауға құқығы болатын.

Ежелгі Үндістандағы құқық

Ежелгі Үндістан мемлекеті туралы сөз қозғамас бұрын ежелгі кезде «Үндістан» ұғымы қандай мағына бергеніне тоқталып өтейік. Сөз болып отырған дәуірде бұл елдің атауы болмаған. Бізге дейін жеткен әдеби мұраларда (мейлінше кейінірек шыққан) «Бхаратаварша» («бхараттар елі») деген сөз кездеседі. Бұл сөз Үндістанның солтүстік бөлігіне немесе Ганга аңғарына ғана байланысты болған тәрізді. Үнді мифологиясында Үндістан түбегі «Джамвудьипа» деп аталады, бірақ бұл атау кең түрде қолданылмаған. «Үндістан» сөзі елдің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзен атынан шыққан. Үнділердің өздері оны «Синдху», ирандықтар «Хинду», гректер «Индос», ал оның жағалауы тұрғындарын «индтер» деп атаған. «Үндістан» (Индия) сөзінің астарында «индтер елі» немесе «үнділер өлкесі» деген мағына жатыр.

Ежелгі Үндістанның мемлекеті мен құқығында Ежелгі Шығыстың бүкіл құл иеленушілік мемлекеттеріне тән типтік белгілермен қоса біраз өзгешеліктер де бар. Ол өзгешеліктерге қоғамның касталық құрылымы жатады. Бұл құрылым мемлекеттік белгі ретінде бүгінгі күнге дейін сақкталған. Сол сияқты Үндістанда ұзақ уақытқа дейін селолық (ауылдық) қауымдық белгілері сақталып қалған.

Елі және халқы. Ежелгі Үндістанның мемлекеті «Үндістан» деп аталатын орасан үлкен түбектің солтүстік бөлігінде, Үнді және Ганга өзендерінің мал және егін шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы жағалауларында орналасты. Бұл аудандарда бұрыннан байқалған су тапшылығы ерте кезден бастап-ақ суармалы жүйе жасауды қажет етті.

XX ғасырға дейін Үндістанның ежелгі тарихы ғалымдарға б.д. дейінгі 2-мыңжылдықтың ортасынан, яғни оларды арий тайпаларының жаулап алған кезінен бастап белгілі. Бірақ XX ғасырдың 20-жылдары Махенджо-Даро мен Хараппа маңайында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары бұл ұлы елдің ежелгі тарихы туралы түсініктерді едәуір тереңдетті. Ғалымдар Махенджо-Даро мен Хараппаның болған кезеңін б.д. дейінгі 3-мыңжылдыққа және материалдық, мәдениеттің мұндай жоғары деңгейіне жеткен қоғам сөзсіз таптық қоғам деген тұжырымға келді. Сол себептен Үндістан жерінде қоғам мен мемлекеттің дамуы, пайда болу кезеңі Египет пен Месопотамиядағы мемлекеттердің пайда болу кезеңімен шамалас.

Бұл елдің мемлекеті мен құқық тарихының 2 кезеңіне келсек, ол шамамен б.д. дейінгі 2-мыңжылдықтың екінші жартысыдан бастап, дәлірек айтсақ б.д. дейінгі VI-IV ғасырларға келеді. Бұл Үндістанның құл иеленушілік мемлекеттерінің өркендеген дәуірі. Осы кезеңде ел нарығының дамуы жоғары дедгейге жетті. Өзен алқаптары елдің маңызды нарықтық аймақтарына айналды. Ирригациялық құрылыстар тізбесі кеңейді. Джунглилердің көптеген жерлері жыртылып, егін салынды. Мақта мен күріш өсіруге ерекше маңыз берілді.

Өндіргіш күштердің дамуы елдің жеке бөліктерінің арасында нарықтық байланыс орнатып, олардың бірігуіне жағдай жасады. Өндіргіш күштердің дамуымен, сауданың өсуімен бірге Үндістанда құлдарды және ерікті қауымдастарды қанау күшейе түсті. Жоғарыда айтып өткеніміздей, жаңа құл иеленушілік мемлекеттің пайда болуы жаңа жағдайға байланысты рулық-тайпалық ииституттардың өзгеруіне, идеологиядан өзгерістерге әкелді. Әдет-ғұрып құқықтары мен ауызша дәстүрлер енді мемлекеттің қажеттілігін өтей алмайтын еді.

«Дін ілімі», яғни, «Қасиетті ашылулар» (Веда) әдебиетіне жататып аса бай сутра (дәл аудармасы «жіп», яғни, тізбеленген, шумақталған өсиеттер) шығармалары болатын. Үндістанның құқық көздері осы ежелгі сутралардан бастау алады. Сутралардың қозғайтыны - дін, философия, этика, күнделікті өмір мәселелері. Ол ежелгі өсиеттер «смритиге» қатысты. Сутраларды кей кезде «веданға» деген, бірақ әдет бойынша олар қасиетті «канондар» арасына кірмейді, керісінше, «веда» мәтіні түсінік беруге, сол сұрақтар арқылы бағыт алады.

Ведаларға дәстүрлер, этимология, грамматика, фонетика, метрика және астрономия кіреді. Оларға жататын діни дәстүрлер туралы трактаттар-камасутралар, грихьясутралар бар.

Драхмасутралар мазмұны жағынан олардан кең, яғни, оларда үй ішілік дәстүрлер мен отбасылық тұрмыс ережелерін, адамдардың әлеуметтік өмірін ретке келтіру және тұрғындардың түрлі топтарының жағдайлары, олардың мемлекетпен қарым-қатынасы туралы, т.б. жазбалар бар.

Сутралардың негізінде біртіндеп ғылыми және саяси шығармалар, шастралар пайда болды. Сол сияқты эпикалық және этикалық құқықтық сипаттағы дхармашастралар келіп шықты. Олар дұрыс жүйеленген, өлеңмен жазылып, оқып, меңгеруге, есте сақтауға арналған трактаттар. Оларда бейнеленген брахмандық доктрина сутралардың идеялық мазмұнымен тікелей ұқсас болып келеді.

«Дхарма» терминінің мағынасы өте кең, соның ішіндегі бастысы, әр кезеңде әдебиет жанрының әр түріне байланыстылығын білдіреді. Бұл сөзді әдетте индивид (жеке адам) күнделікті өмірінде басшылыкқа алуға тиіс этика нормаларының жиынтық атауы ретінде қолданды. Дхармашастралар өзіндік кодекстер, олар қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтарының мүшелеріне арнаған брахмандардың ақыл-өнегелері мен өсиеттері. Бұнымен қоса бұл мәтіндер құқық нормаларын да көрсетеді (соның ішінде қылмыстық және азаматтық құқық салаларындағы), олар мемлекеттік басқарудың ұзақ уақыт бойғы тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған. Дхармашастралар заң шығарудың негізі ғана, бірақ басты заңдардың кодекстері емес.

«Құдай заңы» мен ежелгі үнділік дхарманың екеуін бір нәрсе деп түсіну қате. Әйтсе де ортақ нәрселері көп. Осының нәтижесінде дхармашастралар өз мазмұны жағынан әр тектес болып келеді. Олар азаматтық және қылмыстық заң шығару ісіне байланысты өсиеттерді ғана емес, сонымен бірге әр түрлі варналардың міндеттеріне байланысты жанұялық, тұрмыстық, культтық, санитарлық-гигиеналық жазбаларды, т.б. біріктірді.

Ману Заңдары діни, этикалық және заң туралы өсиеттердің кең түрдегі жинағы.

Бұл өсиеттерді үш бөлімге бөліп қарауға болады: олардың біріншісін брахмандардың түрлі діни өсиеттері құрайды, екіншісін нормалар, яғни, мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мем оның азаматтармен қарым-қатынасын реттейтін нормалар жиыны, үшіншісін азаматтық және қылмыстық істер нормалары құрайды.

Ману Заңдары өлеңмен жазылған (шлокпен). Жинақ 12 бөлімнен тұрады. Әр бөлімі өте көп шлоктардан құралған.

Брахманизм мен буддизмнің шиеленіскен күресі тұсында пайда болғандықтан, Ману Заңдарынан сол күрес көрініс тапқан.

Будднзм б.д. дейінгі ҮІ-Ү ғ.ғ. пайда болған. Ол құл иеленушілік құрылыстың ыдырауының алғашқы белгілері байқала бастаған кезең еді. Ашоктың тұсында буддизм мемлекеттік дін ретінде жарияланды. Брахманизм буддизмнің және мемлекеттің алдында жеңіліс тапты да, күрес жүргізе тұрып, жойылып кетпеулері үшін «адамдар атасы» «Ману өсиеттері» деген осы жинақты жасаған.

Жинақтың 12 бөлімінде де әлемнің пайда болуы, сословиенің қызметтері туралы, үй қожайынының құқықтары мен міндеттері туралы, мұрагерлік құқықтары, патшаның қызметі, оның саясатынын принциптері және үкімет басқару, әр түрлі дәстүрлердің іске асуы туралы, дәруіштер мен тақуаларға деген өсиеттер және дұрыс өмір сүрудің нормалары туралы т.б. айтылған.

Ерекше назар аудартатыны - ол әр түрлі әлеуметтік топтардың жағдайлары, бұл жерде «Ману-смрити» дхармасутраның ежелгі дәстүрлеріне жол берген. Яғни, мұнда 4 варнаның өкілдерінін тәртіп нормаларына ерекше көңіл аударылады.

Енді осы азаматтардың арнайы санаттарының құқықтық жағдайына ерекше тоқтала кеткен жөн. Қоғамдық өмірдің әр кезенңінде әрбір варна (сословие) әр түрлі сатыға ие болған. Ал олардың өкілдері қоғамда сол сатыға сәйкес орын алады. Ману заңдары бойынша тұрғындар төрт түрлі ұрпаққа беріліп отыратын жабық әлеуметтік топқа немесе варнаға бөлінді. Олар: брахмандар, кшатрийлер, вайшийлер, шудралар. Алғашқы үшеуінің өкілдері екі рет туғандар деп саналды.

Брахмандар. Екі рет туғандардың алғашқысы-брахмандар. Олар өздерін құдайдың ұртынан жаралғандармыз деп түсіндірді (Ману Заңдары, 31-бап, 1-тармақ). Тек солар ғана дінді уағыздай алатын еді. Олардың міндеттері діни ілімді меңгеріп, үйреніп, өзі және өзгелер үшін құдайға құрбандық берулері керек. Құрбандықтарды беріп қана қоймай, сый түрінде алып тұратын еді. Яғни, олар барлық салықтар мен төлемдерден босатылды. «Адамдардың ішіндегі ең қасиеттісі болып саналады» (1 тарау, 96-бап), «тіршіліктің иесі болып, ең жоғарғы орында тұрады» (1 тарау, 97-бап), «Әлемдегі бар нәрсенің бәрі брахмандардың меншігі болып табылады» (1 тарау, 100-бап). Оларға ешқашан тән жазасы белгіленбейтін. Бәрі, тіптен патшалар да брахманның пікірімен санасатын. «Егер радж брахмандардың ақыл-кеңесіне жүгінбейтін болса, – делінген заңда, – ол балшыққа батқан сиырдай болып өледі» (Ману заңдары).

Патша олардың тек кеңестерін тыңдап қана қоймай, сыйлық жасап, көңілін табуы тиіс болды. (VII тарау, 13-бап). Брахмандарға сот және өзге мемлекеттік істерді шешу тапсырылатын (VIII тараудың 1, 2 баптары). Олар өзге варна өкілдерінен өз қалағандарын талап ете алатын. Брахмандар ешкімнің қол астында болуы мүмкін емес. Жеке басы қасиетті болғандықтан, өз ілімімен ерекше ауыр жазаларға жол ашатын. Брахмандарға қолданылатын жазалар да жеңіл еді. Олар туралы кейінірек тоқтай аламыз.

Екінші варна (екі рет туғандар) – кшатрийлер. Олардан көбінесе әскербасылары және радждар шығады. Олар Ману Заңдары бойынша құдайдың қолынан жаралған (І-тарау, 31-бап). Олардың міндеттері бүкіл әлемді қорғау (VII тарау, 2-бап), соның ішінде бірінші болып брахмандарды қорғау. Бұл варна көбінесе қоғамдық тәртіпті қорғаушылар варнасы. Және олар қасиетті дін ілімдерін оқып, құрбандық шалулары керек. Ману заңдарының 1-тарауы, 89 бабында былай делінген: «Қарамағындағыларды қорғау, қайыр-садақа үлестіру, құрбандық шалу, құдай өсиеттерін оқып-үйрену және адамдардың ашыналықпен айналысуына жол бермеу міндеттерін кшатрийге көрсетіп отыру».

Үшінші тұрған варна-вайшийлер. Бұл ең көп өкілді варна. «Ол варна өкілдерін Құдай санынан жаратқан», – делінген Ману заңдарының 1 тарау, 31-бабында. Бұл варна алдыңғы екі варнаға кірмеген бүкіл еріктілерді, яғни, жер өңдеушілер, қолөнершілер, саудагерлер тағы басқаларды біріктірді. Ману заңдарының 1 тарау, 90-бабында көрсетілгенде: «Мал бағу, садақа үлестіру, құдайы құрбандық шалу, дін ілімін оқып-үйрену, сауда, өсімқорлық және жер өңдеуді құдай вайшийге белгіледі». Бұдан өзге бұл варна иелерінің міндеттері – асыл тастардыі құнын айыра білу, тауардың сапасын ажырату, өз меншігін ұлғайту. Ману заңдары бойынша бұл варна иелерінің, қаналушы тапқа жататынын аңғаруға болады. Өйткені Заң алдында да, адамдар алдында да вайшийдің рөлі брахманнан 3 есе кем. Вайшийлер мемлекетке жоғары салықтар төлеп тұруға міндетті.

Ең төменгі варна-шудралар. Дәрежесі жоғарыдағы үш варнадан айтарлықтай төмен. Оны үстем тап өкілдері «құдайдың табанынан жаралғандықтан» (1 тарау, 91-бап) деп түсіндірді. Бұлар, яғни, шудралар әскер бағындырып алған тайпалардың мүшелері. Формальды түрде құлдар емес, жеке басына ерікті варна. Бірақ саяси құқықтары мен бостандықтары жоқ. Ману заңдарында бұларға бір-ақ қызмет белгілеп берген: «Шудра үшін рахатқа әкелетін жоғары дхарма-ол жасампаз брахмандарға қызмет көрсету және дін ілімін оқыған үй қожайындарына іс қылу» (IX тарау, 334-бап). Шудралардың құқықтары мен бостандықтарының шектелгендігін Ману заңдарының кез келген тұсынан көруге болады. Әсіресе, «брахманға шудра әйелге үйленудің дұрыс еместігі» (3 тарау 14, 170-баптар туралы, қылмыс пен жаза туралы бөлімінде), азаматтардың ар-ұжданы туралы айтылған жерлерден көруге болады.

Ерікті адамдардың ең төменгі сатысында және варнадан тыс тұрған адамдар тобы ол «аластатылғандар». Бұларды «чандалдар» деп те айтады. Бұл топқа ауыр қылмыс жасап, ортасынан қуылғандар, отбасымен ауруға (жұқпалы) шалдыққандар, аралас некедеи туғандар жатады. Чандалдардың мекен-жайы көпшіліктен бөлек, киімдері де өзгеше, олар иттің терісінен тігілген киімдер киюі қажет. Басқа жұртшылық бұлармен ешқашан, ешқандай қарым-қатынас жасамайтын. Тек қайыр-садақа ғана беретін. Бірақ «аластатылғандар» ол садақаны шіркеулердің жанында қара киініп, қара жамылып, қолын көрсетпей алулары шарт.

Ежелгі Үндістанда аса көп болмағанмен, құлдар да бар еді. Құлдар сияқты еріксіз көпшіліктің шығу себептері мынадай:

1) соғыс кезінде тұтқынға түскен әскери тұтқындарды құлға айналдыру нәтижесінде;

2) құлдардың табиғи түрде пайда болуы (яғни, құл мен күңнің балалары құлға айналдырылатын);

3) еріктілердің кұлдыққа сатылуы;

4) қарызын өтемеген ерікті адамды құлға айналдыру;

5) қылмыс жасағаны үшін ерікті адамды құлға айналдыру.

Ежелгі Үндістанда құл еңбегі онша кеңінен пайдаланыла қойған жоқ. Құлдарды тек үй іші жұмыстарына ұстайтын. Құл еңбегі өндірістің негізін құрай алмады. Себебі, олардың саны өте аз еді. Құлдар құқықтан жұрдай болған топ. Ману заңдары оларды түрлі бостандықтар мен құқықтардан жан-жақты шектейді. Мысалы, 8-тараудың 416-бабында көрсетілгендей: «Құл әйелі және баласы тіптен өздері пайдаланып жүрген мүліктің де иегері бола алмайды». Бірақ бұл елде сол сияқты құлдықтан шығу да жеңіл болатын. Жағдайлары ескеріліп, жоғары орындарда арыз-шағымдары талқыға салынып, рұқсат етілетін. Ал қарызын тез арада өтеп болса, ол адам сол сәтінде еркіндікке жіберілетін.

Міне, осы айтылғандардан шығатын бір қорытынды – Ежелгі Үндістандағы касталық ұғымының беріктігі. Адамның қоғам, мемлекет пен заң алдындағы жауапкершілігі, міндеті, құқықтары мен бостандықтары тікелей варнаның қоғамдағы орнына тәуелді болды.

Ежелгі Үндістандағы меншік құқығына назар аударатын болсақ, Шығыстың өзге деспотия елдеріне қарағанда сол өзгешелеу сипатқа ие еді. Ол Үндістанның негізгі саласы ауыл шаруашылығы болуына байланысты. Ежелгі Үндістанның құқықтық ескерткіштерінің және әр түрлі трактаттарының жеткізуі бойынша, біз ол заманда жердің екі түрлі санатының болғандығын көреміз. Олар, яғни, жерге қауымның ие болуы және патша үлесіне тиесілі жерлер. Негізінен брахмандардың да жерлері болған. Бірақ ол туралы жазбаларда айтылмайды.

Патша жерлері онша үлкен болған жоқ, ол көп үлес алмайтын. Патша жерін ауыл шаруашылығын бақылаушы қадағалап отырған. Егін егу, егін жинау жұмыстарына құлдарды пайдаланатын. Одан өзге жалдамалы жұмысшыларды, айып төлеушілерді немесе қарызын өтемегендерді де әкеліп жұмысқа салатын болған.

Жердің көп бөлігі қауымдық болып есептелді. Оны шаруа қауымдастары еншіледі. Бұл жерде қауымдастар бір үлкен отбасы мүшелерінің жиыны. Ол кезеңде Үндістан тұрғындары патриархалдық тұрмыста өмір сүрді. Бір отбасында бүкіл туыстар жиналып, ұлдары мен келіндері, немере, шөберелері бәрі бас қосып тұратын. Бұлардың меншігі, дүние-мүлкі бәріне ортақ болды да, негізгі басқарушы, отағасы болып саналды. Ал бұндай қауымдар селолық қауымдастықтан жер үлесін алатын. Қауымдар жерді бірге пайдаланды. Қауым жер иесі, ал қауым мүшелері пайдаланушылар ғана болды. Қауым мүшесінің жеке меншігін, жерін, бауын, тоғанын күшпеп тартып алуға болмайды (VII, 264-бап). Жер патшаның формальды түрдегі меншігі болғандықтан, оны сату, сатып алу, сыйлау немесе айырбас жасауға тыйым салынған жоқ. Осындай припцип сан түрлі көптеген жеке шаруашылықтар (брахмандардың, көсемдердің, шенеуніктер және көпестердің) да қатысты болған. Бұның өзге халықтардағы қауымдық жер құқықтарымен салыстырып қарағанда өзгеше екені анық. Шаруашылықты жүйелі түрде жүргізілген құжаттардың жоқтығынан жердің құқықтық жағдайын анықтауға мүмкіндік жоқ еді. Жерге жеке меншіктің құқықтық институттары болмады. Ешбір ескерткіштері ірі жер иеліктері туралы айтылмаған. Бірақ жерге меншік құқығы бөлшектенген еді. Жер мемлекетке (қауымға тиесілі, ол тікелей иелік етеді) және жеке шаруашылықтарға (қауымшылық және қауымнан тыс) тиесілі болды. Соңғысында ғана бұл құқық іс жүзіндегі меншік құқығына айналды. Ману заңдары бойынша тек мемлекеттік сот органдары ғана қауымдар арасындағы шекара туралы мәселені қауым мүшелері арасында даудамай туған кезде қарауға тиіс болатын, артығын мемлекетке алатын (Архашастра, 3-тарау, 9 бап).