Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Қазақстан Ресей құрамында.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
57.66 Кб
Скачать

1867-1868 Жылдардағы “Уақытша ережелерде” қазақтар орналасқан барлық

жер жəне “сол жердегі бар нəрсенің” бəрі патшалық Ресейдің мемлекеттік

мееншігі деп жарияланды. Мемлекеттік меншік деп жарияланған жерлер көшпелі

мал шаруашылығымен айналысатын қазақ халқының мерзімсіз қоғамдық

пайдалануына берілді.

Ережеге сəйкес барлық ормандар Ресейдің мемлекеттік меншігі деп

жарияланды. Осы заң ережелерінің салдарынан қазақтар ормандарды пайдалану

құқығынан мүлде дерлік айрылған болып шықты. Құдыққа қажетті құрылыс үшін

де, ағашы үшін де қымбат ақы төлеу қажет болды.

Осы заңдарда пайдалы қазбалар кеніштерін пайдалануға байланысты

мəселелер реттелді. Өнеркəсіпшілердің болыс қоғамдарымен “ерікті келісім”

бойынша олардың қыстауына берілген жерді жалдау ақысын төлеп, жалға алуға

құқығы болды.

Ал егер руда кеніші қазақтарға жайлау ретінде бөлінген жерлерде болса,

өнеркəсіпшілердің мұндай жерлерді қазақтардың келісімінсіз, қандай да болсын

өтемақы төлемей иеліктен айыруға құқығы болды.

Х1Х ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында сауда кең дами бастады. Осыған

байланысты өлкеде Ресей империясының азаматтық құқығы кең таратылды. Бұл

орайда көбінесе мынадай шарттар: сатып алу-сату, қарыз алу, мүлікті жалдау,

айырбастау, жүк тасу жəне т.б. шарттары қолданылды.

Дами түскен сауданың жəне Қазақстанға тауар-ақша қатынастары енуінің,

Ресейдің азаматтық құқық заңдарының ықпалымен қазақтың дағдылы құқығында

борышкер мен несие берушінің өзара қатынастарын, қарызды төлемегені үшін

жауапкершілікті анықтайтын ережелер жəне т.б. пайда болады.

Қазақтардың дағдылы отбасы-неке құқығында да айтарлықтай өзгерістер

орын алды. Қызды оның келісімінсіз күйеуге беруге рұқсат ететін қазақ ғұрпы,

сондай-ақ əмеңгерлік өзінің бұрынғы маңызын жоғалтты.

Х1Х ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда азаматтық заңдармен қатар,

жалпыимпериялық қылмыстық заңдар едəуір дамыды. Олар қазақ даласында

жүргізілген отаршылдық саясаттың пəрменділігін қамтамасыз етудің аса маңызды

буындарының бірі болды.

1867-1868 Жылдардағы ережелерде жасаған қылмысы үшін қазақтар əскери

қылмыстық заңдар негізінде жауап беретін қылмыстардың тізбесі белгіленді.

Бұл тізбеге мынадай қылмыстар енгізілді: сол кездегі мемлекеттік құрылысқа

опасыздық жасау, өз тайпаластарын өкіметке қарсы қою, өкімет орындарына

көрінеу қарсыласу, поштаға, қазыналық жəне əскери көліктерге шабуыл жасау,

телеграф желілерін зақымдау, христиандарды жəне христиан дінін қабылдауға

ниет білдірген адамдарды, лауазымда адамдарды өлтіру.

Қазақстанның салық жүйесіне де айтарлықтай өзгерісткр енгізілді.

Біріншіден, түтін салығы 1 сом 50тиыннан 3 сомға дейін өсті. Патша

үкіметіне адал қызметі үшін Уəли, Бөкей хандардың жəне Айшуақ сұлтанның

ұрпақтары салықтан босатылды.

Екіншіден, ауылдан табыс іздеп кетуге мəжбүр болған қазақтар 1 сом 50 тиын

көлемінде паспорт төлемін төлеген.

Үшіншіден, болыс билеушісін, іс жүргізушіні, ру старшындарын,

аламандарды асырау үшін халықтан жылына 300 сом мөлшерінде алым жиналып

отырылды

Төртіншіден, Қазақстанның оңтүстік облыстарының отырықшы халқынан

харадж (өнімнің оннан бір бөлігі), зекет (тауар құнының қырықтан бір бөлігі),

танап салығы (ақшалай салық) жиналды.

Бесіншіден, қоғам қажеттері үшін – жол, көпір жөндеу , мешіттер мен

мектептер салу, ауруханаларды ұстау жəне т.б. шаралар үшін – “қара шығын”

жиналды.

Салықты ру старшындары мен болыс билеушілері жинады.Олар өз биліктерін

кең түрде пайдаланып, кей кезде салықты жылына бірнеше рет жинауға, болмаса

өз руын салықтан босатып, оның есесіне басқа руларға артық салық салдыруға

дейін барды. Салықтың көлемі мүліктік жағдайды ескермеді.