Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Қазақстан Ресей құрамында.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
57.66 Кб
Скачать

1822-1824 Жылғы жарғылар алғашқы патшалық реформа ретінде, бүкіл

дəстүрлі билік құрылымын қиратып, əлеуметтік-саяси жəне шаруашылық өмірдің

барлық жақтарын қамтыды. Хан билігі жойылғаннан кейін Қазақстанның Ресейге

бағынышты аймақтарында Ресейдің саяси-əкімшілік жүйесін енгізуге нақты

мүмкіндік туды. Мұнда жаңа аумақтық құрылыс енгізіліп, соған орайластырылып,

бүкіл Ресей империясындағыға ұқсас басқару органдары құрылды. Реформа

патшаның отаршылдық саясатына қарсы оппозицияның топтасуын күшейте түсті.

ХIХ ғасырдың екінші ширегі Қазақстанды əскери отарлаудың шешудің кезеңі

болды. Ресейдің жүз жылдан астам уақытқа созылған өңмеңдеуі өлкенің барлық

дерлік аумағының империя құрамына қосылуына əкеп соқты. Бұл Қазақстанның

саяси бытыраңқылығының, күрделі сыртқы жағдайының салдарынан ғана емес,

сонымен қатар Ресейдің сөзсіз əскери басымдығының нəтижесінде болды.

Қазақстанды Ресей құрамына қосудың аяқталуы Қазақ өлкесі жөніндегі

саясатына елеулі өзгерістер енгізді. “Бөліп ал да, билей бер” принципіне

негізделген саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып жəне қазақтардың өз

мемлекеттілігін қалпына келтіруін аяусыз жаныштап, Қазақстанда отаршылдық

режим орнатты.

Кең байтақ Қазақстан аумағына орналастырылған əскер бөлімдерімен

шектелмей, жаңадан жаулап алынған иеліктерде отаршылдық билікті нығайтуға

ниеттенген Ресей оңтүстік-шығыс Қазақстанға қосымша жаңа əскери бөлімдерді

əкелді.

Осы аймақта Ресей позициясын нығайтудың басты жолдарының бірі – басқару

жүйесіне өзгерістер енгізу болды.

Метрополияның қарқынды дамып келе жатқан өнеркəсібі шикізат көздеріне,

жұмысшы күшіне барған сайын мұқтаждық көре бастады.Табиғи ресурстарға, мал

шаруашылығы шикізатына бай қазақ жері орыс кəсіпкерлерінің назарына көптен

бері-ақ іліккен болатын. Алайда əр түрлі табиғи-географиялық жағдайлары бар

көлемді аймақты игеру басқарушы топтардан əкімшілік-территориялық, сот жəне

басқа өзгерістерді енгізуді талап етті. 1822-1824 жылдардағы реформалар отарлау

үшін кеңістік ашып берді, бірақ мұндағы ғасырлар бойы сақталып келе жатқан

басқару формаларын толығымен жоя алмады.

Бұл міндеттерді XIX ғасырдың ортасында, қазақ жерлері түгелдей Ресей

құрамына енгеннен кейін ғана шешу мүмкіндігі туды. Осы к форманы əзірлеу

кезінде қалың халық бұқарасының көңіл-күйі ескерілмеді. Ш.Уəлиханов

қазақтардың материалдық жағдайын жақсартуға жəне олардың амандықта өмір

сүруіне көмектесетін реформалар жүргізуді жақтады жəне Қазақстанда халықтың

өзін-өзі басқару негізіндегі əкімшілік басқару жүйесін енгізуді ұсынды. Алайда бұл

ұсыныстар қабылданбады. Реформа жобасын жасауға осы өлкенің ерекшеліктерін

жақсы білетін орыс шығыстанушы ғалымдары да қатыстырылмады.

1865-1866 жылдары Далалық комиссия Қазақ даласын басқарудың жобасын

ұсынды. 1867 жылдың 11 шілдесінде II Александр патша “Жетісу жəне Сырдария

облыстарын басқарудың уақытша ережелерін”, ал 1868 жылдың 21 қазаныныда “

Орынбор жəне батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарын

басқару туралы уақытша ережелерін” бекітті.

Реформалардың басты мақсаттары мыналар болды:

1) Басқаруды қайта ұйымдастыру – реформаға дейінгі кезеңмен

салыстырғанда неғұрлым тиімді əкімшілік аппарат құру жəне өзін-өзі

қаржыландыруға тиісті жергілікті “өзін-өзі басқарудың жаңа жүйесін құру”.

2) Аса маңызды Орта Азиялық рыноктарды басып алу, оның аса бай

өсімдігі мен минералды ресурстарын игеру үшін жəне Орталық Азияға одан əрі

шабуыл жасау үшін Қазақстанды патша өкіметінің базалық лагеріне айналдыру.

3) Əскери бөлімшелерді жəне шенеуніктердің орасан зор көп мөлшерін

ұстауға арналған шығындарды жабу үшін салық жинауды көбейту.

4) Қазақстан жерін мемлекеттік меншік деп жариялау – қазақ даласын

одан əрі отарлау үшін алғышарттар жасау.

5) Əкімшілік басқаруды жеңілдету жəне қазақ халқына салық салу

жүйесін жетілдіру мақсатымен нақты əкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау жəне

оны дамыту.

6) Жалпыимпериялық азаматтық жəне қылмыстық заңдарды қолдану.

7) Сот органдарынының байырғы халықтың қарсылығын неғұрлым

икемді реттейтін жəне өзінің өткір жүзін олардың күресіне қарсы бағыттайтын

жаңа құрылымын жасау.

Жаңа отаршылдық əкімшілік реформа бойынша Қазақстанның бүкіл аумағы

үш генерал-губернаторлыққа: Түркістан, Орынбор жəне Батыс Сібір генерал-

губернаторлықтарына бөлінді. Генерал-губернаторлар барлық əскери жəне

азаматтық билікті түгелдей өз қолдарына шоғырландырды.

Əрбір генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. Мəселен, Орынбор генерал-

губернаторлығына – Орал жəне Торғай облыстары, Батыс Сібірге – Ақмола жəне

Семей, Түркістанға - Жетісу жəне Сырдария облыстары кірді. Бұрынғы Бөкей

хандығының аумағы 1872 жылы Астрахан губерниясының құрамына кірді, ал

Маңғыстау приставы 1870 жылы – Кавказ əскери округінің қарауына, ал біршама

кейініректе Закаспий облысының құрамына енді.

Облыс əкімшілігін əскери жəне əкімшілік билік берілген əскери губернатор

басқарды. Ол облыс аумағында орналасқан казак əскерлерінің атаманы болып

табылды.

Жетісу жəне Сырдария обдыстарының əскери губернаторлары шекаралық

істермен де айналысты. Жалпы əскери губернаторларды патша тағайындап,

қызметінен босататын болды.

Əскери губернатордың жанынан облыстық басқарма құрылып, оның

төрағасы вице-губернатор болды. Басқарма үш бөлімшеден: өкім беруші,

шаруашылық жəне сот бөлімшелерінен тұрды; əрқайсысын аға кеңесші басқарды.

Өз кезегінде облыстар уездерге бөлінді. Жетісу облысына: Сергиополь, Қапал,

Верный; Ыстықкөл жəне Тоқмақ уездері кірді, сəл кейінірек Жаркент уезі

құрылды; Сырдарияға – Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Əулиеата,

Ташкент, Ходжент жəне Жызақ; Оралға – Орал, Гурьв, Калмыков, Жем; Торғайға –

Елек, Николаевск, Ырғыз, Торғай; Ақмолаға – Ақмола, Көкшетау, Омбы,

Петропавл уездері кірді.

1869 жылы Ақмола облысының құрамында орталығы Атбасарда болған

Жаңасарысу уезі құрылды. Семей облысы – Семей, Көкпекті, Зайсан, Баянауыл

жəне Қарқаралы уездеріне бөлінді. Кейінірек облыста Өскемен уезі құрылды. Уезд

бастықтарын облыстардың əскери губернаторларының ұсынуы бойынша генерал-

губернаторлар тағайындады. Уезд бастықтарының қолына əкімшілік жəне

полицейлік билік шоғырландырылды.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша жергілікті басқаруға ерекше көңіл

бөлінді. Əрбір уезд болыстарға, ал болыстар бірнеше шаруашылық ауылдарын

біріктірген жəне 100-200 шаңырақтан тұратын əкімшілік ауылдарға бөлінді.

Болыстар 1000 шаңырақтан 2000 шаңыраққа дейін, кейде 3000 шаңыраққа дейін

қамтыды.

Болыс жəне ауыл əкімшілігін құру тəртібі бүкіл реформада көзделген

Қазақстан аймағын отарлау мақсатына да қызмет етті. Отарлау саясатын адал

жүргізетін адам ғана болыс басқарушысы жəне ауыл старшыны болып “сайлана”

алды. Болыс басқарушысы жарлық жəне полиция билігін өз қолына алып отырды.

Өзінің əкімшілік ауылы шегінде старшындардың да болыс басқарушылары

пайдаланғандай құқықтары болды. Сырдария облыстарының қыстақтарында

полициялық жəне жарлықшы билікті ақсақалдар жүзеге асырды, олар үш жылға

сайланып отырды.

Əкімшілік басқару реформалары сұлтандардың артықшылықтары мен

құқықтарына қатты соққы болды. Олар өздерінің сословиелік

артықшылықтарынан айрылды. Алайда өзінің экономикалық жағдайы мен

қалыптасқан салт-дəстүрге байланысты Қазақстанның саяси өміріне үлкен ықпал

етіп отырды.

1867-1868 жылғы “Уақытша ережелер” даладағы сот жүйесіне де өзіндік

өзгеріс кіргізді. Қазақстанда Ресей империясының құқық жəне сот жүйесі енгізілді.

Сот жүйесінің жаңа органдары, əскери соттар, уездік соттар құрылды. Олар Ресей

заңдары негізінде аса маңызды қылмыстық істерді қарастырды.

ХIХ ғасырдың 60-жылдарының орта шенінде патша өкіметі

жалпыимпериялық соттарды енгізумен, олардың құзіретін кеңейтумен қатар сот

органы ретінде билер сотын сақтап қалуға ұмтылды. Сонымен бірге, патша үкіметі

билер сотын сақтай отырып, оның қызмет шеңберін шектеуге жəне тарылтуға

тырысты.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша ауылдарда билер сотының 3 деңгейі

құрылды: бірінші деңгей – билердің жеке соты, екіншісі – билердің болыстық съезі

жəне үшіншісі – билердің төтенше съезі.

Би-судьялар сайланып қойылатын болды, билер 3 жыл мерзімге, болыс

басқарушыларының сайлауымен бір мерзімде сайланды жəне бұл атаққа облыстың

əскери губернаторы бекітті.

Билер соты қызметінің негізгі тұстары: соттың сайланбалық негізі, сот ісінің

қысқа мерзімде жəне жария жүргізілуі, сондай-ақ қалыптасқан дəстүрлер:

айыпталушыға қоғамдық ортада беделі бар туыстарынаң кепілдік беруі – осы

жағдайлардың бəрі билер сотына қазақ қоғамы үшін отаршылдық сот

институттарына қарағанда неғұрлым артықшылық берді.