Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / Философия 2 / Философия (шпоры).doc
Скачиваний:
75
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
228.86 Кб
Скачать

71 Диалектика заңдылықтар мәні.

Диалектика даму процесі туралы жан жақты әрі терең мазмұнды ғылым ретінде негізгі заңдармен бірге категориялар жүйесін де қамтиды. Категориялар заттардың,құбылыстар мен процестердің жалпы әрі маңызды жақтарын, байланыстары мен қатынастарын көрсететін ғылымның негізгі түсініктері болып табылады. Барлық ғылымдар өзіндік категориялар жүйесі арқылы өздері зерттейтін обьектілердің мәндік сипатын, ішкі заңдылықтарын ашып көрсетеді. Басқа ғылымдар секілді философияның да өзіндік ғылыми түсініктері, категориялары бар. Алайда философиялық категориялар қамту ауқымының кездігімен, ең жалпылама байланыстар мен қасиеттерді бейнелеуі арқылы дараланады. Олардың ішінде, әсіресе, диалектиканың өзара қатынастағы жұпталған категорияларының маңызы ерекше. Мұндай категориялар жүйесін диалектиканың негізгі емес заңдары деп те атайды. Себебі , олардың даму процесін қарастыра отырып, диалектиканың негізгі заңдарын толықтыра түседі. Енді категориялар қалай қалыптасады деген сұраққа тоқтала кетейік. Олардың қалыптасуы адамның өзінің пайда болуымен, өсіп өркендеуімен, оның санасының, ойлау жүйесінің жетіліуімен тікелей байланысты. Бұл процестің түбіріне еңбек белгілі. Басқаша айтқанда, категориялардың пайда болып, қалыптасуы еңбектің қоғамдық практиканың нәтижесі. Адамдар практикалық іс әрекет барысында түрлі заттар мен құбылыстарды көзбен көріп, қолмен ұстап дегендей, қыр сырына үңіледі, қасиеттерін, байланыстарын ерекшеліктерін аңғарып, көкейге ұялатады, сөйтіп барып орынды болады. Алайда категориялардың мазмұны адамдардың санасынан, ақылына тәуелді емес. Категориялар объекті түрде өмір сүретін құбылыстардың өзіне тән байланыстар мен қатынастарды бейнелейді.

72.Марксизм фил адамның мәні туралы

Ғасыр философиясындағы аса күрделі кезең қазіргі марксизм деп аталатын ленинизмнің дүниеге келуі. Оның себебі бар. Ең алдымен оған объективті жағдай әсер етті. Егер Маркс пен Энгелс капителизмнің монополияға дейінгі кезеңдерінде өмір сүріп, сл кездің проблемаларына жауап іздеген болса, В.И. Ленин капитализмнің империалистік дәуірінде өмір сүрді. Осыған сәйкес Лениннің алдында жаңа проблемалар тұрды. Империализм кезінде капитализм қайшылықтары тереңдей түсті. Бұл қайшылықтар еңбек пен капитал арасында ғана емес, капиталистік елдер арасында да пайда болды. Олай болса, капитализмнің біркелкі дамуы да бұзылды. Ақырында, капитализм шығыс елдеріне, оның ішінде Ресейге де таралды. Оған дейін Реседе түрлі қайшылықтар шиеленісіп жатқан болса, оның үстіне капиталистік қайшылықтар қосылды. Ресей экономикасы алдынғы қатарлы дамыған ел болмаса да, онда революция жасауы әбден мүмкін еді. Ресейдегі буржуазиялық демократиялық револбцияның жетекші күші пролетарият болтыны айқын байқалды. Сондай ақ, ғасырдың аяғы ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдарында, әсіресе физикада ірі жаңалықтар ашылды. Оның мәні физика ғылымдары атом сырына, оның қасиетті ішкі дүниесіне үңілді. Осыған сәйкес материя оның жөніндегі бұрынғы ұғым өзгеріске ұшырады. Ол туралы бұрынғы ұғымның таяздығы, кемістігі байқалды. Атомнан электронның бөлініп шығуы атомның ең кішкентай қарапайым бөлшек еместігін, электрон атомнан мың есе кіші және қасиетті одан мүлдем басқа, жарық сәуледей жылдамдықпен қозғалатын аумағы массасы ұдайы өзгеріп отыратынын көрсетті. Бұл материяның бұрын соңғы белгісіз болып келген жаңа қасиеттері еді.

Соседние файлы в папке Философия 2