Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / Философия 2 / Философия (шпоры).doc
Скачиваний:
75
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
228.86 Кб
Скачать

79 Абайдың дінге көзқарасы

абай Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай, Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып жататынын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай дін басылары мен діни надандықты, фатализм мен екіжүзділікті атеизм тұрғысынан емес, «нағыз» дін немесе райионалдандырылған дін позициясынан сынады. Дін басыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды. Өз сөзімен айтқанда 13 қара сөзінде «алла табарака уатағаланың щәріксіз, ғайыпсыз, бірлігіне, барлығына,... хақтығына бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел испат қыларға керек»

Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жанөжануарларды, адамды, тіпті машина фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді, яғни дене өлгенімен жан өлмейді.

80 Фил тарихдағы адам, тұлға мемлекет туралы идеялар

Философия адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді.Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының қй-өрісі кеңіген сайын философияда тереңдей түсті. Философия – дүниетанымдық, теориялық, методикалық ғылым. Философия бүкіл әлемді, оның ьасты салалары – табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады.

Философия адамдарды көкжигі кең, шаңыраіы биік дүниетанымдық көзкарастармен қаруландырып бүкіл болмысқа көзін ашады. Адамдар өздерінің ақыл-ойларының өсу дәрежесіне сәйкес өздерін табиғаттан, қоғамнан ажырата алатын, өздерінің дербес тіршілік иесі екендігін пайымдай алатын, мақсат-мүдделерінің табысқа жету-жетпеуі табиғат күштерін өз қалпында танып біліп іс жүзінде иегеру дәрежесіне тікелей тәуелдің екендігін түсінді.

Конфуцийшылдардың мемлекет – үлкен отбасы, оның басшысы – халықтың әкесі десе, ал легистер мемлекет - өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші өзін ата-баба аруағына да, халықтан да, аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары: 1. ұскақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан асындағы (Қытай) мемлекет құру; 2. осы мемлекетке халықты бағындару.

Мемлекеттегі қызмет орындары адамдардың жұмыс істеу қабілетіне қарай бөлінуі тиіс. Конфуцийшылдар мен легистердің арасындағы күрес көп жылдарға созылды. Тіпті қазірдің өзінде де саяси топтардың арасында қарсы шығушылар мен жақтаушылар да кездеселді.

82 XX ғ қазақ фил.Ның даму кезеңдері.

Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Қазақ философиялық ойларының қалыптасу бастаулары хронологиялық және мәндік жаңынан үш кезеңнен тұрады:

1) ру құрылысы үстем болып тұрған уақытты және соған сәйкес келетін алғы философиялық сананы қамтиды;

2) XX ғ. басына дейінгі ойшылдардың, философтардың ілімі, мұрасы мен еңбектері. Негізгі көксеген мақсаттары – әр қилы әлеуметтік топтардың мүделерін жоқтау, жақтау, көздеу немесе жою.

3) XX ғ. басынан қазіргі уақытқа дейінгі қазақ философиясының негізгі принциптері, даму жолдары, жеткен биігі мен алынбай қалған шындары.

Соседние файлы в папке Философия 2