Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / Философия 2 / Философия (шпоры).doc
Скачиваний:
73
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
228.86 Кб
Скачать

86.Ұлттық сана және мәдениет

Ұлттық сана дегеніміз әрбір ұлттың өзін—өзі түсінуі, біз осы кімбіз, қашан пайда болдық, тағдырымыз, тіліміз, діліміз(менталитетіміз), мәдениетіміз қандай деген сұрақтарға жауап іздеуі, соны ойлап толғануы. ΧΙΧ ғасырдың аяғында (1886 жылы) жазған өлеңінде, басқа да қара сөздерінде Абай халқымыздың жағымсыз қылықтары мен ескі әдеттеріне ренжіп, бүйте берсек, дүниеде не болып жатқанынан хабарсыз, барлық елдердің артында мақрұм қаламыз дей келіп, оның кемістерін жасырмай бетіне басып, қалың қазақ елінің надандықтан айырылмағанына қынжылып, оның жанына, намысына тиіп, халқымыздың сана—сезімін оятпақ болған еді. Мәдениет—философиялық ойтолғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет негізі –еңбек. Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын, мәдениет те жаңа сипат алып отырады. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелділікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам өмірінде алатын орнын түсінуге болады. Мәдениеттің мазмұндылығы рухани арақатынастан айқын көрінеді,өйткені адам санасының мәденитарихы түрінің негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Философия мәдениетті сипаттайды және оны сын көзбен бағалап мәдениет дамуының методологиялық негізін қамтамасыз етеді. Философия мен мәдениеттің арақатынасы қоғамның рухани өмірінде орын алатын келелі, күрделі құбылыс.

87.Фрейд фил.Дағы “сублимация” ұғымы.

ХХ ғасырда пайда болған ақылды еместіктің бір өкілі австриялық физиопсихолог З.Фрейд. Ол философияда психоанализ (Psyhe-жан, Analycis-шешім) ілімін негізін салды. Ол адам психологиясының үш түпнегізін қарастырады: МЕН(эго), ЖОҒАРЫ МЕН(супер эго), ОЛ(ид). Фрейдтің басты идеясы жеке адамның “психосексуалдық дамуы ” жөнінде. Яғни бұл теория бойынша, бейсаналықтың негізін сексуалдық инстинктер қалайды. Сексуалдық инстинктер жалпы инстинктермен байланысты сублимация (басып жаныштау) және комплекс (жинақ) ұғымдарымен айқындалады. Сублимация дегеніміз – дейді Фрейд,  тежелген “жасынған” сексуалдық инстинктің бейсексуалды ( әдеби шығармашылық, саяси және қоғамдық іс әрекеттер т.б.) іс әрекеттер түріне ауысуы. Қазіргі кезең мен мәдениеттің болашағын болжай отырып, ол неврозды алып тастау үшін мәдени суперэгоның рационалдық парадигмасы арқылы сексуалдық қанағаттану дәрежесін кеңейту қажет деген ұсыныс айтады. Фрейдтің еңбектері:Түс көруді жору(түс–ұғынылмаған құштарлық көрінісі), Күнделік өмірдің психопатологиясы (бейсаналылықтың әр түрлі формаларын талдайды), Психоанализге кіріспе (адам менталдығы топографиясын жасап шығарады), Мәдениетке наразылық (мәдениет пен өркениет мәселелерін сынайды).

88. А.Иассауидің сопылық философиясы

Ахмет Иассауи–ΧΙΙ ғасырда көне түркі тілінде жазылған Диуани Хикмет (Даналық кітабы) кітабының авторы.Бұл өмірдің азабын көп көрген Қожа Ахмет аскетизмге бет алып,тағдырға сенуді уағыздайды, содан дүние қызығынан безіп, тәркі дүниеге салынады. О дүниенің мәңгілігін уағыздайды. Мұсылмандық ішінде ұстамдылық және аскетизмді уағыздап,сопылық ілімін ұстанады. Сопылық мұсылман дінінің бір түрі ретінде ведтік үнді философиясының, еуропалық гностицизм, гректік жаңа платонизм, зороастризм, христиандық мистицизм және басқалардың кейбір жақтарын иеленеді. Сопылықта басты қағида — болмыс тұтастығы. Ол үш деңгейде көрінеді:абсолют, аттар және феноменалдық дүние. Иассауидің басты көздеген мақсаты–құдаймен табысу, оның бейнесін көру. Құдайды тану сопылар үшін бүкіл өмірінің мәні болып табылады. Иассауи былай дейді: “Кімде–кім құдайды есіне алса, ол онымен өзінің табысқанын көре алады”.Иассауи суфизмнің ең биік шыңы—оның пайғамбар жасына келгенде, менің пайғамбардан артық өмір сүруім мүмкін емес деп жер астында қазылған жеке бөлмеде қалған өмірін өткізуі еді. Ол “Мұхаммедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарына қосты”. Иассауи іліміндегі адамгершілік ойлары дін арқылы түсіндіріледі. Жақсылық пен жамандық, әділеттік пен әділетсіздік, адамның жақсы және жаман іс–әрекеттері оның құдайға сенуіне байланысты болады.

Соседние файлы в папке Философия 2