Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 4 / шЫГАРАТЫН.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
208.9 Кб
Скачать

31.AutoCAD жүйесіндегі графикалық примитивтер. AutoCAD-та суреттер графикалық қарапайымдардың жиынтығынан тұрғызылады. Графикалық қарапайым деп сызбаның элементі қарастырылады. Ол жүйеде тұтас жеке тұлға ретінде өңделеді. Графикалық қарапайымдар Draw (Рисование) төмен түсетін менюінен және осылай аталатын құралдар тақтасынан сызу командаларын шақыру арқылы жасалады. Сызбаның бірдей элементтері әртүрлі командалардың көмегімен алынуы мүмкін. Төменде екіөлшемді графикалық қарапайымдар және оларды жасау командалары қарастырылады.

POINT (ТОЧКА) командасы – нүктені тұрғызу. Нүкте оның координаталарын көрсету арқылы анықталады. Нүктелер түйіндер ретінде немесе объектілік байланыстыруға сілтеме және ара қашықтықты есептеу үшін қолданылуы мүмкін. Символдың формасы мен өлшемі экранның өлшеміне байланысты немесе абсолют бірліктермен қабылданады.

LINE (ОТРЕЗОК) командасы – түзудің кесіндісін тұрғызу. Кесінділер дара немесе сынық сызыққа біріктірілген болуы мүмкін. Сегменттер соңғы нүктелерде түйіскенімен де, олардың әр қайсысы жеке объект болып есептеледі. Кесінділер егер әр сегментпен жеке жұмыс істеу қажет болған жағдайда қолданылады.

LINE (ОТРЕЗОК) командасының сұранысы циклдық түрде ұйымдастырылған. Үзіксіз сынық сызықты тұрғызған кезде алдыңғы кесіндінің аяғы келесі кесіндінің басы болып есептеледі. LINE (ОТРЕЗОК) командасынң кілттері:а) Close (Замкнуть) – сынық сызықты тұйықтау;б) Undo (Отменить) – соңғы сызылған кесіндіні өшіру.Команданың жұмыс жасауы 2-ші тараудың 1 және 2 жаттығуларында көрсетілген.

Түзу және сәуле AutoCAD-та бір немесе екі жағында да аяқталмайтын сызықтарды тұрғызуға рұхсат етіледі, сәлелер мен түзулерді. Олар қандай да бір объектілерді тұрғызған кезде көмекші сызықтар ретінде қолданылуы

Кілттері:

а) Hor (Гор) – берілген нүкте арқылы өтетін горизонталь түзуді тұрғызу; б) Ver (Вер) - берілген нүкте арқылы өтетін вертикаль түзуді тұрғызу;в) Ang (Угол) – нүкте және бұрышы бойынша түзуді тұрғызу; г) Bisect (Бисект) – түзуді нүкте және үш нүктесімен берілген бұрыштың ½ бөлігі бойынша тұрғызу;д) Offset (Смещение) – базалық сызыққа параллель, соңғысынан ығысқан түзуді тұрғызу. Ол үшін ығысу мөлшерін белгілеп, базалық сызықты таңдау қажет. Сонан соң түзу базалық сызықтың қай жағыныан өтетінін көрсету қажет.

Көпбұрыш

POLYGON (МН-УГОЛ) командасы тұйық полилиния ретінде жақтарының саны 3-тен 1024-ке дейін болатын дұрыс көпбұрышты тұрғызады.Көпбұрыштардың ұзындықтары бірдей жақтар саны 3-тен 1024-ке дейін болуы мүмкін. Көпбұрышты шартты шеңберді сырттай немесе іштей сызып орындауға болады. Немесе жақтарының бірінің басы мен аяғын беру арқылы. Квадраттар мен теңжақты үшбұрыштарды тұрғызған ыңғайлы.

32.AutoCad жүйесіндегі объектілік байланыстар

Объектілік байланыстыру – координаттарын білмей тұрып, объектідегі нүктені дәл және тез табудың, сонымен қатар көмекші сызықтарды тұрғызудың тиімді жолы. Мысалы, объектілік байланыстыру шеңбердің центрінен, полилиния сегментінің ортасынан, объектілердің қиылысу нүктесінен кесінділер тұрғызуға мүмкіндік береді. Объектілік байланыстыруды AutoCAD нүктенің координаттарын енгізуді күтіп тұрған кез-келген уақытта енгізуге болады. Бұл жағдайда ұсынылған режим келесі қабылданатын объектіге қолданылады. Сонымен қатар, объектілік байланыстың бір немесе бірнеше ағымдағы режимдерін орнатуға болады. Мұндай режимдер оларды өшіргенше активті болып тұрады.

Объектілік байланыстыру режимі стандартты құралдар тақтасынан, немесе Object Snap (Объектная привязка) қалқымалы құралдар тақтасынан, 23-суретте көрсетілген, қабылданады. Объектілік байланыстырудың кілттерін таңдау үшін контексттік менюді пайдалануға болады. Ол Shift клавишасын басып, «мыштың» оң жақ клавишасын басу арқылы шақырылады. Объектілік байланыс режимінде нүкте маркермен таңбаланады; оның формасы қолданылатын режимге байланысты болады, аты нүктенің қасында көрінеді.Төменде объектілік байланыстру режимдері қарастырылған.

Snap to Endpoint (Конточка) – сызықтың немесе доғаның, аумақ шекарасының және үшөлшемді дененің ең жақын нүктесіне байланыстыру.

Snap to Midpoint (Середина) – сызық немесе доға тәрізді объекттердің орта нүктесіне байланыстыру. Шексіздікке созылатын түзулер мен сәулелерге байланыстыру оларды анықтайтын бірінші нүктеге жасалады. Snap to Midpoint режимінде сплайндар мен эллипстерге байланыстыру, олардың бастапқы және соңғы нүктелерінен бірдей қашықтықта орналасқан нүктесіне жасалады.

Temporary Tracking Point (Точка отслеживания) – барлау. Барлау суреттің басқа нүктелерімен байланысты нүктелерді көрнекі көрсету үшін қолданылады. Ол AutoCAD нүктенің координаталарын сұраған кез-келген уақытта қолданылуы мүмкін. Теmporary Tracking Point режимі қосылып және бірінші нүкте көрсетілгеннен кейін AutoCAD ORTHO режимін қосады. Сонан соң бірінші нүктеден жүргізілген вертикаль немесе горизонталь тракторияның төбесінің орынына байланысты, келесі нүктені таңдауды ұсынады. Траекторияның бағытын өзгерту үшін курсорды бірінші нүктеге қайтарып, сонан соң оны қажетті бағытта жылжыту керек (вертикаль немесе горизонталь). Траекторияның бағыты бірінші нүктенің қандай координатасы (x немесе y) өзгермейтінін анықтайды. Онда екіншісі жаңа мәнге ие болады. Егер траекторияның резеңке жібі горизонталь бойымен бағытталса, онда х өзгереді, егер вертикаль бойымен бағытталса – у. Екінші нүктені таңдағаннан кейін және барлауды аяқтау үшін Enter кнопкасын басқасын, AutoCAD таңдалған екі нүкте арқылы өтетін ортогональ сызықтардың қиылысу нүктесін анықтайды. Теmporary Tracking Point режимін пайдалану тік төртбұрыштың центрлік нүктесін ең оңай жолмен табуға мүмкіндік береді. Режимді қосқаннан кейін, тік төртбұрыштың горизонталь және вертикаль жақтарының орталарын көрсетсе жеткілікті (осы жаттығуды орындаңдар).

Snap From (Смещение) – жылжу. Snap From (Смещение) режимінің басқа режимдерден өзгешелігі, ол қалған нүктелерді тұрғызу үшін уақытша базалық нүктені қабылдауға мүмкіндік береді. Негізі бұл режим объектілік байланыстырудың басқа режимдерімен бірге пайдаланылады және салыстырмалы координаттармен. Себебі, көбіне координаттары сызылған объекттің бір нүктесіне қатысты белгілі басқа бір нүктені табу қажет болады.

(Пересечение) – екі сызықтың, сызықтың доға немесе шеңбермен, екі шеңбердің, доғалардың, сплайндардың, аумақ шекараларының қиылысуы. Объекттің екуі де нысананы қиюы қажет. Екі объекттің жалғастарының қиылысу нүктесіне кеңейтілген байланыстыру режимін орындайды. Маркердің көмегімен бір объект таңдалады, сонан – соң екінші объектті таңдауға мүмкіндік беріледі.

Snap to Apparent Intersection (Кажущееся пересечение) – болжамдалған қиылысу нүктесіне байланыстыру. Кеңістікте қиылыспайтын , тек қана экранда көрінетін қиылысу нүктесі бар, екі объекттің «қиылысу» нүктесін іздейді. Аумақтардың шекараларымен және қисық сызықтармен жұмыс істейді, бірақ үшөлшемді денелердің шекараларымен және бұрыштарымен жұмыс жасамайды. Егер объектілер бір жазықтықта жатса, онда жоғарыдағы Snap to Intersection (Пересечение) байланыстыруының мүмкіндіктерін қайталайды. Екі режимді атқарады: объекттердің немесе олардың жалғастарының экранда көрінетін қиылысу нүктелерін іздеу – болжамдалған қиылысу нүктесіне байланыстыру.

Қарастырудағы режим екі бөлек режимнен тұрады: Snap to Apparent Intersection (Кажущееся пересечение) және Snap to Extended Apparent Intersection (Расширенное кажущееся пересечение). Екінші режим Snap to Apparent Intersection режимін таңдаған кезде автоматты түрде қосылады. Snap to Extended Apparent Intersection байланыстыру режимі мынадай жағдайда ғана активті: егер нысанаға бірғана объект іліксе және басқа активтелген режимдер болмаса.

Snap to Center (Центр) – шеңбердің, доғаның немесе эллипстің центріне байланыстыру (доғаның немесе шеңбердің немесе эллипстің сызығын көрсету қажет).

Snap to Quadrant (Квадрант) – доғадағы, шеңбердегі немесе эллипстегі квадранттың ең жақын нүктесіне байланыстыру (0, 90, 180, 270 градустар, доғада тек қана көрінетін бөліктері).

Snap to Tangent (Касательная) – доғаның, шеңбердің, эллипстің немесе жазық сплайнның басқа бір объекттің жанамасының бойында жататын нүктесіне байланыстыру. Snap to Tangent режимінде доғада, полилинияда немесе шеңберде бірінші байланыс нүктесін іздегенде атоматты түрде Deferred Tangent (Задержанная касательная) режимі активтеледі. Deferred Tangent режимі екі немесе үш нүкте бойынша шеңберлер тұрғызу үшін қолданылуы мүмкін, егер шеңбер басқа үш объектлерге жанама болса. Deferred Tangent режимі эллипстер мен сплайндар үшін жұмыс істемейді. Эллипс немесе сплайнға жанама кесінді тұрғызу үшін, байланыстыру функциясы олардың бойынан жанамалар тұрғызуға болатын бірнеше нүктелерді көрсетеді. Бірақ ол нүктелердің нақты орындары тұрақсыз.

Snap to Parallel (Параллельно)объектілерді параллельдерге байланыстыру. Бұл байланыстыру бар объектіге параллель объект тұрғызғанда ыңғайлы.

Snap to Perpendicular (Нормаль) – сызықтың, шеңбердің, эллипстің, сплайнның немесе доғаның нүктесіне байланыстыру. Ол соңғы нүктесімен осы объектке нормаль құрайды,

Snap to Insert (Твставки) – текстті, атрибутты, формаларды, атрибуттың немесе блоктың анықтамасын қою нүктесіне байланыстыру.

Snap to Node (Узел) – нүктелік элементке байланыстыру.

Snap to Nearest (Ближайшая) – сызықтың, доғаның немесе шеңбердің курсорға ең жақын нүктесіне байланыстыру.

Quick Snap (Быстрая) – байланыстыру объектісін тез таңдау тәсілі. Әдетте, объектілік байланыс режимінде нысанаға іліккен барлық объектілердің барлығы қаралады. Тез таңдау тәсілін пайдаланғанда, нүктені түрғызуға мүмкіндік беретін бір объект табылса, онда әрі қарай іздеу тоқтатылады. Егер Пересечение режимі берілсе, онда Quick Snap режимі қосылғаны немесе қосылмағанына қатыссыз, іздеу аяғына дейін жүргізіледі.

Snap to None (Ничего) – объектілік байланыстырудың барлық режимдерін жою.

Object Snap Settings (Режимы объектной привязки) – ағымдағы байланыстыру режимін Drafting Settings (Режимы рисования) диалогтық терезесінде (24 сурет) бекіту.Егер бір типті объектілік байланыстыруды қатарынан бірнеше рет орындау қажет болса, онда объектілік байланыстырудың бір немесе бірнеше ағымдағы режимін беруге болады (Snap From режимі ағымдағы бола алмайды). Нысананың өлшемін, Drafting Settings диалогтық терезесінің Options кнопкасын басқанда ашылатын диалогтық терезеде өзгертуге болады.

Соседние файлы в папке 4