Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
13
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
233.98 Кб
Скачать

44.Марксизмнің тарихты матералистік тұрғыдан түсіндіру принциптері.

Маркс пен Энгельс диалектиканы қоғамдық өмірді талдауға, зерттеуге қолданып, сонымен қатар матералистік дүниетанымның дәйектілікпен дамытылған біртұтас жүйесін дүниеге келтірді. Тарихты матералистік тұрғыдан түсіндіру – қоғамдық өмірдегі материалдық, рухани құбылыстарды, олардың жалпы даму заңдылықтарын зерттеудің тәсілі, философиялық негізі болып табылады. Маркске дейінгі материалистер өздерінің теориялық және таптық тар өрістілігінің арқасында материализмді қоғамдық өмірге қолдана алмады. Ал, Маркс пен Энгельс болса материяны белгілі бір түріне телімеді. Материализмді қоғамдық өмірге дәйектілікпен қолдана отырып, қоғамдық болмыстың негізінде матриалдық өндірістің жатқандығын тұжырымдаған еді. Ал оның бейнесі – қоғамдық сана болып табылады. Сөйтіп, қоғам туралы ғылыми-философиялық негізгі мәселесін шешу материализмнің ұғымдарын дайын күйенде қоғамдық дамуға атүсті тели слу болмай шықты. Қорыта айтқанда, тарихты материалистік тұрғыдан түсіну дгеніміз диалектикалық тәсілді қоғамдық өмірді зерттеу ісіне қолданғандықтың нәтижесінде пайда болатын терең әрі жан-жақты ілім. Ол барлық қоғамдық қатынастарды шешуші маңызы бар қатынастар ретінде қарастырады.

45. Экзистенциализм фил.Сы адам туралы.

Экзистенциализм жеке адамдар «басқаларға» (қоғамдық қатынастарға) салыстырмалы түрде тәуелді екенін мойындайды. Жалпы алғанда «басқалардың» адамдарды ажыратып, дау-жанжал тудыратындығына қарамастан олар өзара байланысқа түседі. Бұл байланыс «басқалармен өмір сүру коммуникациясы» деп аталады. Адамдар өзара байланысқа ұмтылу коммуникация алдындағы үреймен, оның мүмкіндігіне шүбаланумен т.б. сөзіз ұласады. Мұндай жағдайда адамдар нағыз «экзистенциалды» еркін тұлға бола алмайды. Еркін тұлға болу үшін, ол қоршаған сыртқы әлемнің және іштегі сыртқы әлемнің әсерінен құтылып, өзіне өзінің мен іс-әрекетінің себептерін айқындауы керек. Басқаша айтқанда, бостандық дегеніміз сырттың әсерінсіз еркін тандау. Бостандықтың тағы бір көрінісі ол – жауапкершілік. Туғаннан еркін болуға жаралған адам, бүкіл әлемнің ауыртпалығын өз мойнына көтереді, ол жалпы әлем үшін де, болмыс тәсілі ретіндегі өз үшін де жауапты.(Стартр). Экзистенциалистер болмысқа қарама-қарсы «иемдену» ұғымын да қарастырды. Ал, адамды меншіктің, заттардың езіп жаншуынан қалай құтқаруға болады? Бұл сұраққа Марсель қарама қайшылықтың қайнар көзі адамның өз табиғатында дей келіп, одан шығу жолы – сүйіспеншілікте, қайырымдылықта, «құрбандықта», иеленуді болмыс деңгейіне көтеретін дінде, өнерде және философияда жатыр деп есептейді. Жалпы адамзат білмегендіктен қорлық көріп отырған жоқ, керісінше, көп білгендіктен қасірет шегіп отыр.

46) Позитивизм философиясы.

Негізгі позитивизм-«дұрыс пікір» деп аталатын ұғым болып дүниеге келеді, оның бастамасын салған Огюст Конт (1798-1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл философияның арғы түбі Д-Юм мен И.Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты- ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан, былайша айтқанда философиядан азат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым - өз алдына философия. Сол ғылымдарды зерттеу қажет. Былайша айтқанда әрбір ғылымда пайдалы да, пайдасыз да ойлар болады. Мақсат-дейді позитивистер,-солардын тек дұрысын, пайдалысын қабылдап пайдасызынан, күнделікті тіршіліктен тыс ойлардан арылу. Ондағы мақсаты-француз революция-сының теориялық негізі болған. ХVIII ғасырдағы француз философиясынан бас тарту. Олай, болса, позитивизм-идеалистік философия, оның ішінде субъективтік идеализм. Сөйтіп, революция арқылы үстемдікке қолы жеткен буржуазия бұрын материализм, ғылым үшін күрескен болса, енді одан бас тартып, идеализмге біржолата ден қойды. Оның эволюциясы бір ғасыр ішінде үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңі-позитивизм, екіншісі кезеңі-эмпирио-критицизм, үшінші кезеңі-неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Себептері алдымен позитивизмнің пайда болуына кері әсер еткен—Гегель диалектикасының дүниеге келуі. Буржуазия идеологтары содан қауіптенді. Диалектикалық метофизиканы механикалық материализм деп, кемшіліктерін айқын көрсетті.

47) Ибн-Сина фил.дағы құдай эманациясы идеясы.

Ибн-Сина (980-1037)дүниетанымының қалыптасуына философ әрі жаратылыстану ғылымдарының озық үлгілі білгірі ретінде араб мұсылман әлемінде танымал болуына Аль-Кинди мен Әл-Фараби философиясының тікелей ықпал тигізгені белгілі. Европалықтарға Авиценна деген атпен белгілі болған ол. Орта Азияда, Бұқара қаласының маңында дүниеге келеді. Иран мемлекетіндегі Исфакан атты қалада философия және медицина саласы бойынша дәріс алып өз білімін жетілдіреді. Ибн-Сина жан-жақты терең білімді, философ, дәрігер, ақын әрі саяси қайраткер болған екен. Ол жүзден аса ғылыми кітаптар жазыпты. Олардың ішінде ең әлемге танымал болған атағын Шығыс пен БАтысқа танытқан «Сауығу кітабы» деп аталатын медицина жайлы жазған кітабы. Ол ғасырлар бойы Шығыс және Батыс дәрігерлері үшін баға жетпес білім көзіне айналған еді. Ибн-Синаның философиялық шығармасы он сегіз бөлімнен тұратын «Сауығу кітабы» логиканы, физиканы, математиканы және философияны қамтыған. Арабтар әлемінде Ибн-Синаның аты құрметпен аталатын еді. Оны біресе «Философтар патшасы» деп атаса, біресе «Дәрігерлер атасы» деп дәріптеген. Философияда Фараби бағытын жалғастырғанымен Ибн-Сина араб перапатетизмнің негізін қалаушы болды. Оның болмыс туралы ілімі материяна мәңгі жаратылыстан тыс құбылыс ретінде қарастырды. Алайда бұл қағида діни көзқарастармен байланыстыруға мәжбүр болған. Мысалы, ол құдайдың бар екендігіне шүбә келтірмейді. Дүние шындықтың мүмкіндігі ғана. Ол уақыттан тысқары құдайдың жағдай туғызуына байланысты шындыққа айналады. Адамның рухын Ибн-Сина дененің бейзаттық формасы ретінде қарастырады. Денелердің қайта тірілуі мүмкін емес дейді Ибн-Сина жалпы ұғымдар (универсалиялар) мәселесің ете қызық түрде шешкен. Оның ілімі бойынша жалпы ұғымдар үш ұдай өмір сүреді.: 1) заттарға дейін, құдүреттің ақыл-ойында; 2) заттың өзінде, себебі ол сол заттың мәні ; 3) заттан кейін адамдардың санасында.

Таным теориясында Ибн-Сина Әл-Фарабидің жолын қуып оны одан әрі дамытуға ат салысады. Дегенмен оның кейбір мистикалық тұжырымдарға бай негізгі тәсілдерінің бірі ретінде ол құдай шапағатын мойындап ұсынады. , Ибн-Сина философиясы Аристотельді исламның негізгі қағидаларымен ұштастыра отырып, оларды өзара ынтымақтастырмақ болған ілім. Ол Әл-Фарабиден кейінгі философия тарихында өзіндік із қалдырған араб тілді мұсылман философиясының ең ірі өкілдерінің бірі деп білеміз.

Соседние файлы в папке Философия