Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
13
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
233.98 Кб
Скачать

12.Шәкәрім «үш анық» туралы.

«Үш анық» д.а. трактатын жазуға 30 жыл уақыт кетті. Мақсаты:ар түзейтін бір ғылымды табу.

«Еңбекпенен,өрнекпенен

Өнер ойға тоқылса,

Жайнар көңіл,қайнар өмір

Ар ілімі оқылса».

Басты мәселе-ар ілімі, моральдың төңірегінде. «Адамдағы:ынсап,әділет,мейірім-3-і қосылып ұждан деген ұғым шығады. Орысша совесть д.а...бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым,өнер,ешбір заң тазарта алмайды...ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе,оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды»-деп жазған фил-лық толғау бүгінгі күн талабымен де үндесіп жатыр.

13.Фил-ның негізгі мәселелері.

Негізгі мәселесі материалылық пен руханилықтың қайсысы алғашқы дегенмен ғана шектелмейді. Ол сонымен қатар материалдық деп нені,руханилық деп нені түсіну керек деген сұрақты да қамтиды.Осыған байланысты материализмнің ішінде де,идеализмнің ішінде де негізгі фил-лық мәселені қоюына,шешуінеқарай түрлішежеке тармақтарпайда болады.

Фил-ның негізгі мәс-не келетін болсақ,ол фил-лық ағымдардың ара-жігін ажырату үшін,олардың қандай негізгі бағыттарды құптайтындарын анықтау үшін қажет. Фил-ның негізгі мәс-нің 2 жағы бар.1.Онтология мәселесі-дүниенің түпнегізі туралы ілім.2.гнесеология(таным) мәселесі.

14. Мұсылмандық философия және перипатетизм

VIII-IX ғасырларда Батыс Еуропаның мәдениеттік даму деңгейі төмен дәрежеде қалып қойған кезде, ортағасырлық Шығыста араб мәдениеті өркен жайды. VII ғасырда Арабстанда жаңа Ислам діні пайда болды. Мұсылманшылық («мүсілім»-Алланың құлы) арабтардың ұлттық сана-сезімінің оянып, жат елдік басқыншыларға қарсы көтерілген кезеңде қалыптасты. Ислам дінінің басқа діндерге қарағанда 3 ерекшелігі: 1)өндірісі дамымаған көшпелі мәдениет шеңберінде пайда болып, өндірісі дамыған, өркениеттің белгілі бір сатысындағы дамыған елдерге тарады 2)Ислам дінінің негізгі шарттары бойынша құран кітабы араб алфавитімен басылып, араб тілінде оқылды 3)Ислам діні әлеуметтік-мәдени дамуда және адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде адамның және қоғамның табиғи дамуына өзгерістер енгізген жоқ.

Мұсылмандық философия христиандық схоластика сияқты философияны дінге бағындыруға ұмтылмады. Имандылық пен зерделілікті ақиқатты танудың екі жолы деп мойындады. Араб мұсылман философиясының негізін қалаушы - әл-Кинди. Араб елдерінде Аристотель ілімі үлкен беделге ие болды. Аристотель философиясын ұстанушылар - перипатетиктер.(гр. peripatetikos–серуен кезінде жасалатын)

15) Әл-Фараби «бақыт» туралы

Әл-Фараби – Шығыс философы, ғалым-энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі. Фараби «Бақытқа жол сілтеу» трактатында бақытқа, оған жетуге бастайтын жолға айрықша назар аударады. Фараби өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт емес, тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жету үшін адам өзін-өзі жетілдіріп отырып, қиын жолдан өтуі керек. Адамның табиғи қабілеті өздігінше жақсы қылықты да, жаман қылықты да істеуге бірдей мүмкіндік береді. Адамның жетілуі мінез-құлықтың жетілуімен үйлес келеді, осыдан келіп бақытқа жету мен мінез-құлықтың жетілуі арасында байланыс туады. Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады.

Соседние файлы в папке Философия