Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
13
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
233.98 Кб
Скачать

85.Жүсіп Баласағұн философиясындағы бақытты болу идеясы.

Орта ғасырлардағы Шығыс Ренессансы аталған алтын дәуіріз Ж.Баласағұн өмірі мен шығармашылығын түсіну мүмкін емес.Қараханидтер дәуіріндегі мәдени қоғамдық жағдайдың өзгеруі түркі халықтарының арасынан ағартушы ғалымдарды, ойшыл ақындарды шығарды.Жауһари,Фараби,Ибн-Сина, Беруни секілді ойшыл ғұламалардың сан-саналы еңбектері Орта Азиялық Қайта өрлеу дәуірінің асыл маржандары болып саналатын Махмұт Қашқаридың”Түркі тілдерінің сөздігі”,Ж.Баласағұнның “Құтадғу білігі”,”А.Иассауидың ”Диуани Хикметі” сияқты жәдігерлердің пайда болуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті.Араб-парсылармен қатар түркі халықтарының өкілдері де Шығыс мәденитінің өркендеуіне өз үлестерін қосты.Өткен замандардың әйгілі мәдени ескерткіштері адамзаттың рухани дүниесінің түзілген мөлдір қабатына жатады.Қазіргі дәуірде адамзат қауымы жылдар бойы жинақталған тәжрибені мүмкіндігінше толық игеруге ұмтылып, оны бөлшектеуге,қиратуға бағытталған күштерге қарсы күрес жүргізуде.Кезінде біздің ата-бабаларымыз да біз секілді “Бақыт деген не?” ”Адамгершілік,адалдық,әділдік,даналық,әділдік, даналық, деген не? ”деген мәңгілік сұрауларға жауап іздеген болатын.Солардың бірі”Құтты білік”поэмасының авторы Ж.Баласағұн еді.Ол-XI ғасырдың аса көрнекті ақыны,есімі бүкіл Шығыс елдеріне мәлім данышпан ойшыл,философ, энциклопедист ғалым,бегілі қоғам қайраткері.Ол-философия, табиғаттану,математика,астрономия,тарих,араб-парсы тіл білімі,т.б.ғылым салаларын жетік меңгерген ғұлама ғалым.Оның есімін әлемге танытқан “Құтты білік” кітабы-сол замандағы ресми әдебиет тілі болып саналған араб тілінде емес,түрік халықтарының тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек.Сондықтантан да кез келген аймақ өз тарихына үңіліп,ондағы бірші держағдайда ғана халық бақытқа кенеледі.Бектің бақыты-халықтың бақыттылығында.Бақыт жеке басқа тән ұғым емес.Ол-халықтық сипаттық ұғым,өз халқын бақытқа жеткізген билеуші ғана бақытты болмақ. ”Құтты білік” мазмұны осы. Үштік қағида да көп қолданылады. Мемлекеттің, негізгі үш нрседен-халықтың, қазынадан, әскерден тұрады.Халықтың өзі үш буыннан-байлардан, орталардан, кедейлерден тұрады.Бекің мақсаты-кедейлерді ортаға,ортаны байға жеткізу.Күнтуды Елік адамдардың үш түрін қоштап,қолпаштап отыруы тиіс.Олар-алып,жүрегі құрыш, ер кісілер,екінші-елші ғалым,даналар,үшінші-хатшы.

86.Ұлттық сана және мәдениет

Ұлттық сана дегеніміз әрбір ұлттың өзін—өзі түсінуі, біз осы кімбіз, қашан пайда болдық, тағдырымыз, тіліміз, діліміз(менталитетіміз), мәдениетіміз қандай деген сұрақтарға жауап іздеуі, соны ойлап толғануы. ΧΙΧ ғасырдың аяғында (1886 жылы) жазған өлеңінде, басқа да қара сөздерінде Абай халқымыздың жағымсыз қылықтары мен ескі әдеттеріне ренжіп, бүйте берсек, дүниеде не болып жатқанынан хабарсыз, барлық елдердің артында мақрұм қаламыз дей келіп, оның кемістерін жасырмай бетіне басып, қалың қазақ елінің надандықтан айырылмағанына қынжылып, оның жанына, намысына тиіп, халқымыздың сана—сезімін оятпақ болған еді. Мәдениет—философиялық ойтолғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет негізі –еңбек. Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын, мәдениет те жаңа сипат алып отырады. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелділікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам өмірінде алатын орнын түсінуге болады. Мәдениеттің мазмұндылығы рухани арақатынастан айқын көрінеді,өйткені адам санасының мәденитарихы түрінің негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Философия мәдениетті сипаттайды және оны сын көзбен бағалап мәдениет дамуының методологиялық негізін қамтамасыз етеді. Философия мен мәдениеттің арақатынасы қоғамның рухани өмірінде орын алатын келелі, күрделі құбылыс.

Соседние файлы в папке Философия