Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
13
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
233.98 Кб
Скачать

74.Қр. Дамуындағы стратегиялық бағыттар

Бұл тақырыпқа біздің елбасшымыздың жолдауын қарастыруға болады. Осыдан он жыл бұрын жылы Қазақстан халқына жасалған алғашқы Жолдауында Еліміздің жылға дейінгі Дамуының стратегиясы біздің қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің болашақтағы бітімі баян етіледі. Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Мен өзіміздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғарғы бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты жеті жарғы мыналар дейді елбасшы:

1, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, басекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл жекеменшік институты мен келісім шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика.

2, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз

3 біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз

4, біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз

5, біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз.Біз исламның,басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі дамыта отырып,осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз

6, біз қазақ халқының саңғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз.

7, біз өз елімізді халқаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды басымдықтарымыздың бірі. Қазақстан мұнда геосаяси тұрақтылықты және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде маңызды міндеттер атқарып отыр.

75.Фил-ның негізгі функциялары.

Фил-ның негізгі 4 функ-сы бар. 1.Экспликация-белгілі бір мәдениет н/е адамдардың тарихи-қоғамдық өмірі тұтастай негізге алатын тәжірибе формасы.Көзқарас(ұғымдар арқылы дүниенің қателігін түсіндіреді) ең басты идеяларды анықтайды;оларды мәдениет универсалийлері д.а. 2.Рационалдық фун/сы-теориялық формасы,фил.ойды,пікірді ұғымдық ж/е логикалық формаға келтіру.Келесі функ.-жүйелеу,фил.әр түрлі формадағы адамзат тәжірибесінің нәтижелерін теориялық тұрғыдан тұжырымдайды.4.Сынау-мәдениет дамуындағы қайшылықтар мен адамзат іс-әрекетіндегі пендешіліктерді сынға алу,өмірдің мәнін анықтау,пайымдау барысында қалыптасқан өзімшілдік пиғылдарды әшкерелеу,адам мен табиғат,адам мен адам арасындағы қатынастардағы ақылға сыймайтын ой мен істің табиғатын мазмұнын ашып көрсетеді.

76 Неотомизм философиясы

Неотомизм – католик шіркеуінің діни философиясы. Ол негізінен католиктер шоғырланған Италияда, Францияда, Испанияда, Бельгияда, Германияда және кейбір Латын Америкасының елдерінде кеңінен тараған. Негізін салғандар: ХIII ғ. өмір сүрген әулие Августин және Фома Аквинский. Өкілдері: Жан Маритен, Г Марсель, В Соловьев, Н Бердяев т.б. Бұл діни философияның мақсаты – адам жүрегіне жол салу. Неотомистер ғылымды жоққа шығармайды; бірақ оны дінге қарсы қоймайды. Тек ғылымдардың адамзатқа тигізіп отырған кейбір жағымсыз ықпалын сынайды. «Өйткені адамдар жаратушыны ұмытқан. Барлық қатер содан» дейді олар. Неотомизм философиясы екі жұп категорияларға негізделген: потенция (мүмкіндік) және акт (нақты іс), эссенция (мән) және экзистенция (өмір сүру). Неотомизмнің басты мәселесі үшеу – құдай, адам, адамгершілік. Жаратушы жайындағы проблемаға келсек ол былай дейді: а) қозғалысты алсақ, алғашқы күш, бірінші болып қозғалыс берген күш. ойға келеді; ә) қажеттілік пен кездейсоқтықты билейтін - құдай; б) барлық салдардың да сәйкестіктің де себебі - құдай; в) дүниеде бәрі де жарасымды жаралған, оның да себебі – құдай, жамандық пен жақсылықты жасайтын – адамдар. Бірақ құдай жамандық жасағанды жазалайды дейді. Ал, енді солай-ақ болсын делік, сонда барлық табиғи сәйкессіздікті, үйлесімдікті, ассимметрияны жасайтын кім? Өйткені ол табиғатта бар. Бұл сұрауларға неотомизм тоқталмайды. Дегенмен, қоғамдағы түрлі қайшылықтарды шешу басшыларға байланысты. Олар бағынушылардың жағдайын ойлауы керек деген де пікір айтады неотомистер.

Соседние файлы в папке Философия