Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих все ответы.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
11.09.2019
Размер:
1.01 Mб
Скачать

77.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы

Қозғалыстың алғышарттары

XIX ғасырдың 20-жылдарында бұрынғы Бөкей хан мен Уәли ханның иеліктерін біріктіріп, Қарқаралы округін құру едәуір саяси-әкімшілік жаңалықтар енгізді. Мұның өзі патша өкіметіне Орта және Ұлы жүз арасындағы жерлерді тездетіп отарлауға, оның қазақ даласындағы иеліктерін нығайта түсуге мүмкіндік берді. Патша өкіметінің бұл шаралары қазақ халқының мүддесіне қайшы келетінін, бара-бара қазақ мемлекеттілігінің жойылатынын қазақ халқының көреген қайраткерлері болжай білді.

Уәли хан өлгеннен кейін ханның жесірі, ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың әжесі ақылды, көреген, өз заманына лайықты сауаты бар Айғаным патша үкіметінің Сыртқы істер министрлігінің Сібіркомитетімен және Азия департаментінің шенеуніктерімен жиі хатхабар алысып тұрды. Бірақ Айғаным қанша қабілетті болғанымен, халықтың патша өкіметіне деген қарулы наразылығына басшылық ете алмайтын еді. Осындай күрделі де қиын міндет Абылайдың отыз ұлының ең кішісі Қасым сұлтанға жүктелді. Оның бел балалары — Саржан, Есенгелді, Ағатай, Бопай, Құшақ және Кенесары бәйбішеден, ал Наурызбай тоқалдан туған еді. Бұлар патша өкіметінің Қазақстанды отарлауына қарсы жиырма жыл бойы жүргізілген ауыр да қиын күрестің белсенді қатысушылары, ал Саржан, Есенгелді, Кенесары сол күрестің ұйымдастырушысы әрі басшылары ретінде тарихта қалды. Осы ұлт-азаттық қозғалыстар патша өкіметінің режіміне аса зор моральдық-саяси апат әкелді.

Патша өкіметінің округтік тірек пункттер құру туралы шешіміне ашық қарсы шығып, Көкшетау өлкесіне беделімен белгілі болған Қасым сұлтан еді. Ол өзінің 1825 жылы 14 маусымда Орынбор генерал-губернаторына және басқа да жоғары биліктегі шенеуніктеріне жазған хаттарында патша өкіметінің, оның Омбыда отырған облыстық бастығының қазақ жерінде қазақтарды отарлау үшін салдырып жатқан тірек пункттерін жоюды талап етті. Мұндай өзгерістер жасау үшін, Абылай заманынан бері сақталып келе жатқан тәртіп бойынша, сол өлкенің сұлтандарының, старшындарының келісімін алу керек деп көрсетті. Хаттың соңында патша ағзамнан қазақтар мен оның болыстарына бұрынғыша, Абылай заманындағыдай, өз салт-дәстүрімен тыныштықта өмір сүруіне мүмкіндік беруін сұрады. Орынбор губернаторының бұл хатқа теріс жауап беруі Қасым сұлтанды алған бетінен қайтара алмады. Ол бұдан кейін де патша губернаторларына хат жазып, казак отрядтарын қазақ даласына жіберіп, әскери-тірек базалар салуды тоқтатуды талап етті. 1826 жылғы 18 сәуірдегі хатында жазалаушы отрядтың бейбіт ауылдарға шабуыл жасап, халыққа көп зардап шектіргенін жазады. Орталық және Солтүстік Қазақстанды қамтыған көтерілістің кең етек алуына сұлтандар Ғұбайдолла мен Саржан себепкер болды. Бірақ Ғұбайдулланы патшаның өкімшілік орындары қолға түсіріп, Сібірдегі бір алыс қалашыққа жер аударады. Мұның өзі бүкіл Орта жүзді қамти бастаған қозғалысты бәсеңдете алмады. Ал Қарқаралы округінің ауылдарында қозғалыс күшейе түсті, бұған әсер еткен Қарпық болысындағы көтерілістің өршуі еді. Бұл болыс Саржан сұлтанның иелігінде болатын. Саржан жасақтарының арасында жас сұлтан Кенесары да бар еді. Ол сол кездің өзінде-ақ бостандық туралы ойларымен көзге түсті, кейін Орталық Азиядағы түркі халықтарының «тәуелсіздік жолындағы күрескері» болды.

Саржан сұлтан бөлек-бөлек әрекет етіп жүрген жасақтарды біріктіріп, патша өкіметінің қазақ жерін отарлау саясатына қарсы белсене күресті. Жазалаушы отрядтың қысымынан ығысып, әрі Қоқан бектерінің Ресей отарлаушыларына қарсы бірігіп күресеміз дегеніне сеніп, ол өзін қолдаушылармен бірге Қоқан хандығының иелігіне барып қоныстанады. Алайда Қоқан бектері бұрын берген уәделерінен тайып, әрі патша өкіметіне жақсы көріну үшін, 1836 жылы Саржан сұлтан мен оның қасындағыларын жауыздықпен өлтіреді. 1840 жылы сол Қоқан билеушілерінің арандатуынан Қасым сұлтан мен оның жақындары қаза табады. Алайда Қасым сұлтан мен оның балаларының отаршылдыққа қарсы бытыраңқы сипатта жүргізген күресі тоқтап қалмады. Қайта оны әлдеқайда ұйымдасқан сипатта әрі кең көлемде Кенесары (1802—1847 жж.) сұлтан жалғастырды.

Ұлт-азаттық қозғалысының мақсаты, себептері, сипаты, қозғаушы күштері

Көтерілістің негізгі мақсаты

Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру әрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу.

Көтерілістің басты себептері

Патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты, Орта жүзде хандық билікті жойып, ресейлік әкімшілік басқарудың жүзеге асырыла бастауы, осылардың салдарынан қазақ халқының, әсіресе шаруалардың жағдайының нашарлай түсуі.

Көтерілістің ұлт-азаттық сипаты

Қазақ жерін әскери отарлаудан, яғни Ресей бодандығынан, Қоқан бектерінің озбырлығынан құтқаруға бағытталған азаттық жолындағы күрес болды.

Көтерілістің қозғауыш күштері

Қазақ шаруалары. Сонымен қатар тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатартағы егіншілер де, старшындар да, сұлтандар да ат салысты. Әрине, оған қатысқан үстем тап өкілдерінің мақсаттары бірыңғай емес еді. Жасақшыларға қолбасшылық еткендер арасында Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сураншы, Байсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай сияқты әйгілі халық батырлары болды. Көтеріліске қатысқандар арасында орыстарөзбектерқырғыздарбашқұрттартатарлар да кездесетін.

Кенесары Қасымұлы —ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы

Кенесары Қасымұлы тарих сахнасына Абылай ханның ісін жалғастырушы болып енді. Патша өкіметінің отарлау саясатында 1822—1824 жылдардағы Сібір, Орынбор қазақтары туралы Жарғылар қабылданғаннан кейін, Қазақстанның қалған аудандарына қауіп төнген болатын. Сондықтан ұлт-азаттық қозғалысын басқаруға талап қылған Кенесары сұлтан қазақтың қалған жерін отарлаудан сақтап қалуға әрекет жасады. Бірақ ол бұл әрекетін әуелі бейбіт жолмен шешуді көздеді.

Үкімет әскерінің өздерінің ауылдарына бірнеше рет шабуыл жасағанына қарамастан, Кенесары патша үкіметінің Қазақстаңдағы өкілдеріне бірнеше рет хат жазып, өздеріне қоныстарын қайтаруды сұрайды.

«Біздің ата-бабамыз, — деп жазды Кенесары, — бізге мұра етіп қалдырған Есіл, НұраАқтауӨртауҚарқаралыҚазылықЖарқайыңОбағанТобылҚұсмұрынОқиятТоғызақ төңірегі жәнеЖайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күн сайын басып алып, оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». Бірақ бұған патша да, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі.

Орынбор генерал-губернаторына жазған хаттарында: «Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау жөне басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмір сүре аламын» десе, енді бір хатында патша әкімдерін достық-татулық қатынаста болуға шақырады: «Біз достық пен ынтымақта өмір сүрсек, қандай жақсы болар еді», — дейді.

Кенесары Қасымұлы патша өкіметімен келісу әрекетінен еш нәтиже шықпағаннан кейін, қару алып күресуге бел байлайды. Бұл туралы патшаның өкімет орындарына жазған соңғы хаттарының бірінде: «1825 жылдан 1840 жылға дейін патша өкіметінің әскерлері біздің ауылдарымызды он бес рет шауып кетті. Сондықтан біздер, қазақтар, мұндай қысымға, талан-таражға, кісі өлтірушілікке шыдай алмай, лажсыздан басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ олар сөйтсек те тыныштық бермеді. Сол себепті де мен — Кенесары Қасымұлы, қаруланып алып, ұлы күресті бастауға аттандым», — дейді.

Азаттық жолындағы қозғалыстың жеңілу себептері мен тарихи маңызы

Сол тарихи кезеңде Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономиқалық жағдайда бұл ұлт-азаттық қоғалыстың да түпкілікті жеңіске жетуі мүмкін емес еді. Ресей империясының қуатты, тұрақты әскери күші бар екенін былай қойғанда, жеңілудің басқа да себептері болды. Көтеріліске қатысқан үстем тап өкілдері арасында ауызбіршілік болмады. Өзін қолдамаған туыстарымен, қазақтың ауқатты топтарымен, Қоқан хандығымен, ақырында қырғыз ағайындармен күресіп, Кенесары өз күшін әлсіретті. Жікке бөлінген қазақ рулары көтерілісті көбіне өз аймақтарында қолдап, басқа аймақтарға ауысқанда, әсіресе Қоқан және Қырғыз жеріне басып кіргенде, оған қосылмады. Өзін қолдамаған ауылдарды қатаң жазалауы да көтерілісті әлсіретті.

Бұл ұлт-азаттық қозғалыстың маңызы зор, ол Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихында өшпес із қалдырды, кейінгілердің азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресіне үлгі-өнеге әрі тарихи сабақ болды. Кенесарының күресі, оның өзінің халықтың мақсат-мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, ақылды саясаткер ретіндегі сирек кездесетін қасиеті XIX ғасырдың өзінде-ақ халық тарапынан қадірлеушілік туғызды. Патша өкіметі тұсында бұл қозғалыстың мүлде сөз болмауы, ал бола қойса, оны бұрмалап теріс түсіндіру себептері белгілі. Кеңес өкіметітүсында да бұл қозғалыс кертартпа, хандық-феодалдық мемлекетті көксеушілік деп теріс түсіндірілді. Оны тарихи шындық тұрғысынан дұрыс бағалаған ғалымдар қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс өзінің шын бағасына ие болды. Осы қозғалыстың басы-қасында болған Кенесары хан мен оның басқа да қаруластарының есімдері тарихтан лайықты орнын алуда

78.Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі. XIX ғ-дың 30—50 жылдарыҚазақстантарихының маңызды шебі ретінде белгілі болды. Өлкеніңәлеуметтік-экономикалықжағдайындаҚазақстанныңкейбіраудандарыныңжалпыресейлікрынокқатартылуынабайланыстыэкономикалық дамуы арта түскендігібайқалды. Әйтсе де Қазақстанныңсаясижағдайы бұл кезеңдедетұрақсыз болды. Сырдарияжағалауларындағыаймақтардымекендегенқазақхалқыныңжағдайымейліншеауыреді. Ресей империясыныңэкспансиялық (кеңеюшілік) ұмтылысының (1853 ж. В. Перовский Ақмешіттібасыпалғанболатын) күшейе түсуі, сондай-ақ Хиуа хандығының агресивтік саясаты Сырдария бойы қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедовтың қолбасшылығымен күреске шығуының негізгі себебі болды. Көтерілістің тууының негізгі себебі Орынбор әкімшілігінің шешімі бойынша қазақтардың еріксіз жұмыстарға жегілуінде, жолды пайдаланудағы, керуендерге қызмет көрсетудегі ауыр салықтарда, сондай-ақ патша режиімнің қоныс аудартушылық саясатында жатты .Барысы:1856 жылы желтоқсанның соңғы күндерінде көтерілісшілер Қазалыны қоршауға алды. Қаратөбе манындағы Л. Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал- губернаторы В. А. Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, қаруларымен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болды. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетті.1857 ж. қаңтарында көтерілісшілер мен Фитингофтың отряды арасында шешуші шайқас болып өтті. Жанқожада 5000-ға дейін қарулы салт аттылар болғанына қарамастан, шайқас барысында көтерілісшілер жеңіліске ұшырады. Шайқастан кейін Фитингоф көтерілісшілерді ізінде түсіп қуа бастады, оларды Сырдарияның оң жағалауына, демек Хиуа хандығының шебіне өтуге мәжбүр етті. Жанқожамен бірге 20 шақты ауыл көшіп кетті. Хиуа хандығының жерінде Жанқожа Хиуа ханы немесе Бұхара, немесе Қоқанд басқарушылары тарапынан өзіне одақтастар табуға әрекеттенді, бірақ оған мұның сәті түсе қоймады. Қазақтардың Жанқожа Нұрмұхамедов қолбасшылық еткен көтерілісі осылай аяқталды. Көтерілісшілердің жеңіліске ұшырауына олардың нашар қарулануы мен мешеу тактикасы, бір жердің шеңберінен аспауы, ескі ортағасырлық тәртіптерге сүйенуі себепші болды. Жазалаушылық шаралар ауылдарда тонаумен сабақтасты. Мысалы, тек мүйізді ірі қарадан 21400 мал тартып алынды және тұтас алғанда жазалаушылардың қолдарына түсірген малдарының жалпы саны бұрынғы қай кездегіден де үш есе көп болды. Оның үстіне жазалау шаралары қатардағы еңбеккерлерге қатты соққы болып тиді. Жанқожаның өзі көтеріліс істерінен кетіп, тек бидің міндетін атқарды, ал кейіннен оны өзінің қарсыластары өлтірді. 80.Ресей империясының 1867-1868жж. Қазакстандағы реформалары ж/е олардың нәтижелері отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі – отарлаушы елдің ішкі қуат көзі – этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды. Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады. XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласы екі облысқа бөлу жоспарланды. Бүл усыныс қабылданбады. 1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды. 1865 жылы 5 маусымда II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б. Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды:

- Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру.

- Әлеуметтіқ – экономикалық жаңалықтар енгізу.

- Алайда Ш.Уәлиханов усыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері ірі феодалдармен ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.

1867 жылғы 11 шілдеде – «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді.

1868 жылы 21 қазан – «Төрғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді.

Реформа нәтижесі.

1) Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.

2) Феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.

3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы).

4) Отарлық басқару күшейді.

5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды.

6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]