Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих все ответы.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
11.09.2019
Размер:
1.01 Mб
Скачать

87. Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а.Құнанбайұлы және т.Б, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі мен маңызы.

ХІХ ғ. Осы бір тарихи дәуірде туып өскен Ш.У қазақтың тұңғыш ғалымы ж\е ағартушысы болды. Омбы кадет корпусында тамаша білім алған Шоқан бар өмірін ғылымға арнады. Белгілі географ ғалым, саясатшы П.П. Семенов-Тян-Шаньскиймен танысуы Шоқанның бұдан кейінгі өмірін айқындады. 1857ж «Манас». 1858-1859ж Қашқар экспедициясы. А.Қ пен Ш.У ХІХ ғ-ғы екі үлкен білім жүйесінің өкілдері болды; діни (мұсылмандық) ж\е зайырлы(орыстық). Орынбордағы зайырлы оқу орындарының бірін 1857ж танымал жаңашыл-педагог, ағартушы Ы аяқтады. Ол, әсіресе, қол-өнер ж\е ауылшаруашылығы училищелерін ашуға көп кү-жігер жұасап, байырғы халық арасынан Қ-ң экономикалық дамуы үшін қажетті мамандар даярлауға ерекше мән берді. 1886ж Абай ақындық шығармашылығының бастауы болған «Жаз» өлеңін жазды. Абай А.Пушкин, М.Лермонтов,Гете шығармаларын қазақ тіліне аударды. Абайдың шығармалары «қазақ халқының айнасы» болды.Бұл тарихи кезеңде Қ-да «Акмолинские обласные ведомости», «Оренбурский листок» ж\е т.б газеттер шығарылды.

88. Хх ғ басындағы қ-ң әлеуметтік-экономикалық дамуы

ХХ ғ басындағы Қ-ң әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуында ХІХ ғ-ң екінші жартысынан салыстырғанда едәуір өзгерістер болды. Ғасыр басында Қ-н аумағы алты облыстан тұрды. Халық санының табиғи өсімінен басқа, столыпиндік аграрлық реформадан кейін қазақ жеріне Ресейден келушілердің есебінен ұлғайды. Патша үкіметі қазақтың бос жерлерін алу деген сылтаумен қазақтың ата қоныстарын жайылымдарын басып алу осы кезден күшейді. Өнеркәсіптің жеке салаларыда дамыды.Мыс ж\е алтын өндіру дамыды. ХХ ғ-дың басы Ресей империясында әлеуметтік өайшылықтарының шиеленісуімен, Қ-да отаршылдық саясаттың күшейуімен ерекшеленді. Қазақ өлкесінде тау-кен өнеркәсібі даму үстінде болды. 1902ж барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс істеген өнім өңдейтін шағын кәсіпорындар да қалыптаса бастады. Бұл кезеңде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. ХХ ғ ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды көмір шахталары, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді.

89. 1905-1907Жж бірінші орыс революциясының қ-ға әсері.

1905-1907ж Ресейде болған алғашқы орыс революциясының дүмпуі шеткері аймақтарға да жетті.Ресейде болған бұл рев-я Қ еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкеде езгінің отаршылдық, әлеуметтік ж\е басқада түрлеріне қарсы ұлт-азаттық,жұмысшы, аграрлық ж\е басқада қозғалыстың өзгеруіне едәуір дәрежеде серпін берді. Р-де І Орыс революсиясының басталуына түрткі болған 1905ж 9 қаңтарда Петербургтегі «Қанды жексенбі» оқиғасы туралы хабар қазақ өлкесіне тез тарап, Түркістан, Перовск, Жусалы, Шалқар сияқты қазақ өлкесінің бірқатары наразылық білдірді. 1905-1907ж-ғы Ресей рев-сы жеңіліс тауып,алдына қойған міндеттерін шеше алмады. Қазақ өлкесінде қамтыған бұл рев-ң Қ-ң одан кейінгі жылдардағы саяси-қоғамдық дамуына әсері мейлінше терең болды. Болашақтағы патша өкіметінің отаршыл саясатына қарсы күрес тәжірибесі жинақталды.

90. ХХ ғ-ң басындағы қазақ зиялыларының ұлт-азаттық қозғалыстағы орны мен рөлі.

Сол тарихи кезеңде көрнекті саясаткер, ғалым, публицист Ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі ерекше маңызға ие болды. Ұлт-азаттық күрестің бағытын ашып көрсетті. Ә.Бөкейханов К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихын зерттеп, абайтанудың негізін қалаған. А.Байтұрсыновтың шығармаларының басты идеясы халқы үшін ең ауыр қасірет-отаршылдық езгісі. М.Дулатов ХХғ бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі болды. Ұлттық зиялы қауым үшін патша өкіметінің цензуралық саясатқа ерекше қолдац көрсетіп отырған кезінде газет-журнал ашып, оны халық арасына тарату өте қиын іс болды. Соған қарамастан ұлт зиялылары ұлт үшін осынау аса қажетті істі жолға қоюда табандылық көрсетті.Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Сералин, Б.Қаратаев сынды зиялы қауымның алдыңғы қатарлы өкілдері қазақ халқының ғасырлар бойы отарлық езгіге қарсы азаттық күресін жаңа сапалық деңгейге көтерді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]