- •2 Семестр
- •Жастар шетелде және бізде
- •1. Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз.
- •2. Ойтүрткі сұрақтарға жауап іздеп көріңіз.
- •5.Белгілі жазушы Қойшығара Салғараұлымен сұхбаттан үзінді.
- •6.Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша аяқтаңыз.
- •7. Мәтіннен а.Байтұрсынұлының сөзін табыңыз, жаттаңыз.
- •8. Әңгімелесейік. Әңгіме мазмұны мына мәселелерді қамтысын.
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Шетелдерде оқу
- •2 Тапсырма. Сөйлемдерден етіс категорияларының түрін анықтап, құрамына қарай талдаңыз.
- •3 Тапсырма.
- •1. Нақыл сөздердің мағынасын ашып, жаттап алыңыз.
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Әлемге ортақ мереке
- •1. Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз:
- •3. Түбірлес сөздердің мағынасын анықтаңыз.
- •1) Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •2) Топ болып мына сұрақтарды талқылаңыздар:
- •3) Досыңыздан, көршіңізден сұраңыз:
- •5. Жаңа жылға құттықтау хатын жазыңыз.
- •7. Шын (ш) немесе жалған (ж)
- •8. Досыңыздан, көршіңізден сұраңыз.
- •Досыңыздың сұхбаты туралы айтыңыз.
- •10. Мына сөйлемдерді мәтінге сәйкес аяқтаңыз:
- •12. Жоспарда берілген тақырыпшаларды мәтіннен табыңыз.
- •13. Жоспарда аталған мәселелер туралы негізгі ақпаратты мәтіннен жазып алыңыз. Сонда Сізде мәтін мазмұнын айқындайтын тезистік жоспар жазылады.
- •14. Мәтінді оқудан бұрын мына сұрақтарды талқылаңыз:
- •24. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, мағынасын ажыратыңыз. Оқытушымен кеңесіңіз.
- •25. Мәтінді әңгімелеңіз
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.
- •Сөйлемдердің жалғауларын дұрыс жалғаңыз.
- •Пайдаланылған әдебиет
- •1.Мәтінге қатысты сөздермен жұмыс:
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Бала құқы қазақстанда және әлемде
- •Бала кезде кім қандай болған?
- •Даңқты композитор Моцарт 4 жасынан бастап музыкалық аспаптарда ойнаған. 5 жасында музыкалық шығармалар жазған.
- •4. А. Бала кезде кім қандай болған деген тақырыпта өткен шақ тұлғаларын пайдалана отырып, шағын әңгіме жазыңыздар.
- •5. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар:
- •7. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар:
- •9. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар:
- •3. Көршіңізбен, досыңызбен сұхбаттасыңыз:
- •5. Шағын мәтіннен етістіктерді теріп жазыңыз. Қандай тұлғада тұрғанын анықтаңыз. Етістіктің қай тұлғасы көп берілген?
- •9. Топ болып мына сұрақтарды талқылаңыздар:
- •11. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар:
- •12. Мына сұраққа жауап іздеңіздер:
- •13. “Бала құқы туралы” сабақты қорытындылау үшін:
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Лексикалық тақырып: Ахмет Байтұрсынов. Грамматикалық тақырып: Есімше.
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Лексикалық тақырып: Шоқан Уәлиханов. Грамматикалық тақырып: Мөлшер үстеу.
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Лексикалық тақырып:Әбу Насыр Әл-Фараби Граматикалық тақырып:Реттік,жинақтық сан есімдер
- •1.Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар
- •2.Мәтінді оқыңыздар.
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Лексикалық тақырып: қр Конституциясы. Грамматикалық тақырып: Етістіктің шақ категориясы
- •Конституциялық құқық негіздері
- •Қазақстанның азаматы басқа мемлекеті азаматы болуы (танымайды, танылмайды). Әркім өзінің дінін (көру-көрмеуге, көрсету-көрсетпеуге) хақылы.
- •Сөйлесеміз
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Лексикалық тақырып:Мәдениет туралы. Грамматикалық тақырып: Отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері.
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Лексикалық тақырып: Дүниежүзілік мәдениеттің классиктері.
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Ахмет Иассауи кесенесі
- •1.Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз.
- •1.Берілген ойды құптаңыз не құптамаңыз.
- •Мәтінді оқыңыздар және мазмұндаңыз.
- •3.Сөйлесеміз
- •4. «Астанаға саяхат» тақырыбына шығарма жазыңыз Пайдаланылған әдебиет
- •14 Сабақ Альфред Нобель және Нобель сыйлығы
- •1.Мәтінді оқып, Нобель сыйлығы комитеті жұмысының ерекшелігін айтыңыз.
- •5. (Салыстырыңыз, жазыңыз, жалғастырыңыз.
- •7.Сөйлемдерден адресат-объектіні табыңыз. Сұрақ қойыңыз.
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Ең бақытты ел қайда
Пайдаланылған әдебиет
Тойбекова С., Кәрібаева С. Қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы, 2008. 109-114 бб.
6-САБАҚ
Бала құқы қазақстанда және әлемде
Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Жаңа сөздерді қолдана отырып ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын байыту.
1. Ойтүрткі
Сұрақтарға жауап беріңіздер:
а. Қазақстан Республикасының Конституциясында бала құқығына арналған баптап бар ма? Оны оқыдыңыз ба?
ә. Бала құқы туралы әлемдегі қандай декларация, конвенцияларды білесіз?
б. БҰҰ-ның “Бала құқығы жөніндегі” конвенциясы қашан қабылданған?
2. Балалық шаққа саяхат құрыңыздар. Ол үшін мына сұрақтарға жауап іздеңіздер:
а. Бала кезде әжеңіз, атаңыз ертегі-аңыз айтты ма?
ә. Бала кезде қандай ойынды жақсы көрдіңіз?
б. Бара кезіңіздегі ең сүйікті ертегіңіз есіңізде ме?
в. Бала кезде кім қандай болған?
3. Мына қызықтарға назар аударыңыз:
Бала кезде кім қандай болған?
Даңқты композитор Моцарт 4 жасынан бастап музыкалық аспаптарда ойнаған. 5 жасында музыкалық шығармалар жазған.
Академик Л.Ландау орта мектепті 13 жасында үздік бітіріп, 14 жасында университеттің 2-курсына түседі.
Әлемге әйгілі ғалым Исаак Ньютон бала күнінде нашар оқушылар қатарында болып, мектептен қуылып кете жаздаған.
Вагнердің әдеті – мектепте жүргенде сабақтан қашып, мұғалімдермен салғыласқанды ұнатқан.
Михаил Булгаков Киев гимназиясында төбелес іздеп жүретін сүйкімсіз бала болған.
...Билл Гейтс кім?
Бұл сауалға “Ол компьютердің королі” деп жауап беруге болады. Вашингтон штатындағы Сиэтл қаласында дүниеге келген оның әкесі заңгер, анасы – оқытушы. Қалтасында бір цент артық ақшасы болмаса да, әйтеуір пайдалы істі қолға алуды дұрыс көрген Билл компьютерлерге арналған бағдарламалар жасап, оны кең көлемде сатуды қолға алады. Адам еңбегімен тапқан ақшасы іскер жігітті әлемдегі атақты байлардың қатарына қосты. “Форбс” журналының рейтингі бойынша үш жылдан бері миллиардерлердің көшін бастап келеді. Бұл байлыққа ие болудың еш құпиясы жоқ. Он үш жасында алғашқы бағдарламасын құрады. 1974 жылы американдық MITS фирмасы AI-tair компьютерін жасап шығарғанда, Гарвард университетінің 1 курс студенті Билл Гейтс оған бағдарлама жазады. Осы табыс бозбаланың болашағына үлкен жол ашып береді.
Пушкин 8 жасынан, Некрасов 9 жасынан өлең жазып көзге түскен.
Орыс ғалымы Н.Лобачевский 15 жасында гимназия бітіріп, 19 жасында университетті магистр атағымен тәмамдайды.
Ұлыбританияның премьер-министрі Лонд Джорс көршілерінің терезесін сындырып, бақшадан алма ұрлағанды ұнататын бала болыпты.
(“Жас Алаш”, 5.02.2000 ж.)
4. А. Бала кезде кім қандай болған деген тақырыпта өткен шақ тұлғаларын пайдалана отырып, шағын әңгіме жазыңыздар.
ә. Өткен шақ тұлғаларын мұғалім көмегімен естеріңізге түсіріңіздер.
5. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар:
а. Ата заңымызда бала құқығы (оқуы, демалуы, денсаулығы) туралы баптар бар ма?
ә. Сіз бала құқығы туралы баптарға қандай өзгеріс, толықтырулар, ұсыныстар енгізер едіңіз?
б. Халықаралық ұйымдардың бала құқығы жөніндегі қандай құжаттарын білесіз?
6. Оқыңыз
Балалар құқы туралы құжаттар
Балаларды ерекше қорғау қажеттілігі мәселесі 1924 жылы Женеваның “Бала құқы туралы” және 1959 жылы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған “Бала құқы жөніндегі” Декларациясында, сондай-ақ Жалпыға бірдей адам құқығы Декларациясында айрықша талқыланған.
Күллі әлемдегі балалар жағдайын жақсарту туралы шаралар дүниежүзілік мәні бар заңдар, атап айтқанда, “Азаматтық және саяси құқық туралы” пакет (оның 23-24-баптарында) пен “Экономика, әлеумет және мәдениет жөніндегі” халықаралық пакетте (оның 10-бабында) де маңызды орын алған.
Біз балалар туралы сөз еткенде, БҰҰ қабылдаған көптеген тарихи құнды құжаттарының ішінен біреуін айрықша атап өтеміз. Ол – “Бала құқықтары жөніндегі” конвенция. 54 баптан тұратын құжат 1990 жылы қабылданған еді. Бұл күндері конвенцияға қол қойып, оны мойындаған мемлекеттер саны – 189.
Конвенция мүше мемлекеттерге өз қорғауындағы әрбір баланың түр-түсіне, жынысына, ұлтына, тілі мен дініне, әлеуметтік шыққан тегіне қарамай, қамқорлығына алуға міндет жүктеді. Сонымен қатар баланың азаматтық міндеттері мен құқықтарының, денсаулығының басқа да қызығушылықтарының заңмен қорғалуын да қамтамасыз ететін оның өз отаны екендігін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 23 наурызындағы Жарлығына сәйкес, біздің елімізде де “Бала құқықтары” конвенция заңдық күшіне енді.
(“Заң” газеті, 2.09.1998 ж.)