Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhsky.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
138.38 Кб
Скачать

6.Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша аяқтаңыз.

1. Йеменде жастар жағдайын жасайтын заң 1980 ... ... .

2. Францияда үкімет 1986 жылы «16 мен 25 жас аралығындағы жастар жұмысы» ... .

3. Белоруссияда жастардың мәселесіне байланысты ... ... .

4.Украина ТМД бойынша жастар заңы жағынан ... .

5.Ресейде басқа елдерге қарағанда ... ... .

7. Мәтіннен а.Байтұрсынұлының сөзін табыңыз, жаттаңыз.

8. Әңгімелесейік. Әңгіме мазмұны мына мәселелерді қамтысын.

1. Жастар шетелде және біздің елде.

2. Бүгінгі және кешегі жастар туралы

3. Бүгінгі жастар мәселесі (білімі, оқуы, тәрбиесі, күнделікті өмірі, жастар отбасы).

Пайдаланылған әдебиет

Тойбекова С., Кәрібаева С. Қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы, 2008. 180-184 бб.

2 – САБАҚ

Лексикалық тақырып: Шетелдерде оқу

Граматикалық тақырып: Етіс категориясы

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Жаңа сөздерді қолдана отырып ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын байыту.

Мәтінді оқып, аударыңыз.

Шетелдерде оқу

Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік бірлестікке енуі қазақстандық жастардың шет елдерде оқуына мүмкіндік туғызды. Қазір ғылым және білім беру министірлігі серіктестіктерімен бірге мамандарды шет елде дайындау жұмыстарын жүргізуде. 600-ден астам Қазақстан азаматтары шетелдік жоғары оқу орындарында оқиды. Сонымен қатар өз қаражаттарымен оқып жатқан жастар саны да өте көп.

Осыған орай шет елде оқудың төрт жолы бар.

1. Өз қаражатымен, не демеушінің көмегі арқылы.

2. Екі жақтық келісім арқылы.

Көптеген шетелдік ұйымдар Қазақстанға кадрлар дайындауға көмек көрсетуде. Олар жыл сайын шетелдік университетте оқу үшін гранттар бөлуде. Оқуға арнайы сынақ жүргізіледі. Сынаққа қатысу ережесі қоғамдық ақпарат құралдарында жарияланады. Мысалы, осы сайыстарды жүргізуші ұйымдар.

1) АҚШ-тың ақпарат бөлімі(ЮСИС)

2) Білім беру және тілдерді үйрету саласындағы америка ынтымастақтық кеңесі

3) «Сорос –Қазақстан» қоры

4) Британ кеңесі

5) Қазақстандағы Франция елшілігінің лингвистика мен педагогикалық ынтымастақтық бюросы т.б.

3. Халықаралық келісімдер бойынша алмасу.

Қазір білім беру саласында Араб Республикасы, Египет, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Түркия, Монғолия, Испания, Болғария, Британия,Америка,Германия, т.б. елдермен ынтымақ

тастық қарым- қатынас келісіміне қол қойылды.

4. «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыту.

Сөздікпен жұмыс:

бірлестік - объединение

ену - вхождение

мүмкіндік - возможность

қаражат – средства, финансы

демеуші - спонсор

екі жақтық - двухсторонний

ереже - правило

ақпарат құралдары – информационные средства

елшілік - посольство

1 тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

2 Тапсырма. Сөйлемдерден етіс категорияларының түрін анықтап, құрамына қарай талдаңыз.

Білім берудің барлық саласы мемлекет есебінен іске асырылды. Ұлы жол үйінің табалдырығынан басталады (мақал).

Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас(мақал).

Әбішім мен Кәрімім жаңа парталар мен тақталарды көтерісті. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді. Сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқып, орыс тіліне бергізеді, мәтіндерді қазақша оқып, орыс тіліне аудартқызады, сөйлемдерді жазғызып, талдаулар жасаттырады. Ғ. Мүсірепов ең алғаш 1928 жылы газетте жарияланған «Тулаған толқында» повесімен көрінді. Мен суықтан сақтанамын.

Бүгінгі қайталайтынымыз

1.Ырықсыз етіс: түбір + -ын, -ін,-н

(страдательный) -ыл, -іл, -л

2. Ортақ етіс: түбір + -с, - ыс, -іс

(совместный)

3.Өзгелік етіс: түбір + - қыз, -кіз, -гіз, -ғыз, -дыр, -дір,

-тыр, -тір, -т

4.Өздік етіс: түбір + -н, -ын, -ін

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]