Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сақтандыру шпоры.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
407.04 Кб
Скачать

9. Сақтандыру нарығының жалпы Қазақстандық қаржы нарығындағы үлесі

ТМД-ның барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, тәуелсіздік алумен бірге экономиканың қаржы секторының реформасы және дамуы қаржы институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың қаржы секторына сенімін арттыру бойынша іс-шараларды белсендендіруге әкелген басымды мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде қарастырылады.

Бүгінгі күнге Қазақстанның қаржы секторы банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және зейнетақы қызметтерінің нарығы сынды негізгі секторлармен көрініс тапқан.

Сақтандыру нарығы. 2009 жылғы 1 қыркүйек айына Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында 43 сақтандыру ұйымы (оның ішінде 8 - өмірді сақтандыру бойынша), 12 сақтандыру брокері жəне 63 актуарий лицензия берілген қызметті жүзеге асырды.  Қарастырып отырған кезеңде сақтандыру нарығының сақтандыру сыйлықақылары бойынша шоғырлану деңгейінің ұлғайғаны жəне сақтандыру төлемдері бойынша азайғаны байқалады. 5 ірі сақтандыру компанияларының үлесіне жиынтық сақтандыру сыйлықақылардың 56,5%-ы жəне сақтандыру төлемдерінің 49,5%-ы келеді. Сақтандыру нарығының жиынтық активтерінің ішінде бес ірі сақтандыру компанияларының үлесі 52,6%-ды құрайды.

7. Міндетті сақтандыру түрлерінің адамдар үшін маңыздылығы

Mіндemmi сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

Міндетті с-ру түрлері: Көлік құралдары иелерінің МАҚЖ

Жолаушылар алдындағы тасымалдаушының МАҚЖ

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың МАҚЖ

Жеке нотариустардың МАҚЖ

Туроператордың және турагенттің МАҚЖ

Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің МАҚЖ

Қызметкердің қызмет міндеттерін атқаруы кезінде өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің МАҚЖ

Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру

Экологиялық сақтандыру

Зиян келтіргені үшін МАҚЖ

міндетті медициналық сақтандыру маңыздылығы. Сақтанушы қандайда бір өмірге қауіпті жағдайға түсіп қалса оған жедел жоғары сапалы көмек көрсетілуі керек болады. Осындай жағдайда сақтандырушы заңды тұлға денсаулығын қайтаруға кететін шығынның бәрін өзіне алады.

Жалпы сақтандырудың міндетті түрде жүзеге асуы мемлекетпен белгіленетіндіктен, мұндай сақтандыру әрқашан әлеуметтік сипатта болады және мемлекеттің қандай да бір тұлғаларға қатысты қамқорлығы түрінде көрініс табады. Бұдан шығатыны, міндетті сақтандыру бүкіл қоғам үшін маңызды объектілеріне сақтандыру қорғанысын бекітуді білдіреді