- •1.Сақтандырудың экономикалық мәні және белгілері, функциялары
- •Сақтандыру қоры: қалыптастыру мен арналымы
- •3.Сақтандыруда қолданылатын терминдер.
- •4.Сыныпталудың жалпы негіздері
- •5.Қр сақтандырудың сыныпталуы
- •7.Тәуекел туралы түсінік, тәуекелді басқару
- •8.Тәуекелдің сыныпталуы.
- •9. Тәуекелді шектеу формалары
- •10. Қр Сақтандыру туралы бірінші, толықтырулар мен өзгертулер.
- •11.Қр сақтандыру туралы екінші заң, толықтырулар мен өзгертулер
- •13.Сақтандыру рыногының мәні
- •14.Сақтандыру рыногының құрылымы
- •15.Сақтандыру делдалдары
- •17.Сақтандыру ұйымдарының ұйымдық құқытық формалары
- •19. Сақтандыру ұйымдарының қызметін басқару принциптері
- •20. Сақтандыру шартын жүргізуді ұйымдастыру
- •21.Сақтандыру тарифтері, тарифтік ставка құрылымы
- •22.Актуарлық есеплер, оның түрлері, міндеттері.
- •23.Сақтандыру статистикасының көрсеткіштері.
- •24.Қазіргі кезде актуарлық есепті қолданудың жетістіктері мен жетілдіру жолдары.
- •27.Жасыл картаны енгізудің ерекшеліктері.
- •28. Жеке сақтандыру тур.Түсінігі оның сыныпталуы.
- •29.Аралас өмірді сақтандырудың мәні
- •30. Балаларды сақтандырудың ерекшеліктері.
- •32. Медициналық с/у ерекшеліктері
- •33. Рентаны сақтандырудың мәні
- •34.Аннуитеттік сақтандыру, оның түрлері
- •35. Зейнетақыны с/у ерекшеліктері
- •36. Міндетті әлеуметтік с/удың мәні
- •37.Мүлікті сақтандырудың экономикалық маңызы
- •41. Көлік, жүк тасымалдау көліктерін сақтандыру.
- •42. Ауылшаруашылық малдарын с/у
- •43. Ауыл шаруалық дақылдарын және екпе ағаштарын сақтандыру
- •44. Құрылыстарды с/у
- •50. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру экономикалық мазмұны және арналымы
- •51.Ақжс сыныпталуы
- •53. Кәсіпкерлік тәуекелдердің сыныпталуы
- •56. Қаржылық биржалық тәуекелдерді сақтандыру
- •59.Сақтандырушының қарж/н ұйымдастыру/ң жалпы принцип/і.
- •60. Сақтандыру резервтерін қалыптастыру мен орналастыру тәртібі
- •61.Сақтандыру ұйымыдарының төлем қабілетін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары.
- •64.Қайта сақтандырудың сыныпталуы
- •67. Ұлыбританиядағы сақтандыру ерекшелітері.
- •«Сақтандыру теориясы және тәжірибесі» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •9. Сақтандыру нарығының жалпы Қазақстандық қаржы нарығындағы үлесі
- •7. Міндетті сақтандыру түрлерінің адамдар үшін маңыздылығы
7.Тәуекел туралы түсінік, тәуекелді басқару
Тәуекел дегеніміз – мүмкін болатын шығындардың қаупін айтамыз. Бизнес әрқашан тәуекелмен байланысты болады. Сондықтан кәсіпкерлер тәуекелді минимум шегіне жеткізуге тырысады. Іскерлік (коммерциялық) тәуекелдің мынадай категориялары бар:
1. Шартты (спекулятивті) тәуекел
2. Таза тәуекел
Шартты тәуекелдің нәтижесі шығынға да ұшырау, табыс та табу болып табылады. Еркін кәсіпкерлік жүйесінің шартты тәуекелге бағынуы табиғи тән. Өйткені оның мақсаты – тәуекелді шараларға капитал жұмсау арқылы табыс табу болып табылады.
Таза тәуекел кезінде тек шығындар шегу ықтималдылығы болуы мүмкін. Таза тәуекел кезінде кәсіпкердің табыс табу мүмкіншілігі жоқ, бірақ ол осы тәуекелмен байланысты шығынды минимумға жеткізетін белгілі бір қадамдар жасауы мүмкін.
Тәуекелдің табиғатын зерттеу және минимумға жеткізу процесі тәуекелді басқару деп аталады. Тәуекелді басқару қаржы менеджерінің маңызды міндеттері болып табылады, яғни тәуекелді бір немесе бірнеше стратегиялардың жүзеге асырылуын қарастырады.
Тәуекелді басқарудың түрлері:
Тәуекелді жою, яғни тәуекелмен байланысты белгілі бір іс-әрекет түрлерінен бас тарту.
Тәуекелді шектеу, яғни мүмкін болатын шығындарды болдырмау жөнінде алдын-алу шараларын қолдану.
Тәуекелді мойындау, яғни ол өзін-өзі с\у б.т.
Тәуекелді қайта табыстау, яғни тәуекелді с\у компанияларына қайта табыстау. Оның көп тарағаны:
төлем қабілеттілігі
мүліктік
кәсіпкерлік қызметтің тоқталуы
8.Тәуекелдің сыныпталуы.
Тәуекел таза және шартты болып бөлінеді.
Таза тәуекел:
Табиғи жаратылыс
Экологиялық негіздер
Саяси
Транспорттық
Мүліктік
Өндірістік
Сауда-саттық
Шартты тәуекел:
Қаржылық
↓
Коммерциялық
Ақшаны са- Инвестициялық
Тып алу тәуеке-
лі
Ақшаны сатып алу тәуекелінің өзі 3-ке бөлінеді:
Инфляциялық, дефляциялық
Валюталық
Өтімділік
Инвестициялық 3-ке бөлінеді:
Пайданы жоғалту
Пайданы жіберіп алу
Тікелей қаржыны жоғалту
Пайданы жіберіп алу : пайыздық
Тікелей қаржыны жоғалту:
Кредиттік
Биржалық
Банкроттық
Селиктивті
9. Тәуекелді шектеу формалары
Тәуекелді шектеудің төмендетілген мынадай формалары бар:
Диверсификация - өзара байланысты емес және әр түрлі тәуекелдік дәрежелері бар салулардың түрлі объектілер арасында инвестицияланатын қаржаттарды бөлу процесін білдіреді. Диверсификация түрлі іс-әрекеттер арасында капиталды бөлу барысында тәуекелдің белгілі бір мүмкіндіктеріне жалтаруға мүмкіндік береді.
Таңдау және нәтижелер жөнінде қосымша ақпараттарды иемдену – бұл форма тәуекелді кемітуде қолданылады. Мұндай ақпараттар құнды тауарлар болып табылады. Ал ақпаратқа капиталды салу эккаутинг деп аталатын кәсіпкерліктің бәр аясы болады.
Эккаутинг – бұл әр түрлі қаржылық ақпаратты жинаумен, өңдеумен, сыныптаумен, талдау және толтырумен (жазумен)байланысты бизнестің аясы.
Шектеу – бұл шығыстардың, сатудың, несиенің шекті сомаларын бекітуді атаймыз, -яғни банктермен қарыз алу кезінде шекті сомма орнатылады; -кәсіпорын мен тауарларды сату не сатып алу кезінде; -инвестормен капитал салудың соммасын анықтау кезінде
Хеджерлеу – бұл айырбас валюта бағамының болашақта болатын өзгерістерді есепке алу және осы өзгерістердің зиянын болдырмау мақсатында жасалатын жедел мәмілелер мен шарттардың жүйелері.
Хеджерлеудің 2 операциясы бар:
Артуды хеджерлеу
Кемуді хеджерлеу
Артуды хеджерлеу – бұл сатып алу бойынша биржалық операцияларды білдіреді.
Кемуді хеджерлеу – бұл жедел шарттарды сату бойынша биржалық операцияларды білдіреді.
5. Валюталық келіссөздер – мәміленің шартын білдіретін девальвация немесе ревальвация бойынша шығындарды болдырмауда валютаның басқа валютаға қатысты бағамын тіпкейтін келіссөздер.