- •2 Дәріс Орта ғАсырлаРдағы үнді әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •Қысқаша мазмұны
- •5Дәріс Ортағасырлық араб әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •6 Дәріс Орта ғасырлардағы парсы-тәжік әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •Қысқаша мазмұны
- •Қысқаша мазмұны
- •9 Дәріс Неміс, голланд, француз әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •10 Дәріс хvіі ғасырдағы Еуропа әдебиеті
- •11 Дәріс XVIII ғасырдағы шығыс елдерінің әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •Қысқаша мазмұны
- •13 Дәріс. XIX ғасырдағы шығыс елдерінің әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •Қысқаша мазмұны
- •15 Дәріс XX ғасырдағы шығыс елдерінің әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
11 Дәріс XVIII ғасырдағы шығыс елдерінің әдебиеті
Қаралатын мәселе Таяу Шығыс аймағындағы халық әдебиетінде кезедесетін шығармалар. Әдебиеттердің жергілікті тілдерде қалыптасуы. Қытай әдебиетіндегі роман жанрының дамуы. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Азиядағы әдебиетке тигізген жергілікті діндердің ықпалы.
Қысқаша мазмұны
Таяу Шығыс пен оңтүстік-шығыс Азия елдеріне қарағанда Шығыс Азия (Қиыр Шығыс) әдебиетінде еуропалық әдеби құбылыстармен салыстыруға келетін түрлі жаңа бағыттарды көре аламыз.
Осы аймақтағы әдебиетте тек жанрлардың түрлері өзгеріске ұшырап, прозада ортағасырлық мәдениетке тән шарттылық, символика мен фантастиканың алдын алуға үлкен мүмкіндіктер туып, әдебиет өмірдің шынайылығын суреттеді. Прозаикалық шығармалар күрделене түсіп, бірте-бірте ортағасырлық повестер мен оқиғаларға тән «бір ізділік» бағыты жойыла бастайды. Дегенмен Шығыс Азия елдеріндегі прозада шындықты шынайы түрде жеткізу тәсілдері ғана пайда болады. Бұл сипаттар белгілі бір эстетикалық жүйе ретінде қалыптаспайды. Мысал ретінде Цао Сюэ-циннің «Қызыл үйшіктегі ұйқы» (1791 ж.) атты романын келтірсек болады. Онда сыни көзқарастар, кейіпкердің өзін қоршаған шынайы өмірге қанағаттанбауы даостық және буддизмдегі символдардың күрделі жүйесі арқылы суреттейді.
Прозада көрініс тапқан өмірді ұғынудың жаңа түрлері поэзияның түрлері мен оның мазмұнына әсер етеді. Поэзияда да күнделікті тұрмыс суреттеліп, ақындар қарапайым адамның тағдырына назар аудара бастайды. Осылайша, өткен дәуірлерде поэтикалық және прозаикалық жанрлардың арасында орын алған кеңістік жойылады. Күнделікті тұрмысты бейнелеуге деген талпыныс үлкен қашықтықта орналасқан екі аймақтың, Еуропа мен Қиыр Шығыс әдебиетін жақындастыра түседі.
XVIII ғ. әдеби тіл мәселесі өзінің маңыздылығын сақтап қана қоймай, сонымен қатар кейбір аймақтарда бұл мәселелер күрделене түседі. Ұлттық тіл үшін күрес дербес мемлекеттер мен ұлттық мәдениетті жою саясаты үстем болған отар елдерде түрлі деңгейде жүреді.
Тіл саласында орын алған тағы да бір мәселе көне тілдің ғылым мен салт-жоралғылардың, тіпті әдеби шығармаладың тілі ретінде сақаталып қалуы болатын. Еуропалық мәдениетте осындай рөлге латын тілі ие болып, XVIII ғ. бастап университеттерде оқу жүйесінің латын тілінен ұлттық тілдерге көшу үшін күрестер жүргізіледі.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Азия елдерінде пали тілі мен санскрит тілі осындай үстемдікке ие болады. Бұл тілдерде XVIII ғ. өзінде Үндістанда ежелгі дәстүрлерге негізделіп, тек шектеулі ортаға ғана арналған әдеби шығармалар жазылады.
XVIII ғ. көптеген елдерде екі тіл қатар өмір сүреді. Мысалы, Корея мен Вьетнамда, тіпті Жапонияда әдеби шығармалар ұлттық тілде де, ежелгі қытай тілінің грамматикалық және лексикалық қағидаларына негізделген жалпыға ортақ әдеби тілде де жазылады. Қытайда әдебиет ежелгі классикалық тілде (вэньянь) де, жаңа тірі тілде де (байхуа) дами түседі. Корея мен Вьетнамдағы қытай тілінде жазылған шығармалар жанры жағынан классикалық қытай әдебиетіне тән дәстүрлермен тығыз байланысты болып келеді.
XVIII ғ. Азияның көптеген елдерінде жазу тілі мен сөйлеу тілі сәйкес келмейтін. Сондықтан да ұлттық тіл мәселесі әлі шешіле қоймады және ол үшін қолайлы тарихи жағдайлар да жасалмады.
XVIII ғ. Еуропада жалпы Шығыс елдерінің салт-дәстүрі мен мәдениетіне, ондағы халықтардың өміріне деген қызығушылық арта түседі. Мысалы, XVII ғ. өзінде Францияда «Шығыс кітапханасы» атты бірнеше томдық басылымдар пайда болады. XVIII ғ. басында халық арасында араб, парсы және басқа да шығыс тілдеріндегі шығармалардың аудармалары тарала бастайды. Әсіресе, «Мың бір түнге» деген сұраныс артып, оның бірнеше нұсқадағы аудармалары пайда болады. Көптеген кітаптар француз тілі арқылы басқа еуропалық тілдерге, оның ішінде орыс тіліне да аударылады. Шығысқа деген қызығушылықтың артуына Калидасаның «Шакунтала» атты шығармасының аудармалары дәлел бола алады
12дәріс XIX ғасырдағы Еуропа елдерінің әдебиеті
Қаралатын мәселе Романтизм мен реализмнің сипаты және жанрлары. Кезеңдері мен өкілдері: В.Скотт, Э.По, Бальзак, Мериме, Флобер, Диккенс, Теккерей.