- •2 Дәріс Орта ғАсырлаРдағы үнді әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •Қысқаша мазмұны
- •5Дәріс Ортағасырлық араб әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •6 Дәріс Орта ғасырлардағы парсы-тәжік әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •Қысқаша мазмұны
- •Қысқаша мазмұны
- •9 Дәріс Неміс, голланд, француз әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •10 Дәріс хvіі ғасырдағы Еуропа әдебиеті
- •11 Дәріс XVIII ғасырдағы шығыс елдерінің әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •Қысқаша мазмұны
- •13 Дәріс. XIX ғасырдағы шығыс елдерінің әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •Қысқаша мазмұны
- •15 Дәріс XX ғасырдағы шығыс елдерінің әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
Қысқаша мазмұны
Күнгей Кавказ халықтарының жазба ескерткіштері бізге V ғ. бастап белгілі бола бастады. Осы кезден бастап пайда болған Күнгей Кавказ мәдени аймағына грузин, армян, әзірбайжан халықтарының тарихы жатады. Бұл халықтар әуел бастан әлем өркениетімен байланысты болады. Вавилон, Ассирия, Мидия, Персия, Грекия, Рим секілді дамыған мемлекеттер кавказ халықтары үшін барлық жағынан үлгі бола алған. Кавказ және оның халқы туралы Геродот, Страбон, Плутарх сияқты атақты Грекия, Рим тарихшылары мен араб, парсы жылнамашылары да жазған.
Кавказ мәдениетінің дамуына ежелгі иран мәдениеті, эллинизм, христиан дінінің қабылдануы, ұлттық жазудың пайда болуы мен Грузия, Армениядағы христиан мәдениеті де тікелей әсер еткен. Кейін VII-IX ғ. арабтар мен көшпелі оғыз тайпаларына қарсы күрестер ұлттық сананың құрылуына жол ашады. Бұл құбылыс өз кезегінде X-XII ғ. көркем өнер шығармашылығының (Нарекаци, Руставели, Низами, Хаган) гүлденуіне себепкер болады.
V ғ. басында Армения мен Грузияда халықтардың әдебиеті мен тарихы, философиясы мен діни ілімінің қарқынды дамуына негіз болған ұлттық жазулар қалыптаса бастайды. Ал VII ғ. Әзірбайжан сияқты мұсылмандық тараған аймақтарда араб әліпбиі орта парсы, яғни пехлевилік әліпбиді екінші орынға ығыстырады. Әзірбайжанда исламның кең таралуы тек діни емес, сонымен қатар ғылыми және көркем жазба әдебиеттердің араб тілінде болуына ықпал етеді. Кейіннен араб тілімен қатар парсы тілі де кең қолданысқа ие болады.
Кавказ әдебиетінің жалпы ерекшеліктерінің бірі осы аймақтағы халықтардың өз ұлттық шығармашылықтарын сақтап, оларды әрі қарай дамыта отырып, сол дәуірге тән көптеген эстетикалық тәжірибелерді бойына сіңіріп, ежелгі әлем өркениетімен тығыз қарым-қатынас орната алуында жатыр. Кавказ халқының еңбек сіңірген ақындарының шығармашылығында батыс христиан дінінің әсерін (Византия мәдениеті) ғана емес, сонымен қатар мұсылмандық шығыстың әсерін де байқауға болады.
8 дәріс Еуропадағы батырлар дастаны мен куртуаздық лирика. Еуропадағы Қайта өрлеу дәуірі
Қаралатын мәселе Еуропадағы ортағасырлық эпостардың көркемдік ерекшеліктері. Куртуаздық әдебиет анықтамасы және оның жанрлары. Прованстық лириканың ерекше сипаттары. Неміс куртуаздық лирикасындағы миннезанг пен мейстерзанг жөнінде. Ренессанс өнерінің маңыздылығы. Қайта өрлеу дәуіріндегі мәдениеттің қалыптасуна жасалған алғышарттар. «Жағымда жаңы стиль» поэтикасы. Дантенің «Құдіретті комедиясына» тән аллегория. Ф. Петрарка шығармашылығында көрініс тапқан гуманизм идеясы.
Қысқаша мазмұны
Кемелденген орта ғасыр дәуірінде халықтық-эпикалық әдебиеттің даму үдерісі әлі де жүріп жатты. Ортағасырлық әдебиетте батырлар дастаны маңызды орын алып, үлкен тарихи сипатқа ие болады. Кемелденген орта ғасырдағы батырлар дастанында сол дәуірдегі қоғамда қалыптасып келе жатқан вассалдық қатынастар, ұлттар мен мемлекеттердің бірігуі көрініс табады. Дастандардағы тарихи тақырыптардың ауқымы кеңіп, ертегілік-мифологиялық сарындарды ығыстыра отырып, христиандық мотивтердің маңыздылығы арта түседі, патриоттық пафос күшейіп, жаңа эпикалық формалар пайда бола бастайды. Бұл құбылыс әдеби шығармалардың таза фольклордан бөлініп шығуына әсер еткенімен, оқиға желісі мен мофологиялық-поэтикалық бейнелеудің бірігіп, рыцарьлық романдардың халық әдебиетіндегі фантастикалық элементтерге қайта жүгінуге әкеліп соғады. Дастандардың даму тарихындағы осындай өзгерістер өзара тығыз байланысты болады. Мемлекеттік тұтастыққа ерте қол жеткізген халықтардың дастандарында мифтер мен ертегілерге тән элементтер жойылып, тарихи аңыздардан алынған сюжеттер қолданыла бастайды.
Рулар мен тайпалардың негізгі арманы ұлттық тұтастықты сақтап қалу болғандықтан да, көптеген эпостық ескерткіштерден жатжерлік жаулаушылар мен басқыншыларға қарсы күрестен туындайтын патриоттық рухты көруге болады. Осындай патриоттық сарындар кейде христиандар мен мұсылмандардың арасындағы қарсылықтардан да көрінеді (романдық, славяндық).
Дастандағы басты бейне елдің бірлігін қамтамасыз ететін патша бейнесі болып табылады. Ол халық арасынан шыққан халықтың қиялындағы батырға қарсы қойылады. Патшаға деген адалдық патшаның әділетсіздігі, сарай маңындағылардың жауыздығы мен феодалдар арасындағы өзара талас-тартыстармен қатар суреттеледі (мысалы, Гильом Оранжский туралы француздық дастан). Онда сонымен қатар ақсүйектерге қарсы тенденциялар да көрініс тапқан («Менің Сидім туралы ән»). ХІІ-ХІІІ ғ. батырлар жырына куртуаздық (рыцарьлық) романның да әсер еткені белгілі (мысалы, «Нибелунг туралы ән» атты шығармада). Батырлар жырына шектен тыс әсірелеу, батырлардың барлық қиындықтарға төзуі мен үлкен трагедияға ұласатын драматизм сияқты түрлі теденциялар тән.
Дастанның стилистикалық ерекшеліктері оның фольклордан алшақтауы мен фольклорлық дәстүрлерге терең өңдеулердің енгізілуімен байланысты болады. Ауызша әдебиеттен қолжазбаларға көшу барысында синонимдік қатарлар ұлғайып, түрлі эпикалық формалар пайда болып, шығарманың құрылымы жинақтала бастайды. Ауызша әдебиетке де жоғары өркениет тән болғанымен, эпикалық шығармалардың көпшілігі қолжазбалардың пайда болуымен дами түседі.
Француз және испан халықтарының эпосы Х-ХІІІ ғ. шегімен сәйкес келеді. ІХ ғ. бастап романдық тілдер пайда болып, осы тілде әдеби шығармашылық та қалыптаса бастайды. Дастандарда кездесетін тарихи оқиғалар VІІІ ғ. ІІ жартысында орын алады. Бірақ бұл роман халықтарының ұлттық поэзиясы осы аймақтарда алғаш «варварлық мемлекет» құрған неміс халқының фольклор дәстүрлеріне тән элементтердің де әсер еткенін жоққа шығармайды.