Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
краткий конспект лекции.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
118.27 Кб
Скачать

Қысқаша мазмұны

Романтизм теориядан, өзін-өзі танудан, әдеби мектептерден, манифесттер жасаудан басталып, ғасырдың 10-20 жылдарының өзінде-ақ, өнердің түр-түсін қамтыған жалпы европалық қозғалысқа айналып, өзінің кемелдік дәрежесіне 19 ғасырда көтерілді. Бұл көркемдік әдістің ағылшын әдебиетіндегі белгілі өкілдері Байрон, Шелли, В.Скотт, француз әдебиетінде Ламартин, Гюго, неміс әдебиетінде Шамиссо, Новалис, Гофман, америка әдебиетінде Мелвилл, Готорн, Э.Поның әлемдік өркениетке қосқан үлестері мол болды.

Реализм өнердің шындыққа, суреткерді қоршаған күнделікті өмірге қайырылу көрінісі. Бальзак желісін Золя, Франс, Роллан жалғастырса, Стендальдан Мериме арқылы Флобер мен Мопассанға апаратын жаңа желі басталады.

13 Дәріс. XIX ғасырдағы шығыс елдерінің әдебиеті

Қаралатын мәселе Ағартушылық кезең, Публицистиканың дамуы. Романтизм және реализм: алғышарттары.

Қысқаша мазмұны

Жаңа заманғы араб әдебиетiнiң тарихы, бiзге өзiнiң тарихи даму жолының ұлт-азаттық қозғалыстың маңызды кезеңдерi мен Октябрь революциясының ықпалымен және капиталистiк даму жолы­на қадам басқан кезеңдерiмен тығыз байланыста екендiгiн көрсетедi. Бұл үрдіс iшкi таптық қарама-қайшылықтардың шие­ленiсуi мен Шығыстың рухани өмiрiндегi толқудың ұлғаюымен байланысты. Бұл кезең – «ан-наһда», яғни «жаңару» немесе «қайта өрлеу» деген сипатқа ие. Бiрақ бұл атау еуропалық Ренессансты ешбiр қамтып көрсете алмайды. Бұл - бiлiм ағартуды кеңейту, ескiшiл дiни наным-сенiмдер арасындағы алауыздықты жою деген ұғыммен қатар, ауыл шаруашылығын нығайтуға, сауда жолын дамытуға, сондай-ақ Батыс өркениетiн меңгеруге бағытталған экономикалық реформа болып саналатын едi.

Әйтсе де ортодоксальдi ислам бұл прогреске айтарлықтай кедергi жасады. Сондықтан дiндi сол кезеңнiң озық пiкiрлерiмен сәйкестiру қажеттiлiгi туындады. Осылайша өткен ғасырдың 70-шi жылдарында «мұсылман модернизмi» немесе «мұсылман реформа­циясы» деген атауға ие, жаңашыл ислам рухымен сусындаған реформаға сай толқу басталды.

Бұл толқудың басшылары ауғандық ағартушы Жамал ад-Дин әл-Афғани мен мысырлық әл-Азһар шейхі Мұхаммед Абдо болып саналады. Олардың прогресшiл ойлары Құран Кәрімге байланысты болды, демек, олар шеттен кiрiстiрудi емес «қайта жаңартуды» дәрiптедi.

«Мұсылман модернизмiнiң» отаны Мысыр болып саналды. Өйткенi Мысыр өзiнiң әл-Азһар университетiмен бiрге, мәдени араб мұралары мен әдеби-философиялық салт-дәстүрлердiң басты сақ­тау­шысы. Бiрақ мәдени өмiрдегi «мұсылман беделi» туралы кең таралған ұғым бiртiндеп жайыла бастады. Мәдени-салауатты өмiрге жол көрсеткендер ішінде сириялық эмигрант, әл-Азһардан шыққан Мұстафа Лутфи әл-Манфалути. Мысыр ұрпақтарын шығарма жазуға, газет-журналдар оқуға, игiлiктi осы бір кәсiптi сүйiктi мамандыққа айналдыруға үйреттi.

Осы кезеңдегi әдебиет-тарихшыларының айтуы бойынша, мұ­сылман қайраткерлерiнiң бiрлесуi сыртқы факторға мүмкiндiк бердi. 70-80 жж. аралығында Мысырға Сирия зиялылары ағылып келе бастады.

Қазiргi араб әдебиетiндегi новелла жанры роман мен драмадан ертерек пайда болды да, ХIХ ғасырдың соңғы ширегінде қалып­тасты. Новелла жаңа жағдайда тез дамып, орасан зор даңққа ие бол­ды. Ол дәстүрлi мақама мен надира секілді араб жанрларына өте ұқ­сас болды.

Мысырлықтарға тән бұл нормада Али Мүбарактың «Алам ад-Дин», Ибраһим әл-Муейлихидiң «Муса ибн Жу’маның әңгiмесi», Мұхаммед Әли Муейлихидiң «Иса ибн Хишам» әңгiмесi мен Хусейн Ибраһимнiң «Сатих түндерi» әңгiмесi жазылды.

Новелла реализмге жету жолында дәстүрлi араб клас­си­касының сезiмдi бiлдiрудегi шектен шығушылығын, сондай-ақ еуро­палық романтизм мен сентиментализмдi ысырып тастады.

діни көсемі. Қасиетті екі мешіттің Қорғаушысы. Сот жүйесі. БАҚ қызметі.

14 дәріс XX ғасырдағы Еуропа елдерінің әдебиеті

Қаралатын мәселе 1910-1945 жылдардағы Француз, Германия Италия, Испания, Латын Америкасы, Америка әдебиеттері