- •1. Мәтінді оқыңыз, мәтін бойынша жоспар құрыңыз.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •Екінші тақырып отбасы және ұлттық құндылықтар
- •Алтын бесік -отбасы.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •3. Мәтіндегі көп мағыналы сөздерді жазып алып, олардың мағынасын анықтаңыз. Үшінші тақырып жас отбасы және дәстүр
- •2. Тапсырма орындаңыз:
- •Төртінші тақырып қазақстан республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Демографиялық саясаттың мақсаты, міндеттері және қағидаттары
- •Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •Бесінші тақырып
- •Алтыншы тақырып мінез және келбет
- •Мәтінді оқыңыз. Адамның келбетін сүреттейтін сөздерді іріктеп жазыңыз. Келбет
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •Жетінші тақырып замандас келбеті
- •Мәтінді оқыңыз. Жоспар құрыңыз. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •2. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді санамалап көріңіз және айтқаныңызды мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •4. Жаттығулар
- •Сегізінші тақырып уақыт және адам
- •Әр нәрсенің өз уақыты бар
- •Өмір қайта оралмайды
- •Бос уақыт және қызығушылық
- •2.Полилогті оқып, әңгіме не туралы екенін қысқаша баяндаңыз.
- •7.Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Ұлылардың хоббиі
- •2. Ұлы адамдардың жинаған заттарын сызба түрінде көрсетіңіз.
- •Өзіңіз бос уақытыңызда немен айналысатыныңызды/шұғылданатыныңызды әңгімелеп беріңіз.
- •Тоғызыншы тақырып салауатты өмір салты
- •Мәтінді оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Жоспар құрыңыз.
- •2. Берілген сөз тіркесінің мағынасын түсініңі. Сөйлем құраңыз.
- •Сөз тіркесі
- •Оныншы тақырып дені саудың – жаны сау
- •Дені саудың – жаны сау.
- •Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •Он бірінші тақырып
- •Он екінші тақырып Қазақтың Өнері мен мӘдениеті
- •Мұқан Төлебаев
- •Он үшінші тақырып қазақстан өнері
- •Он төртінші тақырып
- •2. Берілген екі қатардан синоним сөздерді табыңыз. Жарасымды құрметті
- •3. Жоғарыдағы синоним сөздермен сөз тіркестерін құраңыз.
- •5. Мына сұрақтардың мазмұны ашатын абзацтарды немесе сөйлемдерді мәтіннен табыңыз.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Мәтін бойынша сөйлемдерді қостамаңыз немесе растаңыз
- •6. Мәтінді пайдаланып, сөздердің өз орнын табыңыз
- •7. Еске түсірейік
- •8. Төмендегі етістіктермен шартты райда сөйлем құраңыз.
- •9.Әңгімені тыңдап,билердің сөз өнерін қолдана білу шеберлігі туралы айтыңыз. Он бесінші тақырып кино өнері
- •5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •6. Мына сөз тіркестерін аударыңыз.
- •7. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
- •Қазақстанның музыка және балет өнері
- •1. Мәтіндегі халық композиторларының аты-жөнін дәптерлеріңізге көшіріп жазып, еңбектері туралы материалдар табыңыз.
- •2. Музыка және балет өнеріндегі қазіргі танымал тұлғалар туралы пікір алмасыңыз.
- •3. Абай атындағы опера және балет театрындағы «Біржан сал» қойылымын көріп, алған әсеріңізді айтып беріңіз.
- •Қазақ театр өнерінің дамуы
- •5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •1. Ой шақыру сұрақтарына жауап беріңіз
- •Қазақша-орысша грамматикалық терминдер сөздігі
- •Морфология
- •Синтаксис
Он төртінші тақырып
КҮЙ АТАСЫ - ҚҰРМАНҒАЗЫ
1. Ой шақыру сұрақтарына жауап беріңіздер.
1) “Күй” дегенде көз алдарыңызға нені елестетесіз?
2) Сіз күй тыңдайсыз ба?
3) Қандай күйлерді білесіз?
4) Күйді қандай музыкалық аспаптарда орындайды?
2. Берілген екі қатардан синоним сөздерді табыңыз. Жарасымды құрметті
назар көңіл
сыйлы өжет
теңселу сәнді
бір сыдырғы сый
тәлім білім, сабақ
әуес болу әжептәуір
қайсар қозғалу
қызығу, айналысу
3. Жоғарыдағы синоним сөздермен сөз тіркестерін құраңыз.
Үлгі: қызмет көрсету, көңіл аудару
Мәтінді оқыңыз
Күй
«Жауын» қолға түсірген түрікпеннің жас батыры көңілі шалқып, дутарын қолына алады да түрікпеннің бір күйін безілдете жөнеледі. Тұтқын қазақ күйшінің жанындағы түрікпен шалына қарап, байлаулы қолын шештіруін өтінеді. Ауыл ақсақалы тұтқынның қолын шештіреді. Тұтқын қазақ саусақтарын ашып-жұмып, қолы аздап жазылған соң жас батырға қарап үн-түнсіз “дутарыңды бере тұр” дегендей қолын созады. Тұтқынның бұл қылығына таң қалған түрікпен батыры “не істер екен” дегендей қазаққа дутарын ұсынады.
Тұтқын қазақ дутарды қолына алды да, оның құлақ күйін келтіріп алып, сәл бөгеліп қазақтың бір күйін төгілте жөнелді. Салалы саусақтары жорғалай майпаңдап, құрақ мойын дутардың сағағында бұлдырай жөнелді. Түрікпеннің жас батыры манағы жауығуды түгел ұмыттырып, күй ырғағымен теңселе бастайды. Тұтқын қазақтан мұндай өнерді күтпеген үй-ішіндегілер аң-таң, әлгі тартылған күйден кейін оның құдіретті әсерінен айыға алмай, біраз үнсіз отырып қалады. Біраздан соң түрікпен ақсақалы тұтқынға өзгеше ризашылықпен қарап тіл қатады:
– Жігітім, әлгі тартқаның Абылдың күйі емес пе? – деп сұрайды күйшіден.
– Ия, ақсақал, соның күйі.
Күйді Абылдың өзінен үйрендің бе?
Егер мен Абылдың өзі болсам қайтесіз?! – дейді күйші.
Не дейді? Сен Абылдың өзісің бе?
Тұтқын қазақ үнсіз басын изейді. Түрікпен ақсақал жас батырға “Сен кімді тұтқындағаныңды білесің бе?” дегендей жақтырмай қарайды. Абыл Тарақ ұлының күйшілік атағы көрші түрікпен еліне мәлім болған кезі екен (Абыл – артына бірнеше күй қалдырған, тарихта болған адам. Ол 19 ғасырдың аяқ кезінде дүние салған).
– Жә, қазан асыңдар! Егер Вели Абылды ұрымен шатастырып осында айдап әкелмесе, оның күйін өзінен ести алар ма едік, - дейді қария.
Жаңа ғана Абылға “қазақ ұрысы” деп, өштене, жауыға қараған түрікпендер құрметті қонағы келгендей мәре-сәре болады, одан кешірім сұрайды. Тұтқын бұл елдің қонағына айналады. Күй құдіреті – жауыққан түрікпен мен қазақты осылайша табыстырады.
Тапсырмалар:
1) Мәтінді бөлімшелерге бөліңіздер
2) Мәтінге жоспар құрыңыздар
5. Мына сұрақтардың мазмұны ашатын абзацтарды немесе сөйлемдерді мәтіннен табыңыз.
а) Күй құдіреті қалайша жауыққан екі елді табыстырды?
б) Неліктен жас батыр күйші екенін айтпай, күй орындауға бірден кірісті?
в) Түрікпен ақсақалының күйге деген көзқарасы қандай?
г) Мәтіннен күйдің “адамша сөйлейтінін” көрсететін дәлелдемелерді табыңыз.