Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД - KZ.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
594.94 Кб
Скачать

Алтыншы тақырып мінез және келбет

  1. Мәтінді оқыңыз. Адамның келбетін сүреттейтін сөздерді іріктеп жазыңыз. Келбет

Грамматика: Сөздің сөз тіркесіндегі валенттілігі

Ғаламзат есімдерінің қатарында дене мүшесі атауларын білдіретін зат есімдердің де сын есімдермен валенттілік байланысындағы актанттық құрамы әртүрлі сипатта болады. Мәселен, бас зат есімінің актанттық құрамында заттың сыртқы сипатына қатысты сындық белгіні білдіретін жалпақ, үлкен, домалақ, сопақ сын есімдері актант қызметінде қолданылса, көз зат есімінің актанттық құрамында  қара, көк, қоңыр, ала  (қарасы мен ағының аз не көптігіне байланысты. -Г.С.), үлкен, қысық, мөлдір, тұнық сын есімдері қолданылады. Дене мүшесі атауларының ішінде көз зат есімінің тіркесімділік әлеуеті бұл топтағы басқа сөздерге қарағанда әлдеқайда кең болғанымен, бұл зат есім түсті немесе сыртқы пішінді сипаттайтын барлық сын есімдермен валенттілік байланыста болмайды. Мысалы, сары, шұбар, күлгін т.б.  Ал бет, арқа, құлақ, қол, аяқ зат есімдерінің сын есімдермен тіркесімділігі мүлдем шектеулі. Мысалы: Ербол күле түсіп, үлкен қоңыр көздері жалт етіп, Абайға қарады (М. Әуезов). Федоров тұздай көк көзін Еламаннан тайдыра берді (Ә. Нұрпейісов). 

  1. Берілген зат және сын есімдермен сөз тіркестерін құраңыз.

Тапал (үй, жігіт, адам, ағаш, пеш, дауыс); сары (шаш, көз, мұрын); көз ( ала, шұбар, үлкен, қоңыр).

3. Сұрақтарға жауап беріңіз

1) Мінез деген не?

2) Келбет деген не?

3) “Мінезі ашық адам” дегенді қалай түсіндіресіздер?

4) “Жылқы мінезді, ит мінезді” деп қандай адамдарды айтады?

3. Қатал-жұмсақ, көңілді-көңілсіз, ашық-тұйық, сабырлы-салмақты, сабырсыз, ұшқалақ, жеңілтек, ақылды-ақымақ т.б. сөздерді мінезді суреттеу үшін қолданып, портрет жасап көріңіз.

Жетінші тақырып замандас келбеті

Тілеухан Бекболат Қанайұлы – Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты. 1966 ж. 7 тамызда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы Атасу елді-мекенінде дүниеге келді. Білімі – жоғары, Қазақ Ұлттық техникалық университетті инженер-металлург мамандығы бойынша, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваторияны оқытушы, концерттік орындаушы мамандығы бойынша тәмамдады.

Білім беру және мемлекеттік басқару органдарында жұмыс атқарып жоғары тәжірибе жинақтаған: Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваторияда халықтық ән салу кафедра меңгерушісі, Республикалық Гвардияда Президенттік оркестрдің халық музыкасы ансмблінің жетекшісі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және қоғамдық келісім Министрлігінің Мәдениет Комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі қызметтерін атқарды.

2004 ж. «Отан» Республикалық саяси партиядан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің үшінші шақырылым депутаты болып сайланды, әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің мүшесі, «НҰР ОТАН» Халықтық-демократиялық партиясының депутаттық фракциясының мүшесі.

Ғылыми дәрежесі – доцент, халықтық ән салу және орындаушылық шеберлік мәселелері бойынша бірнеше ғылыми еңбектері бар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Сыйлығының және Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты. Республикаға сіңірген еңбегі үшін «Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері» құрметті атағы берілді, «Парасат» орденімен марапатталды.

Тілеухан Бекболат Қанайұлы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты бола тұрып өзінің сайлаушылары үшін біраз әлеуметтік мәселелерді шеше білді, мәдениет қызметкерлеріне көмек көрсете білді

Тілеухан Бекболат Қанайұлы депутаттық құқығын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бағышталған депутаттық сауалдарында білім беру, мәдениет, тіл, салауатты өмір салты, экология, тұрғын үй мәселелерін көтеріп отырды.