Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД - KZ.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
594.94 Кб
Скачать

3. Мәтіндегі көп мағыналы сөздерді жазып алып, олардың мағынасын анықтаңыз. Үшінші тақырып жас отбасы және дәстүр

1. Мәтінді оқып, түсініңіз.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабына сәйкес «неке, отбасы, аналық, әкелік және балалық шақ мемлекеттің және отбасының қорғауында». Біздің қоғамымыңызда отбасы тұрақтығын қамтамассыз ету өте маңызды іс болып табылады. Шынайы махаббат негізінде, өзара түсініктемеде және өзара құрметтпен құрылған отбасы – біздің қоғамымыздың басты негізі.

Отбасының рөлдік құрылымы деп, ондағы жеке мүшелердің белгілі бір қоғамдағы ереже – нұсқауларға, әдет-ғұрыптарға, т.б. негізделген өзара іс-әрекет, қатынастардың жиынтығын айтады.

Әдет – ғұрып, салт бойынша отбасында әйел адам үй шаруашылығын жүргізу, бала табу және баланы тәрбиелеу қызметін атқарса, ер адам үй және шаруашылық иесі, отбасының тұрақты тіршілігін экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етеді.

Сөйтсе де еркек пен әйел функциялары өзгеріп отыруы мүмкін. Бүгінгі күні көптеген әйел адамдар өндірісте жұмыс істейді және жалпы отбасылық шешімді қабылдауға қатынасады. Мұның өзі отбасының атқартын қызметінің барлық жағына әсерін тигізеді, әсіресе, демографиялық (туу) тәртібіне зор ықпалын тигізіп, жаңа сәбилердің дүниеге келуін азайтты, некелік айырылысу көбейіп кетті. Бұл жағдайды қалай түзеуге болады? Сіздің ұсынысыңыз қандай? Осы сұрақтарға жауап беріп, мәтінді жалғастырыңыз.

  • Сөздік

Дәстүр – традиция

Неке- брак

Неке куәлігі → свидетельство о браке

Тұрақтылық – устойчивость, стабильность

Қамтамасыз ету – обеспечить

Қоғам – общество

Ереже – правило

Іс-әрекет – действия

Әсер – 1.влияние, воздействие; 2. Впечатление

Некелік айрылысу – развод

Ұсыныс – предложение

2. Тапсырма орындаңыз:

А) Мәтінде неше абзац бар

Ә) Әр абзацқа ат қойыңыз.

Б) Абзацтарды қандай идея біріктіріп тұр?

3. Мына тұрақты сөз тіркестерін жаттап алыңыздар

Көзі тірі - жив, здравствует Көзге оттай басылу - показаться особо близким, родным Көзге түртсе көргісіз - тьма, мрак, очень темно, темень Көзді ашып-жұмғанша - вмиг, моментально Көк ала қойдай қылу - сильно избить Көк долы - вспыльчивый, сварливый Көк ми, су ми - глупый, бестолковый Көкжал бөрі - смелый Көңіл көтеру - веселиться  Көңілі суу - разочарование в ком-либо Көңілі құлазу - быть не в настроении Күдер үзу - терять надежду Құтты орнына қондыру - устроить чью-либо судьбу, удачно выдать замуж Қыпша бел - гибкий, стройный стан

Грамматика

Фразеологизімдер – тұрақты сөз тіркесі. Мысалы: аузына берік, құлағын түрді, қоян жүрек, тісті қайрау.

Төртінші тақырып қазақстан республикасындағы демографиялық мәселелер

  1. Мәтінді оқып, ұғыныңыз.

Демографиялық саясаттың мақсаты, міндеттері және қағидаттары

Демографиялық саясаттың мақсаты - дсмографиялық процестердегі жағымсыз тенденцияларды жою, құлдырап азаюды болдырмау, ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес халықтың сандық және сапалық өсуін қамтамасыз ету.

Демографиялық саясатты іскс асыру кезінде мемлекепік өкімет органдарының алдында мынадай міндетгер тұр:

  • өсіп-өнуді қоса алғанда, халықтың денсаулық жағдайын жақсарту;

  • олімді азайту және соның көрінісі ретінде өмірдің үзақтығын ұлғайту;

  • тууды тұрақтандыру және оны болашақта ұрнақтарды толық алмастыруды және халықты ұдайы көбейтудің кеңейтілген режимін қамтамасыз ететін деңгейге дейін арттыру;

  • отбасының тыныс-тіршілігі жағдайын жақсарту, отбасы-неке қатынастарын нығайту;

  • көші-қон процестерін реттеу;

  • коғам және жеке адам деңгейінде халықтың денсаулығы үшін жауапкершіпікті арттыру;

  • экологиялық зілзаланың жағымсыз зардаптарын жеңу.

Мемлекеттік демографиялық саясат мына қағидаттарға негізделеді:

  • нәсіліне, ұлттына, дініне қарамастан елдін барлык, азаматтарының тендігі;

  • осіп-өнуді және өтбасын жоспарлауауды еркін таңдау;

  • аса маңызды әлеуметтік функция ретінде аналықты, БҰҰ-ның "Баланың құрықтары туралы" және "Әйелдерге катысты кемеітушіліктердің барлық нысындарын жою туралы" Халықаралық Конвенцияларына сәйкес басының нелері ретінде балалардың мүдделерін сақтау кезінде өз балаларын тәрбиелеуде ата-ананың тең міндеттерін тану;

  • тууға, өлімге, өмірдің ұзақтығы меи демографиялық және көші-қондык процестердегі жаңа тенденцияларды ескере отырып, көші-қонға ықпал етудің түрлі шараларын қамтитын кешенді көзқарас;

  • демографиялық саясатты іске асыруда бірыңғай негізін қалайтын нормалардың негізінде орталық жәме аймақтық органдардың тиімді өзара іс-қимыльн қамтамасыз ететін аймақтық ерекшеліктерді есепке алу;

  • халықтың экологиялық қауіпсіздігі, биологиялық әралуандықты сақтау және табиғатты үтымды пайдалануды ұйымдастыру.