Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ндірісі.doc
Скачиваний:
99
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.82 Mб
Скачать

Пісіру құбырларының түржиыны мен техникалық талаптары

Пісіру құбырларын қабырғасының қалыңдығы 0,5 – 28 мм, диаметрлері кіші (5‑114 мм), орташа (114‑480 мм) және үлкен (480‑2520 мм) болып дайындалады.

Диаметрлері кіші пісіру құбырларын автомобиль және трактор өндірісінде, ауылшаруашылық, энергетикалық, химиялық және мұнай машинажасауында, сондай‑ақ құбырлы электрқыздырғыштарын жасағанда және басқа құрылғыларда қолданылады ( 2‑кесте).

Диаметрі орташа (159‑480 мм) құбырларды төменгі қысымды бу жолдарына, газ жолдары мен мұнай жолдарына, сондай‑ақ мелиорацияда, сумен қамтамасыз етуде, коммуналдық шаруашылығында әртүрлі бөлшектердің құрылғыларын жасағанда пайдаланады.

Диаметрі орташа пісіру құбырларының өлшемдерінің шекті ауытқулары мен түржиыны төменде келтірілген:

Диаметрі, мм 159‑180; 194‑203; 219; 245; 273; 351‑377; 402‑426; 476‑480

Қабырғасының

қалыңдығы,мм 1,8‑ 2,0‑ 2,5‑ 3,0‑ 3,5‑ 4,0‑ 4,0‑ 5,0‑

8,0 8,0 9,0 9,0 9,0 10 12 12

Ескерту 1. Диаметрдің шекті ауытқуы 1,0%; диаметрі 159‑180 мм ‑ 0,8% .

2. Қабырғаларының шекті ауытқуы МЕСТ 19903‑74 талаптарынан апауы керек.

3.Пісірілген жердегі гратта қабырға қалыңдығының қалыңдауы 0,15 мм‑ге рұхсат етіледі.

Диаметрі үлкен түзужікті және спиральжікті құбырлар газ, мұнай, мұнай өнімдерінің құбыржолдары үшін, сондай‑ақ төмен қысымды су және бу жолдарына арналады.

Пісіру құбырларының кеңінен қолданылуына, олардың жіксіз құбырлармен салыстырғанда, төменірек (15‑20 %) құны, олардың өндірісін қысқа мерзімде, аздау күрделі шығындармен ұйымдастыруға болатындығы, ықпал етеді. Әлемдік құбыр өндірісінің көлемінде пісіру құбырларының үлесі шамамен 60% құрайды.

2‑кесте. Пісіру құбырларының түржиыны

Құбыржолдарына арналған пісіру құбырларын құрылыста әртүрлі ғимараттарды жинастыруға, мұнай, бензин, газ, бу, су, майлар т.б. тасымалдауға қолданады.

Сугазжолдарының құбырларын МЕСТ 3262‑75 бойынша пісіріп, келесі типмөлшерлер бойынша жасалады: жеңіл (Sт= 1,8‑4,0 мм), әдеттегі (Sт= 2,0‑4,5 мм) және күшейтілген (Sт=2,5‑5,5 мм).

Магистральді құбыржолдарына арналған пісіру құбырларын түзужікті және спиралжікті диаметрлері 529‑2560 мм , кабырғаларының қалыңдығы 8‑25 мм етіп жасайды.Құбырлардың түржиыны мен механикалық қасиеттері 3 ‑кестеде келтірілген:

3 ‑Кесте. Құбыржолдарына арналған құбырлардың механикалық қасиеттері мен түржиыны

Күрделі геологиялық және климаттық жағдайларда пайдаланғанда құбырлардың сенімділігіне жоғары талаптар қойылатындықтан, құбырлардың беріктік және илемділік сипаттамаларына жоғары талаптар қойылады.

Әлемдік тәжрибеде агрессиялы ортада, жоғары қысыммен және солтүстік ‑ сібір жағдайында істейтін газжолдарының құбырларына қойылатын талаптар қалыптастырылды.

Шетелдік Ұлттық Ассоциацияның (NACE) инженер‑коррозионистері ылғалды күкіртсутегі ортасында шыдамды материалдар бойынша ұсыныстар мен сынау әдістемелері келтірілген стандарт жасады. Олардың ұсынысы бойынша материалдардың жарамдылығын бағалау критериі ‑ қирауға дейінгі уақыты және шекті кернеуі, яғни жүктегенде қирау басталғанға дейінгі кернеу деп алынды. Стандарт бойынша шекті кернеудің мәні (0,7‑0,9) бт. Бұл, болаттың химиялық құрамын және термиялық өңдеу ережелерін қатаңырақ сақтауды қажет етеді.

Құбыр материалы доғалы түйіспелі пісірумен төменгі температурада (- 30оС) жақсы пісірілуі керек. Барлық құбырларға гидравликалық сынақтар жүргізілуі және 100 % қиратпайтын бақылаудан өтуі қажет.

Германия және Жапонияның алдағы фирмалары, диаметрі үлкен пісіру құбырларының әлем нарығындағы негізгі өндірушілері болып табылады. Бұл фирмалар газжолдарының құбырларын өндіру үшін, тапшы легірлеуші элементтері Nb, Mo, Ni т.б. бар, беріктік сипаттамалары 600 МПа, илемі бақыланатын болаттарды пайдаланады.

Құбыржолдарын тоттанудан қорғау үшін, пайдалану жағдайына байланысты, қорғайтын әртүрлі қаптамалар қолданылады: қағаз‑битумды, полиэтиленді, эпоксидті қаптамалар.

3-Дәріс.

Пісіру құбырларына арналған дайындамаларды өндіру.

Диаметрі үлкен пісіру құбырларының дайындамалары.

Диаметрі үлкен пісіру құбырлары үшін дайындамаларды – жаймалар мен ыстықтай илемделген тілікшені, оттекті – конверторлы, мартенді және электр пештерінде шығарылған болаттардан жасайды. Қалың жаймаларды немесе ыстықилемделген енді тілікшені илемдеу үшін қажетті слябіні, үздіксіз құю тәсілімен немесе құймаларды алдын ала слябингте илемдеумен алады. Слябаның көлденең қимасы 150‑300 мм арасындағы қалыңдықта және ені 1000‑1200 мм аралығында, жайманың немесе тілікшенің ақырғы өлшеміне байланысты, есептеу жолымен таңдалады.

Жайма илемдеу орнақтарында бұл слябтар қалыңдығы 10‑30 мм жаймаға, одан кейін, кең енді орнақтарда қалыңдығы 5‑15 мм ыстықтай илемделген, енді тілікшеге илемделеді ( 4‑кесте). Жайманың ,әдетте, әрқайсысы жеке өңделеді, ал ыстықтай иленген тілікше орамаға оралады.

Құбырларды жасауға арналған жаймаларды өндіргенде қажетті беріктік сипаттамалары, оның ішінде төменгі температурадағы жоғары соққы тұтқырлығы, бақыланатын илемдеу технологиясын (деформация көрсеткіштері мен температураның белгілі қатынасы) қолданумен орындалады, мұнда илемдеуден кейінгі термоөңдеу жасалмайды. Диаметрі үлкен пісіру құбырларын өңдеуге арналған жаймалардың өлшемдері 4–кестеде келтірілген.

4‑кесте. Диаметрі үлкен пісіру құбырларын өңдеуге арналған жаймалардың өлшемдері.

Бақыланатын илемдеу соңғы жылдары АҚШ, Жапония, Германия және басқа елдерде кеңінен таралым тапты. Ресейде де бұл тәсіл бірнеше комбинаттарда игерілді.

5‑кесте. Өндіру әдісіне байланысты диаметрі әртүрлі құбырларды алуға арналған штрипс өлшемдері.

Бақыланатын илемдеу технологиясы бойынша магистральді құбыржолдарына арналған қажетті беріктік сипаттамасымен жайма алу, осы мақсат үшін бұрын қолданып келген жаймаларды термиялық өңдеумен салыстырғанда, үнемділеу болып табылады.

Орамалардағы штрипс, таспа, және тілікшелерді, оларды өңдеу кезінде бақылайды, ал одан әрі пісіруге дайындауды және бақылауды, құрамында дайындау тізбегі бар, құбырпісіру орнақтарында орындайды. Қажетті кіріс бақылауын дайындама қоймасында жүргізеді. Қалыңдығы 2,25‑5,0 мм және ені 43‑400 мм сугазжолдарының пісіру құбырларын дайындауға арналған штрипс (дайындама) өлшемдері 5‑кестеде келтірілген.

Орамалардағы таспаларды құбыр пісіру орнақтарының әртүрлі типінде құбырлардың кең түржиынын жасау үшін қолданады (6‑кесте).