Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ндірісі.doc
Скачиваний:
99
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.82 Mб
Скачать

6‑Кесте.Әртүрлі типті құбыр пісіру орнақтарында құбырды жасауға қолданылатын таспалардың өлшемдері.

Диаметрі кіші құбырларды өндіргенде дайындама есебінде оралған енсіз таспаны қолданады, оны арнайыландырылған агрегатта (3‑сурет) енді таспаны жазып , оны енсіз таспаларға тіліп, енсіз орама жасайды:

Орамаланған алғашқы жолақ

Орама диаметрі, мм

сыртқы 1100‑1800

ішкі 700

Орама массасы, т 3,0 – 1,5

Жолақ ені, мм 700‑1550

Жолақ қалыңдығы, мм 0,8‑ 6,0

Тілгеннен кейінгі дайын орамалар

Орама диаметрі, мм

сыртқы <1800

ішкі 750

Орама массасы, т < 15,0

Жолақ ені, мм 60‑1500

Дискалы қайшыдан өткізгеннен кейінгі жолақ саны

Жолақ қалыңдығы мм‑ге дейін:

  1. 15

  2. 11

  3. 9

  4. 5

Жылдамдық көрсеткіштері

Жолақтың жылжу жылдамдығы, м /с:

енгізгенде 0,5

жұмыс жылдамдығы:

қалыңдығы 0,8‑2,5 мм, < 5

2,5 – 6,0 < 3

3 ‑сурет. Ораманы тарқатуға арналған эмбебаптандырылған агрегат сұлбасы:

1‑қабылдаушы қадамды конвейер, 2‑аударғыш, 3‑орама иіп тарқатушы, 4‑центрлеуші аунақшалар, 5‑жайма түзетуші машина, 6‑ қайшы, 7‑ таратушы аунақшалар, 8‑тұзақтық стол, 9‑тартушы және центрлеуші аунақшалар түйіні, 10‑дискалы қайшы, 11‑жолақтарды бөлетін қондырғы, 12‑жолақтарды орайтын қондырғы, 13‑ тірек, бұрылу сырықтарымен

Спиральжікті құбырларды өндіруге арналған құбыр пісіру агрегаттарында жолақ дайындау тізбегінің жабдықтары тұтас бұрылатын платформада орналасқан, ол қалыптайтын қондырғыны айналып тұрады. Жайманы дайындау тізбегін орнату бұрышы 5‑тен 45о‑қа дейін шығаратын құбыр диаметріне байланысты өзгеріп тұрады.

Пісіру құбырларын шығаруға арналған дайындамаларды дайындама беруші завод бақылайды. Жайма бетін көзбен бақылап көргеннен кейін, әрбір жайма ультрадыбыстық бақылаудан өтеді. Құбыр цехтарында қайталап арасынан таңдап немесе тұтастай бақылау жасайды. Өнімді бақылау тәсілдері 7‑кестеде келтірілген.

7‑Кесте. Өнімді бақылау тәсілдері

Ақаулық түрі

Дайындама

Жайма

Жолақ

беті

қырлары

Металл емес қосындылар

УЗД

УЗД

УЗД

Ортасының ақаулары

УЗД

-

УЗД

Флокены

УЗД

УЗД

-

Бетінің ақаулары

В

В

В

Е с к е р т у: УЗД – ультрадыбыстық дефектоскопия; В – көзбен қадағалау

4-Дәріс.