Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ндірісі.doc
Скачиваний:
99
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.82 Mб
Скачать

8‑Кесте. Қорамалау ‑ пісіру орнақтары жабдықтарының сипаттамалары

Көрсеткіштері

Қондырғы типмөлшері

Қапас саны, дана:

жалпы

горизонтальды

тік

6

3

3

8

4

4

6

3

3

6

3

3

Білік диаметрі, мм:

бірінші қапас

басқа қапастары

370

350

370

350

240

180

400

350

Біліктің айналым саны, мин-1

47,8-104,4

47,8-104,4

35-140

37,3-169

Бөшке ұзындығы, мм

150-200

150-200

127-172

-

Пісіру жылдамдығы, м/мин

50-92

50-92

25-122

50-96

Негізгі қозғалтқыш:

саны, дана

қуаты, кВт

айналым саны, мин-1

жалпы қуаты, кВт

6

55

300-1200

330

8

70

300-1200

560

1

22

400-1600

22

6

55

300-1200

330

Орнақтың электржабдықтарсыз массасы, т

54,5

-

60,0

57,6

Электрпісіру құбырларының өндіру тәсілдері процестің өту сипатымен, құбырлардағы жіктердің саны және бағытымен, құбыр дайындамаларын қорамалау әдісімен және құбырларды пісіру әдісімен жіктеледі.

Процестердің өту сипатына қарай үзіліссіз және дискретті (үзіліспен) құбырларды өндіру әдістері деп бөледі. Үзіліссіз әдіспен оралған болаттан немесе жеке түйістіріліп пісірілген жаймалардан диаметрі кіші (D≤114 мм) және орташа (D=114‑530 мм) түзужікті құбырлар жасайды. Дискретті әдіспен жеке жаймалардан немесе алдын‑ала пісірілген жаймалардан диаметрі үлкен (D≥ 530 мм) құбырларды, сондай‑ақ көпқабатты құбырларды жасайды.

Құбырлардағы жіктердің саны және бағытымен біржікті және екіжікті, түзужікті және спиральжікті құбырлар деп бөледі. Түзу жігімен екіжікті құбырларды үлкен диаметрмен шығарады. Біржікті құбырларды түзу жігімен шығару алғашқы жайма енімен шектеледі. Спиральжікті құбырларды өндіргенде енсіздеу жаймадан диаметрі үлкен құбырларды алу қамтамасыз етіледі.

Жаймалы құбырлық дайындаманы қорамалау әдісімен келесі топтарға бөледі: білікті ‑ диаметрі кіші, орташа және үлкен түзужікті құбырларды өндіргенде; баспалы – жаймаларды шеңберлі дайындамаларға немесе жаймаларды жартылай цилиндрлерге қорамалағанда; білікті‑оправкалы немесе төлкелі типті орнақтарда – спиральжікті құбырларды өндіргенде; біліктерде – жаймаларды немесе алдын‑ала пісірілген жаймаларды қорамалағанда.

Құбырларды пісіру әдісімен флюс қабаты астында доғалы пісіру, электркедергісімен, индукциялы пісіру, жоғары жиілікті тоқпен пісіру, инертті газ ортасында доғалы пісіру, тұрақты тоқпен, электронды‑сәулелі, плазмалы және ультрадыбысты пісіру деп бөледі.

Түзужікті электрпісіру құбырларын өндірудің технологиялық сұлбасы 8‑суретте келтірілген.

8‑сурет. Түзужікті электрпісіру құбырларын өндірудің технологиялық сұлбасы:

  1. ораманы тарқату; 2‑ таспаны түзету; 3‑ тазарту; 4‑ қорамалау; 5‑ пісіру; 6‑құбырды калибрлеу; 7‑ құбырды кесу; 8‑ шеттерін кесу; 9‑ түйістіру; 10‑ таспаны орамаға орау; 11‑ таспаны тарқату; 12‑ тұзақ жасау; 13‑ құбырды қыздыру; 14‑ қалыптау

Технологиялық белгілерінің бірлескен ерекшеліктерімен құбыр пісіру агрегаттары шартты түрде келесі топтарға бөлінеді: диаметрі кіші және орташа құбырларды өндіруге арналған үзіліссіз істейтін агрегаттар; бір немесе екі бойлық жіктерімен диаметрі үлкен құбырларды өндіруге арналған үзіліссіз істейтін агрегаттар.

Пісіру құбырларын өндіруге арналған агрегаттар негізінен біртекті технологиялық операцияларды орындайды , айырмашылығы тек қана дайындамаларды қыздыру және пісіру әдістерімен ерекшеленуі.

Технологиялық операциялардың сипаты бойынша барлық жабдықтарды төрт негізгі учаскеге топтастыруға болады:

  • алғашқы дайындаманы дайындауға арналған жабдықтар;

  • қорамалау –пісіру жабдықтары;

  • берілген көрсеткіштерімен құбыр алуға арналған жабдықтар;

  • құбырларды өңдеуге арналған жабдықтар.

7-Дәріс.