Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27-01-2013_10-52-07 / экзамен.doc
Скачиваний:
79
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
144.9 Кб
Скачать

Дайындаманы қысыммен өңдеу арқылы алу

Металлды қысыммен өңдеу үрдісі жоғары өнімділікпен, қатысты аз еңбек сыйымдылықпен ерекшеленеді, металлдың тиімді шығынын қамтамасыз етеді және металлдың механикалық қасиетінің жақсаруына қатысады.

Дайындамалар соғу, ыстық қалыптау, суық көлемді қалыптау және суық беттік қалыптау арқылы алынады.

29. Құю арқылы дайындамаларды алу

Құю арқылы дайындама алу.

Дайындаманы бір рет пайдаланатын, жартылай тұрақты және тұрақты формаларға құю арқылы алуға болады.

Бір рет қолданылатын формаларға құю.

Бұл әдіс қара және түсті металдардан кез келген пішімі мен өлшемі бар дайындама алуға болады. Құю бір реттік шикі немесе құрғақ құмды форма, сырттық формалар арқылы жүзеге асады.

Құмдық формалар – қиын пішімді жауапты құймаларды алу үшін қолданылған (қызғалтқылу цилиндрлі, гитротурбинаның жұмыс дөңгелектері және т.б.). форманы таблон немесе кондукторлар арқылы алады: ол дайындамаға жоғары сапа беруге қолданылады.

Сырттық форма арқылы алынатын тетіктер, құмнан жасалған форма арқылы алынған тетіктерге қарағанда өлшемі дәлірек және беті едәуір таза болады. Сырттық формаларға сұр, қаламаны және өтебірек шойын, болат және түсті металдар құйылады. Бұл әдіспен салмағы 100 кг – ға дейін жететін тетік дайындамалары алынады. Сырттық форма әдісімен құйылу жері 10 есе аз қолданылады, еңбек өнімділігі 10-15 есе өседі, құйма цехіндегі жұмыс жеңілдейді. Бұл әдіс ірі сериялы және жаппай өндірісінде кең қолданылады. Ол қабырғаларының қалыңдығы 3 мм болатын болат құймалары, және қабырға қалыңдығы 1 мм болатын алюминий балқытпаларын алуға мүмкіндік береді. Құйма дәлдігі 4-5 класқа сәйкес келеді. Беттің тазалығы 3-4 класқа сәйкес келеді.

Балқымалы модель арқылы құю қиып пішімді дайындаманы алуға мүмкіндік береді. Оның өлшемдері дайын тетікке соншалық жақын, ол механикалық өңдеуді қажет етпеуі де мүмкін. 5 алқымалы модель арқылы аз салмақты (3 кг дейін) балқытпа алады, бірақ кейбір жағдайда едәуір үлкен балқытпалар алуға болады. Шойын құймасы минималды қалыңдығы 0,15 мм, ал алюмийдің 0,8 мм. Тісті доңғалықтың дайындамасының тістері арқылы алуға болады. Металлдың жоғары тығыздығын алу үшін центрге тепкіш немесе

центрге тепкіш – вакуумдық әдіс қолданылады.

Жартылай тұрақта формаға құю.

Құюдің бұл әдісінде формалар гипс пен, цементтен, кірпіш немесе тастан жасалады. Гипстік формалар салмағы 1 тоннаға дейін баратын шойын және түсті металл құймаларын алу үшін қолданылады. Гипстік формадағы құймалардың қабырғасы 1-1,5 мм, ал алюминий құймасының қабырға қалыңдығы 0,2 мм болуы мүмкін.

Бұл әдіс арқылы тісті дөңгелектердің тістерін цинкті валдар, турбина бөлшектері және т.б. құймалары алынады. Цементті және кірпішті формалар автотракторлы өндірісте қолданылмайды. Тастан жасалған формалар шойындық құймаларға 6 – классты тазалық деңгейін беріп, өңделетін беттің ағартуын қажет еткізбейді.

Тұрақты формада құю.

Кокиль атты металлды форма кеңінен қолданылады. Құюдың бұл әдіс құйманың 4-7 класты бет тазалығын алуға мүмкіндік береді. Металдық формада салмағы бірнеше грамнан бірнеше тоннаға жететін шойы, болат және түсті металл құймаларын алуға болады.

Металдық форманың тұрақтылығы жоғары болу үшін оны су мен салқындатады. Оның құмды формамен салыстырғанда жұмыс өнімділігін 2 есе жоғары, өндірістік ауданы 4 есе және форманың материалға шығыны 2 есе төмен болады.

Қысым арқылы құю тұрақты формаларда қолданылады және терең жазықтықтары және қабырғаларының қиын қиылыстары бар қиын жіңішке қабырғалары құймалар алуға қолданылады. Құйма құрылымы төмен болғандықтан, құмды формалардан алынатын құймалармен салыстырғанда металл беріктігін 1,5 есе жоғарылатады.

Қысыммен құйылатын формалар құны өте жоғары, сондықтан бұл әдіс тек қана жоғары сериялы және жаппай өндірісте қолданылады.

Айналатын тетіктерді құю үшін центрге тепкіш машиналарды қолдана отырып центрге тепкіш құю әдісі пайдаланылады. Бұл әдістің ерекшелігі болып, құрап қолданбай ішкі жазықтықтың пайда болуы және көп қабатты құймаларды алу мүмкіндіктері саналады. Центрге тепкіш әдісі бойынша алынған болат және шойын құймаларының дәлдігі 6-8 класс және беттің тазалығы 3 класс болады.

Соседние файлы в папке 27-01-2013_10-52-07