Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27-01-2013_10-52-07 / ОСЭТТ гос БАЯН.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
150.53 Кб
Скачать
  1. Автомобильді көліктің жылжымалы құрамын техникалық күту және жөндеу жүйесі.

Тораптардың, агрегаттардың, автомобильдердің техникалық күй параметрлерінің заңдылықтарының сандық және сапалық сипаттамаларын білу, пайдалану үрдісі кезінде автомобильдің техникалық күйін және жұмысқа қабілеттілігін толығымен басқару мүмкіндік береді, яғни оның жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және қамтып тұру. Бұл жұмыстар екі үлкен топқа ажыратылады: техникалық қүтуге және жөндеуге. Жұмысқа қабілеттілікті жоғарғы деңгеймен қамтып тұру ақаудың үлкен бөлігі ескертілуі тиістілігін талап етеді, яғни бұйымның жұмысқа қабілеттілігі ақаудың пайда болуына дейін қайта қалпына келтірілуі тиіс. Сондықтан ТК тапсырмасының негізі істен шығулармен ақаулардың тууын ескертуден, ал жөндеу оларды жоюдан (жұмысқа қабілеттілікті қайта қалпына келтіру) тұрады. Біздің республикамызда бұрындары автомобильдерді техникалық күту және жөндеу басқа да машиналар және механизмдер сияқты пайдалану үрдісінде берілген көрсеткіштерді қамтамасыз ету мақсатымен техникалық күту және жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу ретін анықтайтын өзара байланысқан жағдайлар мен межелер кешенінен тұратын техникалық күту және жөндеу жүйесі болып табылатын жоспарлық негізде өндірілді. ТК сәйкес ескертпелік сипатқа ие және автомобильдің белгілі атқарымынан кейін мүлтіксіз орындалатын жоспарлық-ескертпелік жүйе, сонымен қатар көптеген елдердің автомобильдік көлігінде пайдаланылады, ал жөндеу ережеге сәйкес сұраныс бойынша орындалады, яғни ақаудың тууынан кейін.

  1. Автомобильдерді техникалық күту түрлері.

Техникалық күту орындалатын жұмыстың периодтылығына, тізіміне және сыйымдылығына байланысты мына түрлерге бөлінеді: күнделікті күту, 1-ТҚК, 2-ТҚК және маусымдық ТҚК.

Күнделікті күту.Арналуы- қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған автомобильдің техникалық жағдайына жалпы бақылау жасау, сыртқы түрдің қалыпты жағдайда болуы.Автомобильге жанармай, май және салқындатқыш сұйықтың құйылуын қадағалау.

1 және 2-ТҚК. Арналуы- детальдің тозу қарқындылығын төмендету, отказ беру мен ақауларды анықтау және ескерту, бақылау диагностикалық бекіту, реттеу және майлау жұмыстарын уақытылы жүргізу. 1 және 2-ТҚК автомобильдің белгілі арақашықта жүріп өткенде жүргізіледі ( 1-ТҚК 2...4мың км жүріп өткеннен кейін, 2-ТҚК 6...20 мың км жүріп өткеннен кейін). 1-ТҚКда қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тораптарға диагностика мен ТҚК жүргізіледі, ал 2-ТҚКда автомобильдің тартқыштық-экономикалық қасиетін қамтамасыз ететін элементтерге диагностика мен ТҚК жүргізіледі.

Маусымдық ТҚК. Арналуы- автоколіктерді қыс және жаз мезгілінде пайдалануға дайындау, әдетте маусымдық ТҚК –ні ТҚК -1 және ТҚК-2 мен біріктіреді де жылына 2 рет өткзіледі.

Соседние файлы в папке 27-01-2013_10-52-07