Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Документ Microsoft Word (2)

.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
86.34 Кб
Скачать

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

18. “Менің білетінім, ештеңе білмейтінім” афоризмінің мағынасы. Бір білетінім – өзімнің ештеңе білмейтінім, – дейді Сократ. – Ал мына жұрт бірдеңе білетін сияқты болып жүреді, анығында еш нәрсе білмейді.Сонда өзімнің білмейтіндігімді білетіндіктен мен басқалардан көбірек білетін болып шықтым деген екен. Мен бәрін білемін деген бекер. Өйткені бәрін білемін деген адамның өзінің білмейтіні болады. Дүниенің талай құпиясын ашып, тарихтың талай тағылымын зерттеген ғалымның өзі де кейде қарапайым нәрсені білмеуі мүмкін. Сондықтан мен білемін айтуға болады, бірақ білмейтініміздің көп екенін мойындауымыз керек. Өйткені өмірдің біз білетін де, білмейтін де құпиясы көп. Менің білгенімді ол білмеуі мүмкін немесе оның білетінін мен білмеуім мүмкін. Менің білетінім, ештеңе білмейтінім деген сөздің мағынасы меніңше білемін деп аз ғана білгеніңмен тоқтап қалмай, білмейтініңді білетіндерден сұрап, үнемі ізденісте жүруге шақыратын сөз болса керек.

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

19. Н.Маккиавеллидің мемлекет туралы философиялық көзқарастары. Жаңа дәуірдегі алғашқы теоретиктердің бірі итальяндық НИККОЛО МАККИАВЕЛЛИ (1469 - 1527) болды.Маккиавелли мемлекетті үкімет пен азаматтары арасындағы олардың қорқуы мен жақсы көруіне тірелетін қатынас ретінде қарастырды. Егер де үкімет қастандықтар мен наразылықтарға итермелемесе, егер де қол астындағы азаматтардың қорқуы өшпенділікке, ал жақсы көруі жек көруге айналмаса, онда мемлекет мызғымайды.Маккиавелли назарының өзегінде - үкіметтің қол астындағы азаматтарға әмір бере білунің шынайы қабілеттері.Маккиавелли мемлекет мұраты мен оның беріктігінің негізін жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен меншіктерінің мызғымастығы деп санады. Жеке меншіктің мызғымастығын, сол сияқты жеке тұлғаның қауіпсіздігін Маккиавелли бостандықтың игілігі деп атады, мемлекеттің мұраты мен оның беріктігінің негізі деп есептеді. Маккиавелли ілімінің ерекшелігі оның аралас республиканы күресуші әлеуметтік топтардың ұмтылыстары мен мүдделері келісімінің нәтижесі және құралы деп есептегенінде.Маккиавелли халықтың бұзылғандығы туралы тарихшылардың ортақ пікірін жоққа шығаруға тырысты. Бұқара халық әміршілерден гөрі тұрақтырақ, адалырақ, дана және пайымдағыш. Егер де жеке билеуші әмірші заңды жақсы құрса, жаңа құрылыстар мен жаңа мекемелерді құратын болса, халық сол құрылған құрылысты артық сақтайды. Халық жалпы мәселелерде көп қателессе де, жеке мәселелерде өте сирек қателеседі. Ақсүйектердің халықтан айырмашылығы бар, оны Маккиавелли мемлекеттің болмай қоймайтын және қажет бөлігі деп санады. Аристократтар қатарынан мемлекеттік қайраткерлер, лауазымды адамдар, әскери басшылар шығады.Маккиавелли саясаттың маңызды құралы деп дінді санады. Маккиавелли дін - адамдардың ақыл-ойы мен парасатына ықпал етудің күшті құралы деп тұжырымдады. Нақ осы себептен мемлекеттердің негізін қалаушылар мен данышпан заң шығарушылардың барлығы құдайдың әміріне жүгінген. Жақсы дін бар жерде әскер құру оңай. Мемлекет дінді қол астындағы азаматтарды басқару үшін пайдалануға тиіс. Маккиавелли католик шіркеуі мен діндарлардың елді бытыратып ұстағандарын бетіне басты.

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

20. Антикалық философияның классикалық кезеңі. Б.з.д. IV Антикалық қоғамда бүкіл мәдениет, соның ішінде философия да өзінің биік сатысына көтерілді.Сол антикалық философияда үлкен төңкеріс жасаған ұлы ойшылдар- Платон мен Аристотель болды. Дүниеге идеалистік көзқарасты қорғаған Платон сол заманның материалистік ілімдеріне қарсы белсенді күресті. Платон объективті идеализмнің жүйесін жасады. Сезім арқылы қабылданатын «заттар дүниесіне» «идеялар дүниесін» қарама-қарсы қойды. Идеялар объективті түрде табиғат пен қоғамға тәуелсіз өмір сүреді. Нақтылы «заттар дүниесін» Платон көлеңкелер дүниесі деп атады, өйткені заттар дегеніміз идеялардың көшірмелері, көлеңкелері ғана деді. Платон философиясында «идеялар дүниесі»– «Эйдос» деп аталады.Сезімдік дүние «идеялар» мен «материяның» туындысы, арасында, екеуінің ортасын,да тұрады. «Идеялар» мәңгілік, аспаннан да биік, олар туылмайды, пайда болмайды, өлмейді, салыстырмалы емес, кеңістік пен уақытқа тәуелді емес..Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) – ежелгі грек философы, логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист-ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие. Афиныдағы Платон мектебінде тәрбиеленді. Платонның денесіз форма жөніндегі («идеялар дүниесі» пікірін) теориясын сынаса да «идеялизм мен материализм» арасында екі ұдай күйге түсіп платондық идеяны толықтай жоққа шығара алған жоқ. 335 ж. Афиныда өз мектебін (Ликей деп аталды) ашты. Аристотель философияны үш салада бөліп қарастырды: 1) Теориялық бөлімі; 2) Практикалық бөлім – адамдардың іс-әрекеті жөнінде ; 3) Поэтикалық бөлім. Аристотель табиғатты «материяның» «формаға», «форманың» «материяға» біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

21. Креационизм, теоцентризм, догматизм ұғымдарының мағынасын анықтау. Креационизм - жер, сонымен бiрге әлем ғаламшар (өмiр ) тiрi табиғаттың негiзгi формаларына сәйкес теологиялық және дүние тану тұжырымдама адам баласы негiзiнен, жаратушымен немесе құдай тiкелей жасалған болып сияқты қаралады.Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылысым күш – Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады. (Ортағасырлық философияға тән).Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

22. Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары. Ең басты ерекшелігі - саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерекшелік сол кездегі Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікелей туындайды. Көне Қытай мемлекеті иерархиялық деспотия үстемдік қүрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы ван барлық билік соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында орналасқан. Одан кейінгі қабаттарда әр түрлі деңгейдегі ақсүйектер: мемлекеттік шенеуніктер - чжухоу беделді отбасылар - дафу және ши, ең төменде - ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан2) Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі - адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанымен, бұл дүние адам үшін «жаратылмаған, адам - қарапайым "микрокосм", табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған керінбейтін жіптермен байланысты деп түсіндірді. 3) Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады. Ежелгі мифтердің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру, адам және қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мәселелеріне басты назар аударылды. 4) Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бүл мәселелерді "инь-ян" мектебі немесе натурфилософтар, моистер және даосизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды.Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа — мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі.

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

23. Әл-Фарабидің саяси-әлеуметтік көзқарастары. Әбу Насыр әл-Фарабидiң (870—950 жж.) еңбектерiнде орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билiк пен құқық туралы ойлар жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және билiк арасындағы айырмашылықтарға көңiл бөлмеген араб философтары бұл ұғымдарды синонимдер ретiнде бағалап саясат пен саяси iлiмнiң басқа варианттарын (нұсқаларын) ұсынды. Саяси мәселелердi қарастыруда араб-мұсылман философиясы көп жағдайда ежелгi грек философиясына, әсiресе Платон, Аристотельдiң көзқарастарына сүйендi.Әл-Фараби қоғамды мемлекеттен бөлiп қарамайды. Қоғамның өзi адамның ағзасы сияқты «Қайырымды қала» дене мүшелерiнiң бәрi де тiршiлiк иесiнiң өмiрiн сақтау, оны анағұрлым толыққанды ету үшiн бiр-бiрiн толықтырып тұратын адамның сау тәнi секiлдi көрiнедi. Өйткенi, қоғам да оның толыққанды мүшелерiнен тұрады және олар да бiр-бiрiн қажетсiнедi. Адамдардың әлеуметтiк теңсiздiгi туралы айтқан әл-Фараби «адамдардың әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман әрекеттер де әуел бастан жаратылысынан дарымайды» олар адамдардың бiр-бiрiне деген үстемдiк құруға ұмтылысынан пайда болған деген ой түйедi.«Қайырымды қала» трактатында әл-Фараби әлеуметтiк әдiлеттiлiк пен еркiндiктi орнықтыратын — iзгiлiктi қоғам туралы ой қозғайды.

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

24. Космоцентризм, перипатетизм, номинализм ұғымдарының анықтамасы. Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Ежелгі Грекия).Перипатетизм (грек. perіpateo — серуендеу) — Аристотель философиясының ізбасарлары. Аристотель өзінің тыңдаушыларымен лицей бағында серуендеп жүріп сабақ беріп, пікір алысуды әдетке айналдырған. Осыған байланысты оларды Перипатеттер мектебі деп атаған..Номинализм (латынша nomen - ат, атау) - жалпы ұғымдар, универсалийлер ойдың субъективті формалары, жәй ғана сөздер, заттардың белгілері мен атаулары ғана, ал ойлаудан тыс ешқандай объективті шындықты бейнелей алмайды деп пайымдайтын философиялық көзқарас.

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

25. Гегельдің абсолюттік идеализмі. Гегель өз философиясының бастамасы етіп абсолют идеясын алды. Абсолют — құдай барлық заттарда бар, бірақ тек таза ақыл-ойда ғана өзіне-өзі тең болады. Абсолюттік идея – нағыз шындық, болмыс және барлық материалдың денелердің түпнегізі және мәні. Оның негізгі атрибуттарының бірі — әмбебап жалпылық. Ол тұрақты және мәңгі. Абсолюттік идеяға әрекетшілдік тән, себебі ол — таза ақыл-ой, ақыл-ой әрекетшіл болмаса өмір сүре алмайды. Осы қасиетінің арқасыңда ол жай ақыл-ой болып қалмайды, материалдық денелерге айналады. Бұл процесс төменде көрсетілгендей жүзеге асады. Рух өзінен табиғат туралы таза ойын босатып, заттандырады және сол заттандырылған табиғаттың өзінде өзінің басқа болмысы ретінде сақталады. Сөйтіп, ол өзінің диалектикалық мәнін көрсетеді. Таза акыл-ой дамуының диалектикасы табиғаттың, қоғамның, адамның ойлау қабілетінің жалпы заңы болып табылады. Осыдан келіп Гегель табиғаттың, қоғамның, адам ақыл-ойының әр турлі даму кезеңі абсолюттік идеяның әр түрлі даму сатысына саяды деген тұжырым жасайды. Даму ироцесі, Гегельдің пікірінше, белгілі бір кестемен жүзеге асады: тезис (нақтылану), антитезис (нақтылануды теріске шығару) және синтез (терістеуді терістеу).

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

26. Ортағасыр христиан философиясының ерекшеліктері, бағыттары. Ортағасыр христиан философиясының негізгі 3 ерекшеліктері: 1) адам,әлем, құдай туралы философиялық ілім мен діни қолжазбалардағы дүниетаным араласады(дін үстемдік етеді).2) теология бірінші орынға шықты. 3) философия діни ілімнің ықпалында болды.Орта ғасыр христиан философиясының басты ерекшелігі – дінге арқа сүйеп, дінге тәуелді болғаны, діннің сойылын соққаны. Философияның мұндай кіріптар хәлін әдебиетте «философия – Құдай сөзінің қызметшісі» деген формуламен білдіреді.Орта ғасыр философиясының басты нысаны – Құдай болды: теоцентризм . Апалогетиктер христиан дінінің өнегелік қағидаларының артықшылығын ескере отырып, оны мемлекеттік дінге айналдыру керек деген идеясы, құдайдың мәні мен табиғаты, әлемнің жаратылуы, адам табиғаты және өмір сүру мақсаты туралы көтерген мәселелері орта ғасыр философиясының келесі сатысы-патристика, схоластика кезеңдерінде өз көріністерін тапты.Патристика (лат.Pater-әке) деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (3-6ғ.). Негізгі өкілдері: Климент Александрийский, Майлондский, А.Блаженный. Мысалы , Августиннің көтерген басты мәселесі христиан дінінің артықшылығын дәлеудеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы және ол-аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Оның осы ілімдердің кейбір элементтерін сақтай отырып, христиан дінінің жаңа бағытын қалыптастырғаны үшін, кейін апологетика деп аталып кеткен ағымның негізін қалаушы деп мойындады. Орта ғасыр философиясының схоластика деп аталған кезеңі Европа тарихында 600-700жылдай уақытты қамтиды. Осы кезеңдегі философиялық ілім «схоластика» (лат. Scholostica — мектептік ілім) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:1.Балауса схоластика (ІХ-ХІІ ғасырлар). 2.Кемеліне жеткен схоластика(ХІІІ ғасыр). 3. Құлдырау кезеңі (ХІҮ –ХҮ ғасырлар).

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

27. “Бір өзенге екі рет түсуге болмайды” афоризмінің анықтамасы. Адам дүниеге бір-ақ рет келеді. Сондықтан да адам баласы өмірге келген соң, оны барынша маңызды, мәнді сүруге тырысады. Өмір-өзен дейтін болсақ, адамның өмірі өзеннің ағысы тәрізді бір жерде тұрмайды. Ағысты кері қайтара алмайсың. Дүниеге адам ешуақытта екінші келе алмайды. Сол сияқты мысалы бүгін той жасап, дәл сол тойды аяқталған соң қайта жасауға болмайды. Оған кім келеді, оның қандай қызығы болады? Сол сияқты бүгін түске істеген асыңды, сол күні кешке тағы істеп көр. Ол асқа кімнің тәбеті болады? Сондай-ақ қазір айтқан әңгімеңді сол адамға қайта айтуға болмайды, айтқан күннің өзінде оны тыңдағысы да келмейді.

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

28. Марксизм философиясы. Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі.Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары — қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі ашқан қоғамдық-экономикалық формация теориясы бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады.Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік формациялардан тұрады.Соңғысы адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналды. Дегенмен, марксизм қоғам өміріндегі әлеуметтік және саяси үдерістерге үстірт қарады, түпкі мақсатқа жетуде қантөгіске толы тап күресіне басымдық берді, оның қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды. 19 ғасырдың аяғынан бастап марксизм социал-демокриялық қозғалыстың негізгі идеологиясына айналды.

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

29. Ортағасыр араб-мұсылман философиясының ерекшеліктері, бағыттары. Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктері:1) ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін- бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы.2) көп ұлттылық - араб, парсы, түркі жəне т.б. ұлт философтары.3) негізгі философиялық тіл - араб тілі. Араб тілінде философия “фалсафа” деп аталды.4) Басты мəселелер - адам жəне оның тағдыры, адам жəне Құдай, адам жəне қоғам, онтология мəселелері.Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары. Калам (сөз, тіл) - спекулятивтік теология. Спекуляция - тəжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау жолымен қол жеткізу дегенді білдіреді. Каламның беделді мектептерінің бірі - мутазилизмде - (оқшауланушылар, бөлектенушілер) - рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мəселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, философия мəселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаның негізін қалады.Суфизм - “алладан басқа құдай жоқ” қағидасын “алладан басқа өмір сүретін ештеңе жоқ” қағидасымен алмастырды. Суфизм - ислам дінінің рухы, мəні, сананың өсуінің, жан тазарып, ар-ұят оянуының, рухани жетілудің белгісі, арлы, адал болу, алланы сүю, адамды сүю.Шиизм (ар. «шиа» - топ, партия) де, исламның өзі сынды, өз алдына біріккен біртұтас жүйе болып табылмайды. Сунниттер. Исламдағы ең ірі бағыт - сунниттер. Әлемдегі мұсылмандардың 90 пайызы сунниттік исламды ұстағандар. Сунниттердің толық атауы – (Сунна мен қауым бірлігінің адамдары» - дәстүрлі исламның маңызды принциптерін танытады. Кең тараған исламдық жіктемелердің біреуіне сай, шииттік бес үлкен секталар бар. Олар өз алдына одан да кішірек құрылымдарға бөлінген екен. Оларға: кайсаниттер, зейдиттер, имамиттер, «шеткі» шииттер және исмаилиттер жатады. Шииттер саны жағынан ең көп әрі байыпты қатарын имамиттер қалыптастырады. Олар Али әулиетінен шыққан 12 имамды мойындайды. ІХ ғ. соңында байыпты бағыт ұстанған шииттер ұйымдасқан түрде 12 имам туралы ілім төңірегінде бас біріктірді. Осыдан имамиттердің басқа атауы – иснаашариттер деген атауы шыққан.

Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

30. Гуманизм, антропоцентризм, гелиоцентризм, пантеизм ұғымдарының анықтамасы. Гуманизм (латынша Нumanitas — адам табиғаты) — адамның еркін ойлауының әр түрлі көріністерімен байланысты; оған сәйкес еркіндікті, адамның индивидуалдық дамуын уағыздайды.Қоғамдық жағдайы мен өзінің шығармашылық күштерін еркін дамытатын жеке бас құқығына тәуелсіз түрде, адамның құндылығын, адамдардын арасындағы тендік, әділеттілік, адамгершілік қатынастарды қуаттайтын көзқарастар мен идеялар жиынтығы.Антропоцентризм - негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).ГЕЛИОЦЕНТРИЗМ - (грек. helios - күн) – күн- айналып жүретін планеталар мен жердің орталық нүктесі деген концепция. Көне Грецияда мұндай болжамды Аристарх Самосский айтқан. Бірақ ғылыми келісім Коперниктің ілімінен кейін қалыптасты. Коперниктің жүйесінде күн орталық рольді атқарды. Күннің айналасында планеталар айналады, олардың артында әлемге көрінетін жұлдыздар жатыр. Планеталар шеңбер бойымен емес, эллипс бойымен айналатыны дәлелденген. Пантеизм (гр. pan – бәрі, tcheos – құдай) – Құдай мен әлем біртұтас деп танитын, құдіретті табиғатпен бірлікте қарастыратын философиялық ілім; Құдай барлығы деген ілім; бар ғаламды, табиғатты дәріптеу ілімі.Пантеизм табиғаттың ішкі сырларын бейнесіз әлемдік рух деп танып, табиғаттан тыс бастамалардың барлығын жоққа шығарады. Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

31. Жаңа заман философиясының бағыттары. Негізгі ерекшеліктері:ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі; білімнің қарқынды дамуы; ғылымдардың пайда болуы; діннің беделі мен билігі алдыңғы орынға шығуы;Жаңа дәуір философиясында эмпиризм және рационализм секілді екі бағыт    қалыптасады. Эмпиризм — танымның негізі тәжірибеде деп есептейтін философиялық бағыт негізін салушы Ф. Бэкон, көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Д.Локк, Д.Дьюи. Рационализм (лат. зерде) — танымның негізі зерде деп тұжырымдайтын философиялық бағыт. Негізін салушы Р.Декарт, өкілдері Б.Спиноза, Г.Лейбниц. Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері. Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктер ол өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Тіпті қоғамдық өмірді де, адам табиғатын механикатұрғысынан қарастыру әдетке айналды. Философияда механикалық, метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл — ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтік тәсілінің негізін қалаушы — Френсис Бэкон еді. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты — табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материядан қарастыру арқылы түсінуге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі — қозғалыс. Қозғалыс материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал рух, жан, т.б. ғылыми тұрғыдан танып білуге болмайтындықтан — нақты шындыққа жатпайды. Табиғатты танып-білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп – табынушылық, жалған эксперимент екендерін тусінулері керек. Бэконның түсінігінше, зерттелетін заттардың қасиеттері еш уақытта өзгермейді және олар бір-бірімен байланыста болмайды. Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

32. Ибн Рушдтың “қос ақиқат” ілімі. Ибн Рушд Мұхаммед (1126-1198 жж) Кордово халифатытұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, философы. «Қос ақиқат» идеясының нег.мәні ф.лық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат пен саналатын кейбір құбылыстар ф.да жалған болып есептелуі мүмкін. Сол сияқты ф.ғы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының нег.мақсаты ф.ны діннің шармауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру. Ибн рушд ақыл парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың ф.лық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. "Қос ақиқат" принципінің баяндалуы небәрі ақыл-парасатқа (философияға) діндар қоғамда тірі қалуы үшін мүмкіндік беретін "казуистикалық айла" ретінде шектен тыс оңайлату болса керек. "Қос ақиқат" теориясы ортағасырлық мәдениеті әлемін екі дербес алаңға – рационалды пайымдау (философия мен ғылым) алаңы мен діни сырлар алаңына – дифференциялаудың көрінісі болып табылды."Қос ақиқат" теориясы гносеологиялық принцип ретінде кез келген ақиқаттыңкеңмәтінділігін көрсетті. Оның үстіне ақиқатты пайымдаудың кеңмәтіні ретінде бұлжағдайда конвенциалистердің жаңа буржуазиялық философияда жариялағанындай, қандай да бір ғылыми теория емес, тұтас алғандағы мәдениет әлемі сипатталады.(Негізінде, орта ғасырда өмір сүрген адам үшін бұл әлем дуалистік болды, бірақ бұған қарамастан, "ақиқат кеңмәтінді" ол үшін бөлек ғылым емес, тіпті бөлек теория да емес).Осылайша, "қос ақиқат" принципі символикалық ақыл-ойдың ұстыны болып табылады,өйткені дәл осы символ пайымдау кеңмәтінін, символ мен заттың арақатынасы кеңмәтінінбілдіреді. Екінші жағынан, "екі жақты ақиқат Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

33. Номинализм, реализм, схоластика, патристика ұғымдарының анықтамасы. Номинализм (латынша nomen  - ат, атау)  -  жалпы ұғымдар, универсалийлер ойдың субъективті формалары, жәй ғана сөздер, заттардың белгілері мен атаулары ғана, ал ойлаудан тыс ешқандай объективті шындықты бейнелей алмайды деп пайымдайтын философиялық көзқарас.Реализм - ортағасырлық схоластикада орын алған философиялық бағыт , ол ұғымдар реалды түрде өмір сүреді және жалқы заттардан бұрын өмір сүреді деген көзқарасты қалыптастырады. Ортағасырлық реализм іс жүзінде ұғым мен обьективтік дүниенің, жалпы мен жалқының арақатынасы туралы мәселенің шешіміне келгенде Платонның бағытын жалғастырады. Схоластика (лат. Shola – мектеп) ортағасырлық Еуропадағыфилософияны теологияға бағындыруымен сипатталатын философиялық мектеп. Ерте және кейінгі cхоластика болып бөлінеді. Біріншісі – XI–XII ғасырларды, екіншісі – XIII–XIV ғасырларды қамтиды. Патристика - I-VIII ғғ. Христиандық ілім, христиандық дін догматтарын сақтайтын «шіркеу әкелерінің» апологетикасы. Патристика кейiнгi антикалық және орта ғасырлық қоғамның эстетикасының құрылуына үлкен үлестi қосты. Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

34. Қазақ дүниетанымының ерекшеліктері. Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін, бұл мұра өте қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек етіп, әртүрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық-саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынайы реализм, білімнің негізгі жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні.Осы аталған көзқарастар сыңаржақтыққа, консерватизмге, тоқыраушылыққа, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемшіліктерге қарсы бағытталады. Бұл да қазақ дүниетанымының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі. Қазақ дүниетанымдық ойының тағы да бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмін, халқына сүйіспеншілігін, оның бақыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік.Қазақ дүниетанымының тарихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

35. Ренессанс философиясының бағыттары. Ренессанс(кайта өрлеу) дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар: пантеизм, натурафилософия және гуманизм.Пантеизм (гр. рап- бәрі және tcheos -құдай) – құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып құрайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген (1705). Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі.Натурафилософия (табиғат туралы философия). Алғашында магиямен әуестенумен пайда болып дамыған лім. Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы ұстаным байланыстырады. Натурфилософтар қатарына Теофраст Гогенгеим (Парацелес), Бернардино Телезио саналады.Гуманизм (лат. humanus - иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский, Ф.Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.Қайта өрлеу дәуірінде идеалистік бағытта дамыған – неоплатондық бағыт болды. Аталған бағыттың мақсаты – Платон ілімдері туралы қарама-қайшы пікірлерді жойып, бір жүйеге келтіру, әрі қарай дамыту. Неоплатоншылдар Платон идеясына сүйене келе, схоластикаға өздерінің жаңа философиялық жүйелерін қарсы қоя отырып Құдай рөлін төмендетті. Сөйтіп, әлемнің жаңа бейнесін жасауға көшті. Қайта өрлеудегі неоплатоншылдар бағытының белді өкілдері Н. Кузанский және Джованни Пико дела Мирандола. Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145