Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Документ Microsoft Word (2)

.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
86.34 Кб
Скачать

72. Философия пәні,негізгі мәселесі, функциялары. Философияның Дүниеге деген ерекше көзқарастық мәнін ашқаннан кейін, келесі сатыда оның пәнін анықтау керек. Жаратылыстану мен жеке гуманитарлық білім салаларының тез дамуы, жыл сайын жаңа ғылымдардың пайда болуы философия пәнінің керек болмай қалуы мүмкін деген ой тудырады.Француз философы О.Конт философия өз дамуында 3 сатыдан өтеді дейді. Олар-теологиялық, метафизикалық және позитивистік. Соңғы сатысында философия тек қана жалпы ғылым және таным методтары жөніндегі пәнге айналмақ. Көне гректе бұл білімге философия деген атақ берілген. Сонымен қатар, философияның өз табиғатына тән сұрақтары пайда бола бастайды. Олар- Дүниенің негізінде не жатыр? Адам-ол кім? т.с.с сұрақтар.Аристотель бүкіл философияны үлкен 3 бөлікке бөлді: ол теоретикалық философия, практикалық және көркемөнерлік. Философияның пәні Дүние мен адам арасындағы жүйедегі шегіне жеткен ең жалпы байланыстар мен қатынастар жиынтығын құрайды. Ең бірінші философия пәнінің метафизикалық онтологиялық қыр сырын атап өту керек. Философия пәнінің екінші мәселесі- гносеологиялық жақтары. Философияның ажырамас мәселелерінің бірі- ол аксиологиялық, яғни, құндылық жақтары, құндылық әлемін сараптау. Философия пәнінің келесі жағы- ол оның праксеологиялық, прагматикалық мәселелері. Философияның негізгі мәселесі осы пәннің терең табиғатынан шығады. ХІХ ғасырда жаратылыстану ғылымдарының дамуы, капиталистік қоғамның әлеуметтік саяси қайшылықтарының өршуі маркстік материализмнің дүниеге келуіне әкеліп соқты. Философияның негізгі мәселесін шешу жолындағы қараама-қарсы бағыт- идеализм. Идеалистік философияның негізгі екі түрін ажыратуға болады: Ол объективті және субъективті идеализм. Қорыта келгенде, философияның негізгі мәселесінің бірінші-онтологиялық жағы “Бұл дүние не?”,-деген сұраққа жауап берсе, екінші-гносеологиялық,праксеологиялық,аксиологиялық жақтары “Бұл дүниені қалайша танып-біліп,өзгертуге болады?”,-деген сұраққа жауап береді. Философия-дүниеге деген адамның көзқарасын қалыптастырады. Бұл осы пәннің негізгі функцияларының бірі.Философияның функциясы-оның методологиялық қызметінде. Әр түрлі методтар жеке,жалпы, ең жалпылық болып бөлінеді. Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

73. Материяның басты атрибуттары: қозғалыс, өзіндік құрылым, бейнелену. Материяның басты қасиеті – қозгалыс, материясыз қозғалыс, қозғалыссыз материя жоқ. Болу деген қозғалыста болуы дегенді білдіреді.Қозғалысты кез-келген өзгеріс деп түсіндіруге болады, ол материяның сырт-қы емес, ішкі, ажырамас қасиеті, ол объективті, мәңгілік және абсолютті. Сонымен қатар, қозғалыс салыстырмалы, себебі ол өзгеріп отыратын, әрбіреуі өзіндік маңызға ие нақты формалар арқылы көрініс табады. Материалдық дүние таусылмас, шексіз, яғни қозғалыстың формалары да сансыз көп. Ф.Энгельс ХІХ-ғасырда жасаған қозғалыс формаларының классификациясы қазіргі кезде ғылым жаңалықтарымен толықтырылып, кенейе түсті, бірақ негізін сақтады деуге болады. Ол қозғалыстың меха-никалық, физикалық, химиялық. биологиялық және әлеуметтік түрлерін атап көрсетті.Кеңістік және уақыт – материяның маңызды атрибуттары. Кеңістік – материя болмысының объективті, жалпы, заңды формасы, ол әр түрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара орналасқандығын, құрылымды-лығын және бірге өмір сүретіндігін сипаттайды.Реалды кеңістік тіршілік етушілерді іс жүзінде бөлудің, сонымен қатар біріктірудің тұрақты көрсеткіші. Ол үш өлшемді, кез-келген кеңістіктік қатынастар үш өлшем-координаталар (ұзындық, ең, биіктік) арқылы си-патталады. Салыстырмалылық теориясы төрт өлшемділікті қолданады, үш өлшемге төртінші өлшем – уақыт қосылады. Уақыт – әр түрлі жүйелердің жағдайларының созылғандығын, ретпен жүруін сипаттайды, материя болмысының объективті, жалпы және занды формасы. Бейнелеудің сатылары:1) қарапайым бейнелеу 2) информациялық Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

74. Қайта өрлеу дәуірі философиясының ерекшеліктері. Қайта өрлеу дәуірі Орта ғасырдан Жаңа Заманға өту дәуірі болды. Оның шеңберін біз XIV-XVI ғ.ғ. белгілейміз.Қайта өрлеу заманы Италия елінде басталды. Оған себеп болған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды алатын болсақ, бұл кезде солтүстік Италияда, әсіресе теңіз жағалауларындағы аймақтарда орналаскан қалаларда сауда, қолөнер өндірісі тез дами бастайды, мұның өзі феодалдық қатынастардың сарқылып, көп іскер шаруалардың өз қожайындарынан ақша төлеп бас бостандығын алып қалаларға келуіне, алғашқы капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына әкелді.Осы қайта өрлеу дәуірінің бір ерекшелігі болды. Жартылай ұйқылы-ояу өмір сүріп жатқан бір үлгідегі феодалдық қоғам оянып, жаңа өмірге аттанады, қалалар тез өсіп, ондағы әлеуметтік өмір өзінің әртүрлілігімен, күнбе-күнгі өзгерістерімен, қызықтығымен көзге түседі.Жоғарыда көрсетілген өзгерістер біршама қоғамның рухани өміріндегі жаңаруларға әкеледі.Біріншіден, өндіргіш күштерді дамыту қажеттігі схоластикалық ой-өрістенжаратылыстану ғылымдарына бетбұрыстың пайда болуына әкелді. Ал оның өзі бірте-бірте материалистік бағыттың философияда күш алуына әкеліп соқты. Табиғаттың заңдылықтарының бірден-бір зерттеу жолы - ол тәжірибелік зерттеу -эмпиризм (emperia, - грек сөзі, тәжірибе) бағытын тудырды. Тәжірибе арқылы алынған деректерді пайымдау, қорыту қажеттігі рационализм ағымын дүниеге әкелді. Ал бұлардың өзі ой еңбегінің бағалануына, әсіресе оқыған, көзі ашық интелегенцияныңдүниеге келуіне себеп болды. Егер Орта ғасырдағы қоғамда ой еңбегі, негізінен, дін шеңберінен шыға алмаған болса, қазір жағдай күрт өзгере бастады. Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145

75. Философияның дүниетанымдық және әдістемелік қызметтері. Философияның қызметіне – оның мақсатын анықтауда қолданылатын дүниетанымдық,  әдістемелік, теориялық ойлау, сыни-талап, аксиологиялық, әлеуметтік, гуманитарлық және болжаушылық міндеттерді жатқызамыз. Философияның дүниетанымдық қызметі – әлемнің тұтастық бейнесін қалыптастырудың мүмкіндігі, оның құрылымы туралы ұғымды, ондағы адамның орнын және бірлесіп әрекет жасау принцптерінің мәнін түсіндіреді.Философияның әдістемелік (методологиялық) қызметі – бізді қоршаған шындықты тану әдісін жасайды. Философия – танымның ең жалпы әдістерінің және адамның шындықты игеруінің  ең түпкі тәсілдері туралы ілім ретінде көрінеді. Философия дүниеге  көзқарас қана емес, ол ғылым. Сондықтан барлық ғылымдар сияқты дүниенің заңдары мен заңдылықтарын ашуға ұмтылады. Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=539145