Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КИС новый каз.docx.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
172.13 Кб
Скачать

3.Тәжірибелік дағдылар тізімі

Экологиялық процестерді талдап,табиғат қорғау қызметінде нақтылы міндеттер қойып басым бағыттарды белгілеуге және алған білімдерін экологиялық мәселелерді шешу үшін пайдалануға,биосфераның даму заңдылықтары, оның тұрақтылығының негізгі шарттары,сондай-ақ әр түрлі мемлекеттерде,Қазақстан Республикасында тұрақты даму идесын іске асыру жөнінде білім мен дағдыларды қолдану.

Жағдайлық есептер

1 есеп.

Жер-әуе ортасы төмен тығыздықпен, температураның үлкен тербелісімен (жылдық, 100оС дейінгі амплитуда), ауаның жоғары қозғалысымен, оттегімен жақсы қамтамысыздалуымен сипатталады.

Сұрақтар:

  1. Жер-әуе ортасының лимиттеуші факторларын атаңыз.

  2. Жер-әуе ортасына қандай мекендеушілер тән – гомойотермдінемесепойкилотермді ме және неге?

  3. Жер-әуе ортасының мекендеушілерінің температуралық факторға экологиялық толеранттылығы қандай?

  4. Жер-әуе ортасының мекендеушілерінің температура факторларына және су құрамына негізгі үйрену жолдарын атаңыз.

  5. Жер-әуе ортасындағы мекендеушілерге әсер ететін периодты емес факторларға мысал келтіріңіз.

  6. Жарық, ағзалардың қандай үйренгіштігіне әкеледі?

  7. Бір фактор экстремалды (күйзелісті) болған жағдайда екінші фактордың толеранттық шегі қалай өзгереді?

2 есеп.

Еуразияның солтүстік орманды зонасының орманын шапқаннан кейін бір жыл өткен соң ол жерде шөптер пайда болды, 10 жылдан кейін – кустарниктер оның артынан 3-5 жыл аралығында ақ қайыңдар мен осиналар өсті. Соңғылары тез қарқынды өсуімен, жоғары кун сүйгіштігімен ерекшеленеді, нәтижесінде 50 жыл өткеннен кейін бұл аймақта еңісінде шыршалар өсіп келе жатқан жапырақты орман пайда болды. Келесі 50 жылдықта аралас ормандар пайда болып, содан кейін шыршалы орманға ауысты.

Сұрақтар:

  1. Бұл есепте айтылған 150-200 жыл аралығындағы фитоценоздың ауысуы қалай аталады?

  2. Сукцессияның қай түрі? Біріншілік сукцессияның екіншілік сукцессиядан айырмашылығы?

  3. Экожүйенің бір түрінің екінші түрге ауысуы қалай аталады?

  4. Сукцессияның жалпы заңдылықтарының сипаты?

  5. Берілген есепте сукцессияның қандай спецификалық заңдылықтары сипатталған?

  6. Эдификаторлық түрлер мен доминантты түрлер дегеніміз не?

  7. Сукцессияны анықтайтын экожүйені қалай атаймыз?

3 есеп.

Балхаш қаласында мыс балқытушы зауыттан 3 км және ЖЭС-нан 1 км қашықтықта атмосфера мыспен - 0,02 мг/м3 (ШРЕК–0,002), көміртек қышқылымен – 30,0 мг/м3 (ШРЕК–3,0), күкіртті газ – 0,3 мг/м3 (ШРЕК–0,05), күкіртті сутекпен – 0,016 мг/м3 (ШРЕК– 0,008), азоттың екі тотығымен – 0,08 мг/м3 (ШРЕК–0,04) ластанған. Тұрғындар бас ауруына, тамақ сіңуінің бұзылуына, тыныс алу жолдарының, көздерінің тітіркенуіне шағымдануда. Қауіптілік класстары: Cu – 2, CO – 4, SO2– 3, NO2– 2, H2S – 2.

Сұрақтар:

  1. Қандай ластау көздері анықталып отыр?

  2. Қандай ластаушылар жедел және созылмалы әсер етеді?

  3. Ластаушыларды және адам денсаулығына әсерін айтып беріңіз.

  4. Қандай ластаушылар абиоттық, биоттық және антропогендік факторларға жатады?

  5. Атмосфераның ластануы халық денсаулығына қалай әсер етеді?

4 есеп.

Түсті металлургия ауданының қорғасын-мырыш комбинатынан 1,5-2,0 км және ЖЭС-нан 0,5 км қашықтықта атмосфера көміртек тотығымен – 5,0 мг/м3 (ШРЕК – 3,0), азоттың екі тотығымен – 0,4 мг/м3 (ШРЕК – 0,04), қорғасынмен – 0,004 мг/м3 (ШРЕК –0,0003) ластанған. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80-85%, желсіз. Тұрғындар тамақ кебуіне, көздерінің, мұрындарының тітіркенуіне, терілерінің қышуына шағымдануда. Қауіптілік класстары: СO – 4, Pb – 1, NO2– 2.

Сұрақтар:

  1. Қандай ластаушылар жедел және созылмалы әсер етеді?

  2. Ластаушыларды және адам денсаулығына әсерін айтып беріңіз.

  3. Қандай ластау көздері анықталып отыр?

  4. Қандай ластаушылар адам ағзасына спецификалық және спецификалық емес әсер етеді (қандай аурулар туындайды)?

  5. Қандай ластаушылар абиоттық, биоттық және антропогендік факторларға жатады?

5 есеп.

Биосфераның жылыжайлық газдармен антропогенді ластануынан туындап, парниктік эффектке әкелеліп отырған биосфералық үрдістердің өзгеруіне баға беру.

Күн сәулелерінің барлық түрлері (ультракүлгіннен бастап инфрақызылға дейін) жерге жетіп оны қыздырады. Соңғысы, жиналған жылу энергиясын ИҚ-сәулесі түріне айналдырып космосқа қайта сәулелендіреді. Қайта сәулеленген ИҚ-сәулелер қарқынды түрде кейбір газдармен сіңіріледі (СО2, СН4, NO2, фреондармен). Көрсетілген жылыжайлық деп аталатын газдар, атмосферада жылыжайлық әйнек қызметін атқарады: күн радиациясын жерге өткізіп, бірақ Жердің жылулық сәулеленуін шығармайды. Соның салдарынан температура жоғарылап, ауа райы мен климат өзгереді.

Жылыжайлық эффект деп, жылулық тепе теңдіктің өзгеруіне байланысты планетада температураның жаһандық жоғарылап, атмосферада жылыжайлық газдардың шоғырлануы болып саналады.

Негізгі жылыжайлық газ көміртектің диоксиді: әртүрлі мәліметтерге жүгінсек, оның жылыжайлық эффектке үлесі 50-65 %. Басқа жылыжайлық газдарға метан (шамамен 20%), азот оксиді (шамамен 5%), озон, фреондар (хлорфторкөміртегі) және басқа газдар (шамамен 10-25 %). Жалпы жылыжайлық газдардың 30 түрі белгілі, олардың жылулық эффектісі атмосферадағы көлемімен ғана емес, сонымен бірге бір молекулаға шаққандағы белсенділік қозғалысымен де сипатталады. Егер берілген кµрсеткіштер бойынша СО2 бірлік деп алсақ, онда метан үшін ол 25 тең, азот оксиді -165, ал фреон үшін – 11000.

Атмосфераға СО2 түсуінің негізгі антропогенді көздері құрамында көмірі бар жанғыштарды жағу (көмір, мұнай, мазут, метан т.б.). Қазірде тек жылу энергетикасының өзінен ғана атмосфераға 1 т. көміртегі бір адамға шаққандағы/жыл бөлінеді; XXI ғасырдың бірінші жүзжылдығында тастандылар 10 млрд. т. жетеді. Ю.В.Новиков (1998 г.) бойынша, СО2 жаһандау тастаудың кейбір мемлекеттер үлесі: АҚШ – 22%, Рессей мен Қытай – по 11%, Германия мен Япония – 5%-дан, қалған мемлекеттер шамамен - 46%.

Жылыжайлық эффекттің салдарынан Жердің жылдық орташа температурасы соңғы жүзжылдықта шамамен 0,3 - 0,6оС көтерілген. Қазіргі кезде СО2 концетрациясы жылына 0,3 - 0,5 % жылдамдықпен жоғарылап отыр. Басқа да жылыжайлық газдардың құрамының жоғарылауы: бір жыл ішінде, мета­н - 1 %, азот оксиді - 0,2 %.

Кейбір мәліметтер бойынша, жылыжайлық газдардың құрамының екі еселенуі осы ғасырдың екінші жартысында болуы мүмкін, ол планетаның орташа жылдық температурасын 1-3,5оС көтереді.

Әлемдік мұхиттардың деңгейінің көтерілуіне әкелетін, климаттың жаһандық жоғарылауы, ғалымдардың ұйғаруы бойынша, бөлек экожүйелер үшін ғана емес, сонымен қоса бүкіл биосфера үшін ең үлкен апат деп саналынады:

  1. Мұхит деңгейінің 1,5 - 2 м. көтерілсе, шамамен 5 млн. км2, құнарлы және қалың елді жерлер судың астында қалуы ықтимал. Ол жерлерде 1 млрд. адам тұрады және ауылшаруашылықтық өнімнің көп бөлігі жиналады. Тұрғындардың аралдың ішкі бөліктеріне қарай көшіру әскери ұрыс керістерге және әлеуметтік қозғалысқа әкелуі мүмкін.

  2. Климаттың жылынуы тек мұхит деңгейінің көтерілуімен ғана емес, сонымен бірге, ауа райының тұрақсыздығына, табиғи аймақтардың жылжуына, дауыл мен борандың көбеюіне, жануарлар мен өсімдіктердің қырылуына әкеледі. Осының нәтижесінде, азық-түлік мәселесінің күрт нашарлауы мүмкін.

  3. Полюстер мен экватордағы темепература айырмашылығының азаюынан (негізінде, полюстердің қатты жылынуынан) мәңгі мұз болып жатқан топырақтар еріп, олардан метанның үлкен мөлшері бөлінеді де, жылыжайлық эффект күшейе түседі.

  4. Климаттың өзгеруінен, оңтүстік аймақтарда жылулық күйзелістерге, сонымен бірге аурудың көп түрлерінің таралуына әкеліп, адамзат денсаулығына жағымсыз әсер көрсетеді.

Жоғарыда айтылғанның бәрі, климаттың өзгеруі мәселелері бойынша халықаралық конференцияда (Торонто, 1979 г.) «...жылыжайлық эффекттің салдары, тек жаһандақ ядролық соғыспен ған салыстырыла алады» деп мәлімденді.

Сұрақтар:

  1. Жылыжайлық эффект кезінде, тірі заттардың қандай функциялары бұзылады?

  2. Адамның іс әрекеті салдарынан қандай заттар айналымы бұзылып, жылыжайлық эффект туындайды, неге?

  3. Жылыжайлық эффект кезінде биосфера өнімділігі мен түрлік әртүрлілік қалай өзгереді?

  4. Жылыжайлық эффектінің пайда болуы, биосфераның гомеостатикалық механизімінің бұзылуына әкелуі мүмкін бе?

6 есеп. З

ыряновка қаласының ағынды сулары су жинайтын құбырларға және Березовка өзеніне құйылады. Березовка өзненіне ағынды судың келіп құятын жерінен төмнірек су алып тексергенде, онда: Сынап-0,0006 мг/л (1 лкассты зияндылық); қорғасын-0,06 мг/л; кадмий-0,003 мг/л; цианидтер-0,5 мг/л (2 кластық зияндылық); коли-индексі-2380000, иісі-4 балл, БПК-10 мг/л, еріген оттегі-0,5-1,0 мг/л.

Ағынды судың құятын жерінен төменде және жоғарыда тұратын тұрғындардың ауыру жиілігі (1000 тұрғын).

Нозологиялық формалары

Ағынды құйылатын жерден жоғары

Ағынды құйылатын жерден төмен

1990 ж

1995 ж

1990 ж

1995 ж

1. Жүрек қан тамыр аурулары

155

144,7

216,7

308

2. Жоғары тыныс алу жолдарының жедел инфекциялары

164,7

300

165,3

310

3. Жедел бронхиттер

14,5

20,5

10,4

15,8

4. Пневмониялар

12,3

18,7

10,7

11,2

5.Оостеохондропатиялар

12,1

20

33,4

89,5

6. Тері және тері асты май қабаты аурулары

16,8

4,6

67,9

130,9

7. Өт қапшығының аурулары

16,4

12

21

35,2

8. Ішектің жедел инфекциялары

160,4

170,8

250,1

320,8

Сұрақтар:

  1. Судың қандай ластау түрлері орын алып тұр?

  2. Негізгі су ластау көздері қандай?

  3. Қандай ластаушылар абиоттық, биоттықжәнеантропогендіфакторларға жатады?.

  4. Судың ластау көрсеткіштері тұрғындар денсаулығына қалай әсер етуі мүмкін?

7 есеп.

Антропогенді салмақтың артуына байланысты (атмосфералық ластануы, ағынды сулар) Шығыс қазақстан аймағында су қолданатын тұрғындарға полтенциалды зиян келтіреді. Металл өнідеретін комбинаттардың ағынды сулары Ертіс өзеніне ағуда. Ал тұрғындар Ертістің суын фильтрациялап ішуде. Тексерілген судың концентрациясы: берилий-0,0001 мг/л, мышьяк-0,04 мг/л, қорғасын-0,09 мг/л, кадмий-0,002 мг/л, цинк- 1,5, мг/л. Класс бойынша қауіптілігі: Ві, Cd, Pb, As-2, Zn-3.

Сұрақтар:

  1. Судың қандай ластау түрлері орын алып тұр?

  2. Негізгі су ластау көздері қандай?

  3. Қандай ластаушылар абиоттық, биоттықжәнеантропогендіфакторларға жатады?.

  4. Судың ластау көрсеткіштері тұрғындар денсаулығына қалай әсер етуі мүмкін?

8 есеп.

Ауылды жерлерінің тұрғындары ішетін суды үйінің қасындағы құдықтардан алады. Мал шаруашылығының қалдықтарын тұрғын үйлердің қасына әкеліп жинайды. Құдықтардың суын тексергенде, онда аммиак-3-5 мг/л, фосфаттар-0,06 мг/л, нитраттар-40 мг/л, нитриттер-5 мг/л, хлоридтер-450 мг/л, коли-индекс-50 БГКП (қалыпты-10 БГКП) 1 литрде анықталады.

Сұрақтар:

  1. Судың қандай ластау түрлері орын алып тұр?

  2. Негізгі су ластау көздері қандай?

  3. Судың ластау көрсеткіштері тұрғындар денсаулығына қалай әсер етуі мүмкін?

  4. Қандай гигиеналық шаралар жүргізу тиіс?

9 есеп.

Ауылдық елді мекеннің тұрғындары ауыз су ретінде үйлердің жанындағы шахталық құдық суын қолданады. Мал шаруашылығының қалдықтары тұрғын ғимараттарының маңында жиналады. Құдық суында аммиак – 3-5 мг/л, фосфаттар – 0,06 мг/л, нитраттар – 40 мг/л, нитриттер – 5 мг/л, хлоридтер – 450 мг/л, коли-индекс – 50 БГКП анықталды.

(норма – 10 БГКП) 1 литрде.

Сұрақтар:

  1. Судың қандай ластау түрлері бар?

  2. Қандай негізгі ластау көздерін көріп отырсыз?

  3. Заттардың ШРЕК жоғары концентрациясын анықтау.

  4. Судың ластау көрсеткіштері тұрғындар денсаулығына қалай әсер етуі мүмкін?

10 есеп.

Қалада автокөліктің басымдылығы, өндіріс орындарының маңында ағаштардың жойылуы байқалып отыр. Таңғы сағаттарда (жазда) желсіздік, тұман, жерүстілік инверсиялар байқалуда. Қала тұрғындарында тыныс алу мүшелері ауруының көбеюі, қан-тамыр және жүйке-жүйе аурулары, созылмалы ауруларының қозуы (бронхиттер, бронхиалды астма, бүйрек т.б.) байқалып отыр. Тұрғындар өнеркәсіптер мен автокөліктерден шығатын шуға шағымдануда.

Бақылау нысандары

Адамның аймақта болу ұзақтығы

Атмосфера ластануының сандық көрсеткіші (Р)

Ингаляциялықжүктеме(S)

S= «Р» *t

Сағатпен

Тәулік бойында

ШРЕК сандық көрсеткішінің жоғарылауы

Тәулігінде

%

1

Өндірістік аймақ

8

0,33

20

2

Тұрғын үйлер аймағы

12

0,5

8

3

Автокөлік салоны

1,5

0,063

10

4

Рекреациялық аймақ(таза ауада жүруі)

2,5

0,104

3