Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ СРС каз 14-15.doc
Скачиваний:
71
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
738.3 Кб
Скачать

Негазовый алкалоз (экзогенный, выделительный, метаболический) - нарушение кос, обусловленное повышением концентрации аниона гидрокарбоната.

Nongaseous alkalosis (metabolic, exogenous, excretory) develops when there is accumulation of bicarbonate anion.

1. 3 айлық бала ауруханаға мынадай белгілермен келіп түсті: мазасыздық, қозғыштық, құрысулар, нәжісі сұйық және жиі, толастамайтын құсу. Қарап тексергенде: үлкен еңбегі төмен түскен (ойыс болып тұр), шырышты қабаттары мен терісі, тілі құрғақ, бұлшықеттері гипотония және ішектері салданған. АҚ төмендеген. Қан талданымында эритроцит, гемоглобин, лейкоциттер саны артқан. Диурез 300 мл. шөлдеу жоқ.

  1. Балада су-электролит алмасуының қандай бұзылыстары байқалады?

  2. Негізгі көріністерінің патогенезі қандай?

  3. Осы жағдайды патогенездік емдеу ұстанымын ұсыныңыз.

2. Ыстық цехта жұмыс жасаған жұмысшы қатты терлеу дәне өкпе гипервентиляциясы дамыды.

  1. Бұл су-электролит алмасуының қандай бұзылысын дамытты?

  2. Су-электролит алмасуы бұзылысын қалпына келтіру ұстанымын ұсыныңыз.

  3. Тұзсыз су ішу арқылы шөлін қандыруға бола ма?

3. Ұзақ уақыт тұщы сусыз жерде қалған науқас жансақтау бөліміне ес-түссіз жеткізілді. Қарап тексергенде тері және шырышты қабаттары құрғақ, серпімділігі төмен. Зертханалық мәліметтер: гематокрит 0,48л/л (қалыпты 0,35-0,45 л/л), натрий – 160 ммоль/л (қалыпты 135-150 ммоль/л), калий 6 ммоль/л (қалыпты 3,5-5, 5 ммоль/л), нормогликемия.

  1. Науқаста су-электролит алмасуының қандай бұзылыстары дамыды?

  2. Байқалған көріністердің патогенезі қандай?

  3. Осы жағдайды патогенездік емдеу ұстанымын ұсыныңыз.

4 есеп. 42 жастағы науқас жүрек жеткіліксіздігінен ауруханаға жатқызылды. Қарап тексергенде: аяқтары ісінген, өкпеде іркілулік құбылыстар. Іште сұйықтықтар жиналғаны байқалады, бауыры үлкейген. Жүректің систолалық және минөттік көлемі төмендеген. Диурез азайған, қанда ренин мен натрийдің деңгейі жоғары.

  1. Су алмасу бұзылыстарының көрінісі байқала ма?

  2. Науқаста дизгидрияның қандай түрі байқалады?

  3. Судың іште, өкпеде жиналуын, ісінулердің патогенезін түсіндіріңіз.

  4. Науқасқа қандай патогенездік ем ұсынасыз?

5 есеп. Науқас К., 40 жаста, сол жақ сүт безі айналасындағы лимфа түйіндерімен бірге оталып тасталған. Келесі күні оның сол қолы терісінің түсі өзгермей, ісінді.

  1. Ісінудің даму тетіктері қандай?

6 есеп. Науқас кома жағдайында.

pH7,17

pCO2 50 мм с.б.

SB15,0 ммоль/л

BB38 ммоль/л

BE- 13 ммоль/л

Қанда кетон денелері және зәрде титрлік қышқылдық артқан.

7 есеп. Науқастың мыйы шайқалған, соның әсерінен ентігіп, толассыз құсады. Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарын сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.

рН 7,56

рСО2 26 мм с.б.

SB 24,0 ммоль/л

АВ 17,0 ммоль/л

ВЕ +4,0 ммоль/л

4 тапсырма.Тест тапсырмаларын орындау.

1нұсқа

1. Гемодинамикалық жайт, ісінудің патогенезінде маңызы жоғары (2)

  1. іркілулік

  2. қабынулық

  3. аллергиялық

  4. нефроздық

  5. уыттанулық

2. Қан тамырлары қабырғасы өткізгіштігінің жоғарылауы, ісіну патогенезінің негізгі жайты болып табылады (3)

  1. жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі

  2. Квинке

  3. бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі

  4. ара, сона шаққан кездегі

  5. уыттанулық

3. Лимфа ағып кетуінің қиындауы байқалады (4)

  1. лимфалық тамырлардың туа біткен гипоплазиясы кезінде

  2. құрттармен лимфалық тамырлардың бітелуінде

  3. орталық көктамырлық қысым жоғарылағанда

  4. орталық көктамырлық қысым төмендегенде

E) лимфалық түйіндердің өспесі кезінде

4. Жүйке-эндокриндік жайт, ісінудің патогензінде маңызды (3)

  1. жүректік

  2. бүйректік

  3. бауырлық

  4. қабынулық

  5. аллергиялық

5. Бауырлық ісінудің патогензінде негізгі болып табылады (2)

  1. жүйкелік-ішкі сөлденістік жайт

  2. онкотикалық жайт

  3. қан тамырлық жайт

  4. тіндік жайт

лимфа ағып кетуінің бұзылуы

6. Гипергидратацияның көріністеріне жатады (4)

  1. ісінулер, шемендік

  2. дене массасының артуы

  3. гематокриттің жоғарылауы

  4. айналымдағы қан көлемінің ұлғаюы

  5. артериялық қысымның жоғарылауы

7. Сумен уыттаныу патогенезінің көрсетілмеген тізбегі:

Шығарылу жеткіліксіз болғанда судың артық түсуі ® жасуша сыртында судың көбеюі ® ?… ® сұйықтың жасуша сыртынан жасуша ішіне түсуі ® жасушаішілік гипергидратация ® организмде судың жалпы көбеюі

  1. жасушаішілік бөліктің гипоосмиясы

  2. жасушаішілік бөліктің гиперосмиясы

  3. жасушасыртылық бөліктің гиперосмиясы

  4. жасушасыртылық бөліктің гипоосмиясы

E) жасушасыртылық бөліктің изоосмиясы

8. Гипоосмоляльдық гипогидратация пайда болады (3)

  1. іш өткенде

  2. жиі қайталанаитын құсу кезінде

  3. ішектік жыланкөзде

  4. өңеш бітелгенде

  5. сумен ашығуда

9. Сусыздану кезінде ОЖЖ қызметі бұзылуының патогенздік маңызы бар (4)

  1. гипоксияның

  2. қышқылдық-сілтілік үйлесім бұзылуының

  3. аутоуыттанудың

  4. нейрондар мембраналарының осмостық бүлінуінің

E) қанайналым орталықтануының

10. Гипокалиемия көрінісі (3)

  1. ішектің атониясы

  2. қан тамырлары межқуатының төмендеуі

  3. ЭКГ Т өркешінің биіктеуі

  4. ЭКГ Т өркешінің кеңеюі және аласаруы

  5. Артериялық қысымның жоғарылауы

11. ҚСҮ өзгеруін теңгерудің бүйректік тетігіне жатады (4)

  1. гликогеннің сүт қышқылынан түзілуі (цикл Кори)

  2. қышқыл және сілтілік қосындылардың шығарылуы

  3. ацидогенез

  4. аммониогенез

  5. Na+ - Н+ - алмасу тетігі

12. ҚСҮ өзгеруін теңгеруде бауырдың маңызы (4)

  1. нәруыздық буферлік жүйеге кіретін қан нәруыздарын түзуі

  2. аммиак өндіруі және мочевина түзуі

  3. органикалық қышқылдарды тотықтыруы

  4. сүт қышқылын глюкоза және гликогенге айналдыруы (цикл Кори)

  5. ацидогенез

13. Теңгерілген ацидоз және алкалозға сәйкес келетін артериялық қанның рН (1)

  1. 7,35 - 7,45

  2. 7,0

  3. 7,2 - 7,3

  4. 7,45 - 7,50

  5. 7,65 - 7,70

14. Артериялық қанның 7,49 тең рН көрсеткіші көрсетеді (1)

  1. теңгерілген алкалозды

  2. теңгерілмеген алкалозды

  3. теңгерілген ацидозды

  4. теңгерілмеген ацидозды

  5. ҚСҮ қалыпты екенін

15. Теңгерілген газдық ацидоз кезіндегі гиперкапния дамытады (4)

  1. артериолалардың жиырылуын

  2. АҚ жоғарылауын

  3. АҚ төмендеуін

  4. кеңірдекшелердің кеңеюін

  5. кеңірдекшелердің тарылуына және көп мөлшерде тұтқыр шырыштың бөлінуін

  6. оксигемоглобин ажырау сызығының оңға жылжуын

16. Газдық емес ацидоздың себептері (4)

  1. организмде зат алмасуы бұзылғанда органикалық қышқылдардың артық өндірілуі

  2. бүйректің қышқыл өнімдерді шығара алмауы

  3. бүйрек және ішек-қарын жолы арқылы бикарбонаттардың тым артық шығарылуы

  4. организмнен шығарылмауына байланысты көмір қышқыл газының жиналып қалуы

  5. сырттан қышқылдар түсуінің жоғарылауы

17. Газдық алкалоз дамиды (3)

  1. тыныс алу орталығы тежелгенде

  2. биіктік ауруы кезінде

  3. асқазан сөлін көп жоғалтқанда

  4. тыныс алу орталығының қозымдылығы жоғарылағанда

  5. қанайналымының созылмалы жеткіліксіздігінде

  6. жасанды тыныс алдыру кезіндегі өкпе гипервентиляциясында

18. Газдық алкалозға тән (4)

  1. гипокәлциемия

  2. жүйкелік-бұлшық еттік қозымдылықтың жоғарылауы

  3. несептің титрленетін қышқылдығының төмендеуі

  4. оксигемоглобиннің ажырау сызығының солға жылжуы

  5. артериялық қысымның жоғарылауы

19. Газдық емес алкалозды теңгеру үрдісіне қатысады (5)

  1. өкпе гиповентиляциясы

  2. бүйректермен негіздердің ұсталуы

  3. нәруыздық буферлік жүйемен Н+ босатылып шығарылуы

  4. Н+-ның, кәлий және кәлций иондарына алмасып, жасушалардан шығуы

  5. бүйрекпен органикалық қышқылдар және аммиак шығарылуының азаюы

  6. несеппен бикарбонаттар шығарылуының жоғарылауы

20. ҚСҮ бұзылысын, өкпе гипервентиляциясы теңгереді (1)

  1. метаболизмдік ацидоз кезінде

  2. метаболизмдік алкалоз кезінде

  3. газдық ацидозда

  4. газдық алкалозда

2 нұсқа

1. Онкотикалық жайт, ісінудің патогенезінде маңызы жоғары (3)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]