Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kardiologia_zhauappen_4_KRED.doc
Скачиваний:
77
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
402.94 Кб
Скачать
  1. +қарыншалардың фибрилляциясы

  2. Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік

  3. жүрек томпанадасы

  4. Синустық тахикардия

  5. аневризма

188. Ер кісі 50 жаста –күштемелі стенокардия -1I функциональды класс. ЭКГ-да синусты ритм анықталады, PQ интервалының бірте-бірте созылуынан кейін QRS комплексінің түсіп қалуы. Антиангинальды терапияны тағайындауда таңдаулы препарат болып табылады:

А)+ нифедипин

В) моносан

С) верапамил

D) дилтиазем

Е) атенолол

189. 45 жастағы ұшқышқа профилактиалық мақсатта 50 Вт велоэргометрия жүргізгенде ST сегментінің «ауру сезімінсіз» қиғаш 4 мм-ден төмен ығысуы анықталды. Келесі диагностикалық этап қайсысы?

  1. +хирургиялық коррекциямен коронарография

  2. миокардтың сцинтиграфиясы

  3. эргометринмен сынама

  4. велэргометрияны жалғастыру

  5. суықтық сынама

190. 67 жастағы ер адам, ЭКГ-да: ST сегментінің «мысықтың арқасы» тәрізді элевациясы. Мұндай ЭКГ көрінісі тән:

  1. + миокард инфарктының өте жедел сатысы

  2. тұрақсыз стенокардияға

  3. жүрекшелік экстрасистолияға

  4. тұрақты стенокардияға

  5. НЦД

191. 55 жастағы ер адам, ЭКГ-да: QS және ST сегментінің 11, 111, AVF шықпаларындағы элевациясы. Бұл ЭКГ көрінісі мына ауруға тән :

  1. + сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының трансмуралды миокард инфаркты

  2. алдыңғы қабырғаның миокард инфаркты

  3. циркулярлы миокард инфаркты

  4. тұрақсыз стенокардия

  5. Миокардит

192. 45 жастағы ер адам, ЭКГ-да: ST сегментінің 1, 11, AVL и V 1-6 шықпаларындағы «мысықтың арқасы» тәрізді элевациясы . ЭКГ көрінісі тән:

  1. + алдыңғы бүйірлік өте жедел миокард инфарктына

  2. тұрақсыз стенокардия

  3. тұрақты стенокардия

  4. өте жедел артқы-диафрагмалық МИ

  5. жүрекшелік экстрасистолия

193. 35 жастағы ер адам, ЭКГ-да: қарыншалық комплекс Qr тәрізді және ST сегменті 11, 111, AVF шықпаларында изосызықта орналасқан. ЭКГ белгілері тән:

  1. + ірі ошақты артқы-диафрагмалық МИ жеделдеу сатысы

  2. миокардит

  3. алдыңғы трансмуралды МИ жедел сатысы

  4. тұрақты стенокардия

  5. тұрақсыз стенокардия

194. ЭКГ-да: ритм синусты емес, дұрыс формалы қарыншалық комплектің (qRs) ара қашықтығының әр түрлі болуы, минутына 67 мен 120 аралығында өзгеретін, әлсіз көрінген Р тісшесіінің толқындары минутына 350 жиырылу жиілігімен. ЭКГ тән:

А) + жүрекшелер жыбыры

В) жүрекшелік экстрасистолия

С) пароксизмальды қарыншаүстілік тахикардия

D) қарыншалық экстрасистолия

Е) синусты аритмия

195.ЭКГ-да: синустық ритм, ырғақты, дұрыс, ЖСЖ 88 рет мин, Р тісшесінің «ара тісі тәрізді» айқын көрінісі, жиырылу жиілігі 200 рет мин, қарыншалық комплекстер (qRs) қалыпты, әрбір жүрекшелік 3 жиырылыстан соң пайда болады. ЭКГ көрінісі тән:

  1. жүрекшелердің дірілі, дұрыс емес түрі

  2. + жүрекшелердің дұрыс формалы дірілі

  3. қарыншалардың дірілі

  4. қарыншалық экстрасистолия

  5. жүрекшелік экстрасистолия

196.Әйел 28 жастағы, бұлшықеттеріндегі әлсіздікке, түнде болатын икра тәрізді бұлшыкеттердің тырысуына, полидипсияға (күніне 5 литрден жоғары сұйықтық ішу), полиурияға, тұрақты жоғарылаған АҚ, 2 жылдан бері медикаментозды емге басылмауына шағымданады. ЭКГда: барлық шықпаларда Т тісшесінің вольтажының төмендеуі. Артериялық гипертензияның қай түрі жайлы ойлауға болады:

  1. + Конн синдромы

  2. Эссенциалды артериалық гипертензия

  3. бүйректік артериалық гипертензия

  4. оқшауланған систолалық артериалық гипертензия

  5. НЦД

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]