Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жанна дипл.раб.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
170.48 Кб
Скачать

1.2 Туристік фирманың ұйымдық құрылымының типологиясы

Кәсіпкерліктің типологиясы ұғымының астарынан оны нақты бір түрге, типке жатқызуға және белгілеріне қарап анықтауға мүмкіндік беретін кәсіпкерлік әрекеттің әртүрлі типтері, түрлері, салалары туралы ілімді түсінеміз.

Кәсіпкерлік теориясында оны топтастыруға мүмкіндік беретін белгілерді орнату, сол белгілердің сапалық және сандық сипатын анықтау секілді сан алуан тәсілдер бар, сол себепті кәспкерлік әрекетті белгілі бір түрге жатқызу салыстырмалы түрде /ысылған/ (яғни әбден пысықталған), шамадан тыс байытылған тәсіл болып табылуы мүмкін. Кәсіпкерліктің түрлерін орнату барысында кәсіпкерлік әрекеттің объектілері, оны іске асырудың заңдылығы, оның нәтижелері, өсу қарқыны, оны енгізу басты мәнге ие.

Кәсіпкерлікті классификациялау (топтау). Кәсіпкерлік әрекетті сан алуан сипаттық белгілеріне қарай классификациялауға болады, алайда кәсіпкерліктің теориясы мен тәжірибесінде келесідегідей белгілері бойынша топтау қалыптасқан:

– меншік формасы бойынша

– заңдылығы бойынша

– аймақты қамтуына және әртүрлі территорияда таралуына қарай

– құрылтайшылардың санына қарай

– персоналдардың саны мен капиталдың көлеміне қарай

– түсімнің өсу қарқыны мен деңгейіне қарай

– жаңашылдықты пайдалануына қарай

– жауапкершілік формасына қарай т.б.

Меншік формасы туралы айтар болсақ, онда нарықтық экономикада кәсіпкерлік меншіктің жеке және мемлекеттік формасында дамуда. Жеке меншіктік ол жеке дара және әріптестік формада көрініс табады. Кәсіпкерлік муниципиалды, сондай-ақ аралас және бірлескен формада, шет ел инвесторлары формасы ретінде де дамиды.

Заңдылық белгісі бойынша кәсіпкерлік заңды, заңсыз, жалған кәсіпкерлік болып бөлінеді.

Заңсыз кәсіпкерлік болып осы әрекетті заңдастырмай, тіркеуден өткізбей, лицензиясыз жүзеге асыру жағдайы табылады, сондай-ақ бұл әрекет азаматтарға, ұйымдарға, мемлекетке айтарлықтай ірі зала келтірсе, еңбекақы мөлшерінің минималды мөлшерінен 200 есе асатын кіріс кіргізуге негізделсе заңсыз болып есептелінеді. Заңсыз кәсіпкерлікті сипатттайтын жоғарыда келтірілген белгілердің бәрі де заңсыз әрекетке жатқызылады.

Жалған кәсіпкерлік – кәсіпкерлік әрекет пен банк қызметін жүзеге асыру ниетімен емес, азаматтарға, мемлекетке зиян келтіретін тыйым салынған әрекетті жасап, жалған жолымен несие алу, салықтан жалтару (құтылу) секілді ниетпен коммерциялық ұйым құру. Заңсыз және жалған кәсіпкерлікті ұйымдастыруға қылмыстық жауапкершілік белгіленген.

Кәсәпкерлік әрекеттің әртүрлі территорияда таралуына қарай: жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық және әлемдік болып бөлінеді.

Кәспкерлікке қатысушылардың құрамына байланысты әйелдердің және жастардың кәспкерлігін атауға болады. Көптеген елдерде кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосып, ат салушы әйелдер мен жастар ассоциациясы жұмыс жасайды. Мысалы, Қазақстанда әйел кәсіпкерлер Ассоциациясы құрылған.

Өсу қарқыны, түсімінің деңгейі тұрғысында кәсіпкерлік ұйымдарды: тез дамушы, баяу қарқынмен дамушы компаниялар, жоғары түсім алушы және төмен рентабельді ұйымдар, бизнестің аса қауіпті түрлерін жүзеге асырушы фирмалар деп бөлеміз, алайда қандай да бір компанияның қатерлі іспен айналысу деңгейі және бизнес түрі арасында бірден теңдік белгісін қоюға да болмайды.

Өз кәсіпкерлік әрекеттің процесінде жаңашылдықты қолдану, жаңа технологияны енгізу, жаңа тауарларды өндіру үшін үнемі жаңа мүмкіндіктер іздеу, нарықты жаулап алу, жаңа сұранысты қалыптастыру, инновациялық менеджменті қолдану, маркетингті қолдану тұрғысында кәсіпкерлік әрекет шығармашылық – ізденушілік, өнімдік, шаблонды, рутинді, репродуктивті болып келеді.

Жеке іс жасауға қатысушылардың санына байланысты кәсіпкерлік индивидуальды (жеке) және коллективтік, әріптестік болып бөлінеді.

Капиталдағы бөлінген салмақ бойынша барлық тұлғалардың саны секілді белгілеріне қарай шағын кәсіпкерлік анықталады. Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде шаруашылық субъектілерін шағын кәсіпкерлікке жатқызу 50 критерий бойынша жүзеге асырылады.

  1. Шағын кәсіпкерлік дегеніміз – жеке және заңды тұлға құра отырып, жұмысшыларының саны 50 адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны ҚР бюджет туралы заңында белгіленгендей 60 мың еселенген айлық көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік іс - әрекетті айтамыз

  2. Орта кәсіпкерлік дегеніміз – жеке және заңды тұлға құра отырып, жұмысшыларының саны 250 адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны ҚР бюджет туралы заңында белгіленгендей 325 мың еселенген айлық көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік іс - әрекетті айтамыз

  3. Ірі кәсіпкерлік (бизнес) - заңды тұлға құра отырып, жұмысшыларының саны 250 адамнан асатын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны ҚР бюджет туралы заңында белгіленгендей 325 мың еселенген айлық көрсеткіштен асатын кәсіпкерлік іс - әрекетті айтамыз. Бұл шарттар бұзылған жағдайда шағын кәсіпкерлік орта кәсіпкерлікке, ал орта кәсіпкерлік ірі кәсіпкерлікке айнала алады.

Егер кәсіпкерлік ұйым құруда қазақ кәсіпкерлерінің қатарында шетел кәсіпкерлері де қатысса мұндай кәсіпкерлік бірлескен кәсіпкерлік болып табылады. Алайда, шетелдік инвестициялары бар кәсіпорныдар да жұмыс жасайды.

Жауапкершілік формалары бойынша кәсіпкерлік ұйымдардың жасаған қызметтерінің нәтижелері бойынша толық жауапкершілікті ұйымдар, сондай-ақ солидарный (орта) және субсидиарлы (үлестік) жауапкершілікті ұйымдар деп бөлуге болады.

Басқару мен функцияландыру процестері, қатысушылар саны, жасау, құру механизміне қарай күрделі және қарапайым кәсіпкерлік ұйымдарды бөліп алуға болады.

Кәсіпкерліктің типтері мен түрлері. Кәсіпкерлік әрекеттің бағыттылығын, капитал салудың объектісін нақты нәтижелер алуды есептегенде кәсіпкерліктің келесі түрлерін бөліп аламыз.

Біріншіден, өндірістік кәсіпкерлік. Бұл нақты бір тауарларды өндіру, жұмысты жүзеге асыру және оларды іскеасыруға арналған қызмет көрсету, тұтынушыларды қамтамасыз ету процессі. Демек, өндірістік кәсіпкерлік материалдық өндіріс аясында жүзеге асырылады, ол шаруашылық әрекеттің салаларына байланысты өндірістік, құрылыстық, ауыл шаруашылық т.б. болып классификацияланады. Осыған сәйкес кәсіпкерлікті сала бойынша ажыратады, мысалы, өндірісте кәсіпкерлік әрекет машина жасау, станок жасау арқылы ұйымдастырылады.

Халық шаруашылығ тұрғысынан қарағанда өндірістік кәсіпкерлік мемлекетке, азаматтарға, жалпы тұтынушыларға арнап тауар шығаратын кәсіпорын, фирма, компания секілді ұйымдардың әрекетінен көрініс табады. Нақты бір тұтынушыларға (халық, мемлекет т.б.) арналған қызмет көрсету мен тауар түрлерінің бәрі өндірістік кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады. Дегенмен де, өндірістік кәсіпкерлік өз бетімен жұмыс жасамайды, тәуелсіз деп айтуға болмайды, себебі оның дамуы қоғамның әлеуметтік деңгейі мен экономикалық өсу қарқынын шешіп береді. Әрине, бір ғана елде бір ғана тауар түрін өндіру мүмкін емес. Халықаралық еңбек бөлімі негізінде өндірістік мекемелерді маңызды тауар түрлерін басқа елдерге экспортқа, импортқа шығару бойынша халықралық мамандандыру жүріп жатыр. Бірақ бұл процесс айтарлықтай оңай емес. Қандай да бір тауар түрін жаңаша технология негізінде өндірудің өсу көлемін арттыру мен мамандандыру өндіріс ауқымының артуына, өндіріс шығындарының азаюына, тауар сапасының жақсаруына әкеледі. Сол себепті отандық кәсіпкер - өндірушілердің өнімдерінің шет ел тауарларымен бәсекелестікке түсуі қиын, саудамен айналысатын кәсіпкерлер отандық тауардан гөрі импорттық тауарларға көп көңіл аударады. Қазақстанның өзінде 50 % пайызға дейінгі ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түлік тауарлары шет елден әкелінген.

Экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру өндірістік кәсіпкерліктің дамуына қажетті жағдай жасай алмады, сол себепті Ресейдегі өндірістік кәсіпкерлік барынша қатерлі іс болып табылады. өндірістік өнімдердің іске асрылмауы, ұзаққа созылған төлемдердің болмауы, көптеген салықтар, мемлекеттік төлемдер кәсіпкерліктің өндірістік салада дамуын тежеді, осыған қарамастан коммерциялық сауда кәсіпкерлігі кәсіпкерлік әрекеттің екінші түрі ретінде жоғарғы қарқынмен дамуда.

Бұл кәсіпкерлік әрекет өте ыңғайлы, қажеттілікті тез арада қамтамасыз ете алады, нақты тұтынушылармен тығыз байланыста. Сауда кәсіпкерлігінің дамуына өндірушілерден төмен бағада тауар сатып алу және сатылып жатқан тауарға барынша тұрақты сұраныс секілді екі жағдай қажет леген пікір бар. Сауда кәсіпкерлігі ұзаққа қолданылатын өндірістік тауарлар стауды ұйымдастыруда үлкен мәнге ие.

Кәсіпкерліктің үшінші түрі қаржылық-несиелік кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік әркеттің мамандандырылған бұл саласында бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар т.б.), валюталық құндылықтар және ұлттық ақшалар сату-сатып алу құралдары ретінде танылады. Қардылық-несиелік кәсіпкерлікті ұйымдастыру үшін ұйымның мамандандырылған арнайы жүйесі құрылады, олар: коммерциялық, банктер, қаржы-несиелік ұйымдар, қор биржалары, валюталық биржалар және басқа да мамандандырылған ұйымдар. Банктер мен басқа да қаржы-несиелік ұйымдастырудың кәсіпкерлік әрекеті ҚР Халық банкінің нормативті актілері мен арнайы заңдары ретінде реттеліп отырады. Заңдық актілерге сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы кәсіпкерлік әрекетті кәсіби маманданған кәсіпкерлер жүзеге асыру керек. Мемлекет те бағалы қағаздар нарығының қатысушысы бола алады. Бағалы қағаздар нарығының қатысушысы сол бағалы қағаздар эммисиясын іске асырушы коммерциялық ұйымдар да болып табылады.

Қазақстан заңында қаржылық қызмет, қаржылық қызмет көрсету нарығы, қаржылық ұйым секілді ұғымдар қалыптасқан.

Қаржылық қызмет ұғымының астарынан заңды және жеке тұлғалардың қаржы құралдарын пайдалануымен тығыз байланысты әрекеттерін түсінеміз, атап айтсақ: банк опрецияларын жүзеге асыру, бағалы қағаздар нарығындағы қызмет пен сақтандыру қызметтерін атқару, қаржыны арендалау келісім – шарттарын жасау, сандай-ақ қаржыға тән қызмет көрсету әрекеттері.Қаржылық ұйым ұғымының астарынан қаржылық қызмет көрсету нарығында барлық әрекеттерді іске асырушы несиелік тұтынушы одақ, лизингті (шартты) компания, инвестициялық қор компаниясы секілді ұйымдар негізінде орындап отыратын заңды тұлғаны түсінеміз. Аталған Заң негізінде жекелеген барлық кәсіпкерлер нарықта өз әрекеттерін жүзеге асырып отырады.

Қаржылық қызмет нарығы – ҚР-сы территориясында қаржы ұйымдарының тұтынушыларға қызмет көрсету әрекетінің саласы.

Қаржылық қызмет көрсету нарығындағы кәсіпкерлік әрекет те ҚР Заңдарының талап-тіліктері мен қағидаларына сәйкес жүзеге асады. Қаржылық қызмет көрсету нарығындағы кәсіпкерлік әрекет келесідегі аталатын нарық түрлерінің жиынтығын білдіреді. Олар:

– бағалы қағаздар нарығы

– банк қызметі нарығы

– сақтандыру қызметі нарығы

– басқа қаржы қызметі нарығы

Кәсәпкерлік әрекетті жалпыға бірдей тәсілмен топтағанда кәсіпкерліктің келесідегідей түрлерін бөліп қарастырады (сурет 1).

Сурет 1. Айналым құралдардың құрылымы

  1. Өндірістік – қызмет көрсету мен басқа да өнімдерді тікілей жасап шығару;

  2. Коммерциялық – жасалып шыққан өнімді өндірушіден тұтынушыға жеткізіп беретін арадағы делдалық әрекет;

  3. Қаржылық қызмет көрсету мен өнім өндіру мақсаты мен қаржы құралдарын түзудің айрықша түрі.

  4. Кеңестік (консультативті) – қаржыны, маркетингті басқару, өндірушілердің мүмкіндіктерін бағалау, жалпылай басқару мәселелері бойынша көмек пен кеңес беру әрекеті.

Кәсіпкерліктің аталған осы әрекеттерінің алғашқы үш түрін кезең бойынша ажыратып, негізгі түрге жатқызады, демек, бұл әрекеттердің нәтижесі тауар қызмет түрін түрлерін өндіру, оны тұтынуға дайындау болып табылады. Соңғы, төртінші түрді кәсіпкерлік әрекеттің көмекші түріне жатқызады, оның мәні тауар мен қызмет көрсетудің сапасын, бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, әр түрлі тәсілдер, әдістер, технологиялар, жобалар ойлап табуда жатыр.

Туристік ұйымдардың кәсіпкерлік әркеттеріндегі қызмет көрсету ерешеліктеріне байланысты туристік қызмет көрсету де осылардың қатарына жатады.

Сонымен, туроператорлардың әрекеттері көп жағдайларда туристік өнімнің ұйымдық дайындығын, оның бөлшектеп өндірілуін, тұтынушыға сатылу секілді нәрселерді құрайды. Сол себепті, туроператорлардың әрекетін шартты түрде өндірістік кәсіпкерлікке жатқызуға болады.

Туристік агенттер сатушы делдал турлардың қызметін атқарады. Сонымен қоса олар қызмте көрсетудің басқа да түрлерін, мысалы, сақтандыру, консульдік қызмет көрсетуді орындап отырады. Бұл кәсіпкерлік әрекеттің аралас түрі.

Контрагенттер – туристік өнімді тұтынушыларға қызмет көрсетіп, қонақ үйлер, ресторандар, экскурсиялық бюро секілді нәрселермен туристерді қамтамасыз етеді.

Туристік ұйымдар қызмет көрсетуді атқару, сатуды ұйымдастырудысекілді әрекеттерді ұштастыра алады. Мұндай жағдайда фирма бір уақытта кәсіпкерлік әрекеттің бірнеше түрін орындайды.

Консультациялық кәсіпкерлік әрекет туризм саласында кең қолданылады. Туристік қызметтердің сапасы жоғары және құрамы күрделі болған сайын, туристік қызмет көрсетуді жүзеге асыру және жасау процессіне қатысатын кеңесші мамандардың да саны да арта түседі. Мысалы, клубтық демалыс (таймшер) келесідегідей қатысушыларды пайдаланады: промоутерлер (жобаны жасаушылар), сату мамандары, курорт басқарушылары, клубтық демалыс орындарын алмастыру мамандары.