Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жанна дипл.раб.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
170.48 Кб
Скачать

1.3 Туризмдегі коммуникация жүйесінің рөлі

Әрбір ақпараттық-басқару процестері тіркеу, жинақтау, жіберу, сақтау, өңдеу, ақпарат беру және шешім қабылдау сияқты жосықтардан тұрады. Бұл іс-әрекеттер ақпараттық технологиялар мен коммуникация жүйесі арқылы жүзеге асады.

Жаңа компьютерлік технологиялардын енгізумен қазіргі күнгі туризм индустриясы көптеген өзгерістерге ұшырады. Туризм нарығында коммуникация саласындағы қазіргі жаңа технологияларсыз елестету мүмкін емес. Туризмде сәтті қызмет жасау үшін қысқа уақытта көлік түрлеріне қол жеткізу туралы мәліметтер, туристерді орналастыру жағдайлары, резервте сақтау және брондау, сонымен қатар туристік қызмет көрсетудегі қосалқы мәселелерді шешуді автоматизациалау (билет, шот, жолсілтеме сияқты құжаттар, есеп-қисап және ақпараттық мағлұматтар т.с.с) қажет. Бұл шартқа туризм саласында қазіргі таңғы жаңа компьютерлік технологиялар мен коммуникация құралдарын қең көлемде пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.

Туризм индустриясы алуан жүзді, сондықтан әртүрлі ақпараттық технологиялар қолдануды қажет етеді. Жеке туристік фирманың немесе қонақ үйдің жұмысын автоматизациалау үшін арналған программалық құралдарды өңдеуден бастап ғаламдық компьюетрлік торға дейін жетеді. Туризмдегі қолданылатын коммуникация жүйесінің әралауандығы суретте көрсетілген (сурет 2).

Сурет 2. Туризмдегі коммуникация жүйесі

Қазіргі уақытта турөнімді құру ғаламдық орналастыру системасын (GDS-Global Distribution System) пайдалану қажет етеді. Бұл система транспорт түріне билетті тез және ыңғайлы брондау, қонақ үйлерде орын алу, автокөліктерді жалға алу, валюта ауытыру, көңіл көтеретін және спорттық бағдарламаларға билет тапсырыс беру т.с.с. іс-әрекеттерді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, туризм индустриясында кең тараған коммуникация құралдарының түрдері: видеомәтін, электронды пошта, электронды газет, телекс.

Ұлыбританияда 90%-ға жуық турагенттіктер визулды мәліметтер системасы Prestel-ді пайдаланады. Бұл системаны British Telecom компаниясы басқарады. Айтылмаш система тұтынушыларға қол жетімді туризм мен саяхат, туроператорлардың ұсыныстары, теміржол, паромдар, қонақ үйлер және әуе жолдары туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, система осы бағыттар бойынша үнемі жаңарып отырады. Prestel-дің ең басты компоненттері дисплей рөлін атқаратын теледидар, ақпаратты енгізүге арналған пернетақта және турагенттікті орталық компьютермен байланыстыратын адаптер болып табылады.

Видеомәтін технологиясы Minitel системасын пайдаланатын Франция елінде де кеңінен тараған. Алайда АҚШ елінде бұл технологияны қолдану шектелген. Жаңа коммуникация құралдары туризм саласына белсенді түрде енгізілуде, әр кәсіпорын үшін бәсекелестікті көтеру мақсатында оларды қолдану міндетті болып есептеледі. Коммуникация жүйесінің туризмге тигізетін әсері төменгі суретте корсетілген (сурет 3).

Сурет 3. Коммуникация жүйесінің туризмге әсері

Ең алдымен бұл туристік өнімді жылжытудың жаңа маркетингтік каналдарын құру мен өнімнің өтісіне қатысты. Соңғы кезде ақпаратты электронды поштамен жіберу (direct-mail) кеңінен тараған. Көптеген туристік мекемелер Интернетте өздерінің сайттарын құруда. Туристік өнімді таратуда аса тиімді емес тәсіл болса да, бұл бағыттын келешегі бар деп есептеуге болады. Туристік нарыққа Microsoft фирмасының «Экспедиа» тәрізді электронды коммерциямен айналысатын туристік бюролар енуде. Бұл бюро кез келген кредиттік картосы бар тұтынушыға тур сатып алуына, ұшақтарға немесе қонақ үйлерден орын алуға, әлемнің кез келген нүктесінен автокөлікті жалға алуға мүмкіндік береді. Неміс сарапшыларының берген бағасы бойынша жақын уақытта туристік өнімнің сатылуының 25%-ы электронды коммерция арқылы жүзеге асады деген болжам бар. Сонымен, жаңа технологиялар электронды маркетинг каналдарын құру мен оларды қолдануға себеп болды.

XX ғасырдың 60-шы жылдарында ойлап табылған резервтік компьютерлік жүйелері CRS (Computer Reservation System) авиабилеттерді брондау процессін жылдамдатты. Қызмет көрсету уаөытынын азайғанына байланыста сервистік қызмет көрсету сапасы жақсырап, ұсынылатын қызмет түрлері мен көлемінің ұлғаюына себеп болды. Соған қоса, авиалайнерларды жүктеуді оңтайландырып, жаңа басқару тәсілдерін қолдануға әсерін тигізді. Қазіргі уақытта туризм саласындағы мекемелердің 98%-ы брондау системасын қолданады. Қазақстандық нарықта көбінесе Amadeus, Galileo Worldspan брондау жүйелерін пайдаланады.

Туризмде мәліметтік технологияларды қолданудың негізгі бағыттарының біріне мультимедиялық технологияларды, оның ішінде анықтамалар мен каталогтарды енгізу жатады. Қазіргі уақытта туристік анықтамалар мен каталогтар кітап түрінде, видеокассеталар, CD-ROM лазерлік дискілерде басылып, Интернет жүйесіне қойылған. Электронды каталогтар берілген маршруттар бойымен виртуалды саяхаттауға, осы маршруттарды активті режимде қарауға, маршрут трассасы бойынша орналасқан мемлекеттер мен объектілер туралы мәліметтерді алуға, қонақжай, кемпинг, мотельдер және басқа да объектілердің орналасу туралы мәліметтерді алуға, жеңілдіктер жүйесі, сонымен қатар туризм саласында заңдылықпен танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл каталогтарда әдетте, туристік құжаттарды рәсімдеу ережелері, туристік заңдылықтар, төтенше жағдайларда туристің іс-әрекеті туралы және т.б. мәліметтер келтірілген. Клиент тур бағдарламасын жоспарлап, оның тиімді параметрлерін (бағасы, жеңілдіктер жүйесі, көлік жүйесі, мезгіл және т.б.) таңдай алады.

Мультимедиялық технологияларды қолдану потенциалды клиентке оның назарындағы кез-келген тур туралы мәліметтерді оперативті ұсынуға және осымен тез және қатесіз қолайлы турөнімді таңдауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда туроператор қажет жағдайларда берілген турға өзгерістерді енгізуге немесе жаңа өзгеше турды қалыптастыруға, орындарды брондау және туристке оперативті режимде жасалған туристік қызметтік сатуға мүмкіндік береді.

Туристік бизнестің менеджмент облысында біршама өзгерістер орын алды. Турбизнестің дамуының заманауи деңгейі және осы облыста қатты бәсекелестік туристік агенстволарға коммуникациялық жүйелерге біршама маңыздылық береді. Осы жүйелердің функционалды мүмкіндігі турлар, қонақ үйлер, клиенттер, тапсырмалар күйі туралы мәліметтерді енгізуді, редакуциялау және сақтауды, құжаттардың әртүрлі түрлерінде – анкета, ваучер, туристер тізімі, турлар, қонақүйлер сипаттамалары мәліметтерді шығаруды, валюталар, жеңілдіктер курсын ескере отырып турлар құнын есептеуді, қаржылық есептемелерді қалыптастыруды, экспорт-импорт мәліметтерді басқа бағдарламалық өнімдерге (Word, Excel, бухгалтерлік бағдарламалар) өткізу және басқа мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажет. Бұл жүйелер құжаттарды есептеу және қалыптастыру үрдістерін тездетеді, сонымен қатар клиенттерді жеткізу, орналастыру және т.б. қызметтерді құны бойынша тиімді таңдау арқылы оның бағасын да төмендетеді. Туристік кеңсесінң автоматтандырудың біріңғай мәліметтік жүйесін барлауға тапсырма біршама қымбат және де қазіргі уақытта олардың қажеттігі жоқ, себебі өзін ұсынған бірнеше бағдарламалық өнімдер бар.

Программалық өнiмдер нарығында туристтiк фирманың iшкi қызметiн автоматтандырылуға мүмкiндiк беретiн бiрнеше компьютерлiк жүйелер берілген. Әдеттегiдей, бұл жүйелер клиенттерге, әрiптестерге, қонақ үйлерге, көлiкке, елшiлiктер бойынша анықтама деректер қорларының жүргiзулерiн қамтамасыз етедi, сонымен бiрге турлардың жүргiзуi және төлемдердiң есепке алуы, тапсырыстардың қабылдауы және клиенттерi бар жұмысты, демалыс құжаттары және т. б. Құрастыруды қамтамасыз етеді. Түгелдей дерлiк программалық кешендер бухгалтерлiк есептемелерді және экспорт-импорт мәлiметтердi 1C сияқты арнайы бухгалтерлік бағдарламаларға қалыптастыруды қамтамасыз етедi.

Туристік фирмалардың автоматтандырумен бірге қонақ үйлер, мейрамханалар және туристік бизнестің басқа да орындарын әрекет етуін автоматтандырудың ұқсас бағдарламаларын шығару да жүргізіліп жатыр. Осы облыста коммуникациялық жүйелерді қолдану менеджментте біршама өзгерістерге әкеледі, сонымен қатар қызмет көрсету сапасын жоғарлатады.