Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Prakticheskie_zadachi_ZhM.docx
Скачиваний:
38
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
134.93 Кб
Скачать

Шешу алгоритмі:

  1. Сәбиде қандай алмасу процесі бұзылған? Витамин қалай аталады?

  2. Теріде витаминнің түзілу схемасын және оның бауыр мен бүйректегі метаболизмін көрсетіңіз

  3. Берілген витаминнің әсер ету механизмін және активті- алмасу түрінің (1,25-(ОН)2 Д3) ішек қабырғасына және басқа ағзаларға әсерін көрсетіңіз.

13

Ұзақ уақыт бойы алкогольді мөлшерден тыс ішуінің нәтижесінде бауыр циррозына ұшыраған науқас көмірсуы басым диетаға отырған және жүрек тұсының ауыратындығына, саусақтарының ұшы жансызданатындығына, балтырларының ауыратындығына, есте сақтау қабілетінің нашарлағандығына шағымданды. Қанға жасалған анализ пируват пен лактаттың концентрациясының жоғарылауынан туындаған ацидоз екенін көрсетті. Бұл себептердің механизмін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Науқаста алмасудың қандай түрі бұзылған? Витамин қалай аталады?

  2. Берілген жағдайда пируват пен лактаттың түзілу реакциясын жазыңыз. Реакцияны катализдейтін ферменттерді, олардың коферменттерін және құрамына кіретін витаминдерді атаңыз.

  3. Аэробты жағдайда пируваттың өзгеріске ұшырау реакциясын, ол реакцияның жүру жолын, реакцияны катализдейтін ферменттерді, олардың коферменттерін және құрамына кіретін витаминдерді жазыңыз.

14

Дәрігердің қабылдауындағы пациент көбіне пісірілген тағамдармен қоректенеді, көкөністер мен жеміс-жидектер рационында аз. Науқас әлсірей беретіндігін, қызыл иегінің қанайтынын, тістерінің босап кеткенін, буындарының қақсайтынын, есте сақтау қабілетінің нашарлағанын, жиі суық тиіп ауыратынын айтып шағымданды. Дәрігер тексеру барысында көптеген петехиялар, тері қабатының бозаңдығын байқады. Қан талдауы гипохромды анемияны көрсетті. Берілген белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз

  2. Қандай тағамдардың құрамында болатындығын түсіндіріңіз. Бұл витамин қандай ферменттердің құрамына кіреді?

  3. Бұл витаминнің авитаминозы кезінде капиллярлардың жарылғыштығы жоғарлаған, дәнекер тіні зақымданған. Қандай реакция бұзылған, реакцияны жазып, ферментті атаңыз.

15

Созылмалы гастритпен және аш ішектің шырышты қабатының зақымдануымен ауыратын науқастың қанын талдағанда эритроциттер, лейкоциттер, гемоглобин мөлшерінің төмендегені, жетілмеген ірі жасушалар-мегалобласттар бар екендігі анықталды. Орталық және перифериялық нерв жүйесінде ауытқулар, атап айтқанда есте сақтау қабілетінің нашарлауы, парездер және сал ауруының белгілері байқалды. Берілген белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз

  2. Берілген витаминнің сіңірілуі қандай факторға тәуелді және ол қай жерде түзіледі?

  3. Берілген витаминнің қатысуымен жүретін реакция теңдеулерін жазыңыз.

16

Антибиотиктермен ұзақ уақыт емделгеннен соң пациентте мұрынның жиі қанауы, бір жерін сәл кесіп алса да қан көп кетуі, көздің тор қабығына қан құйылуы тәрізді белгілер байқалды. Аскорутинді қабылдау нәтиже бермеді. Берілген белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз

  2. Берілген витаминнің антивитаминдері және синтетикалық аналогы қалай аталады, бұл витамин қандай тағамдарда кездеседі?.

  3. Бұл витаминнің биологиялық әсерін сипаттаңыз.

17

Қышқылды фосфатаза ферменті фосфор қышқылының күрделі эфирлерінің гидролиз реакциясын жүргізеді. Бұл фермент көк бауыр, простата (қуық асты безі) жасушаларында түзіледі, эритроциттер, тромбоциттер, макрофагтар және остеокласттар құрамында болады. Бұл фермент сперматозоидтар акросомасында болады, және ұрықтану кезінде ооцит плазмолеммалары фосфолипидтерін ыдыратады. Қышқылды фосфатаза ферменті рН=4,7-6,0 мәнінде (қышқылдық ортада) ең жоғары ферментативтік активтілік көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]