Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Prakticheskie_zadachi_ZhM.docx
Скачиваний:
38
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
134.93 Кб
Скачать

Шешу алгоритмі:

  1. Ағзадағы ГАМҚ түзілетін орнын және функциясын көрсетіңіз.

  2. ГАМҚ түзілу және инактивациясының сызбанұсқасын жазыңыз, осы үрдістерге қатысатын ферменттер мен коферменттерді атаңыз.

  3. ГАМҚ синтезіне қатысатын ферменттің құрамына кіретін витаминді атаңыз.

61

Аддисон ауруының бір себебі (қола түстес ауру, гипокортицизм, бүйрек үсті безінің гипофункциясы) кортикостероидтармен ұзақ емдеуден бүйрек үсті безінің жасушаларының атрофиясы. Аурудың негізгі симптомы бұлшық ет әлсіздігі, гипогликемия, бұлшық еттерде дистрофиялық өзгерістер, артериялық қысымның төмендеуі, кей жағдайда тері мен шырышты қабаттарда пигментация артуы байқалады. Аурудың бұл симптомдарын қалай түсіндіруге болады?

Шешу алгоритмі:

  1. Негізгі белсенді кортикостероидтарды атаңыз және олардың қызметін көрсетіңіз.

  2. Қандай кортикостероидтардың жетіспеуінен бұл ауруда гипогликемия, бұлшық еттерде дистрофиялық өзгерістер болады?

  3. Аддисон ауруы кезінде гипогликемия мен қан қысымының төмендеу механизмін түсіндіріңіз.

62

Таулы аймақта тұратын 18 жастағы қыз бала эндокринологқа келесі шағымдармен келді: жалпы әлсіздік, дене температурасының төмендеуі, көңіл күйінің төмендеуі. Пациент қанда ТТГ және йодтиронинді анықтауға жіберілді.Анализ нәтижесі қанда ТТГ концентрациясының жоғарлағанын және тироксин концентрациясының төмендегенін көрсетті. Науқаста қандай ауру деп болжам жасауға болады?

Шешу алгоритмі:

  1. Мұндай аурудың себебі не болуы мүмкін және тұратын жері мен аурудың пайда болуы арасында байланыс бар ма?

  2. Йодтирониндердің синтезінің қалай реттелетінін схема түрінде көрсетіңіз.

  3. Бұл патологияда профилактика үшін қандай диетаны сақтау керек.

63

39 жастағы науқас үнемі аштық, шөлдеу сезіміне, тез шаршайтынына, қалыпты дене шынықтыру жүктемесі мен аппетитінің жақсы болғанына қарамастан салмағының азайғанына шағымданды.Аш қарынға глюкоза мөлшері 7мМ/л болды.

Шешу алгоритмі:

  1. Қалыпты жағдайдағы қандағы глюкоза мөлшерін көрсетіңіз және науқаста қандай ауру деп болжам жасауға болады?

  2. Көрсетілген симптомдардың механизмдерін түсіндіріңіз.

  3. Диагноз қою үшін қосымша қандай зерттеулер жүргізу керек? Бұл кезде қандай нәтиже күтуге болады?

64

Ер адам есінен танып қалды. Сонымен қатар оның өңі бозарған, денесі салқындаған.Есін жинату кезінде оның қалтасынан глюкометр ( глюкоза мөлшерін анықтауға арналған прибор), шприц табылды.

Шешу алгоритмі:

  1. Қандай патологиялық жағдай деп болжам жасауға болады және бұл жағдай қандай ауруда байқалады?

  2. Неліктен бұл жағдайда есінен тану байқалады және науқастың қалтасында глюкометр мен шприцтің болуы немен байланысты?

  3. Қандай алғашқы көмек көрсету керек және неге?

65

Аурухананың инфекциялық бөліміне сарғыштану белгісі байқалған және әлсіздікпен, дене температурасы жоғарлаған (+38,5С) науқас түсті.Тікелей және тікелей емес билирубин концентрациялары жоғарлаған.Зәрде тікелей билирубин және уробилин анықталған.Науқаста сарғыштанудың қандай түрі?

Шешу алгоритмі:

  1. Тікелей және тікелей емес билирубиннің түзілу схемасын көрсетіңіз.

  2. Тікелей емес билирубиннің конъюгациялану реакциясын жазыңыз және тікелей және тікелей емес билирубиннің қасиетттерін атаңыз.

  3. Бауыр патологиясына диагноз қою үшін қанда қандай бауырдың индикаторлы ферменттерінің активтілігін анықтайды және энзимодиагностикаға негізделген негізгі принциптерді атаңыз.

66

Науқас белінің ауратынына, ісіну пайда болғанына, әлсіздік және қан қысымының артқанына шағым жасады.Дәрігер науқастың бүйрегінің ауырғаны туралы болжам жасады.Дәрігер неге осындай болжам жасағанын түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Бүйректің зақымданғанын анықтау үшін қан мен зәрде қандай биохимиялық көрсеткіштерді анықтау керек?

  2. Бүйрек зақымданған кезде қан мен зәрдің анализінде қандай өзгерістер болады (қан сарысуында белоктардың электрофорезінде).

  3. Неге бүйрек ауруы кезінде қан қысымының артатынын схема түрінде көрсетіңіз.

67

Науқастың жіліншігінің төменгі жағы сынғандай ауырады.Соңғы кезде арықтағаны және әлсіздік байқалады.Дәрігер науқастың сүйек тіні зақымданағаны туралы болжам жасады.Осы болжам неге негізделген?

Шешу алгоритмі:

  1. Науқаста сүйек тіні зақымданағанын анықтау үшін қандай арнайы ферменттерді анықтау керек?

  2. Бұл жағдайда қанда қандай макроэлементтерді анықтау керек?

  3. Диагнозды анықтау және емдеу үшін қандай гормондарды анықтау керек, олардың физиологиялық әсерін айтыңыз.

68

Қабылдау бөліміне буындары қабынған және жүрегі ауырған науқас түсті. Науқасқа қандай биохимиялық анализдерді өткізуге жолдама бересіз?

Шешу алгоритмі:

  1. Асқынған қабыну кезінде қан сарысуында белоктар фракцияларының мөлшері қалай өзгереді?

  2. Созылмалы қабыну кезінде қан сарысуында белоктар фракцияларының мөлшері қалай өзгереді?

  3. Қауіпті фаза белоктарын атаңыз және оларға қысқаша сипаттама беріңіз.

69

Науқас ревматология бөлімінде ем алып жатыр. 15-ші күн қан сарысуында белоктық фракцияны зерттеген кезде: альфа-1-глобулиндер – 5%, альфа-2-глобулиндер – 7%, бета-глобулиндер – 18%, гамма-глобулиндер – 23% болды. Альбуминдердің мөлшері қалыпты жағдайда. Көрсетілген анализде қалыпты жағдайдан ауытқулар байқалады ма?

Шешу алгоритмі:

  1. Қалыпты жағдайда қан сарысуында белоктар фракцияларының мөлшері қандай?

  2. Электрофорез әдісінің маңызы неде?

  3. Созылмалы және қауіпті қабынуда белоктар фракцияларының қатынасы қалай өзгереді?

70

Науқас ішінің үзілісті және айналдыра ауратынын, әсіресе сол жақ қабырғасының асты қатты ауыратынына шағымданды. Соңғы кезде жиі іші өтеді, әсіресе майлы тағам қабылдағаннан кейін.Нәжісінде май бар екені анықталды. Дәрігер ұйқы безінің зақымданғанына болжам жасады.Бұл болжам неге негізделген?

Шешу алгоритмі:

  1. Ұйқы безінің зақымдануында қанда қандай арнайы ферменттер артады? Ол фермент қандай класқа және қай топқа жатады?

  2. Неге майлы тағамды қабылдағаннан кейін майлы іш өту байқалады ?

  3. Тағам триглицеридтерін гидролиздейтін ұйқы безінің ферментін активтеуге қандай заттар керек?

31 беттің 31 беті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]