Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Prakticheskie_zadachi_ZhM.docx
Скачиваний:
38
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
134.93 Кб
Скачать

Шешу алгоритмі:

  1. Реакция жылдамдығының орта рН-на тәуелділік графигін сызып көрсетіңіз. рН-ң өзгеруімен қышқылды фосфатаза активтілігінің өзгеру себебін түсіндіріңіз.

  2. Ферменттің класын, тобын, топшасын анықтаңыз.

  3. Берілген ферментті анықтаудың диагностикалық маңызы қандай?

18

Көп мөлшерде кофеин қабылдаған адамдарда адреналиннің әсеріне ұқсас белгілер: жүрек жиырылуының артуы, қолқаның кеңеюі, қозу, энергиялық субстраттардың (гликоген, ТАГ) қоры бар тіндерде метаболизмнің өзгеруі болады.

цАМФ-тің ыдырауына (цАМФ--------АМФ) жауапты фермент фосфодиэстеразаның (ФДЭ) бәсекелес ингибиторы болып табылатын кофеиннің әсер ету механизмін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Кофеиннің әсерінен жасушада қандай заттың концентрациясы артады?

  2. Кофеинді қолдану нәтижесінде қандай процестер активтенетінін атаңыз және бұл процестердің (реакциялардың) схемасын келтіріңіз.

  3. Берілген жағдайда қандай реакциялардың жылдамдығы артады және қандай ферменттер активтенеді?

19

Клиникада асқазан ішек жолдары бездерінің функциялары жеткіліксіздігінде және ингибиторлар ретінде де көбіне энзимді препараттарды тағайындайды. Бұл жағдайда ферменттерді қабылдау неге негізделген?

Шешу алгоритмі:

  1. Асқазан ішек жолдарында асқорыту процестері бұзылғанда энзимдік препараттармен орынбасу терапиясын тағайындайды. Осы препараттарға қандай ферменттер кіреді (класын, тобын және топшасын, түзілетін жерін көрсетіңіз)

  2. Ас-қорытуға қатысатын ферменттердің әсерін көрсетіңіз (схемамен).

  3. Созылмалы панкреатитте (ұйқы безінің қабынуы) трасилол немесе трипсиннің басқа пептидтік ингибиторларын тағайындайды. Созылмалы панкреатитте трипсинннің ингибиторларын қабылдау неге негізделген? (ингибирлеу түрін көрсетіңіз).

20

Аурухананың қабылдау бөліміне түскен науқас кеуде астының, көкірек тұсының ауыратынына және өзін нашар сезінетініне шағымданды. Қабылдау бөлімінің дәрігері биохимиялық зерттеулер арқылы аспартатаминотрансферазның (АСТ) көрсеткіштері жоғарылағанын анықтады. Науқастың қай органы зақымдалған деп болжам жасауға болады?

Шешу алгоритмі:

  1. АСТ жылдамдататын реакция теңдеуін жазыңыз және осы ферменттің құрамына қандай витамин кіреді?

  2. Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қосымша қандай биохимиялық көрсеткіштерді анықтауды тағайындау керек?

  3. Атеросклерозды анықтау үшін науқаста қандай көрсеткішті анықтау керек?

21

Зерттеу кезінде митохондрияда тотығатын субстрат ретінде малатты пайдаланды. Мына заттардың қайсысы тыныс алу тізбегін, ал қайсысы тотығудан форфорлану процестерін ингибирлейді?

А) натрий амиталы;

Б) 2,4-динитрофенол

В) цианидтер

Г) май қышқылдары

Д) СО

Шешу алгоритмі:

  1. Электрондарды (БТ) тасымалдау тізбегінің схемасын салыңыз және түсіндіріңіз, сіз таңдаған қосылыстар қай этаптарға қалай әсер етеді?

  2. БТ мен ТФ қабысу нүктелерін көрсетіңіз

  3. Қай кезде тыныс алу коэффициенті (Р/О) 1, 2, 3-ке тең және осы көрсеткіштердің ішінде қайсысы қалыпты жағдайға сәйкес келмейді, түсіндіріңіз.

22

Митохондрияларды жабық ыдыста фосфатты буферде инкубирледі, сутек доноры ретінде малат қолданылды. Реакция жылдамдығын тәжірибелік сынамадағы сіңірілген оттекпен анықтап отырды (ыдыстағы газдың азаюымен). АДФ-ты әр қосқан сайын оттектің сіңірілуі жедел артып отырды және АДФ-тың келесі үлесі қосылғанша өзгермей тұрды.Бұны қалай түсіңдіруге болады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]