Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Prakticheskie_zadachi_ZhM.docx
Скачиваний:
38
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
134.93 Кб
Скачать

Шешу алгоритмі:

Қандай реакциялар көмегімен гемоглобиннің цистеиндік қалдығын тотықсызданған күйде сақтауға болады және осы үрдіске қатысатын коферментті атаңыз.

  1. Осы коферменттің тотықсызданған формасы түзілетін үрдістің схемасын жазыңыз.

  2. Қай ферменттің қызметінің бұзылғаны керекті коферменттің жеткіліксіздігіне және көрсетілген клиникалық жағдайға себеп болатын көрсетіңіз.

40

Емханаға екі студент қан құрамындағы «қантты» тексертуге келді. Анализ нәтижелері дайын болғанда, 1-ші студентте қандағы глюкоза мөлшері 5,6 мМ/л, ал 2-ші студенттің қандағы глюкоза мөлшері 7 мМ/л екені анықталды. Алынған нәтижелерді талқылау кезінде, 2-ші студенттің таңертең тексеруге дейін жарты сағат бұрын тәтті шай ішкені анықталды. Алынған анализдерге қорытынды жасаңыз.

Шешу алгоритмі:

Неліктен биохимиялық зертханада глюкозаның сандық мөлшерін анықтау, қатаң түрде аш қарында жүргізіледі?

  1. Глюкозаның қандағы қалыпты мөлшері және тамақтанғаннан кейін глюкозаның жоғары мөлшері қанша уақытқа дейін созылады?

  2. Тамақтанғаннан кейін глюкоза мөлшерінің жоғарлауынан бауырда қандай үрдіс жылдамдайды?

41

Ауыр дене еңбегі және ашығу кезіндегі глюконеогенездің ең басты субстраты глицерин, ол май тінінде майлардың ыдырауы кезінде түзіледі. 1 молекула глюкозаның синтезіне неше молекула глицерин және АТФ керек екенін анықтаңыз.

Шешу алгоритмі:

Глицеринàглицерол-3-фосфатàдигидроксиацетонфосфатà2à3à4àглюкоза

1

Глицериннен глюкозаның синтезделуіне қажетті метаболиттерді толықтырыңыз.

  1. Бастапқы екі реакцияны формуламен, ферменттерін және коферменттерін көрсете отырып жазыңыз.

  2. Схема түрінде АТФ-ті қажет ететін реакцияны көрсетіңіз.

42

Цинганың клиникалық көріністері – тері астында және шырышты қабықтың астында қанның құйылуы, қызыл иектің қанауы, тістің түсуі, анемия байқалады. Бұл ауру қай витаминнің жетіспеушілігінен пайда болады және қандай процесстің бұзылуына әкеледі?

Шешу алгоритмі:

Осы витаминді атаңыз, оның формуласын жазыңыз.

  1. Бұл витамин қандай белок синтезіне қатысады, бұл белоктың құрылысын сипаттаңыз.

  2. Осы витамин қатысатын реакцияны жазыңыз, оның функциясын түсіндіріңіз, ферментті атаңыз; осы реакцияның жүруі үшін қандай заттың керек екенін көрсетіңіз.

43

Коллагеннің альфа-тізбегі көп мөлшердегі глициннің қалдықтарынан тұрады. Глицин басқа аминқышқылға алмасып кететін мутациялар келесі ауыр зардаптарға әкеледі: сүйектің сынғыштығына, тістің ауытқуына, буындардың аса қозғалтқыштығына және т.б. Неліктен осындай көрсеткіштер байқалады?

Шешу алгоритмі:

  1. Коллагеннің аминқышқылдық құрамын көрсетіңіз; осы құрамның коллагеннің құрлысының қалыптасуындағы маңызын түсіндіріңіз.

  2. Коллагеннің біріншілік құрылысының ерекшеліктерін және оның негізгі қызметін атаңыз

  3. Тропоколлагеннің қалыпты молекуласын түзу үшін глицин қалдықтарының маңызын түсіндіріңіз

44

Адам тағамының құрамына линоль, линолен, олеин қышқылдары кіреді. Ас қабылдағаннан кейін 1 сағат өткенде хиломикрондардың құрамында пальмитин, линоль, стеарин және олеин қышқылдары басымды екені анықталды. Осы нәтижелерді түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Тағаммен түскен майдың гидролизінің реакциясын жазыңыз

  2. Ішек қабырғасындағы ТАГ ресинтезінің сызбанұсқасын жазыңыз

  3. Тағам майларының құрамы және хиломикрон құрамындағы майлардың арасындағы айырмашылықтарды түсіндіретін реакцияларды жазыңыз

45

Құрамына майлар және көмірсулар кіретін тағаммен тамақтанғаннан кейін, қан сарысуының түрі өзгеріп, лайланады («сүт тәрізді сарысу»), ал 2-3 сағат өткеннен кейін қайтадан мөлдір сұйықтыққа айналады. Осы өзгерістерді түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Неліктен майлы тағам қабылдағаннан кейінгі қандағы өзгерістерді «алиментарлық гиперлипидемия» деп атайды? Түсіндіріңіз.

  2. Өте майлы тағамды қабылдағаннан кейін 1 сағат өткенде, липопротеиндердің қайсысы қанда басым болады?

  3. Осы липопротеиндердің негізгі комоненттерін атаңыз?

46

40 жастағы науқас әйелдің өт қапшығында, өт жолдарын жауып, өттің ішекке түсуін бұзатын өт тастары бар екені анықталды. Өттің секрециясының бұзылуының барлық салдарын атаңыз.

Шешу алгоритмі:

  1. Өт қышқылдарының формуласын жазыңыз

  2. Липидтердің қорытылу өнімдерінің сіңірілуіндегі өт қышқылдарының қызметін көрсетіңіз және сызбанұсқа салыңыз

  3. Осы науқаста қандай заттардың тапшылығы болуы мүмкін және оның белгілері мен салдары.

47

Май қышқылдарының синтезі жүретін жасушаларда, сол үрдіспен қатар глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы (ПФЦ) жүреді. Осы үрдістердің арасындағы байланысты түсіндіріңіз. Шешу алгоритмі:

  1. ПФЦ және май қышқылдарының синтезінің сызбанұсқасын көрсетіңіз

  2. Май қышқылдарының синтез реакцияларын ПФЦ-мен қамтамасыз ететін коферментті және оның құрамындағы витаминді атаңыз. Осы коферменттің қатысуыменен жүретін май қышқылдарының синтез реакцияларын жазыңыз

  3. Неліктен бауырда, май тінінде, эритроциттерде ПФЦ өте қарқынды жүреді?

48

Тәжірибелі жануарларды құрамында көміртектің радиоактивті атомдары бар глюкозамен қоректендірді. Бірнеше сағаттан кейін адипоциттердегі майларды зерттегенде, радиоактивті көміртек глицерол және май қышқылдары радикалдарының құрамында табылғаны анықталды.

Шешу алгоритмі:

  1. Глюкозаның ацетил-КоА-ға дейін катаболизмін жазыңыз.

  2. Фосфотриозадан глицеролға дейін липонеогенез сызбанұсқасын жазыңыз

  3. Сызбанұсқа түрінде май қышқылдарды синтездейтін жолын көрсетіңіз

49

Майлар энергияны көп қажет ететін молекулалар болып табылады. Майлардың құрамына қарап осыны түсіндіріңіз. Трипальмитиннің бір молекуласы тотыққан кездегі АТФ санын санаңыз.

Шешу алгоритмі:

  1. Осы қосылыстың гидролиз реакциясын жазыңыз

  2. Пальмитиннің бір молекуласы тотыққан кездегі АТФ санын санаңыз.

  3. Глицериннің тотығу реакцияларын жазыңыз және және осы үрдіс кезінде түзілетін АТФ санын санаңыз. Трипальмитиннің бір молекуласы тотыққан кездегі толық АТФ санын санаңыз

50

Тұқым қуалау ауыруларының біреуінде, қанқа бұлшық еттерінде карнитиннің синтезіне қатысатын ферменттердің ақауларының нәтижесінде, карнитиннің концентрациясының төмендеуі байқалады. Неліктен осы науқастарда ауыр дене жұмысын істейтін қабілеті төмен болады?

Шешу алгоритмі:

  1. Май қышқылдарының алмасуындағы карнитиннің ролін көрсететін сызбанұсқасын жазыңыз

  2. Осы науқастарда қай метаболиттік жолдың жылдамдығы төмендегенін көрсетіңіз

  3. Неліктен науқастардың бұлшықеттерінің жасушаларында микроскоппен көрінетін үлкен май вакуольдары табылатынын түсіндіріңіз

51

Тәжірибелі жануарларды 1 апта бойы құрамында көміртектің радиоактивті атомдары бар глюкозаның артық мөлшерімен қоректендірді. Сосын 2 күн бойы ашықтырды. Қандарында құрамында радиоактивті көміртек бар кетон денелері анықталды. Тәжірибенің нәтижелерін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Глюкозаның ацетил-КоА-ға дейін катаболизмін жазыңыз.

  2. АцетилКоА-ның кетон денелерінің синтезіне пайдалану сызбанұсқасын көрсетіңіз

  3. Глюкозаның катаболизміне және кетон денелерінің синтезіне қатысатын негізгі ферменттерді атаңыз

52

60 жастағы екі ер адамның қанындағы жалпы холестерол деңгейін және ТТЛП/ТЖЛП индексін анықтады. Екеуіндеде жалпы холестерол деңгейі – 6,0 мМ/л болды, ал ТТЛП/ТЖЛП индексі бірінші науқаста – 4, ал екіншісінде – 3,1. Алынған нәтижелерді бағалаңыз.

Шешу алгоритмі:

  1. Қай науқаста атеросклероздың және оның асқынуының қауіпі жоғары болады

  2. Холестериннің тасымалдануындағы ТЖЛП ролін көрсететін сызбанұсқаны жазыңыз

  3. Неліктен ТТЛП атерогенді липопротеиндер деп, ал ТЖЛП – антиатерогенді деп атайтынын түсіндіріңіз

53

Науқаста жедел панкреатит. Сол кезде ұйқы безі жолдарының қабырғалырының қабынуы және ісінуі, жол құысының тарылуы, тоқырау (жүрмей қалу) құбылыстары байқалады. Осындай науқастаға жедел медициналық жәрдем қажет. Ұйқы безі сөлінің бөлінуінің бұзылуы неге қауіпті екенін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Ұйқы безі сөлінде қандай ферменттер синтезделеді

  2. Олардың активтену жолдарын, проферменттердің активаторларын атаңыз

  3. Ұйқы безі тінінде олардың активтенуі қандай салдарға әкелетінін түсіндіріңіз.

54

Науқастың асқазан сөлінде лактат және өт пигменттері жоғарлағаны анықталды. Осы кезде қандай аурулар болуы мүмкін. Шешу алгоритмі:

  1. Өнімі лактат болатын үрдісті атаңыз. Неліктен лактат асқазанда жиналады. Оның бар болуын қандай сапалық реакциямен анықтауға болады?

  2. Асқазан сөлінің ролін, асқазан сөлінің қышқылдықтарының түрлері және қалыпты жағдайдағы көрсеткіштері атаңыз

  3. Неліктен асқазан сөлінде өт пигменттері, оларға сапалық реакция

55

Асқазан жарасы бар аурудың асқазанының бір бөлігін алып тастады. Операциядан кейін тексеру нәтижесінде белоктардың қорытылу процесі айтарлықтай өзгермеді.Алынған зерттеу нәтижесін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Асқазанда синтезделетін пептидазаларды, олардың активтену механизмін және активаторларын атаңыз.

  2. Панкреатидтік (ұйқы безі) пептидазаларды және энтероциттердің (ішек жасушаларының) ферменттерін атаңыз.

  3. Бұл ферменттердің класын, тобын, топшасын атаңыз.

56

Дені сау тышқандарды ұзақ уақыт құрамында лейцин, валин және фенилаланин жоқ жасанды белоктық рационда ұстады.Бұл кезде азоттық баланс қалай өзгереді?

Шешу алгоритмі:

  1. Азоттық балансқа анықтама беріңіз.

  2. Бұл амин қышқылдары (лейцин, валин,фенилаланин) ағзада синтезделетін мүмкіндіктеріне қарай қандай аминқышқылдарының тобына жатады?

  3. Оң және теріс азотты баланстардың мүмкін болатын себептерін атаңыз.

57

Науқаста миокард инфаркты деген болжаммен қанында АЛТ (аланинаминотрансфераза) және АСТ (аспартатаминотрансфераза) активтіліктері анықталды.Осы патология кезінде қандай аминотрансферазаның активтілігі көп мөлшерде артады және неге? Көрсетілген патологияны толық анықтау үшін қанда басқа қандай ферменттер анықталатынын атаңыз?

Шешу алгоритмі:

  1. АЛТ және АСТ катализдейтін реакцияны атаңыз.

  2. Бұл реакциялардың амин қышқылдары метаболизміндегі маңызын түсіндіріңіз.

  3. Энзимодиагностика принципін түсіндіріңіз.

58

Науқастың зәрінде креатинин концентрациясы 30мМ/л (қалыпты жағдайда 88-176мМ/л).

Қандай тіннің зақымданғаны деп болжам жасауға болады?

Шешу алгоритмі:

  1. Креатинин туындысы болатын амин қышқылдарын атаңыз.

  2. Креатинин түзілу схемасын жазыңыз және осы үрдіске қатысатын тіндерді атаңыз.

  3. Осы жағдайда аурудың қанында қандай ферменттер артады?

59

Ірімшікте (творог) барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары бар.Бауырды май басуда ауруға көбірек ірімшікті пайдалану ұсынылады.Неге мұндай диета аурудың жағдайын жақсартатынын түсіндіріңіз?

Шешу алгоритмі:

  1. Бауырдан триацилглицериндерді тасымалдауға қатысатын затты атаңыз; ол заттың құрамына қандай заттар кіретінін атаңыз.

  2. Холин синтезделетін реакцияны жазыңыз, бұл реакцияға қандай алмастырылмайтын амин қышқылы керек?

  3. Құрамына холин кіретін фосфолипид формуласын жазыңыз.

60

Тырысу кезінде жедел жәрдем бөлімінің дәрігері науқас ағзасына ГАМҚ (гамма аминомай қышқылы) енгізеді. ГАМҚ арнайы рецепторлары арқылы нерв тіндерінде тежелу үрдісін туғызады, талмалы құбылысты тежейді. Неліктен В6 витаминінің жетіспеушілігінен тырыспа болуы мүмкін? Амин қышқылының алмасуының бұзылуына байланысты тырыспаға икем ауруларға қандай амин қышқылын ұсынуға болады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]