Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
53
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
63.06 Кб
Скачать

4.1.1 Атмосфераға әсері

Атмосфераны тиімді қорғау үшін ҚР «Атмосфералық ауа» туралы заңына сәйкес атмосфералық ауаны қорғау бойынша келесі талаптар қарастырылған:

- ҚР нормативтік актілерін және қалдық тастаудың нормативтік шектерін сақтау;

- Ұңғыманы сынау бағдарламасы минимумға жеткізілуі керек;

- Ұңғыманы сынау барысында жанған өнімнің тарап кетуін болдыртпайтын жабдықты қолдану керек;

- Химиялық реагенттерді тасымалдаудың, сақтаудың және дайындаудың жабық жүйелерін қолдану;

- Мониторинг жүргізу.

Атмосфераны зиянды заттармен ластау көздеріне: мұнайды ысытатын пештер, резервуарлар, аппараттар (буферлік ыдыстар, сораптар, сепараторлар) жатады. Ауаға көмірсутектер, азот оксиді, көміртегі оксиді және күкіртті газ тарайды.

Жұмыс зонасы үшін ПДК:

Көмірсутегі 300 мг/м куб, азот оксиді 5 мг/м куб, көміртегі оксиді 3 мг/м куб, күкіртті газ 10 мг/м куб.

Елді мекендер үшін:

Көміртегі оксиді 5 мг/м куб, күкіртті газ 5 мг/м3 дейін ғана рұқсат етіледі.Технологиялық құрал жабдықтардың әсерінен ауаның бүліну себептері:коррозия әсерінен болатын авариялар, құбырөткізгіштердің жарылуы, олардың дұрыс жалғанбауы және т.б. жағдайлар. Кен орнын пайдалану кезінде жылына ауаның ластануы 27728 т/жыл. Оның ішінде азот оксиді – 472 т/жыл құрайды..

4.1.2 Гидросфераға әсері

Судың ластану деңгейін бағалау үшін, орта еселіктен асқан ПДК (Ксудың)-ны есептейді, ол үшін нақты концентрациясын(С) –ны ПДК ға және әр қауіпті топ бойынша сынама санына бөлгенде табылады. Орта еселіктен асқан ПДК –ны (Ксудың), төрт қауіпті топтар үшін, аддитивті коэффициенттерге көбейту керек:

1 топ үшін - 1,0-ге;

2 топ үшін - 0,5-ке;

3 топ үшін - 0,3-ке;

4 топ үшін - 0,25-ке.

4 қауіпті топ заттарының орташа мөлшері (хлор, кадмий) 2 ПДК-ны құрайды, 3 топ (магний, темір) – 6,67 ПДК-ны құрайды.

Судың ластану деңгейінің өлшемі 4.1. кестесінде көрсетілген.

Бақылаудың кейбір маңызды нәтижелері, келісімшарттық аумақтар шегінде және оның әсер ету аумағындағы, су бетінің ластану жағдайын объективті көрсетеді және су объектілерінің жергілікті ластануы деп айғақталады, және ластанудың мүмкін жолдар миграциясы.

4.1.3 Литосфераға әсері

Литосфераны (топырақты, жер қойнауын) қорғау

Топырақ пен жер қойнуын қорғау үшін қарастырылған шаралар:

- ҚР актілерін және заңдарын сақтау;

- Қалдықтар шығармайтын және қабат флюидтерінің төгілуін болдырмайтын барлама ұңғымалар конструкциясын және құрылысын қолдану;

- Нақты жолдар бойынша көліктер қозғалысы;

- Өндірістік операциялар аяқталғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстарын жүгізу;

- Мониториенг жүргізу.

Мұнай газ кен орнын игергенде жер беті мұнаймен, әртүрлі химиялық заттармен және минералдылығы жоғары сулармен ластанады. Мұнай және басқа компоненттер жерге тамып, гидронизация, цементтеу сияқты процестердің жүруіне әкеп соғады. Бұл процестер өсімдіктер әлемінің және өнімділіктің нашарлауына әкеп соғады. Жер бедерінің бұзылуына байланысты эррозия, дефляция, криогенез процестері жүреді.

Кен орынның топырағы сазды және құмды фракциялардан тұрады. Жер бедері сұрғыш қоңыр топырақты, горизонт қалыңдығы 25 см-ге дейін жетеді.

Ауаның және судың эррозиясынан жер бетін қорғау үшін көп жылдық өсімдіктер өсіріледі. Жер қойнауын қорғау бойынша щаралар:

- сепарация, мұнайды дайындау, жинау, тасымалдау грметизациясының болуы;

- авария кезінде ұңғылардың автоматты түрде тоқтауы;

- ашық фонтандауды, ұңғы қабырғаларының құлауын, жуу сұйығын төгілуін болдырмау;

- қабаттық және өндірістік суларды қабатқа айдауға мейлінше көп пайдалану.

Санитарлық қорғау зонасы зиянды заттар көздерімен тұрғын үйлердің шкарасында орналасуы керек. Өлшемі СН-245-71 және ОНД-86 сәйкес 300 – 1000 м болу керек.

Соседние файлы в папке Диплом