Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
53
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
63.06 Кб
Скачать

4.3 Қоршаған ортаны сақтаудағы инженерлі және табиғатты қорғау шаралары

4.3.1 Атмосфераны қорғау

Кен шығатын жерді апатсыз өңдеулерді өткізу үшін, «ҚР кен шығатын жерде мұнай және газ өңдеудегі бірегей ережелер » сәйкес келесі тездетілген шешімдер қарастырылуы қажет:

- атмосфераға аз бөлінетін қазіргі мұнай жабдықтары мен құрылыс техникасын қолдану;

- берілген режим бұзылғанда болатын, авариялық сигнал беруді және барлық жабдықтардың жұмыстарының тұрақтылығын бақылауды қамтамасыз ететін, мұнай және газ дайындау технологиялық процесстерін автоматтандыру;

- атмосферада көміртегінің булануын қысқартатын, барлық мұнай өнімдері бар қоймаларда қүрылғылырды қолдану;

- үдемелі технологияны және материалдарды қолдану;

- қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың күшейгенде, өнімділікті 15 тен 50 % ке дейін төмендету керек, тіпті өндіруді өшіруге дейін;

- қызметкерлерді авариялық жағдайларға әсер етуді үйрету

- жүйенің аварияны хабарлауға дайындығын тексеру

-м үнай жинау және мұнай көлігінің, алау жүйесінің құбырларының бүтіндігін, негізгі технологиялық жабдықтар жұмысын бақылау әрекеттерін күшейту

- атмосфералық ауаның жағдайын тексеретін мониторингтік бақылаулар жүргізу

4.3.2 Гидросфераны сақтау

Жер асты гидросферасы, қарқынды шаруашылықты меңгеру жағдайындағы экологиялық жағдайдың индикаторы болып келетін, геологиялық ортаның динамикалық құрамдасы. Жер асты суларында әр техногендық әсерге ерекше сезгіштігі бар, ал режимдегі және жер асты суларының сапалы жағдайындағы өзгерулер, табиғи ортаның түрлі компоненттерінің өзгерулеріне әкеп соқтырады. Осы фактілерді ескере отырып, жер асты суларының рационалды эксплутуциялаудағы сұрақтарды шешу мен ластаудан сақтау және таусылудан сақтау, ең маңызды мәселе болып табылады.

Жер асты суларын ластанудан сақтау шаралар мыналарға бөлінеді:

- жер асты суларының табиғи сапасын сақтауға бағытталған, профилактикалық;

- жергілікті, су жиегінде пайда болатын ластану шоғының жылжуын және ұлғаюын болдырмау;

- қалпына келтіретін, су жиегінен ласты жою және жер асты суларының табиғи сапасын қалпына келтіру.

Жер асты суларын ластан тазарту мақсатымен жасалған шараларға, үлкен шығындар қажет, сонымен қатар, жер асты суларын қолдануға келмейтін себептен немесе су қоймасына құйылуынан, ластанған жер асты суларын тазалау қажеттілігіне байланысты, техникалық қиындықтар пайда болады. Сондықтан, жер асты суларының су жиегімен тікелей байланысын ескеретін, ластанумен күресуде маңыздысы, профилактикалық шаралар жүйесін шығару болу керек.

Жер асты суларының ластануын болжауда маңызды рөлді жалпы сипатты шаралар орын алады. Олардың санына, өнеркәсіптік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды тазарту әдістерін қалыптастыру бойынша барлық шараларды жатқызу керек; ағынсыз технологиялы өндірісті және кәрісті шығару; ағынды суды таситын, коммуникация оқшаулау; кәсіпорындардағы газ қалдықтарын тазарту және жоюды; тазартуы экономикалық жағдайда дәлелденбеген, аса зиян ағындардың терең жерге көмілуі. Жер асты суларының ластану профилактикасына, жер асты суларының сапасының мониторингі көмектеседі, яғни су жиегінің негізгі динамикалық сипаттамаларының ұзақ және нақты бақылауларының ғылыми дәлелденген жүйе: деңгеймен, қысыммен, судың температурасымен, химиялық және бактериялық жүйесімен және т.б.

Соседние файлы в папке Диплом