Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
49
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
254.09 Кб
Скачать

2.7 – Сурет - Жобаланған электробұрғы

Есептеу және арнайы бөлімге қорытынды

МЕСТ 16293-82 бойынша бұрғылау тереңдігі мен ілмекке түсірілген жүктеме бойынша бұрғылау қондырғысын таңдаймыз. Бізге бұрғылау тереңдігі белгілі, ол 3500 м. Яғни, Берілген тереңдікке сәйкес және есептеулер нәтижесінде БУ-5000 ДГУ қондырғысымен бұл ұңғыманы бұрғылауға болады.

Есептеулер негізінде, Э290-12 электробұрғысымен бұрғылау кезінде УНБ-600 сорабы мен ЛБУ-1100 шығырын қолданамыз. Оның жетегінің қуаты 368 кВт, қозғалтқышының айналу жылдамдығы 950 айн/мин. Шығыр мен ротор және сорап жетектері топтастырылған түрде болады. Ол 6ЧН21/21. МАП1- 17-658/12 типті қозғалтқыштар қолданылады.

Негізгі қарастырылған патенттер ішінде өзімнің прототибіме, габариттік өлшемдеріне қатысты таңдап алдым. Соның ішінде № 1104948 авторлық куәлігіне сәйкес электробұрғы серпімді элементіне мынадай өзгерістер енгіземіз. Авторлары: Плужник Ю.Ф., Аспидов В.И. (RU),Чепцов Г.П., Грискин Е.Н 20.08.2001 патенттік статусқа сәйкес Патент өз күшінде.

Электробұрғының жұмыс кезеңіндегі сенімділігі мен серпімді элементінің жұмысын ұзарту жолындағы табысты шешімдері үшін мен ұсынған электробұрғы өндіріс орындарында қолданыс табуға әбден лайық.