Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / npo.docx
Скачиваний:
77
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
5.97 Mб
Скачать

17.Штангасыз ортадан тепкіш электросораптар

Штангасыз ортадан тепкіш сораптар мен гидропоршеньді сораптардың өндірістік үлгілері арнайы конструкторлы бюроларда жобаланды. Бұл ұйымдар барлық штангасыз сораптардың (бұрандалы, диафрагмалы т.б.) түрлерін жасауға қатысты.ЭОС (ЭЦН) қондырғының торабтарының (узел) құрамы және орналасуы 3.2-суретте көрсетілген. Ұңғылық сорап көпсатылы болып келеді және де 80-нен 500-ге дейін сатыға ие болуы мүмкін.Сұйық сорапқа оның төменгі жағында орналасқан тор арқылы түседі. Тор қабат сұйығының фильтрациясын қамтамасыз етеді. Сорап сұйықты ұңғыдан СКҚ -ға жеткізеді. Батырмалы электроқозғалтқыш – май толтырылған және герметизацияланған. Оның ішіне қабат сұйығының өтпеуі үшін гидрооқшаулау торабы бар. Қозғалтқыш білігі гидрооқшаулау білігімен қосылып, сол арқылы сорап білігімен байланыста болады. Асинхронды электроқозғалқыштарды қолданған кезде олардың біліктерінің айналу жиілігі 2800-2950 мин-1 –ге тең болады. Сыртқы диаметрлі 86 және 92 мм сораптарда номинальды өнімділіктері 125 м3/тәу дейін жететін ЦҚ-лы сатылары қолданылады, диаметрі 103 мм-ге дейінгі сораптарда өнімділігі 160 м3/тәу дейін және диаметрі 144 мм сораптарда - 250 м3/тәу дейінгі мәндерде жатады.ЕЦҚ-лы сатылары үлкен берілісті сораптарда қолданылады. Өзінің қолдану аймағында ЕЦҚ-ның ЦҚ-ға қарағанда ПӘК-і жоғары болады және КЦҚ-ның берілісі ЦҚ-ға қарағанда 1,5 есе үлкен болады. Сатылардың сыртқы диаметрлері 70,80,90 және 100 мм болады.

18.Штангасыз бұрандалы электросорапты қондырғылар.

Бұрандалы сораптар көлемдік сораптардың келесі артықшылықтарына ие болады: салыстырмалы аз берілім кезінде едәуір жоғары тиімділік (16-200 м3/тәу беріліс кезінде 60-70%), тұтқырлы сұйықпен жұмыс жасау кезіндегі жұмысының жоғары тиімділігі (6*10-4 м2/с дейін). Одан басқа сорап берілісі бір қалыпты соққысыз болады және жұмыс істеу кезінде тұрақты эмульсиялар болмайды. Сорап жұмыстық мүшелерінің жасалуының қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Оның кемшілігіне олардың тегеуріндерінің шамасы ұзын бұрандалар мен құрсаулар (шеңбер) жасауының технологиялық мүмкіндіктермен шектелегенін және сораптың бұрандасы тек қана өз осімен ғана айналмай, сонымен бірге эксцентрисет бойымен айналуын жатқызуға болады. Бұл бұрандамен жетектің білігін байланыстыратын эксцентрикалық муфталарды қолдануға мәжбүр етеді, ал ол өз кезегінде оның конструкциясын күрделендіреді. Сорап білігінің эксценриситет бойынша айналуы агрегатта радиальды инерциялы күштерді тудырады.

Ұңғылық бұрандалы сораптың қондырғысында компенсаторы және гидроқорғауы бар батырмалы электроқозғалтқыш, бұрандалы ұңғылық сорап, кабель, кері және ағызып жіберетін клапандар, орнатылған СКҚ, саға қондырғылары, трансформатор және басқару станциясы бар. Қозғалтқыш ЭОТС қозғалтқышын ұқсас 50 с-1 айналу жиілігіде және одан кем айналу жиілігіде (25с-1) қолданылады, бірақ олардың конструкциялары приницпиальдық жағынан бірдей болады.

Сериялы шығарылатын екі жұмыстық органы бар ұңғылық бұрандалы сорап екі жұмыстық бұрандалардан 3 және 6, 4 және 7 құрсаулардан, 2 және 5 эксцентрикалық муфталардан (бір муфта бұранадаларды бір-бірімен қосады, ал екіншісі төменгі бұранданы сораптың қосқыш білігімен байланыстырады), жоғары жұмыстық мүшенің қабынан, сақтандырушы поршеньді-золотникті клапаннан 8 және іске қосу муфтасынан 1 тұрады.

Ұңғыдан шығатын сұйық қабылдауыш торлар арқылы сораптың жұмыстық мүшелеріне түседі. Айналатын бұрандалар сұйықты бұрандалардың арасындағы кеңістікке айдайды, ол жерден ол жоғарғы жұмыстық мүшенің қабығы (кожух) арқылы сақтандырушы клапанға 8, ал одан кейін СКҚ -ға 9 түседі.

Бұрандалы сораптың құрылымы

Соседние файлы в папке ГОС