Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АО.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
208.38 Кб
Скачать

Жыныс және репродуктивті жүйелердің дамуындағы бұзылыстардың патофизиологиясы тақырыбы бойынша тесттік тапсырмалар (сөж):

    1. Аменорея – бұл: 1) екі аталық бездің де болмауы; 2) жетілген организмнің ұрпақ өрбітуге қабілетінің болмауы; 3) жыныс түтікшелерінің біреуінің бітеу болуы; 4) етеккірдің болмауы; 5) аналық бездің жетілмеуі.

2.Физиологиялық аменорея байқалады:1)жүктілік кезінде; 2)қынап жоқ болғанда; 3)жатыр мойнағының ақауларында; 4)жатыр түтігінің бітелуі кезінде; 5)жатырды экстирпацияжасағанда.

  1. Нағыз дерттік аменорея осыған тән: 1) эндометрийдің зақымдануына; 2)жүктілікке; 3) лактациялық кезеңге; 4) климакстық кезеңге; 5) 8-10жастағы қыздарға.

4. Анорхизм сипатталады: 1)аталық бездің көп болуымен; 2)аталық бездердің және ұрық шығатын түтікшелердіңгипертрофиясымен; 3)аталық жыныс гормондары бөлінуінің төмендеуімен; 4)айқынвирилизациямен; 5)ұрық түтікшесіндегі көк тамырдың кеңеюімен.

5. Жетілген организмнің ұрпақ өрбітуге қабілетінің болмауы бұл: 1) гипогонадизм; 2) гермафродитизм; 3) бедеулік; 4) евнухоидизм; 5) климакс.

6. Вирилизация - бұл: 1)еркектердің сүт бездерінің ұлғаюы; 2)ер адамдарға тән белгілердің пайда болуы және үдеуі; 3)екіншілік жыныс белгілерінің нашар дамуы; 4)жыныс бездері қызметінің тежелуі; 5)еркектердің екіншілік жыныс белгілерінің жойылуы.

7. Вирилизация кезінде организмде артық өндіріледі: 1) эндорфиндер; 2) катехоламиндер; 3) эстрогендер; 4) андрогендер; 5) биогендіаминдер.

8. Гермафродитизм сипатталады:1)әйелдерде еркектерге тән белгілердің пайда болуымен; 2)еркектерге және әйелдерге тән белгілердің бір адамда кездесуімен; 3)жыныс бездерінің жетілмеуімен; 4)эмбриондық дамудың ерте кезеңінде аналық бездердің жетілмеуімен; 5)жыныс бездерінің жас шамасына байланысты инволюциялық өзгерістерге ұшырауымен.

9. Әйелдерде жыныс түтікшелерінің бір бөлімінің бітелуінен, олардың өткізгіштігінің бұзылуымен көрінетін дертті атаңыз:1) гинатрезия; 2) гипоплазия; 3) гипоспадия; 4) дисгенезия; 5) эктопия.

10. Гипогонадизм сипатталады:1)жыныс бездерінің гипофункциясымен; 2)жыныс бездерінің гиперфункциясымен; 3)жыныс гормондарының артық өндірілуімен; 4)жыныс ағзаларының тез дамуымен; 5)екіншілік жыныс белгілерінің айқын дамуымен.

11. Гипоменореяға тән:1) эстроген өндірілуінің жоғарылауы; 2) репродукциялық қызметтің артуы; 3) либидоның күшеюі; 4)етеккірдің аз мөлшерде келуі; 5)жыныс гормондары өндірілуінің бұзылуы салдарынан жатырдан қанкету.

12. Аталық бездің гипоплазиясыбұл: 1)зәр шығару түтігінің төменгі қабырғасының ақауы, яғни бір бөлігінің жоқтығы; 2)аталық без құрылымының аномалиясы,толық жетілмеуі; 3)даму барысындағы ақау, бұл аталық бездесперматозоидтардың болмауы; 4)еркектердің жыныс бездері қызметінің төмендеуі; 5) даму барысындағы ақау, бұл аталық ұрық безінің ұмаға түспей қалуы.

13. Гипоспадия – бұл: 1)зәр шығару түтігінің төменгі қабырғасы дамуындағы ақау; 2) аталық без құрылымының аномалиясы,толық жетілмеуі; 3)аталық бездесперматозоидтардың болмауы; 4)еркектердің жыныс бездері қызметінің төмендеуі; 5)даму барысындағы ақау, бұл аталық ұрық безінің ұмаға түспей қалуы.

14. Гирсутизм – бұл:1)әйелдерде ерлерге тән түктенудің болуы; 2) феминизация көріністерінің болуы; 3)жыныс гормондарының аз өндірілуі; 4)әйелдердің жыныс ағзаларының толық жетілмеуі; 5)эмбриондық дамудың ерте кезеңінде аналық бездердің жетілмеуі.

15. Аналық бездердің дисгенезиясына тән: 1)етеккірлік оралымның бұзылуы және жыныс ағзаларыныі жетілмеуі; 2)жатырдың гипертрофиясы; 3)сыртқы жыныс мүшелерінің гипертрофиясы; 4)әйелдерде ерлерге тән түктенудің болуы; 5)жыныс ағзаларының жетілмеуі, дене құрылысының бір біріне сәйкес келмеуі және семіру.

16. Жынысы толық жетілген кезде кастрация жасалса:1)жыныс ағзаларының атрофиясы, жыныстық қатынасқа құштарлықтың болмауы, жатырдағы оралымдық үдерістердің тоқтауы, екіншілік жыныс белгілерінің инволюциясы дамиды; 2)ерлерде феминизация, әйелдерде маскулинизация белгілеріменгетеросексуалдық адреногенитальдісиндром дамиды; 3)жыныстық қатынасқа құштарлықтың артуымен, изосексуалдықадреногенитальдісиндром дамиды; 4)еркектерге және әйелдерге тән белгілердің бір адамда кездесетін дерті, яғни гермафродитизм дамиды; 5) трансвестизм және сексуалдық бағыттың ауытқуы қалыптасады.

17. Евнухоидизм дамиды:1)жыныстық жетілуі толық қалыптаспаған жағдайда кастрацияжасалғанда; 2)ересек еркектерге кастрацияжасалғанда; 3)айырша бездің аплазииясында; 4) базед ауруында; 5) гипотиреозда.

18. Кастрация жасалған еркектердің бұлшық еттерінің нашар дамуы осымен түсіндіріледі:1) андрогендердіңанаболиттік әсерінің жойылып, организмде азот, фосфоржәнекалий кідіруімен; 2) андрогендердің катаболиттік әсерінің жойылуымен; 3)майлар мен көмірсулар өндірілуінің жоғарылауымен; 4) эстрогендердіңанаболиттік әсерінің жойылуымен; 5) потерей из организмнен азот, фосфор жәнекалийдің көптеп шығарылуымен.

19. Крипторхизм – бұл: 1) бір аталық бездің болмауы; 2)екі аталық бездің де болмауы; 3)құрсақ ішілік дамудың ақауы, аталық ұрық безінің құрсақ арты қуысынан ұмаға түспей қалуы; 4)жүре пайда болған ақау, аталық ұрық безінің құрсақ арты қуысынан қандай да бір механикалық кедергілердің салдарынан ұмаға түспей қалуы; 5)жас шамасына байланысты аталық бездердің қызметінің сөнуі.

20. Инфантилизм – бұл:1)жыныстық жетілуінің кідіруімен қатар, физикалық дамуының тежелуі; 2)аналық бездердіңгиперфункциясы; 3)айырша бездің аплазиясы; 4) 9жасқа толмаған қыздарда аналық бездің қызметінің артуы; 5)ерте жыныстық жетілу.

21. Әйелдердің жыныс жүйесінің толық жетілмеуі осыған байланысты:1) эстроген дердің әсерінің жойылуына; 2) андрогендердің әсерінің жойылуына; 3)аналық бездердің қызметінің артуына; 4) эстрогендердің әсерінің күшеюіне; 5)қалқанша безі қызметінің жоғарылауына.

22. Эстрогендердің тапшылығы:1)жатырдың окситоцинге сезімталдығын төмендетіп, босану жолдарының ісінуіне, гиперемия дамуына ықпал етеді, эпителийдің, бұлшық еттердің және дәнекер тіндердің гипертрофиясы менгиперплазиясын шақырады; 2)сүт бездері түтіктерінің және интерстициялық дәнекер тіндердің гиперплазиясын туындатып, бұлшық еттерде және дәнекер тіндерде гипертрофия менгиперплазия дамуына ықпал етеді; 3) 9жасқа толмаған қыздарда екіншілік жыныс белгілерінің пайда болуына және ерте жыныстық жетілуге ықпал етеді; 4)мезгілінен бұрын босануға және толғақтың жиілеуіне әкеледі; 5)жатырдыңокситоцинге сезімталдығын жоғарылатады.

23. Гормоналдық белсенділіктің жас шамасына байланысты сөнуі байқалғанда, дамиды: 1) евнухоидизм; 2) эротизм; 3) климакс; 4) нарцисизм; 5) вирильділік.

24. Аталық бездің қызметі артқанда дамиды: 1) ерте жыныстық жетілу; 2) евнухоидизм; 3) әйелд тән түктену; 4) тимусты-лимфатикалық статус; 5) кретинизм.

25. Аталық бездің қызметінің күшеюіне ықпал етеді: 1) гонадотропиндердің артық өндірілуі; 2) гонадотропиндердің аз өндірілуі; 3) ерлер организмінде эстрогендердің артық өндірілуі; 4) қалқанша безіндегі дерттік үдерістер; 5) бүйрек үсті безі қыртыстындағы дерттік үдерістер.

26. Лейдиг жасушаларынан шығатын өспелер, осының дамуына ықпал етеді: 1) гипергонадизм; 2) гипогонадизм; 3) гипертиреоз; 4) тимусты-лимфатикалық статус; 5) гипотиреоз.

27. Лейдиг жасушаларынан туындаған өспелер: 1) сперматогенезсіз андрогендер өндірілуін жоғарылатады; 2) гонадотропин өндірілуін тез арада жоғарылатады; 3) ерте жаста сперматогенез дамуына ықпал етеді; 4) андрогендер өндірілуін төмендетеді, ал гонадотропин бөлінуін арттырады; 5) сперматогенезді күшейтіп, андрогендер деңгейін төмендетеді;

28. Лейдиг жасушаларынан туындаған тестикулдың өспесінде, андрогендердің түзілуі: 1) жоғарылайды; 2) тез арада төмендейді; 3) өзгермейді; 4) төмендеп, ал эстрогендер өндірілуі жоғарылайды; 5) жоғарылайды және инсулин түзілуі де күшейеді.

29. Бүйрек үсті безі қыртысының торлы қабатының өспесінде өндіріледі: 1) андрогендер мен эстрогендер; 2) соматотропты гормон; 3) адренокортикотропты гормон; 4) паратгормон; 5) адреналин мен норадреналин.

30. Гетеросексуалдық адреногенитальді синдромның әйелдерде дамуы, ықпал етеді: 1) маскулинизация, вирилизм, аналық бездер мен екіншілікті жыныстық белгілердің атрофиясы дамуына; 2) ерте жыныстық жетілуге; 3) пептидтік ойық жаралардың пайда болуына; 4) психикалық өзгерістер туындауына; 5) аналық бездердің гипертрофиясына.

31. Гипоталамустың люлиберинді және аденогипофиздің бен лютропинді артық өндіруінің салдарынан дамиды: 1) аналық бездердің гипофункциясы; 2) аналық бездердің гиперфункциясы; 3) гипоэстрогенемия; 4) инфантилизм; 5) климакс.

32. Прогестерон артық өндірілгенде байқалады: 1) гиперменорея, альгодисменорея, үйреншікті түсіктер түсуі; 2) етеккірдің ерте келуі, сүт бездерінің өсуі, әйелдерге тән түктену және жамбас пен сан аймағында майдың жиналуы; 3) аменорея, сүт бездері мен жатыр көлемінің ұлғаюы; 4) қыздардың жыныстық және физикалық дамуының тежелуі; 5) гирсутизм, маскулинизация және сексуалдық бағытының ауытқуы.

33. Аналық бездердің ерте (сөнуі) зорығуы, сипатталады : 1) ерлерде, әйелдерге тән екіншілікті жыныс белгілерінің пайда болуымен; 2) 8 жасқа толмаған қыздарда екіншілікті жыныс белгілерінің пайда болуымен; 3) гипоэстрогения және гонадотропин деңгейі жоғары бола тұра, бедеулік дамуымен; 4) гонадотропин деңгейі төмен бола тұра, жатырдан қанкетулермен; 5) гиперэстрогения және гонадотропин деңгейі төмен бола тұра, ұрпақ өрбітуге қабілеттіліктің болуымен.

34. Феминизация – бұл: 1) еркектерде әйелдерге тән екіншілік жыныс белгілерінің пайда болуымен; 2) әйелдердің ерлерге тән түктенуі; 3) жыныс гормондарының артық өндірілуі; 4) ер адамда өзіне тән белгілердің күшті өсуі; 5) сүт бездерінің ұлғаюы.

35. Аталық бездің эктопиясы – бұл: 1) аталық бездің дұрыс орналаспауы; 2) бір аталық бездің болмауы; 3) жетілмеген қосымша аталық бездің болуы; 4) аталық бездің ұмаға түспеуі; 5) екі аталық бездің де болмауы.

36. Жыныстық сарапталу кезіндегі бұзылыстардың, көріністеріне жатады: 1) Клайнфельтер синдромы; 2) дисфункционалдық жатырдан қанкетулер; 3) крипторхизм; 4) пубертатты гинекомастия; 5) шап - ұма жарығы (грыжа).

37. Организмнің изосексуалдық дамуы - дегеніміз: 1) тектік дамуының гонадты дамуымен сәйкес келуі; 2) тектік дамуының гонадты дамуымен сәйкес келмеуі; 3) қандай-да бір, екіншілік жыныс белгілерінің ерте пайда болуы; 4) екіншілік жыныс белгілерінің жетілуінің баяулауы; 5) бойының тез өсуі және екіншілік жыныс белгілерінің ерте пайда болуы.

38. Организмнің гетеросексуалдық дамуы - дегеніміз: 1) тектік дамуының гонадты дамуымен сәйкес келуі; 2) тектік дамуының гонадты дамуымен сәйкес келмеуі; 3) қандай-да бір, екіншілік жыныс белгілерінің ерте пайда болуы; 4) екіншілік жыныс белгілерінің жетілуінің баяулауы; 5) бойының тез өсуі және екіншілік жыныс белгілерінің ерте пайда болуы.

39. Қыздардағы нағыз псевдопубертат сипатталады: 1) менархе мен овуляциядан бұрын дене бітімінің жылдам өсуімен; 2) менархе мен овуляцияның ерте басталуымен қатар, дене бітімінің жылдам өсуімен; 3) ерлерге тән екіншілік жыныс белгілерінің қалыптаса бастауымен; 4) екіншілік жыныс белгілерінің біреуінің ерте пайда болуымен; 5) аденогипофиздің гонадотропиндерді артық өндіруімен.

40. Қыздардағы нағыз псевдопубертат сипатталады: 1) организмнің гетеросексуалдық жетілуімен; 2) организмнің изосексуалдық жетілуімен; 3) организмнің жетілмей қалуымен; 4) аналықбез бен бүйрек үсті бездерінің андрогенді артық өндіруімен; 5) гонадолиберин және гонадотропиндердің аз өндірілуімен.

41. Қыздардағы ерте псевдопубертат сипатталады: 1) менархемен овуляциядан бұрын дене бітімінің жылдам өсуімен; 2) овуляцияның ерте басталуымен қатар, дене бітімінің жылдам өсуімен; 3)ерлерге тән екіншілік жыныс белгілерінің қалыптаса бастауымен; 4)екіншілік жыныс белгілерінің біреуінің ерте пайда болуымен; 5)аналық жыныстық гормондардың аз өндірілуімен.

42. Ерте псевдопубертат кезінде қыздарда байқалуы мүмкін: 1)жыныстық дамудың биваленттілігі; 2) менархенің ерте басталу; 3)уақытынан ерте овуляция болуы; 4) эстрогендер менандрогендер өндірілуінің кенеттен төмендеуі; 5) пубертаттыгинекомастия.

43. Біріншілік гипогонадизм қыздарда осы жағдайда байқалады: 1)зорықтыратын созылмалы ауруларда; 2) эндокринопатияларда; 3) Шерешевский-Тернер синдромында; 4) аденогипофизде дистрофиялық үдерістер дамығанда; 5)мидағы түрік ершігі аймағына қанқұйылғанда.

44. Аналық бездің біріншілік жүре пайда болған жеткіліксіздігі осы кезде туындайды: 1)аналық бездердің дисгенезиясында; 2) Шерешевский-Тернер синдромында; 3) Иценко-Кушинг синдромында; 4)аналық бездердің инфекциямен зақымдануларында; 5)аналық бездердің поликистозында.

45. Қыздарда екіншілік гипогонадизм осы жағдайда дамиды: 1) гонадотроптыгормондардың тапшылығында; 2) фолликул белсендіруші гормондар артық өндірілгенде; 3) лютеиндеушігормондар артық өндірілгенде; 4)әйелдердің жыныс гормондары артық өндірілгенде; 5) гиперандрогенияда.

46. Транзиторлық екіншілік гипогонадизм қыздарда осы жағдайда байқалады: 1) стресс кезінде; 2) диэнцефальдіаумақта өспелер дамығанда; 2)аналық бездердің поликистозында; 3) аналық бездердің сәулеленулерінде; 4)алдыңғы мидың туа біткен ақауларында; 5) энцефалиттерде.

47. Созылмалы екіншілік гипогонадизм қыздарда осы жағдайда байқалады: 1) остеомиелитте; 2)қанттыдиабетте; 3) туберкулезде; 4) гипотиреозда; 5)алдыңғы мидың туа біткен ақауларында.

48. Аналық бездің гипофункциясына тән көрініс: 1) аменореяжәне бедеулік; 2) гиперэстрогения; 3) вирилизация; 4) гирсутизм; 5) организмніңгетеросексуалдық дамуы.

49. Аналық бездің гиперфункциясы сипатталады: 1)жыныс гормоны өндірілуінің төмендеуімен; 2) гиперандрогенияжәнегиперэстрогениямен; 3)жыныстық жетілудің тежелуімен; 4) фолликулдардың сыртқы қабығы мен түйіршікті қабатының гипоплазиясымен; 5)аналықбез арқауының гипоплазиясымен.

50. Әйелдерде лютропиннің көбеюінен туындайды: 1) фолликулдардың сыртқы қабығы мен түйіршікті қабатының гипоплазиясы; 2)аналық бездердеандрогендер бөлінуінің азаюы; 3)аналықбездер арқауының гипоплазиясы; 4) андрогендердіңэстрогендерге алмасуының тежелуі; 5) гонадотроптыгормондар деңгейінің төмендеуі.

51. Гиперандрогения байқалады: 1) люлибериндер аз өндірілгенде; 2) лютропиндер аз өндірілгенде; 3)бүйрек үсті бездерінде андрогендераз өндірілгенде; 4) инсулин артық түзілгенде; 5) эстрогендер артық бөлінгенде.

52. Әйелдердегі гиперандрогенияның көріністері: 1) изосексуалдық жыныстық ерте жетілу; 2) гирсутизм, аменорея; 3)қанда тестостерон мөлшерінің төмендеуі; 4)қанда андростендион мөлшерінің төмендеуі; 5) гонадотроптыгормондар деңгейінің төмендеуі.

53. Варикоцеле – бұл: 1)ұрық түтікшесіндегі көктамырдың кеңеюі; 2)ұрық түтікшесі қабатының сұйықтықпен толуы; 3)аталық бездің туындыларында құрамында сперматозоидтар бар өсінділердің пайда болуы; 4)бір аталық бездің көлемінің ұлғаюы; 5)аталық бездердің болмауы.

54. Ұлдардың шынайы ерте жыныстық жетілуі сипатталады: 1)сперматогенезсіз вирилизациябелгілерінің пайда болуымен; 2) сперматогенез белсендірілуімен қатар, вирилизациябелгілерінің пайда болуымен; 3)ерлердің жыныс гормондары деңгейінің төмендеуімен; 4) гипоталамуста гонадолибериндердің және аденогипофизда гонадотропиндердің тапшылығымен; 5) евнухоидизм белгілерінің пайда болуымен.

55. Ер балалардағы жалған пубертат сипатталады: 1)сперматогенезсіз вирилизациябелгілерінің пайда болуымен; 2) сперматогенез белсендірілуімен қатар, вирилизациябелгілерінің пайда болуымен; 3)ерлердің жыныс гормондары деңгейінің төмендеуімен; 4) гипоталамуста гонадолибериндердің және аденогипофизда гонадотропиндердің тапшылығымен; 5) евнухоидизм белгілерінің пайда болуымен.

56. Ер балаларда уақытынан ерте пубертат дамуының көріністері: 1) феминизация белгілерінің болуы; 2) вирилизация белгілерінің болуы; 3) евнухоидизм белгілерінің болуы; 4)аталық бездердің эктопиясы жәнекрипторхизм; 5)аталық бездердіңтестостеронды аз өндіруі.

57. Ер балаларда жыныстық жетілудің тежелуі осымен байланысты болуы мүмкін: 1) гипоталамуста гонадолибериндердің көптігінен; 2) аденогипофизда гонадотропиндердің көптігінен; 3) тестостерон әсеріне нысана-тіндердің сезімталдығының төмендеуінен; 4)аталық бездердің тестостеронды артық өндіруінен; 5)ерте балалық шақта сперматогенез үдерістерінің белсендірілуінен.

58. Ұлдарда жыныстық жетілудің тежелуі сипатталады: 1) вирилизация белгілерінің болуымен; 2) евнухоидизм белгілерінің болуымен; 3)бойының аласа болуымен; 4)қанда тестостерон мөлшерінің артуымен; 5) гипоталамо-гипофизарлы жүйенің белсендірілуімен.

59. Ерлерде тестикулярлық жеткіліксіздіктің болуы осымен байқалады: 1) андрогендердің артық өндірілуімен; 2) сперматогенез үдерістерінің белсендірілуімен; 3) импотенция, бедеулікпен; 4) евнухоидизм белгілерінің болуымен; 5)аталық бездердің эктопиясымен.

60. Еркектік гипогонадизм осы жағдайда дамиды: 1) гонадолибериндердің артық өндірілуіне ықпал ететін, гипоталамустың артқы бөлігінің ісіктерінде; 2)мидың диэнцефальді аймағының жарақаттық зақымдануынан гонадолибериндердің түзілуі белсендірілгенде; 3) гонадотропиндердің артық өндірілуіне ықпал ететін,аденогипофиздің ісіктерінде; 4)аталық бездердің бактериялықнемесевирусты қабынулық ауруларының салдарынан тестостерон өндіруі төмендегенде;5) тестостерон әсеріне нысана-тіндердің сезімталдығы жоғарылағанда.

13

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]