Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
cиллабус ОМ фил.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
722.94 Кб
Скачать

2.11. Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:

Ағымдағы бақылау: бақылау сұрақтары, тестілеу

Аралық бақылау: тестілеу

Қорытынды бақылау: тестілеу

Студенттердің білімін бақылау әрбір этапта 100%, яғни 1 балл 1%-ға тең келіп, 100 балды құрайды

Білім алушылар рейтингісінің бағасы ағымдық және аралық бақылаудың бағаларынан құралады.

Пән бойынша рейтинг келесі формуламен есептеледі:

РРБ=(АББх0,3 +РББх0,5 + СӨЖх0,2)

РРБ- рұқсат рейтингісінің бағасы. Сабаққа немесе емтиханға рұқсат рейтингінің бағасы. Бұл практикалық сабақтан, аралық бақылаудан алған және СӨЖ- ден алған балының орташа көрсеткішін есептегендегі алынған орташа бағасы.

АББ – практикалық сабақтан алған орташа баға (ағымдық бақылаудың бағасы) СӨЖ – СӨЖ- дің орташа бағасы

Рұқсат рейтингісі-студенттің қорытынды бағасы, кемінде 50 балл болуы керек.

Рұқсат рейтингісінде 50 балдан төмен болса, қорытынды баға есептелмейді.

Білім алушылардың семестрлік балы 50 не одан жоғары болса емтиханға кіруге рұқсат беріледі.

Пән бойынша қорытынды бағаға рұқсат рейтингісінің және қорытынды бақылаудың бағалары қоса есептеледі. Қорытынды бағаны есептегенде әрбір компоненттің үлесі есептеледі:

рұқсат рейтингісінің бағасы - 60%-ды құрайды, қорытынды бақылаудың бағасы - 40%-ды құрайды.

Білім алушының пән бойынша (ҚБ) академиялық рейтингісі білім алушы рұқсат рейтингісінен де, қорытынды бақылаудан да оң баға алған жағдайда ғана есептеледі. (ҚБ) есептеуде емтихан қабылдаушы келесі формулаға сүйенеді:

ҚБ = РРБ*0,6 + ҚББ*0,4

Қорытынды бақылау 2- кезеңде өткізілген жағдайда 1 және 2- кезеңдегі емтихан бағалары ведомостың тиісті графаларына жеке-жеке қойылады және ҚБ келесі формулаға сәйкес есептеледі:

ҚБ= РРБ* 0,6 +(ҚББ1 + ҚББ2)/2* 0,4

Пәндер бойынша ҚБ қорытынды бақылаудың әрбір кезеңдері бойынша тек оң баға (ҚББ≥50 бал) алған жағдайда ғана есептеледі.

Аттестация кезеңдерінің бірінде қорытынды бақылаудан (ҚБ) қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда қорытынды баға (ҚББ) есептелмейді.

Оқудағы жетістіктерді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі

Білім алушыларды дәстүрлі бағалау шкаласымен қоса

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдың цифрлық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Балы

Ауызша сұрау.

100 бал

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Жауап толық, әрі дұрыс. Студент негізгі және қосымша әдебиеттерді терең меңгергендігін көрсетіп, өзінің көзқарасын жеңіл, ұғынықты жеткізе біледі. Спецификалық терминологияның негізгі терминдерін тірекке ала отырып, өз ойын сауатты, еркін жеткізе алады. Пререквизит және постреквизит материалдарының арасындағы логикалық байланысты көрсете білуге қабілетті.

«өте жақсы» бағасы презентация және реферат тапсырмаларының материалын толық меңгергенде, ешқандай қатесіз, уақытында тапсырып, қосымша сұраққа толық жауап бере алған жағдайда қойылады.

Тест тапсырмаларына толық жауап берген жағдайда 100% қойылады.

90 бал

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Айқын және жан-жақты жауап береді. Деректерді бағалай біледі, өздігінен ақылға салады, қорытындыны негіздеуге қабілеттілігімен ерекшеленеді және оларды логикалық бірізділікпен түсіндіреді, бірақ жалпы мінездемелерде кейбір қателер жібереді, орташа біліммен бұрынғы оқытылған пәндердің материалдарын меңгеруде өзін жоғары деңгейде көрсетті. Студент негізгі және қосымша әдебиеттерді (монографиялар, мақалалар) терең меңгергендігін көрсетіп, өзінің көзқарасын жеңіл, ұғынықты жеткізе біледі. Пререквизит және постреквизит материалдарының арасындағы логикалық байланысты көрсете білуге қабілетті.

«өте жақсы» бағасы презентация және реферат тапсырмаларының материалын толық меңгергенде, ешқандай қатесіз, уақытында тапсырып, қосымша сұрақтың кебіреуіне толық жауап бере алмаған жағдайда қойылады.

Тест тапсырмаларының 10%-на жауап бермеген жағдайда қойылады.

85 бал

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Айқын және жан-жақты жауап береді, бірақ кейде теориялық қорытындыларды негіздей алмайды және логикалық негіздемелерді бере алмайды, орташа біліммен бұрынғы оқытылған пәндердің материалдарын меңгеруде жақсы деңгейді көрсетті, негізгі және қосымша материалдарды (басқа оқулық) пайдаланады. Студент сұраққа сенімсіз жауап береді. Кейде қателер жібереді және өзі түзетеді.

«жақсы» бағасы презентация және реферат тапсырмаларының материалын меңгергенде, қатесіз, қосымша сұраққа толық жауап бере алмаған жағдайда қойылады.

Тест тапсырмаларының 15%-на жауап бермеген жағдайда қойылады.

80 бал

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды жақсы меңгергендігін көрсетті. Бұрынғы оқыған пәндерінің материалдарын орташа деңгейдегі біліммен жақсы меңгергендігін көрсетеді, негізгі әдебиетті және қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) пайдаланады, өзінің көзқарасын жеткізе алады. Студент қателер жібереді және оқытушының жаңа сұрақтар қоюы арқылы түзетеді.

«жақсы» бағасы презентация және реферат тапсырмаларының материалын меңгергенде, қатемен, қосымша сұраққа толық жауап бере алмаған, үлкен қате жібермеген жағдайда қойылады.

Тест тапсырмаларының 20 %-на жауап бермеген жағдайда қойылады.

75 бал

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды толық баяндай алмады, талқыланатын сұрақтар туралы түсінігі жоқ, пайымдауда қателер жібереді, осыған қатысты бұрынғы оқыған пәндерінің материалдарын орташа деңгейдегі білім деңгейінің жақсы екендігін көрсетті, негізгі әдебиетті және қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) пайдаланады. Студент маңызы жоқ қателер жібереді және оқытушының көмегімен түзетеді.

«жақсы» бағасы презентация және реферат тапсырмасын 75% орындап, үлкен қате жібермеген, материалдарды толық баяндай алмаған жағдайда қойылады.

Тест тапсырмаларының 25%-на жауап бермеген жағдайда қойылады.

70 бал

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды толық баяндай алмады, бұрынғы оқытылған материалдарды меңгеруде орташа білім деңгейін көрсетті, тек қана негізгі әдебиетті пайдаланады. Жауабы толық емес, оқытушының белсенді қатысуы арқылы түзетуге болатын маңызы жоқ қателер жібереді. Студенттің меңгерген материалдары алдағы оқуына жеткілікті, студент негізгі әдебиет бойынша білімін көрсетті. Нақты мысалдар келтіргенде білімін еркін қолдану оған қиынға соғады. Тақырып бойынша сұрақтарды талқылауда белсенді емес.

«қанағаттанарлық» бағасы презентация және реферат тапсырмаларының 70% орындап, сонымен қатар қате жіберген, жауабы толық емес жағдайда қойылады.

Тест тапсырмаларының 30%-на жауап бермеген жағдайда қойылады.

60 бал

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды терең түсінбейді, логикалық ойларын негіздей алмайды, бұрынғы оқытылған материалдарды меңгеруде білім деңгейінің төмен екендігін көрсетті, тек қана негізгі әдебиетті толық емес деңгейде пайдаланады. Жауабы толық емес, оқытушының көмегімен кейбір бөлігін ғана түзете алатын маңызды қателер жібереді, практикалық машықтарды орындаудың техникасын толық білмейді (кейбір кезеңдерді білмейді).

«қанағаттанарлық» бағасы презентация және реферат тапсырмаларының 60% орындап, сонымен қатар қате жіберген, жауабы толық емес, сұрақтарға жауап беруге білімі жетпеген жағдайда қойылады.

Тест тапсырмаларының 40%-на жауап бермеген жағдайда қойылады.

50 бал

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды талдауда белсенділік танытпады, сондықтан бұрынғы оқыған пәндердің материалдарын нашар меңгеріп, білім деңгейінің төмен екендігін көрсетті, негізгі әдебиетті толық көлемде пайдалана алмайды. Жауабы толық емес, қателері көп, оқытушының жаңа сұрақтарынан кейін де кейбір қателерді түзете алмайды.

«қанағаттанарлық» бағасы презентация және реферат тапсырмаларының 50% орындап, сонымен қатар қате жіберіп, тақырыпты меңгермеген, әдебиетті толық қолданбаған, сұрақтарға жауап бере алмаған жағдайда қойылады.

Тест тапсырмаларының 50%-на жауап бермеген жағдайда қойылады.

0 бал

Студент сұраққа жауап бергенде тақырып бойынша білімінің жоқтығын көрсетті. Жауап бере алмайды.

Тест тапсырмаларының мүлдем жауап бермеген жағдайда қойылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]