Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_6_kaz_vnutribolnichnye_inf_zabol.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
113.15 Кб
Скачать

Аіи алдын алу.

Эпидемиолог инфекцияның госпитальдік екенін анықтағаннан кейін, оның түрін анықтаудың маңыздылығы абсолютті. Өйткені, алдын алу мен эпидемияға қарсы шаралар АІИ әр түрінде принципиальді айырмашылығы бар.

Экзогенді АІИ кезінде алдын алу шараларына кіреді:

  • материалдарды, аспап-құралдарды, ерітінділерді және т.с.с. тиімді стерилизациялауды ұйымдастыру мен бақылауға алу;

  • қызметкерлердің стерильді материалдармен жұмыс істеуін (әртүрлі медициналық технологияны орындау кезінде асептиканы сақтау) үйрету және жұмыс сапасын бақылауға алу;

  • антиинфекциондық қорғаныстың медициналық технологиясының жоғары дәрежесін енгізу;

  • профилактикалық дезинфекция жүргізу және сапасын бақылау;

  • АІИ алдын алуды қамтамасыз ететін архитектуралық-жоспарлау шешімдерінің кешенін орындау;

  • тағамдарды дайындау, жеткізу және қолданудың сапасын қамтамасыз ету және бақылауға алу;

  • су режимін бақылауға алу және т.б.

Этот далеко неполный перечень хорошо известен.

Эпидемияға қарсы шаралар, ең алдымен:

  • инфекция көзін немесе жұқтыру факторларын іздеу;

  • инфекция көзін оқшаулау;

  • инфекцияны жұқтыру факторын жою;

  • ошақта дезинфекция жасау.

Эндогендік АІИ кезінде алдын алу шаралары эпидемиологиялық емес жолдармен жүзеге асырылады. Олар:

  • созылмалы инфекция ошақтарын операцияға дейін санациялау;

  • антибиотиктердің профилактикалық өзгертілуі;

  • иммуностимуляциялық ем қолдану;

  • операция алдында, қалыпты жағдайда микрофлорасы бар мүшелердің селективті деконтаминациясы;

  • эубиотиктерді профилактикалық қолдану;

  • операцияны жақсы хирургиялық техникамен қамтамасыз ету.

Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар шынайы госпитализм кезінде стационардың қалыптасқан экологиялық жүйесін бұзуды талап етеді. Алдын алу мақсатында дезинфекция жүргізу үшін және косметикалық жөндеуге стационарды кезеңді жауып тұруды талап етеді. Егер шынайы госпитализм туындаған жағдайда, онда эпидемияға қарсы шаралар мақсатында стационарды жабу қажет, пациенттерді басқа жерге ауыстыру немесе шығару, соңынан дезинфекциялау, сонымен қатар сыртқы ортаны фагтау және стационарды косметикалық жөндеу пайда болған эпидемиялық жағдайды жоюдың ең тиімді де міндетті шарты болып табылады. Эпидемиолог АІИ түрін диагностикаламаған жағдайда, эпидемияға қарсы шаралар жүргізілмесе, онда бұл жағдай созылмалы сипатқа ие болады. Осының айқын мысалы ретінде баршамызға белгілі госпитальдік сальмонеллездің созылмалы көтерілулерін айтуға болады.

Аіи экзогенді түрінің ажыратпалы-диагностикалық критерийлері (Слайд 2)

АІИ экзогенді түрінің салыстырмалы-диагностикалық критерийлері:

  • күнделікті бактериологиялық бақылау кезінде бірен-саран стерильді емес материалдың болуы немесе жалған локальді контаминаттың болуы, сонымен қатар стерильді материалмен жұмыс кезінде қызметкерлердің асептиканы бұзуы жөніндегі бактериологиялық дәлелді фактінің болуы;

  • «таза» операциялардан кейін ауруханаішілік іріңді инфекциялардың дамуы;

  • полиэтиологиялылығы;

  • резистенттік типі бойынша қоздырғыштардың әртүрлі болуы.

АІИ эндогендік түрінің патогномды эпидемиологиялық белгілері:

  • стерилизациялаушы құралдардың жұмысының тиімділігін бақылау кезінде материалдың стерилденбеген сынамаларының болмауы;

  • қоздырғыштың операция жасалған қуыстың қалыпты микрофлорасына сәйкес келуі немесе созылмалы инфекция ошағынан бөлінген микроорганизмдерге идентивті болуы;

  • динамикада инфекцияның полиэтиологиялылығы;

  • инфекцияның басқа жағдайлармен эпидемиологиялық байланысының болмауы;

  • наличие у пациентте операция кезінде техникалық қиындықтардың болуы немесе инфекция туындауының салмақты қауіп факторларының болуы.

Шынайы госпитализмнің типтік белгілері болып табылады:

  • инфицирленудің экзогенді көзінің болмауы;

  • ауруханаішілік іріңді инфекциялардың қоздырғыш штамымен бірдей әртүрлі биотоптардың колонизациясының болуы наличие;

  • микроорганизмдердің резистенс-типтерінің біркелкі еместігінің коэффициенті 0,7 төмен емес;

  • сыртқы ортада қоздырғыштың ұзақ сақталуы және дезинфектанттарға тұрақтылығы.

Госпитальдік эпидемиологтарға белгілі жағдай, бір ғана тіркелген пациенттегі іріңді инфекция бойынша оның көзін, жұғу факторларын және аурудың дамуына әкелген жағдайды анықтау мүмкін емес. Дегенмен, күнделікті бақылау және стационарда тіркелген инфекцияның қандай типті екенін іздену сұрақтары, пайда болған госпитальдік штаммның белгілеріне мониторинг жасау эпидемиологиялық диагностика жүргізуге мүмкіндік береді және АІИ тиімді бақылауды қамтамасыз етеді.

Слайд 1

Инфекция ошағынан жиі бөлінетін патогендік микроорганизмдердің пайыздық көрсеткіштері

Патогенді микроорганизм

Зәр шығару трактісі

Хирур­гиялық жаралар

Тыныс жолдары

ның төменгі бөлігі

Қан арнасы

Тері

Атал

маған басқа

лары

Бөлінген штамм

Дардың жалпы саны

0/ /0

Е. coli

31,7

11,4

7,1

9,5

7,7

7,3

5779

18,6

S. aureus

1,6

19,0

12,8

12,8

33,3

16,4

3356

10,8

Энтерококки

14,9

11,4

1,6

7,3

9,5

7,3

3308

10,7

Р. aeruginpsa

12,5

8,1

15.1

6,1

7,2

6,2

3286

10,6

Klebsiella spp.

7,6

4,8

12,8

9,1

4,4

4,0

2288

7,4

Коагулазотеріс стафи­лококк

3,7

8,4

• 1,1

14,2

9,5

11,1

1 892

6,1

Enterobac ter spp.

4,4

6,9

10,0

6,9

4,1

4,1

1 811

5,8

Proteus spp.

7,3

5,0

4,4

1,7

3,5

3,2

1 667

5,4

Candida spp.

5,1

1,4

4,2

5,6

4,5

13,4

1 570

5,1

Serratia spp.

1,2

2,0

5,6

2,8

1,8

1,8

691

2,2

Прочие

10,0

21,6

25,3

24,0

14,5

25,2

5364

17,1

Бөлінген штаммдар

саны

13 165

6 163

4490

2292

1798

3104

31 012

100,0

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]