Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус ОМ 2014 каз.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
597.03 Кб
Скачать

1.8 Байланыс ақпараты:

Астана қ., Сары-Арқа көшесі, 33 үй, «АМУ» АҚ, Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология кафедрасы, тел. 8-(7172)-23-94-65

Микробиология пәнін өткізетін орыны және уақыты

Тәжірибелік сабақтар «АМУ» АҚ Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология кафедрасының оқу зертханаларында жүргізіледі (Сары-Арқа көшесі, 33 үй, 5-ші қабат), дәрістерді оқу процесін жоспарлайтын және мониторингін жүргізетін бөлімі құрастырған кесте бойынша дәрістер оқылады.

1.9 Пәннің саясаты:

Кафедраның студенттерге оқу процесінде қоятын талаптары, жұмыс бөлімдерін және т.б. орындамаған жағдайда айыптау шаралары

Микробиология базалық пән болғандықтан, оны білу әр бір дәрігерге, әрбір медицина қызметкеріне қажет. Микробиология ғылым ретінде теориялық және клиникалық медицинаның өзекті маңызды сауалдарын шешуін қамтамасыз етеді. Студенттер теориялық білімдерді және келешекте кәсіби тәжірибеге қажетті дағдыларды тәжірибелік сабақтарда алып шығады. Студенттер бірінші тәжірибелік сабақтан бастап дәріске арналған қалын дәптер (45 беттен кем емес), үлкен альбом, түрлі-түсті карандаштар, медициналық халат, калпақ, екінші ауыстыратын аяқ-киім қажет. Кафедраның негізгі талаптарының бірі әрдәйім дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға қатысып жүру. Себепсіз қалдырған сабақтарды студент ақылы түрде өтейді. Студент сабаққа 15 минуттан көп кешігетін болса, бұл сабақты ақылы түрде толығымен өтейді. Сонымен қатар, академия мүлігін бұзған жағдайда ақылы түрде өтейді.

Емтихан мен қорытынды тестілеуге егер студенттің дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға, СӨЖ-на себепсіз қатыспауы, барлық аралық бақылауы (коллоквиумдары) тапсырылған жағдайда жіберіледі. Кафедраның оқу талабын (тәжірибелік сабақтардан, СӨЖ тапсырмаларын толығымен орындамаған жағдайда, аралық бақылауы (коллоквиумдар) тапсырылмаса) орындамаған студент ақылы түрде қайтадан пәнді оқиды.

2 Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Микробиология базалық пән ретінде білуі әрбір дәрігерге, әр бір медицина қызметкеріне қажет. Микробиология ғылым жағынан клиникалық және теориялық медицинаның маңызды мәселелерін шешеді.

Медициналық микробиологияның зерттейтін нысанасы - микроорганизмдердің жүйелеуін, морфологиясын, физиологиясын, генетикасын, экологиясын зерттейді; адамға патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерін, аурулар қоздырғыштарының патогенді факторларын, олардың клеткалық және молекулярлы-генетикалық деңгейде әсер ету механизмдерін, оларды бөліп алуы мен идентификациясын, спецификалық терапиясы мен алдын алуы.

Микробиологияны оқымай медицинаның аса маңызды мәселелерін шешуі мүмкін емес, мысалы адамдардың жұқпалы ауруларын төмендету және жою, шартты-патогенді микроорганизмдер тудырған ауруханаішілік инфекцияларды төмендету және жою, олардың арнайы сақтандыруы мен терапиясы.

2.2 Пәннің мақсаты

Студенттерде экожүйесіндегі микроорганизмдердің ролі, микробтық табиғаты бар аурулардың этиологиялық диагностика негіздері, қоршаған орта объектілерінің биологиялық ластану деңгейінің индикациясы және тұрғындардың денсаулық сақтауына қолдануы туралы заманауи білім қалыптастыру.

2.3 Пәннің міндеттері:

  • патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің биологиялық ерекшеліктерін зерттеу (морфологиялық, физиологиялық, молекулярлы-генетикалық);

  • табиғатта (макроэкология) микроорганизмдердің таралуы және олардың жұқпалы аурулар тудыруындағы маңызды ролі туралы білім қалыптастыру;

  • жүйелі білім қалыптастыру: микроорганизм мен макроорганизмнің өзара қарым-қатынасы және қоршаған ортамен. Нормофлора (микроэкология) және оның дисбактериоз дамуына маңызы;

  • заманауи микробиологиялық, иммунологиялық және молекулярлы-генетикалық зерттеу әдістерін емдеу-профилактикалық мекемелер тәжірибесінде қолдануы туралы білім қалыптастыру;

  • кең таралған микробты табиғаты бар аурулардың типті зертханалық диагностика әдістерін, қоршаған орта объектілерінен микробтарды анықтау әдістерін үйрету;

  • қоршаған орта объектілерін микробиологиялық бақылау әдістерін үйрету;

  • биопрепараттар дайындау үшін микроорганизмдерді қолдану туралы білім беру;

  • аурудың даму механизмдері (ауру патогенезі) және олардың алдын алу жолдары мен емдеу туралы қазіргі замаңғы білім қалыптастыру.