Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геронтология.docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
67.85 Кб
Скачать

Остеопороздың алғашқы белгілері:

  • баланың тырнақтары сынғыш келеді

  • шашы құрғайды

  • құлағанда немесе ауыр көтерген кезде, тез қимылдағанда сынықтар жиілейді

  • жиі шаршайды

  • белсенділігі төмендейді

  • жасөспірім кезінде аз ғана уақыт ішінде шамадан тыс тез өсуі немесе  қалып қоюы

  • аяқтарының түнде сыздап ауруы

  • мүсінінің бұзылуы

  • арқаның төменгі жағы сыздауы

  • тұқым қуалаушылық

Ата-аналардың көбісі мұндай жағдайды экологиямен немесе мектептердегі балаға берілетін тапсырманың көптігімен, жасөспірім кездегі ағза өзгерістерінің әсерімен байланыстырып, баласына көп мән бере бермейді. Нәтижесінде тым ерте басталған ауру ағзаға дендеп, сүйектер сынғыш келеді. Жиі сынулар болған кезде ғана диагнозы анықталады.Ал әбден асқынған аурудың шипалы емін табу қиынырақ екені белгілі. Дерт дендеген жағдайда ірі буындар мен омыртқалар ауруы пайда болып, баланың өсуі,  дамуы кешеуілдейді. Сондықтан ата-аналар баласынан аурудың белгісін байқап қалса, дереу дәрігерге  көрсету қажет.

Соңғы кездері балалардың газдалған сусындар мен фастфуд тағамдарды тым көп  пайдалану, сүт өнімдерін жеткілікті мөлшерде ішпеу, дұрыс тамақтанбаудың арты да осы душар қылады.

Өсу және жыныстық жетілу кезеңінде кальцийге деген қажеттілік күрт көбейеді.  Осы кезеңде кальций мен минералды заттарды қажетті мөлшерде тұтыну қажет. Сондай-ақ осы кезде ас қорыту жүйесінің қызметі де басты рөл атқарады. Егер бала асқазан, бауыр, өт жолдары жүйесі, ұйқы безі, ішек ауруларымен ауырса, кальцийдің ағзаға сіңімділігі бұзылуы мүмкін.Балалар арасында остеопороз ауруының туу себебі осыдан да болуы мүмкін.Мұндай жағдай көбінесе шала туған, салмағы аз немесе керісінше өте ірі және рахитпен ауырған балаларда кездесуі мүмкін. Сондықтан ана сүтін аз емген, сүт ішкісі келмейтін және сиыр сүтінің ақуызына аллергиясы бар балаларға көбірек көңіл бөлу қажет.

Диагностика және емдеу:

Ауруды бастапқы кезеңде анықтау үшін сүйек тінінің минералды тығыздығын зерттеу қажет. Ал қарапайым рентген зерттеулері үлкен  сынықты ғана анықтауға көмектеседі. Кейбір жағдайларда компьютерлі томография, магнитті-ядролы резонансты томография, сандық радиометрия сынды күрделі зерттеу әдістері қажет болады.

Диагностиканың жаңа әдісі – денситометрия. Бұл әдіс туралы Ресейлік ғалым И.Захарова: «Бүгінде  бұрынғы рентгеннің орнына жаңа заманауи  денситометрия әдісі келді. Ол ауруды бастапқы кезеңде айқындауға, яғни сүйектер тығыздығынан айырыла бастаған кезде байқауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің ерекшелігі – зерттеулердің дәлдігі мен процедураның қауіпсіздігінде»,–дейді. Денситометрия –рентгендік әдіс. Десек те мұнда сәулеге түсіру деңгейі кеуде қуысы рентгеноскопиясы кезіндегіге қарағанда 10 есеге төмен болады. Әдіс изотоптардың немесе рентген сәулелерінің сыртқы көзден сүйек арқылы детекторға трансмиссиялануына негізделген. Денситометрия жүргізілуіне негізгі көрсеткіштер: - қаңқа сүйектерінің бір немесе бірнеше сынықтары; - остеопороздың рентгендік көріністері; - бірнеше қауіп факторларының анықталуы; - 60 жастан асқан науқастар; - етеккір тоқтағаннан кейінгі кезеңдегі әйелдер; - кортикостероидты гормондарды, иммунодепрессанттарды, тура антикоагулянттарды және басқа да дәрілік заттарды ұзақ қабылдау кезінде; -созылмалы сәулелік ауру. Аурудың асқынуынан сақтау үшін сүйек салмағын жоғалтуды тежеу немесе тоқтату қажет. Сондай-ақ арнайы корсеттер кигізу, таяқ, балдақпен жұргізу, құлау қаупін төмендету, бұдан өзге де сүйектер сынуын тоқтататын заттарды пайдалану арқылы ауруды тежеуге болады. Кальций мен фосфор алмасуын қалпына келтіру және дәрімен емдеу арқылы сүйекті ремоделдеу процесін қалыптастыру қажет. Қозғалыс белсенділігін қалпына келтіру әрі өмір сапасын жақсарту арқылы ауру емдеуге болады.  Сырқаттың алдын-алып, денсаулықты нығайту үшін жаттығулар жасап, жүгіру қажет және кальций мен Д3 дәруменіне бай тағамдар жеу керек. Сондай-ақ темекі шегу мен алкоголь ішімдіктерін қолдануды азайту қажет. Егерде дәрігер сырқат адамға остеопороз диагнозын қойған болса, онда дер кезінде ем қолданғаны дұрыс. Мамандардың айтқан кеңестері мен берген ем-домын уақытылы қабылдаған кезде аурудан толық айығуға болады.

ҚАРТ АДАМДАРДАҒЫ ДӘРІЛІК ТЕРАПИЯНЫҢ НЕГІЗІ

18 марта 2013 • Просмотров: 150 • 05:53Нет комментариев

ӘӨЖ  614.253.5:616-053.9 (075.8)

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]