Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
нервная.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
59.14 Кб
Скачать

Пармидин (Parmidinum)

Патологиялық жағдайлардағы бұзылған микроциркуляцияны қалыптастырып, қантамырлардың өткізгіштігін төмендетеді . Бұл оның кинин-калликреин жүйесіне әсер етуімен, сондай-ақ брадикинин белсенділігін төмендетуімен байланысты. Ол тромбоциттер агрегациясын төмендетеді, фибриногенезді белсендіреді. Қабынуға қарсы әсеріне байланысты эндотелиальді жасушалардың ісігін төмендетіп, қантамырлардың ішкі қабатының липидті инфильтрациясына кедергі жасап,атеросклероз кезінде дамитын инфильтративті өзгерістердің қайта дамуына ықпал етеді. Бұған қоса оның аздап гипохолестеринемиялық белсенділігі бар.

Колдануы: жүрек, аяқ-қол, ми қантамырларының атеросклерозын емдеуде комплексті терапиямен бірге қолданатын зат ретінде, атеросклеротикалық және диабеттік ангиопатияларда, көздің нұрлы қабатының тамырының тромбозынды, облитерацияланған эндартериитте, аяқ-қолдың трофикалық жараларында.

Антиоксиданттар (АО), бос радикалды реакцияларының тотығуын және олардың уытты өнімдерінің ағзада жиналуын. Сонымен қатар АО зат алмасулардың әртүрлі бөлігіне (митохондридің тыныс алу тізбегінде), көптеген ББЗ синтезі мен метаболизміне, жасушалардың құрлымымен оны реттейтін жүйенің жағдайына белсенді қатысады, сондықтан оны адаптогендер ретінде қолдануға болады.

Ең күшті табиғи АО болып С, А, Е, дәрумендері, мик­роэлементы цинк, медь және селен есептеледі. Бұл заттар арасында тығыз метаболиттік байланыс бар. Әрқайсысының әсері оларды қосып бірге қабылдағанда жоғарлайды.

Мексидол –антиоксидантты қасиеті бар синтетикалық антигипоксант , оның ашылуы және клиникалық практикаға енгізуі отандық фармакоиндуструядағы үлкен жетістік болып есептеледі. Фармакологиялық әсерлері:

Мексидол ноотропты және анксиолитикалық қасиетімен антиоксидантты әсерлі антигипоксанттар тобына жатады. Фармакологиялық белсенділігі кең спектрлі: тотыққан липидтердің бос радикалды процесстердің тежегіші, антигипоксиялық, стресспротективті, ноотропты, қырұсуға қарсы және анксиолитикалық препарат болып есептеледі.

Препарат әртүрлі зақымдаушы заттарға, оттегіге тәуелді патологиялық жағдайларға (шок, гипоксия және ишемия, ми қанайналымның бұзылыстары, алкоголмен және антипсихотикалық заттармен (нейролептиктермен) улану) ағзаның тұрақтылығын жоғарлатады. Препарат мидың метаболизмін және бас миының қанайналымын жақсартады, қанның реологиялық қасиетін және микроциркуляцияны жақсартады, тромбоциттер агрегациясын төмендетеді.

Гемолизді болдырмай қан жасушасының (эритроциттер мен тромбоциттер) мембранды құрлымын тұрақтандырады. Жалпы холестеринмен тығыздығы төмен липопротеидтердің мөлшерін төмендететін гиполипидемиялық әсерге ие. Жедел қабынуда эндогенді уыттылық пен ферментативті токсемияны төмендетеді. Мексидол қабынуға қарсы және бактерицидті, протеазаларды тешегіш әсері бар, лимфатикалық жүйенің дренажды қызметін, микроциркуляцины күшейтеді, репаративті-регенеративті процесстерді белсендіреді.

Қолдану көрсеткіші

• Жедел ми қанайналымдық бұзылыстар.• Дисциркуляторлы энцефалопатия – бас ми қантамырларының атеросклероздық зақымдалуы мен гипертониялық аурулар салдарынан болатын (декомпенсация, субкомпенсация фазасында, компенсация фазасында жоспарлы тұрақтандырушы терапия ретінде).

• Постгипоксикалық, дисметаболиттік және ең алдымен диабетті энцефалопатияларда. • омыртқаның мойын бөлігінің остеохондрозынан болатын вертебробазилярлы жетіспеушілік.

Соңғы жылдары инсульттарды емдеуде қолданатын жаңа дәрілік заттарды дайындауда ағзаның ішкі өзіндік реттегіштерін қолдануға назар аударуда. Бұндай заттарға пептидті реттегіштер. Пептидтер негізгі ерекшелігі аз мөлшердегі жоғары әсерлігі, әсерінің жылдам пайда болуы және кері әсерлерінің болмауы.

Семакс препараты мұрын тамшылары 1% ерітінді. Жедел инсультте қолданылады, әсерінің жылдамдығымен, айқын белсенділігімен, қолдануы қарапайымдылығымен ерекшеленеді.

3.Қояншыққа (тырысқақ) қарсы.

Қояншыққа қарсы дәрілердің тырысудың алдын алу немесе азайту үшін қолданылады. Олардың әсерлік механизмі эпилептогендік аймақтың нейрондарының қозуын төмендетіп, патологиялық қозудың таралуына жол бермейді. Орталық жүйке жүйелері медиаторларының гаммааминомай қышқылы (ГАМҚ) арақатынасын өзгертеді.

Қояншық ұстамасының төрт түрі болады:

1. Үлкен қояншық – ұстамасы 10-12 минутқа созылады, есінен айырылып бетімен құлайды, тілін тістеп, денесі тырысып, аузынан көбік ағып жатады.

2. Кіші қояншық – ұстамасы 2-3 минут, есінен айырылып, құлап қалады.

3. Психомоторлы эквиваленттер (қояншығы), тек 30 секунт немесе 1 минут есінен айырылып, денесі құрысып тұрып қалады.

  1. Миоклонус қояншығы, денедегі әртүрлі бұлшық еттер уақытша ғана құрысып-қысылып қалады.

Осы аталған ұстамалардың ішіндегі көрінектісі, қатерлісі және ұзаққа созылатыны - үлкен қояншық. Оны эпилетикалық статус деп атайды. Бұған жедел көмек қажет. Қан тамырға сибазон, клоназепам егу жақсы нәтиже береді. Ингаляциялық наркоздық дәрі - азот тотығы және т.б. қолдануға болады

Ұзаққа созылатын үлкен қояншыққа қолданылатын дәрілер: дифенин (Dipheninum) және гексамидинді (Hexamidinum) фенофарбиталмен (Phenobarbitalum) қосып беріледі, қазіргі кезде карбамазепин (Carbamazepine), натрий вальпроаты (Natrii valproas) және ламотриджин (Lamotrigine) пайданылады.

Кіші қояншыққа қолданылатын ең қажетті дәрілер: этосуксимид (Ethosuximidum), қосымша натрий вальпроаты және клоназепам (Clonazepame).

Психомоторлы эквивалент пен миоклонус қояншығына транквилизаторлар мен ұйықтататын дәрілер: диазепам, клоназепам және нитразепам қолданылады.

Дифенин (Фенитоин және т.б.) химиялық құрылысы бойынша барбитураттарға ұқсас, бірақ ұйықтатпайды, орталық жүйке жүйесіне әсер етпейді, маужыратпайды, тыныштандыру әсері жоқ. Негізі дифенин қояншыққа және аритмияға қарсы қолданылады. Бірақ жанама әсерлері де бар: бас айналу, жүрек айну, құсу, дірілдеу және т.б. өзгерістер болып тұрады. Бауыр және бүйрек аурулары, жүдеу және жүрек декомпенсациясы кезінде қолданбайды.

Дифениннің таблеткалық жалпы мөлшері 0,1 г-нан, оның ішінде дифениннің өзі 0,117 г және 0,032 г натрий гидрокарбонаты. Бірінші рет бастағанда жарты түймедақтан, содан соң 1 түймедақтан күніне 2-3 реттен тағайындайды. Ең көп тәулік мөлшері 8 түймедақ.

Rp.: Diphenini 0,117

D.t.d. № 30 in tab.

S. 1түймедақтан күніне 3 рет тамақтан кейін.

#

Гексамидин (Мисолин, Примидон және т.б.) фенобарбиталға өте ұқсас келеді, қояншыққа әсері күшті, бірақ қатерлігі жоғары, сондықтан да қазіргі кезде жеке түрде көп қолданбайды. Көбінесе анемияға және лейкопенияға әкелуі мүмкін. Сондықтан оны бауыр, бүйрек, қан түзу жүйесінің ауруларында қолданбайды. Түймедақ түрінде мөлшері 0,125 және 0,25 г пайданылады.

Фенобарбитал (люминал және т.б.) ұйықтатын дәрі ретінде саналып келді, ал қазіргі кезде оны қояншыққа қарсы бірінші қолдана бастайды. Мөлшерін 0,01 г біраздан кейін көтере келе 0,2 г-ға дейін күніне 2-3 реттен дене тырысулары жоғалғанша тағайындап, содан соң мөлшерін төмендету керек. Қосымша басқа дәрілерді пайдаланып отырады.

Карбамазепин (Зептол, Карбапин, Карзопин, Мазепин, Тегретол, Тимонил, Финлепсин және т.б.) антидепресанттарға (имипрамин) ұқсайды, тырысуға қарсы өте күшті, басқа дәрілермен бірге көп уақытқа дейін беріледі. Басқа дәрілермен салыстырғанда жанама әсерлері аз байқалады.

Карбамазепиннің мөлшері 0,1 және 0,2 г-нан түймедақ түрінде шығарылады. Алғашқы емдеу мөлшері 0,1 г-нан күніне 2-3 реттен, ал әрі қарай мөлшерін 0,4 г-нан 1,2 г-ға дейін көтеру керек. Балаларға арналған мөлшері 20 мг/кг.

Rp.: Carbamazepini 0,1 (0.2)

D.t.d. № 50 (100) in tab. .

S. 1-2 таб күніне 2-3 рет.

#

Натрий вальпроаты (Апилепсин, Ацедипрол, Депакин, Дипромал, Конвулекс, Конвульсофин, Орфирил, Энкорат және т.б.) әсері кең, бүкіл (әртүрлі) қояншыққа және тырысқаққа қарсы қолданылады. Қояншыққа пайданылатын басқа дәрілердің әсерін күшейтіп отырады. Аздап байқалатын жанама әсері соңынан кетеді. Бауырдың және ұйқы бездің қызметі бұзылғанда, қанталау диатезінде қолданбайды.

Вальпроаттың мөлшері – таблеткасы 0,3 г және 5% сироп 100 мл ішуге балаларға арналған. Бірінші мөлшері бастауыш 0,3 - 0,6 г-нан, ары қарай көтере келе 1 г -1,5 г ақырғысы 3 г-ға дейін тәулігіне беріледі. Балаларға арналған мөлшері 15 мг/кг басталады, ары қарай 20 кейде ең үлкен мөлшері 50 мг/кг, одан асыруға болмайды (5% сираптың 1 мл-де 50 мг тең)

Rp.: Natrii Valproatis 0,3

D.t.d. № 30 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 2-3 рет.

#

Ламотриджин (Ламиктал, Ламитор және т.б.) жаңадан шыққан дәрі, көбінесе кіші қояншыққа қолданылады, бірақ үлкен қояншыққа да беруге болады, тек басқа дәрілермен бірге пайдаланған дұрыс. Жалпы жанама әсерлері бар: аллергиялық өзгерістер, бас айналу, ұйқышылдық және т.б. Жүкті әйелдерге және 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Ламотриджиннің ішуге арналған және шайнайтын түймедағы болады, мөлшерлері бірдей - 0,025; 0,05 және 0,1 г. Тәулігіне 1 реттен 0,025 г-нан екі аптаға, содан соң мөлшерін ұлғайту керек - 0,05 г-нан тағы екі аптаға, кейін 0,1 г-нан 0,2 г-ға, кейде 0,5 г-ға дейін емдеу әсері ұзаққа созылады. Балаларға 0,2 мг/кг-нан 0,5 мг/кг-ға дейін тағайындалады.

Rp.: Lamotrigini 0,025 (0,05; 0,1)

D.t.d. № 10, 100 in tab.

S. 2-3 рет тамақпен бірге 1 таб.

#

Этосуксимид (Суксилеп және т.б.) кіші қояншыққа қарсы және ауырсыну мен бұлшық етті босаңсыту үшін қолданылады. Емдік әсері көбінесе кіші қояншыққа және миоклонусты ұстамаға қарсы арналған.

Бұның мөлшері 0,25 г капсуласы. Бірінші аптада 0,25 г-нан, содан соң мөлшерді 1 г-нан 2 г-ға дейін көбейтеді. Балаларға 10-15 мг/кг 6 жасқа дейін, ал одан есейген балаларға тәулігіне 0,25 г беріледі.

Этосуксимидті пайдаланған кезде жанама әсерлері көріне бастайды: маужырау, ұйқысы келу, бас ауру, асқазанның бұзылысы, аллергиялық өзгерістер. Бауыр және бүйрек жетіспеушілігі кезінде, бала емізетін және жүкті әйелдерге беруге болмайды.

Rp.: Ethosuximidi 0,25

D.t.d. № 120 in caps

S. 1 таб күніне 2 рет.

#

Клоназепам (Антелепсин, Клонотрид, Ривотрил және т.б.) нитрозепамға ұқсас - тыныштандыру, бұлшық етті босаңсыту, қорқынышты басу, ұйықтату және тырысуды басу әсері бар. Бұны қолданғанда жүріс-тұрысы, ой-пікірінің бұзылуы, бұлшық еттің босауы, қан түзілуінің төмендеуі және аллергиялық өзгерістер болады. Бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы, миастения (бұлшық еттің босаңсуы) кезінде, бала емізетін және жүкті әйелдерге қолданбайды.

Клоназепамның мөлшері 0,00025; 0,0005; 0,001 және 0,002 г түймедақ түрінде; 0,25% ерітіндісі тамшы түрінде ішуге арналған; 0,05% ерітіндісін ампуласы 1 мл-ден егуге пайдаланады. Емдеу мөлшерін жатарда тәулігіне 0,0005-0,001 г-нан бастайды. Алғашқы 4 күн қатарынан қабылдап, содан соң мөлшерін өсіреді 6 мг-ға дейін, ең көп мөлшері 20 мг-ға дейін өсіреді. Балаларға арналған мөлшері жасына қарай: 6 жасқа дейін 0,0005-0,001 г-нан тәулігіне, 6 жастан 12 жасқа дейін 3-6 мг тәулігіне беріледі.

Rp.: Clonazepami 0,00025

D.t.d. № 10 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 2 рет.

#

Тапсырма.

1.Рецепт жазуға арналған дәрілер:

Фенобарбитал – (ерітін. 0,2% - 200 мл тамшы, таб. 0,05 №10),

- Карбамазепин (таб. 0,02 № 20),

- Милдронат (капс. 0,25 №10, ерітін. 10% - 5 мл амп.),

- Викасол (ерітін. 1% - 1 мл амп.),

- Этамзилат (таб. 0,25 №50, ерітін. 12,5% - 2 мл амп.),

- Церебролизин (ерітін. 5% - 1 мл амп.),

- Пиридитол (таб. 0,01 №20),

- Актовегин (ерітін. 10% - 2 мл №10),

- Ницерголин (таб. 0,01 №30, фл. 0,004 №4),

- Мидокалм (таб. 0,05 №30, ерітін. 10% - 1 мл амп.)

2. Топшалар – Гексамидин, Кдоназепам, Дифенин, Ламотриджин, Аскорутин, Дицинон (Этамзилат), Вобэнзим,Винпоцетин, Кавинтон, Семакс, Цитиколин, Пентоксифиллин, Дигидроэрготоксина метансульфонат.

3. Анықтама – а) Церебролизин, Ламотриджин, Вобэнзим, Ницерголин, Этамзилат, Цитиколин.

б) – Менингитке - Ампицилин, Амикацин, Тобрамицин, Хлорамфеникол, Цефотаксим, Цефтриаксон, Цефтазидин, Ванкомицин, Рифампицин, Дексаметазон, Моксифлоксацин.

Психотропты дәрілер.

Бұл топқа жататын дәрілерді адам психикасы (рухани сезімі) бұзылғанда, психоз, невроз және т.б. ұқсас өзгерістер кезінде қолданады.

Психотропты дәрілер нейрондардың белсенділігін арттыратын және тежейтін пептидтер мен амин қышқылдардың арақатынасына, биогенді аминдердің алмасуына, нейронаралық тасымалдау, мидың холинергиялық жүйесіне әсер етеді. Психотроптық дәрілер жеті топқа бөлінеді:

1.Антипсихоздық дәрілер (нейролептиктер).

2.Депрессияға қарсы (антидепрессантар).

3.Көкіректікке (мания) ем ретінде қолданатын дәрілер.

4.Транквилизаторлар (шошуға, қорқуға емдік дәрілер).

5.Седативті (тыныштандыратын) дәрілер.

6.Психостимуляторлар (психиканы қуаттаушылар).

7.Ноотропты (адам есіне әсер ететін) дәрілер.

1.Антипсихотикалық дәрілер - Aminazinum – аминазин; Triftazinum – триптазин, Haloperidole – галоперидол, дроперидол, фторфеназин, хлорпротиксен, сульпирид, азалептин - шизофрения және психоздарға қолданылады.

1. Антипсихоздық дәрілер, яғни нейролептиктердің адамның психикасына әсер ету механизмі: олар лимбикалық жүйедегі дофаминге сезімтал рецепторларды басып, синапс алдындағы мембрананың өткізгіштігін төмендетеді де биогендік аминдердің шығуын бұзады. Сандырақтауды басып, аурудың әрі қарай дамуына жол бермейді.

Химиялық құрамына қарай нейролептиктер бірнеше топқа бөлінеді:

  1. Адам психикасына тікелей әсер ететін дәрілер:

а/ фенотиазин туындысы: аминазин, трифтазин, фторфеназин т.б.

б/ тиоксантин туындысы: хлорпротиксен және т.б

в/ бутирофенон туындысы: галоперидол, дроперидол және т.б

  1. Адам психикасына жалпы әсер ететін дәрілер -

а/ бензамидтер – сульпирид.

в/ бензодиазепин туындысы – азалептин.

Аминазин (Хлорпромазин, Ларгактил және т.б.) - 0,025 және 0,05 г драже түрі; 2,5% ерітіндісі 2 және 5 мл ампуласы. Бұл антипсихоздық, тыныштандырғыш әсер береді, бұлшық еттерді босатады. Құсу аймағының хеморецепторларына бөгеу жасап, құсуға қарсы әсер береді. Наркозға арналған, ұйықтататын дәрілердің, наркотикалық анальгетиктердің әсерін күшейтеді. Шеткі иннервацияға әсер етеді, әсіресе адреноблокаторлық әсері күшті, нәтижесінде күре тамырлық қысым төмендейді. Аминазин негізінен басқа дәрілердің әсерін күшейте алады. Бұл негізінде шизофрения және психозды аурулар кезінде қолданылады.

Жанама әсері: гипотензия, коллапс, аллергиялық реакциялар, бауыр, бүйрек және асқазан аурулары, дәрілік паркинсонизм. Жүрек-тамыр декомпенсациясы және жоғары жанама әсерлерінде қолдануға болмайды.

Rp.: Dragee Aminazini 0,025

D.t.d. № 50

S. 1-2 дражеден күніне 4 рет.

#

Трифтазин (Трифлуоперазин, Тразин, Эсказин және т.б.) - 0,001; 0,005 және 0,01 г қабықталған түймедақ түрінде, содан соң 0,2% ерітіндісі – 1 мл ампула түрінде пайданылады. Бұл аминазинге ұқсас, сондықтан қолдану көрсеткіштері де сондай және құсу кезінде қолданады. Жанама әсерлері де ұқсайды, оған қосымша вегетативті өзгерістер, улы гепатит және агранулоцитоз байқалуы мүмкін. Жедел гепатит, бүйрек жетіспеушілігі, жүрек декомпенсациясы, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Rp.: Triftazini 0,001

D.t.d. № 50 in tab.

S. 1-2 түймедақтан күніне 4 рет.

#

Хлорпротиксен (Труксал және т.б.) - 0,015 және 0,05 г драже түрінде; 2,5% ерітіндісі – 1 мл ампула түрінде пайданылады. Аминазинмен салыстырған седативтік және тыныштандырғыш әсері басым болады. Сондықтан психоз, невроз кезінде, ұйқының бұзылуы, құсу, тері қышымасына қолданылады. Жанама әсері: маужырау, тахикардия, гипотония, ауыз құрғауы. Спирттік ішімдік қолдандан кезде, коллапс, паркинсонизмде қолдануға болмайды.

Rp.: Dragee Chlorprothixeni 0,005

D.t.d. № 50

S. 1 дражеден күніне 2-3 рет.

#

Галоперидол (Сенорм, Галофен, Галопер, Транкодол және т.б.) - 0,001 және 0,005 г таблетка түрінде; 0,2% ерітіндісі 10 мл флаконда тамшы ретінде; 0,5% ерітіндісі 1 мл ампуласы бұлшық етке егуге арналған. Бұның әсер етуі тез және ұзаққа созылады. Ол құсу орталығын тежейді, басқа дәрілердің әсерін күшейтеді, күре тамыр қысымын түсірмейді, ортостатикалық коллапс болмайды.

Галоперидолды шизофрения, психоз, тоқтаусыз құсу, жүрек айну кезінде қолданады. Жүрек аритмиясы кезінде, орталық жүйке жүйесі және бүйрек ауруларында қолдануға болмайды.

Rp.: Haloperidoli 0,001

D.t.d. № 50 in tab.

S. 1-2 түймедақтан күніне 3 рет.

#

Дроперидол (Дролептан, Инапсин, Синтодрил және т.б.) - 0,25% ерітіндісі - 2 мл ампула түрінде анестезиологияда (нейролептанальгизия ретінде) фентанилмен қосып, жедел көмек ретінде кордиогенді шокта қолданады. Құрама түрінде шығарылатын дәрі таламонал (Thalamonal) деп аталады. 2 мл ампула және 10 мл флакон түрінде пайданылады. Өз алдына гипертониялық криз, өкпе ісінуі (өкпе шемені), стенокардия, жүрек айнуы, құсу кезінде қолданады.

Адам психикасына жалпы әсер ететін дәрілер сульпирид және азалептин т.б. Бұл дәрілерді қолданғанда, басқа нейролептиктермен салыстырғанда, экстрапирамидалық бұзылулар сирек дамиды, мидың М-холинорецепторларын тежеу белсенділігі жоғары тұрады.

Rp.: Sulpiridi 0,05; 0,1.

D.t.d. № 30 in caps.

S. 1 қаптамадан күніне 3 рет.

#

Rp.: Azaleptini 0,025; 0,1.

D.t.d. № 50 in tab.

S. 1-2 түймедақтан күніне 3-4 таб.

#

2. Антидепрессанттар.

  1. Антидепрессантар – Imizinum – имизин -

Amitriptyline - амитриптилин, Fluoxetine – флуоксидин, Maprotiline – мапротилин, Nialamidum – ниаламид, трансамин, моклобемид – қайғы, мұңайу кезіндегі жедел депрессияға қарсы қолданылады.

Антидепрессанттар (депрессия – мұңаю, адамның басына қайғы түскенде өте күрделі ауруға шалдыққан жағдай) екі топқа бөлінеді:

1. Үш циклді антидепрессантар немесе моноаминдерді кері алуына кедергі келтіретін дәрілер: (әсері серотонин мен норадреналинге ұқсас)–имипрамин, амитриптилин және т.б.

2. Моноаминоксидазаны (МАО) тежеуші дәрілер: ниаламид және т.б.

2.1. Үш циклді антидепрессанттар.

Антидепрессанттар депрессия және субдепрессия кезінде қолданылады. Қатерлі әсерлері: тахикардия, бас айналу, тершеңдік, ауыздың құрғауы, ұйқының қашуы, бейімделудің бұзылуы және аллергиялық реакциялар. Бұларды глаукома, атеросклероз, бауыр, бүйрек, қан түзу жүйелерінің аурулары кезінде қолдануға болмайды.

Имипрамин (Имизин, Мелипрамин, Депсонил, Прилейган және т.б.) - 0,025 г түймедағы және 1,25% ерітіндісі 2 мл ампуласы. Бұл трициклдік антидепрессант моноаминдерді (нейромедиаторларды) қайтадан бұрынғы фолликулдағы орнына жібермейді, сонымен бірге норадреналинді, дофаминді, серотонинді тағы да басқа нейромедиоторларды бөгеп тастайды, сондықтан синапстік тесікте жиналып мембрананы қоздырады.

Имипраминді әр түрлі депрессияға қарсы қолданады, сол әсерге байланысты науқастың көңілі көтеріліп, ажары кіреді, психикалық және қимыл-қозғалыс пайда болады. Осындай айқын емдеу қасиетімен бірге жанама әсерлері де байқалуы мүмкін: бастың айналуы мен ауыруы, терлеу, жүрек соғуы, ауыз қуысының құрғауы, көз аккомодациясының бүзылуы, зәр айдалмауы, теріде аллергиялық өзгерістердің байқалуы, қан түзілуінің және жүрек соғысының бұзылуы. Қосымша жедел аурулар болса (бауыр, бүйрек, қан түзу мүшелері, жүрек-тамыр жүйесі аурулары, диабет, атеросклероз және т.б.) қолдануға болмайды.

Rp.: Sol. Imipramini 1,25% - 2 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S.1 мл - ден тері астына.

#

Амитриптилин (Амизол, Триптизол, Аминеурин, Эливел және т.б.) - 0,025 және 0,075 г драже мен түймедақ; 1% ерітіндісі 2 мл ампуласы. Бұлардың тиісті әсері депрессияға қарсы қасиеті жоғары және аздап тыныштандырғыш қасиеті бар. Орталық жүйке жүйесі нейронындағы норадреналинді кері алуына кедергі келтіреді, сондықтан рецепторлар аймағындағы медиаторлар көп мөлшерде жиналады. Бұның қолданылуы, қатерлік және жанама әсерлері имипраминге ұқсас келеді.

Rp.: Dr. Amitriptilini 0,025

D.t.d. № 50

S. 1 дражеден күніне 2 рет.

#